Астана – бас қала

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 16:00, реферат

Описание работы

Астана – Қазақстан Республикасының астанасы. Астананың бұрынғы атаулары – Ақмола, Целиноград, сосын тағы да Ақмола болған. Астана – әсем қала. Ол Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана көпұлтты қала. Мұнда қазақтар, орыстар, украиндар, татарлар, армяндар, әзірбайжандар, еврейлер, белорустар, грузиндер, молдавандар, тәжіктер, өзбектер және т.б. ұлттар өкілдері мекендейді.

Файлы: 1 файл

Реферат Астана.docx

— 23.91 Кб (Скачать файл)

№20 орта мектеп

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Астана – бас  қала

 

 

 

 

 

Орындаған:

Бекмұратов Темірлан

2 «А» сынып оқушысы




 

 

Тараз қаласы

09.03.2013




 

 

Астана – бас қала

 

Астана  – Қазақстан Республикасының астанасы. Астананың бұрынғы атаулары – Ақмола, Целиноград, сосын тағы да Ақмола болған.

Астана – әсем қала. Ол Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің жағасында орналасқан.

Астана көпұлтты қала. Мұнда қазақтар, орыстар, украиндар, татарлар, армяндар, әзірбайжандар, еврейлер, белорустар, грузиндер, молдавандар, тәжіктер, өзбектер және т.б. ұлттар өкілдері мекендейді.

Астана тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына  айналған Елордасы. 1997 жылдың 10 желтоқсанында  Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы  бойынша Қазақстанның астанасы Алматыдан  Астанаға көшті. Астана ел аумағы ортасында  орналасып, Еуропа мен Азияға көпір болып тұр.

Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды. Қаланы Есіл өзені бөліп жатыр. Онда баяу қозалыспен катерлер жүзеді. Осыдан біраз жылдар бұрын ғана мұнда саусақпен санарлықтай он қабатты үйлер болған. Ал қазірде мұнда 70 метр және одан да зәулім үйлер көп.

Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты. Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.

Қаланың мәдени-ағарту орындарына, сонымен бірге, Конгресс-холл, Жастар сарайы, Президенттің Мәдениет Орталығы, «Шабыт» шығармашылық сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайын жатқызуға болады. Бәйтерек монументі қаланың басты символы болып саналады.

Астананың көрнекті жерлері

  • Сулы-Жасыл бульвар–Астананың жаңа алаңындағы көше
  • Ақ Орда–Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы
  • Бәйтерек монументі – Астананың символы және басты көрікті жері
  • Тәуелсіздік сарайы – дипломатиялық және басқа да халықаралық маңызды кездесулер өткізетін орын
  • Бейбітшілік және келісім сарайы – әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының конгрессі өтетін жер
  • Хан Шатыр – ірі сауда, ойын-сауық орталығы
  • «Шабыт» шығармашылық сарайы – қаланың мәдениет және өнер орталығы
  • «Қазақ елі» монументі – Қазақстан Тәуелсіздігінің символы

 


Информация о работе Астана – бас қала