Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2012 в 07:35, реферат
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Басына һәм бір өзіне
өзгешелік бермек - адам ұлын бір
бұзатын іс. Әрбір наданның бір
тариқатқа кірдік деп жүргені
біз бұзылдық дегеніменен бір
болады. Хакім, ғалым асылда бір
сөз, бірақ Ғарафта басқалар
дүр. Дүниеде ғылым заһири бар,
Адаспай тура іздеген хакімдер
болмаса, дүние ойран болар еді.
Фиғыл пәнденің қазығы - осы жақсы
хакімдер, әр нәрсе дүниеде бұлардың
истихражы бірлән рауаж табады. Бұлардың
ісінің көбі - дүние ісі, ләкин осы
хакімдердің жасаған, таратқан істері.
Әддүния мәзрәгәтул-ахирет дегендей,
ахиретке егіндік болатын дүние
сол. Әрбір ғалым - хакім емес, әрбір
хакім - ғалым. Ғалымдарының нақлиясы бірлән
мұсылман иман тақлиди кәсіп қылады.
Хакімдердің ғақлияты бірлән жетсе,
иман якини болады. Бұл хакімдерден
мұрат - мұсылман хакімдері, болмаса
ғайри діннің хакімдері - әгәрше фатлубни
тәжиду-ни делінсе де, дүниенің һәм
адам ұғлы өмірінің сырына жетсе де,
діннің хақ мағрифатына жете алмағандар.
Бұлардың көбі - иманның жеті шартынан,
бір алланы танымақтан ғайри, яғни алтауына
кімі күмәнді, кімі мүнкір болып, тахқиқлай
алмағандар. Егер бұлар дін ұстазымыз
емес болса да, дінде басшымыз құдайдың
елшісі пайғамбарымыздың хадис шарифі,
хайру н-нас мән йанфагу н-нас
деген. Бұл хакімдер ұйқы, тыныштық,
әуес-қызықтың бәрін қойып, адам баласына
пайдалы іс шығармақлығына, яғни электрияны
тауып, аспаннан жайды бұрып алып,
дүниенің бір шетінен қазір жауап
алып тұрып, от пен суға қайласын тауып,
мың адам қыла алмастай қызметтер
істетіп қойып тұрғандығы, уахсусан
адам баласының ақыл-пікірін
Бұл заманның молдалары хакім
атына дұшпан болады. Бұлары білімсіздік,
бәлки, бұзық фиғыл, әл-инсан ғәдду
ләма жәһилгә хисап. Олардың шәкірттерінің
көбі біраз ғарап-парсыдан тіл үйренсе,
бірлі-жарым болымсыз сөз бахас
үйренсе, соған мәз болып, өзіне
өзгешелік беремін деп әуре болып,
жұртқа пайдасы тимек түгіл, түрлі-түрлі
зарарлар хасил қылады «һай-һой!»
менен, мақтанменен қауымды адастырып
бітіреді. Бұлардың көбі әншейін жәһил
түгіл, жәһиләләр кібік талап
болса, қайда хақ сөздер келсе, қазір
нысапқа қайтсын һәм
Дүниенің мәғмурлығы бір түрлі ақылға нұр беріп тұратұғын нәрсе. Жоқшылықтың адамды хайуандандырып жіберетіні де болады. Бәлки, дүниенің ғылымын білмей қалмақтық — бір үлкен зарарлы надандық, ол құранда сөгілген; дүниеде кімде-кім өзіне өзгешелік бермек қасады бірлән малға махаббатын аударған дүние болмаса, ихсанда қолым қысқа болмасын деп һәм өзім біреуге тамғылы болмайын деп, малға махаббатын аудармай, ізгілікке бола халал кәсіп бірлән тапқан дүние емес.
Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз. Мал бірлән ғылым кәсіп қылмақпыз. Өнер - өзі де мал, өнерді үйренбек - өзі де ихсан. Бірақ ол өнер ғадаләттан шықпасын, шарғыға муафих болсын. Адамға хәлінше ихсанды болмақ - қарыз іс. Бірақ өзгелердің ихсанына сүйенбек дұрыс емес. Моллалар тұра тұрсын, хусусан бұл заманның ишандарына бек сақ болыңдар. Олар - фитнә ғалым, бұлардан залалдан басқа ешнәрсе шықпайды. Өздері хүкім шариғатты таза білмейді, көбі надан болады. Онан асып өзін-өзі әһіл тариқат біліп және біреуді жеткізбек дағуасын қылады. Бұл іс олардың сыбағасы емес, бұлардың жеткізбегі мұхал, бұлар адам аздырушылар, хаттә дінге де залалды. Бұлардың сүйгені - надандар, сөйлегені - жалған, дәлелдері - тасбығы менен шалмалары, онан басқа ешнәрсе жоқ.
