Ақпараттық технология

Дата добавления: 05 Апреля 2013 в 15:47
Автор работы: g************@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать архив (33.35 Кб)
Файлы: 1 файл
Скачать файл  Просмотреть файл 

Уикипедиядан.docx

  —  35.85 Кб

Ақпараттық технология

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Ақпараттық технология (Информационная технология; information technology) - 1) объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс; 2) ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы.Ақпараттық технология(немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің тиімді жолы - білім  беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақ-стан Республикасының «Білім беру» Заңында білім беру жүйесін  ақпа-раттандыру осы саладағы мемлекеттік  саясат негізінде анықталып, осы  жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдар-ламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақ-станның  білім беру жүйесін әлемдік білім  беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады.

Ел президентінің Қазақстан  халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес  жүр-гізілгендей, компьютерлік сауаттану  жөнін-дегі ауқымды іске азаматтарды  тарту қа-жеттігі айтылған және мемлекеттік  қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондық поштаны қолдана  білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған  қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық  құралдарды, элек-трондық оқулықтарды  оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Білім беруде ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі  мен мамандық сапасына үлкен талап  қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық пен жұмыс жасауға мүмкіндік  туғызады. Оқушының шектеусіз қабілетін  дамыта алатындай білім берудің  әлемдік кеңістігін құруға қабілетті  бола білуі шарт.

Жаңа ақпараттық технологияны қолданып оқытуды ұйымдастыруда  кедергі келтіретін басқа да негізгі  факторларды атамай кетуге болмайды.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды  пайдалану арқылы дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп жаңа типті  оқыту, әр оқушының қабілетін жан-жақты  дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің  тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды  көздейді.

Жаңа мыңжылдық -бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол өткенді  таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсі-нуге, болашақты барынша дұрыс  анақтайтын уақыт.

Үшінші мыңжылдық кезеңінде  қоғамның даму көрсеткіші ретінде ақпараттық қоғамға өту ісі ашылды да, ал оның ең анықтаушы рөлін ақпарат  түсінігі атқарады.

Ақпарат стратегиялық қорға (ресурс) айналып, бұрынғыдай еңбек  пен табиғи қорлар құны негізге алынбай, бұдан білім құны ең негізгі байлық болып саналатын болады. Ақпараттық технология сала-сындағы қатарлы  жетістіктерді пайда-ланып, білімнің жаңа деңгейімен сапасына қол жеткізуге  ұмтылатын педагогтық және ғылыми қауымдастықтардың  түрлі елдерде қарқынды даму үстінде. Қазақстан Респуб-ликасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі-қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Қазіргі таңда жаңа әлеуметтік жағынан қорғанған адам-ол технология ауысуына және нарық талабына сай  терең білімді, жан-жақты адам. ХХІ  ғасыр ақпа-рат ғасыры болғандықтан адамзатқа ком-пьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауат-тылықтың алғашқы  баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабыр ғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс.

Осы мақсатты жүзеге асыру  үшін ақпараттық технологияларды пайда-ланудың  маңызы зор. Ақпараттық техно-логияның негізгі мақсаты - оқушыны қазіргі  қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік  іс әрекетінде дербес компьютердің құрал-дарын  қажетті деңгейде пайдалана алатындай  жан-жақты дара тұлға тәрбиелеу.

Ақпараттық технология-information technology-біріншіден: обьектінің, процес-тің  немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат  алу үшін мәліметтерді жинақтау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Екіншіден: ақпаратты өңдеу  үшін пайдаланатын технологияның, элемент-тердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы.

Ақпаратты жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып, жинақты құрылғыларын қамтитын жалпы  ұғым.

Сонымен, ақпараттық технология ұғымы: өңделген, жинақталған ақпаратты  пайдаланушыға жинақталған түрде  жеткізу әдістері, құрылғыларын, элементтерін қамтитын жиынтық. Яғни, ақпаратты бізге  жинақты түрде жеткізу технологиясы болып табылады.

