Композициялық материалдар. Жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2013 в 20:39, реферат

Описание работы

Заманауи металлдар физикасы олардың иілгіштігінің, беріктігінің және осы сияқты қасиеттерінің өзгеруін толығымен түсіндіргеннен кейін, жаңа материалдарды қарқынды жүйелік жасау басталды.

Содержание работы

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Композициялық материалдардың жалпы сипаттамасы
2. Композициялық материалдардың классификациясы
3. Композициялық материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктері
4. Композициялық материалдардың технологиясы мен қасиеттері
5. Композициялық материалдардың қолданылуы
III. Қорытынды
IV. Қолданған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Сайдолдаева421.docx

— 387.81 Кб (Скачать файл)

 

Оқу орынның  есігін ашқан бетте институт директоры  техника ғылымдарының докторы, профессор Ізім ДҮЙСЕМБАЕВҚА жолығып, аз-кем пікірлестік. Өз кезегінде І.Дүйсембаев институт қабырғасындағы ғылыми жаңалықтарды «КлассTIME» газетінің оқырмандарымен бөлісуге дайын екенін айтып, ағынан жарылды.

– Қ.Сәтбаев  атындағы Қазақ ұлттық техника университетінің  жанындағы біздің институт құрылыс  саласында іргелі ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген білікті ғалымдардың  басын қосып отыр. Былайғы жұрт құрылыстың сан-салаға бөлінетінін біле бермейді. Күні кеше Елбасы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында құзырлы орындарға заманауи композициялық құрылыс материалдары өндірісін дамытуды тапсырған болатын. Қазір дамыған елдердің көпшілігі дәстүрлі құрылыс материалдарынан басқа, заманауи композициялық материалдарды құрылыста кең көлемде қолданысқа енгізіп жатыр. Заманауи құрылыс материалдары жеңіл, сапалы әрі қауіпсіздігімен ерекшеленеді. Институт құрамындағы Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және конструкцияларының технологиясы кафедрасының ғалымдары баяғыдағы жанартау шөгінділерінен құрылыс саласына қажетті көптеген материалдар жасауды қолға алған болатын. Атап айтсақ, күл қалдықтарын пайдалану арқылы профессор М.Жүгүнісов күлдікірпішті алу технологиясымен айналысса, ал академик К.Ақмалаев өндірістен шыққан шаң қалдықтарын пайдалану арқылы еденге төселінетін құрылыс материалдарын алу технологиясын жасады. Кафедра профессорлары М.Садуақасов пен И.Колесникова құрғақ қоспаларды алуды өндіріске енгізді. Институт ғалымдарының тұжырымы бойынша ғылымның заманауи бағыттарның бірі болып құрылыс саласында қажетті композитті материалдар мен конструкцияларды жасау болып табылады. Осы бағытта институт ғалымдарының базальт тас қорын пайдалануды қолға алу керектігін алға тартуда. Дүниежүзінде базальттан жасалған құрылыс материалдары енді ғана қолданысқа енуде. Мамандар базальт болашақта таусылып бара жатқан темірді толықтай алмастыратынын айтуда. Базальт – қарапайым ғана кентас. Бүгінде елімізде композициялық құрылыс материалдарын жасауға жол ашатын базальттың қоры жеткілікті. Кентасты ұзақ жылдан бері зерттеп жүрген Қуандық Бертаев есімді ғалымымыздан сұрап, білсеңіздер болады.