Енді біліңіздер, ей, перзенттер!
Құдай тағаланың жолы деген жол
алла тағаланың өзіндей ниһаятсыз
болады. Оның ниһаятына ешкім жетпейді.
Бірақ сол жолға жүруді өзіне
шарт қылып кім қадам басты, ол
таза мұсылман, толық адам делінеді.
Дүниеде түпкі мақсатың өз пайдаң
болса - өзің ниһаятлысың, ол жол құдайдың
жолы емес. Ғаламнан жиылсын, маған
құйылсын, отырған орныма ағып келе
берсін деген ол не деген нысап? Не
түрлі болса да, я дүниеңнен, я
ақылыңнан, я малыңнан ғадаләт, шапағат
секілді біреулерге жақсылық тигізбек
мақсатың болса, ол жол - құданың жолы.
Ол ниһаятсыз жол, сол ниһаятсыз
жолға аяғыңды берік бастың, ниһаятсыз
құдаға тағырып хасил болып
хас езгу құлдарынан
болмақ үміт бар, өзге
жолда не үміт бар? Кейбіреулердің бар
өнері, мақсаты киімін түзетпек, жүріс-тұрысын
түзетпек болады да, мұнысын өзіне
бар дәулет біледі. Бұл істерінің
бәрі өзін көрсетпек, өзін-өзі базарға
салып, бір ақылы көзіндегі
Құдай тағала дүниені кәмалатты
шеберлікпен жаратқан һәм адам баласын
өссін-өнсін деп жаратқан. Сол
өсіп-өну жолындағы адамның
Бұл өзін-өзі артық көрсетпек
екі түрлі! Әуелгісі - әрбір жаманшылықтың
жағасында тұрып адамның
Екіншісі - өзін-өзі өзгешелікпен артық көрсетпек адамдықтың нұрын, гүлін бұзады.
Үшіншісі - қастық қылмақ, қор тұтпақ, кемітпек. Олар дұшпандық шақырады.
Һәм өзі өзгеше тұтатын демектің түбі - мақтан. Әрбір мақтан біреуден асамын деген күншілдік бітіреді де, күншілдік күншілдікті қозғайды. Бұл үш түрлі істің жоқтығы адамның көңіліне тыныштық береді. Әрбір көңіл тыныштығы көңілге талап салады.
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі - надандық, екіншісі - еріншектік, үшінші - залымдық деп білесің.
Надандық - білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды.
Білімсіздік хайуандық болады.
Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады.
Залымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады.
Бұлардың емі, халлақына
махаббат, халық ғаламға шапқат,
қайратты, тұрлаулы, ғадаләт ісінің
алды-артын байқарлық білімі, ғылымы
болсын... Ол білім, ғылымы құдаға мұқтәди
болсын. Ғылым әуелі ғалами ғылымға
мұқтәди болсын. Яғни құдай тағала
бұл ғаламды жаратты, ерінбеді, келісімменен,
хикметпенен кәмәлатты бір
Белгілі, құдай тағала ешбір нәрсені хикметсіз жаратпады, ешбір нәрсеге хикметсіз тәклиф қылмады. Бәрінің хикметі бар, бәрінің себебі бар, біздің ғауам былай тұрсын, ғылымға махаббаты барларға себеп, парыздарды білмекке ижтиһад ләзім, сіздер әрбір ғамал қылсаңыз ізгілік деп қыласыз, ізгілікке бола қасд етіп, ниет етесіз. Ниет оның парызынан хисап, пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәссәлламнің хадис шарифі «иннама-л-ағмал, бин-ниет» деген. Енді ниет еттіңіз таһарат алмаққа, намаз оқымаққа, ораза тұтпаққа, бұл тағаттарды ниетіңіз заһирынан қалыпсыз ғибадатқа жетпегендігі кемшілік емес пе? Сіздің батиныңыз таза болмағы әуелі иман болып, бұл заһир ғибадатыңыз иманды болған соң ғана, парыз болған, сіздің заһирыңыздағы ғибадат -батиныңыздағы иманның көлеңкесі, һәм сол иманның нұрланып тұрмағына көрік үшін бұйырылған. Оның үшін ғұламалар иман екеу емес, біреу, бірақ ізгі тағатпенен нұрланады, тағат жоқ болса, күңгірттенеді, бәлки, сөну хаупі де бар деген. Егер надандар ол ғибадаттың ішкі сырын ескермей қылса, соны қылып жүріп, иманы сөнер деген.