Мемлекеттік бағдарламада оқу  үрді-сіне педагогикалық және ақпараттық тех-нологияларды кеңінен пайдалану-жалпы  бі-лім беруді дамытудың басты  бағыт-тарының бірі делінген.

Қазіргідей әлемдік ғаламдану  процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана  білу-бүгінгі уақыттағы басты  мәселе. Осыдан кейін туындайтын мәселелердің бірі-жастарға сапалы білім, саналы тәрбие орта мектепте, колледжде, жоғарғы оқу  орындарында білім беру ісін оқытудың жаңа инновациялық әдістерімен толықтыру, оқытудың жаңа технологияларын іздестіру, оқушыны, студентті ақпаратты талдай білуге, ақпараттық технологияларды  тиімді пайдалана білуге үйрету. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі  заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен  бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналады.

Қазіргі білім жүйесінің  ерекше-ліктеріне–оның ілгерлігі, алдын  алу сипаты және осыларға қол жеткізу  мүмкіндіктерін дамыту ақпараттық - технологияларды  қолданумен жүзеге асады.

Ақпараттық технологияларды  ғалам-дастыру кезеңінде қазіргі  қоғам ақпаратты нақты тұтынушының  ұсыныстары мен қызығуына сай  ақпарат ағымын қалып-тасытруға, ақпаратқа  көлем және жыл-дамдық жағынан ақпарат  көзіне, оның ішінде оқу ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге  мүмкіндік беретін әлемдік ақпаратық  орта жағдайында ақпаратты қоғамдық өнім ретінде белсенді пайдаланумен сипатталады. Бұл болашақ ұрпақты  ақпараттық қоғаммен зиялы қатынасқа  оқытып, тәрбиелеуге және ақпараттың мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.

Әрбір елдің технологиялық  даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты  мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сан елдің әлемдік қоғамдастықта  алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуі де байланысты.

Сонымен қатар, әлдебір елде қазіргі технологияның дамуы  мен қодануының деңгейі оның материалдық  базасының дамуымен ғана емес, негізінен  қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру  және қолдана білу қабілетімен де анықталады.

Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын  ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялардың дамуға және оның қарқынына экономикалық жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауым-дастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқу  үрдісінде жаңа технологиялық әдістермен қондырғыларды кең көлемді қолдануды  қажет етеді.

Оқушы немесе студенттің ақпа-раттық технологияны пайдалану, оның кейбір элементтерінің жеке шығар-машылық байланысымен сипатталады. Олардың бір-біріне деген әсерінде байқауға болады. Заман ағымына қарай  күнделікті сабаққа видео, аудио  қондырғылары мен теледидарды, компьютерді  қолдану айтарлықтай нәтижелер  беруде. Кез келген сабақты электрондық  оқулықты пайдалану оқушылардың  танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін  қалыптасытруға, шығар машы-лықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына  оңай айландыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі-оны компьютер жа-дында  сақтау мүмкіндігі, оны ком-пьютерлік  желелер арқылы тарату болып табылады.

Қоғам өмiрiнде ақпарат  ерекше маңызды рөл атқаратыны бәрiмiзге  белгiлi. Адам баласы жаратылғаннан  берi осылай болып келедi және бола бермекшi. Адам ақпаратты қабылдау, оны өңдеу  және басқаларға тарату қызметiн әрдайым  атқарып отырады. Егер ерте замандарда бұл аңшылыққа, жер өңдеуге байланысты болса, бертiн келе ауыз әдебиетi дүниеге  келiп, аңыздар, ертегiлер ұрпақтан-ұрпаққа  берiлетiн болды. Кейiн жазу фольклордың  орнын алып, ақпарат алмасу жеңiлдедi. Адамдардың ой-өрiсi, бiлiмi дамып, ақпарат  олардың танымының ажырамас бiр  бөлiгiне айналды.