– Бұдан  басқа, біздің институт еліміздегі құрылыс  нысандарының жер сілкінісіне төзімділігін арттыру бойынша іргелі зерттеу  жұмыстарын жүргізіп келеді. Барлығымызға белгілі, Алматы жер сілкінісі қаупі бар аймақта орналасқандығы. Ғалымдардың жүргізген зерттеулері бойынша Алматы қаласының ертеректе соғылған ғимараттарының 30 пайызы қауіпті жер сілкінісі кезінде қирап қалуы мүмкін. Институт ғалымдары ертеректе соғылған ғимараттарының беріктігін қамтамасыз ету мәселелерімен және жер сілкінісінен қорғаудың белсенді шараларымен айналысуда. Осы мәселелермен айналысып жүрген ғалымдарымыз академик Ж.Байнатов, Е.Бесімбаев, Р.Базаров және тағы басқалардың қосар үлесі көп. Біздер алдағы уақытта осындай әдіс-тәсілдерді жаңғыртып, заман ағымына сай жетілдіруді көздеп отырмыз. Біздің институт ірі қалалардағы су жүйелерін реттеп, жетілдіру бағытында да көптеген жұмыстар атқарып жатыр. Бұл бағытта жұмысты белгілі ғалым, академик Меңлібай Мырзахметов бастаған ғалымдар тобы зерттеуде. Осы ретте ардагер ғалымның «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасын жасауға қатысқанын айта кетуіміз керек. Ірі мегополистердегі су ресурстарын тиімді пайдалану ісі алдағы 20-30 жылда ең өзекті мәселелердің біріне айналатын болады. Институт ғалымдары қазірден бастап, осы өзекті мәселелердің түйінін тарқатуға кірсіп кетті, – деп Ізім Насимұлы өзі басқарып отырған институт қандай ғылыми жобаларды қолға алып жатқанын қысқаша баяндап берді. 
Білікті маман қазіргі таңда университет басшылығы ғалымдар мен студенттердің іргелі зерттеулер жүргізуі үшін заманауи жабдықтар мен зертханалар ашып бергенін де тілге тиек етті. Институт түлектері суперкомпьютерлерді қолданып, ғылыми зерттеулер жүргізіп жатқанын өз көзімізбен көрдік.

 
ЖЕРДІҢ ҮШТЕН БІРІН ҚҰРАЙТЫН БАЙЛЫҚ

 

Композициялық құрылыс  материалдарын жасауға негіз болып отырған базальт жайында тереңірек біле түсу үшін қарапайым кентасты зерттеуге бар ғұмырын арнап келе жатқан Қуандық БЕРТАЕВПЕН сөйлесіп, базальттың ХХІ ғасырдың басты құрылыс материалы ретінде ғажайып тастың сырына қанықтық. Ғалым Ресейде осы бағытта жасалып жатқан жұмыстарға біраз тоқталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясында өзі көптен бері айналысып жүрген металсыз композициялық құрылыс материалдарын дамытуға айрықша тоқталғанын айтып, қуанып жүргенін жеткізді.

–Бүгінде  жер бетіндегі темір рудасы таусылуға  таяу. Ары кетсе 40-50 жылдан кейін темір таусылады. Бұдан кейін қолданыстан шығып қалған темір бұйымдарды қайта балқытып, біраз амалдауға болады. Бірақ дүниежүзі үшін темірдің орнын алмастыратын композиттік материал қажет. Сондықтан базальттан жасалған бұйымдар біртіндеп темірдің орынын басып жатыр. Қазір ғалымдар базальт кентасын терең өңдеп, одан үзілмейтін жіп алуда. Базальт жібінің беріктігі бүгінде аспалы көпірлерге пайдаланылатын тростан да мықты. Бұдан басқа ұшақтар мен зымырандардың сыртқы жабынына осы базальттан жасалған материалды қолдануға болады. Базальттың металдан көп артықшылығы бар. Айталық, ол өте жоғары температураға шыдамды және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз. Бүгінде дүниежүзінде ең қатты зат алмаз екені белгілі. Алмаздың тығыздығын шартты есептік көрсеткіш бойынша 10 деп алсақ, базальттікі 8-9 құрайды. Осыдан-ақ оның берік материал екенін байқаймыз. Осыған дейін электр қуатын тарататын кабельдердің созылып кетпеуі үшін оның арасына болат темір салып келдік. Соңғы кездері болат сымдарының орнына базальт жіптері салынуда. Нәтижесінде кабельдер біршама жеңілдеп, пайдалануға қолайлы болуда. Әдетте энергетиктер 50 шақырымға созылатын кабельдерді ауыр техникалармен тартып реттейтін. Ал базальт жібі салынған кабельдерді кез келген адам қолмен жинай алады. Ал базальт өзінің формасын еш уақытта жоғалтпайды. Соңғы кездері ірі бетон конструкцияларын жасайтын құрылыс компаниялары панельдердің арасына базальттан жасалған арматураларды сала бастады. Өйткені базальттан жасалған арматура қолданылған панельдер жер сілкінісіне төзімділігін байқатты. Базальттың мұндай артықшылықтары жетіп артылады. Сол себепті біздер базальтты болашақтың материалы деп атап жүрміз. Өйткені жер шарының үштен бір бөлігі базалттан тұрады, – дейді Қуандық Бертаев. 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Композициялық материалдар. Жалпы сипаттамасы