Менің хаупім бар, олар хас
осы ғибадат екен, құданың бізге
бұйырғаны, біз осыны қылсақ, мұсылмандық
кәміл болады деп ойлайды. Ол ғибадат
күзетшісі еді. Жә, күзетші күзеткен
нәрсенің амандығын ойламай, бір
ғана ояу тұрмағын қасд қылса, ол не
күзет? Күзеткен нәрсесі қайда кетеді?
Мақсат күзетілген нәрсенің амандығы,
тазалығы емес пе? Ей, ишараттан хабарсыздар,
қара! Бұл ғибадаттан бір үлкені
- намаз, ол намаздан әуелі таһарат
алмақ, онан соң намазға шұруғ
қылмақ, ол таһараттың алды истинжа
еді. Мұны бір берік ойлап тұр.
Аяғы екі аяққа мәсіхпенен бітуші
еді, бұлар һәммасы болмаса көбі
ишарат еді. Истинжада к...іңізді жуа-сыз,
сіздің к...іңіздің ешкімге керегі
жоқ еді. Онымен сезімді тазалыққа
иіргендігіңді кәміл ыхласыңды
көрсетіп, ішімнің сафлығының соңында
халық көрер, сыртымды да пәк етемін
һәм көзге көрінбейтін
Енді намаздың аты - салауат, дұға мағынасында деген:
Аяқта, мойында болған мәсхлар - ол жумақ емес, өздері де жуулы деп көрсеткен ишараты.
Намаздан әуелі құлақ қақтыңыз - егер алла тағаланы жоғарыда деп, мәкән исфат етпесең де, бегірек созу әдепсіз болып, күнә дариясына ғарық болдым, яғни дүние әуесіне ғарық қылмай қолымнан тарт, яғни құтыларлық жәрдемдерінің ишараты*.
Онан соң қиямда тұрып
қол бағламақ - құл қожа алдында
тұрмақ - бұқара патша алдында тұрғаннан
артық алланың қадірлігіне
Қыбылаға қарамақ - әрине, құдай тағалаға ешбір орын мүмкін емес болса да, зиратын парыз еткен орынға жүзін қаратып, сондағы дұғадай қабылдыққа жақын болар ма екен деген ишараты.
Онан соң қира әт, яғни сураһи фатиха оқисың, мұнда бірақ сөз ұзарады. Ол фатиха сүресінің мағыналарында көп сыр бар.
Руқүғ бас ұрмақ - алдында құда хазірге ұқсас, ол да ишарат.
Сәжделер - әуелі жерден жаралғанына ықырары, екіншісі - және жерге қайтпағына ықырары, бас көтермек және тіріліп, сұрау бермегіне ықырарының ишараты.
Қағадат ул-ахир - дұғаның ақырында аллаға тахият, одан тәшәһһуд, одан салауат, пайғамбарымыз саллаллаһу ғалайһи уәссәлләмге айтпақ үшін ең ақырғы сәлемменен тауысасыз, яғни алла тағаладан не тілеп дұға қылдыңыз. Ол дұға қазинасы күллі мұсылмандарды ортақтастырып, оларға да сәләмәтшілік тілеп һәм рахмет тілеп бітіресіз.
Жә, бұл сөзден не ғибрәтлендік?
1896
ОТЫЗ ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ
Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың
бұл замандағылардан білімі, күтімі,
сыпайылығы, тазалығы төмен болған.
Бірақ бұл замандағылардан
Ол екі мінезі қайсы десең, әуелі - ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көш-қонды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады екен. Өзге қара жұрт жақсы-жаман өздерінің шаруасымен жүре береді екен. Ол ел басы мен топ басылары калай қылса, калай бітірсе, халықта оны сынамақ, бірден бірге жүргізбек болмайды екен. «Қой асығын қолыңа ал, қолайыңа жақса, сақа қой», «Бас-басыңа би болса, манар тауға сыймассың, басалқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің» деп мақал айтып, тілеу қылып, екі тізгін, бір шылбырды бердік саған, берген соң, қайтып бұзылмақ түгіл, жетпегеніңді жетілтемін деп, жамандығын жасырып, жақсылығын асырамын деп тырысады екен. Оны зор тұтып, әулие тұтып, онан соң жақсылары да көп азбайды екен. Бәрі өз бауыры, бәрі өз малы болған соң, шыныменен жетесінде жоқ болмаса, солардың қамын жемей қайтеді?