Өркениеттiң даму кезеңдерiнде  бiрнеше ақпараттық төңкерiстер болып, адамзат жаңа белестерге көтерiлдi. Атап айтсақ, бұл жазудың, кiтап басудың (XVI ғ. ортасы), электр жарығының (XIX ғ. аяғы) және де микропроцессорлық техно-логияның (XX ғ. 2-шi жартысы) пайда болуына байланысты едi. Ал, микропроцессорлық технологияның  арқа-сында компьютер, компьютерлiк  желiлер және жүйелер жарыққа  шықты. Ал, компьютердiң қазiр өмiрiмiзде  қандай орын алып отырғанын бiлемiз.

Сол компьютер негiзiнде  қазiргi заманда электрондық ақпарат, бағдарлама арқылы басқарылатын құрылғылар пайда болып көптеген үрдiстердiң  жеңiлдеуiне мүмкiндiк туғызды. Осылайша негiзi ақпараттық технологиялар болып  табы-латын үлкен бiр сала ақпараттық индустрия қалыптасты. Қазiргi замандағы  ақпараттық технологиялар компьютерлiк  техника мен коммуникация құралдарына  иек артады. Осы бағыттың қарыштап дамуы ақпа-раттық қоғам деп аталатын ұғымды тудырды.

Жапон ғалымдарының айтуынша, ақпараттық қоғамдағы компьютерлендiру үрдiсi адамға ақпараттың сенiмдi көзiне ие болуға себiн тигiзедi, өндiрiс пен  әлеуметтiк салада ақпаратты өңдеудi автоматтандырып жұмыстың анағұрлым  жоғары дәрежеде орындалуын қамтамасыз етедi. Қоғамның қозғаушы күшi бұрын-ғыдай  материалдық өнiм емес ақпараттық өнiм болуы керек. Неге десеңiз, алдыңғысы  соңғысынан қымбат.

Тағы бiр айта кететiн  мәселе, ақпараттық қоғамның өзiндiк  ерекшелiгi - адамдардың 50 %-нан астамы ақпараттық қызмет саласына жұмылдырылады.

Бұл қоғамда тек өндiрiс  қана өзгерiп қоймай, сонымен бiрге  жалпы өмiрдiң сипаты мен құндылықтар  жүйесi басқадай түрге енедi. Индустриялық қоғамда тауар өндiрiлiп, ол пайдаланылса, ақпараттық қоғамда адамның ақыл-ойы  мен бiлiмi басты рөл ойнайды. Яғни, бұл дегенiңiз творчестволық қабiлетке, зердеге және оқып-бiлуге ынта мен  қажеттiлiк жоғары деңгейде болады деген  сөз. Осы қоғамның материалдық және технологиялық базасы болып компьютерлiк  техника мен компьютерлiк желiлер, ақпараттық техно-логиялар және телекоммуникациялық  байланыс негiзiндегi түрлi жүйелер қалыптасады. Сонымен қатар, өзiндiк ақпараттық инфрақұрылым түзiледi. Оның негiзiнде  озық электрондық техника көмегiмен  кешендi түрде ақпарат өндiрiледi, өңделедi, сақталады және пайдаланылады.

Қазiргi заманда барлық елдер  саяси, экономикалық, әлеуметтiк және т.б. үрдiстердi дамытып әрi жеңiлдету  үшiн жаңа технологияларды қолдана  отырып, ақпараттық қоғам жағдайына  жетудiң тиiмдi деген жолдарын iздестiруде. Бұл мақсатқа жете алмаған елдер  қай жағынан болсын артта қалған болып есептеледi.

Қоғамды ақпараттық жағынан  жетiл-дiрудiң аяқ алысы мен  сипаты саяси қарым-қатынастарға тәуелдi болмақ. Ақпараттық технологияларды  қоғам өмiрiне енгiзудiң саяси тұрғыдан алғанда мынандай негiзгi үш тиiмдi жағы бар.

Бiрiншiсi. Ақпараттық қоғам  жағ-дайында адамдардың мiнез-құлқы  олардың таптық сана-сезiмiне емес, ой-пiкiрлер мен мүдделерiнiң әр-алуандығына (плю-рализмге) байланысты болады. Бұл  деге-нiңiз, әрбiр адам дара тұлға  ретiнде өзiнiң әйел ме әлде ер ме, мұсылман ба әлде христиан ба, не болмаса  қандай да бiр ұлт өкiлi екендiгiн  өзi анықтайды. Бiр сөзбен айтқанда, өзiн таптық саясат ықпалынан қашық  ұстайтын болмайды.

Екiншiсi. Адамдардың партиялар  мен партиялық топтарға бiрiгуi, топтасуы олардың әлеуметтiк-таптық тегiне тәуелдi болмайды. Бұл жерде жеке тұлға  ұсынатын саяси бағдарлама рөл ойнайтын болады.

Үшiншiсi. Компьютер (Интернет арқылы) әрбiр адамға үкiметтiң iс-қимылын  бақылауға мүмкiндiк бередi.

Нелiктен ақпараттық қоғамда  мұндай өзгерiстер болады. Қазiргi жаһандану  зама-нында адамдар саяси мәселелерде  бiртiн-деп партияларға сенуден  қалып барады. Партиядан гөрi олардың  басшы- ларына, яғни адамдарға сенедi, оларға дауыс бередi. Осылайша ақпараттық қоғамда саясат таптық түрден символдық  нысанға ауы-сады.

Қоғамды ақпараттандыру және ақпараттық технологияларды қолдану  үрдiсiнде 1990-1991 ж.ж. пайда болған Интернет жүйесi World Wide Web (WWW немесе “Бүкiләлемдiк  компьютер торы”) аса маңызды  рөл атқаруда.

Батыста Интернет өте кең  тараған. Мысалы, АҚШ-тағы жанұялардың 65%-ы үйде отырып осы әлемдiк торды  қолданады. Ал, ересек адамдардың 55% Интернеттi тұрақты қолданады. Ақпа-раттық қоғамды  дамыту кезеңiнде өкiмет құрылымдарының жұмысы туралы ақпа-ратты ашық түрде  көрсету маңызды. Сонымен қатар, бұл жағдайда адамдарға керектi ақпаратты  алуға, сөйтiп саяси өмiрге белсене  араласа отырып таңдау жасауына мүмкiндiк  бередi.

Осы мәселеде де Интернеттiң  атқаратын қызметi аса зор. Мысалға, тағы да АҚШ-ты алсақ, оның үкiметiнiң  жұмысын жария түрде көрсетудегi тәжiрибесiн келтiруге болады. Халықты  саяси ақпаратпен таныстырып отыру  билiктегiлердiң беделiн көтерiп, ел сенiмiне кiрудiң тиiмдi бiр жолы. Керi байланыс жасау арқылы халықтан қосым-ша мәлiмет алуға әбден мүмкiн.

Халық пен мемлекеттiк  билiк неғұрлым бiр-бiрiнiң қызметi және қажет-тiлiгi жайында көбiрек  бiлетiн болса, сол-ғұрлым өзара сенiм  жоғары деңгейде болады.

1990 жылдардың аяғынан  бастап Батыс мемлекеттердiң кейбiрiнде  Интернет қызметi сайлау мәселелерiне  де қатыс-тырыла бастады. Сайлаушылар  компьютер жүйесi арқылы дауыс  беру тәжiрибесi болды. Оның  аса тиiмдi немесе қолайсыз екенiн  әзiрге ешкiм тап басып айта  алмайды.

Интернет бұл күнде  саяси тех-нологияларда тек ақпарат  алмасу құралы ғана емес, сонымен қатар, бәсекелестермен күресудiң де оңтайлы  әдiсiне айналуда. Осы жолмен бiртiндеп үгiт-насихат жұмыстарын жүргiзудiң  нәтижелерi Ресейде өз жемiсiн беруде.

Страницы:12следующая →
Описание работы
Ақпараттық технология (Информационная технология; information technology) - 1) объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс; 2) ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы.Ақпараттық технология(немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Содержание работы
содержание отсутствует