Қазақстандағы хор мәдениетінің дамуы

Дата добавления: 04 Ноября 2013 в 10:04
Автор работы: n**************@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать архив (25.57 Кб)
Файлы: 1 файл
Скачать файл  Просмотреть файл 

хорды дирижерлау.docx

  —  28.08 Кб

 

№1  ӨЖ

  Қазақстандағы хор мәдениетінің дамуы

 

Хор музыкасы тарихи кезеңдерде әр түрлі функция атқарды. ХIV-ХV ғасырларда көпдауыстылықтың дамуына байланысты хорға арналған шығармалар хор партияларына бөлінді. Негізгі дауыс тенор дауысы болды. Хор партияларының саны әр заманның музыкалық стиліне байланысты өзгерді. Хорға арналған шығармалар ХIV-ХV ғасырларда 3-4 дауыстан, қайта өрлеу дәуірінде 6-8 және одан да көп дауыстардан тұрды.

Гомофонды-гармониялық стильге  байланысты хордың, дауысты түрі қалыптасты, олар (дауыстар) – сопрано, альт, тенор, бас.

Қайта өрлеу дәуірі көп  дауысты хор өнерінің аса дамыған  кезеңі болып табылады. Алғашқы жанрлар  – лютет, баллада, лауда, мадригал. Хор  музыкасының аса дамыған түрі –месса. Нидерлан мектебінің композиторлары Дюфаи, Окегем, Обрехт, Ж.Депре Вилларт, Орландо Лассо шығармашылығында дамыды.

Хор XVIII ғасырда пайда болған опера жанрының негізгі компоненттерінің бірі болды. Көптеген операларда хор үлкен драматургиялық роль атқара бастады. Хор каппелалары дамыды. Осы кезенде оратория, кантата жанрлары қалыптасты. И.С. Бах, Г.Ф. Гендель шығармашылығында хор музыкасы пассион оратория, месса, магнификат, хорал сияқты жанрлар түрінде орын алған.

Глюк опера реформасында хордың драматургиялық мағынасын жоғары бағалады. Вена классикатерінің шығармашылығында хордың ролі орасан зор.

Романтик-композиторлардың хорға арналған шығармалары (Мендельсон, Шуман, Брамс, Малер, Верди т.б.). Орыс композиторлары М.Березовский, Д. Бортянский (ХУ111 ғасыр) орыстың классикалық  хор музыкасының негізін қалаушылар. Орыстың хор музыкасының жаңа дәуірі М. Глинкамен байланысты. Хордың М. Мусоргский, А. Даргомыжский, П.И. Чайковский шығармаларындағы маңызы. С.И. Танеев шығармашылығы.

Ұлттық хор мәдениетінің әрі қарай өсуі және қалыптасуы барысында 1935 жылғы Қазақстан мемлекеттік  филармониясының жанынан ұйымдасқан, Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Д.М.Мацуциннің жетекшілік етуімен құрылған бірінші профессионалдық  хор ұжымы үлкен маңызды орын алды.

Осы ұжымның негізінде 1937 жылы республикада қазақтың мемлекеттік  хоры ұйымдастырылды, оның бірінші  жетекшісі Қазақ ССР-нің халық  әртісі, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік  консерваториясының профессоры Борис  Васильевич Лебедев (1910-1975) болды. Хор  өнерін дамытуда әр жылы композиторлар  өздерінің үлесін қосты: Қазақ ССР-нің  халық әртісі Латиф Хамиди, Қазақ  ССР-не еңбегі сіңген өнер қайраткері Бақытжан Байқадамов (1917-1977) т.б. болды.

1939 жылы ақпан айында  Қазақтың мемлекеттік хор ұжымы  Қазақтың мемлекеттік хор капелласы  болып қайта өзгертілді. Ұлттық  ұжым өздерінің алдына аспазсыз  орындалуды мақсат етіп қойды.  Сөйтіп, күнделікті талмай еңбек  етудің арқасында мемлекеттік  капелла үлкен жетістіктерге  жетті. Бұл ұжымның репертуарына  халық әндері енді. Қазақтың халық  әндері Қазақстанның композиторларымен  қатар басқа республиканың, еліміздің  хор өнерінің ірі-ірі мамандары  хорға өңдеп жазды. Бұған мысал  ретінде А.Егоровтың аралас және  әйелдер хорына жазған өңдеулерін  атауымызға болады. Ол А.Затаевичтің  «Қазақ халқының 1000 әні» жинағынан  төрт әнді өңдеді: «Гүлзейнеп»  (875), «Ардақ» (687), «Сайраса бір» (704), «Ғашық жарым» (667).

Қазақтың профессионалдық  музыка өнерін әрі қарай дамыту барысында  хор партитурасы көп дауыстылықтың  жаңа тәсілдерімен тола бастады. Д.Мацуциннің а капелла хорына өңдеген «Айттым  сәлем, Қаламқас», «Дударай», «Қараторғай» шығармалары кеңінен қолданылды.

«Айттым сәлем, Қаламқас»  а капелла хорына арналып өңделген. Бас партиясының ұзақ ұстау және барлық хор тобының имитациялы-вокалдық әндетушілігі фонында тенор партиясы әннің әуенін жеке орындайды (хор  жабық дауыспен айтылады).

Д.Мацуциннің «Дударай» әніне  өңдеуі де дамыған имитациялық талдаумен  ерекшеленеді. Шығарманың полифониялық арқауы әннің өзінің интонациялық құрылымынан  табиғи түрде шығады композитор альттер  мен бас партиясының ұзақ дыбысталуы барысында біртіндеп партитураны  байыта отырып, тенор мен сопраноға  әннің негізгі әуенінің имтациясын боямалай қолданып, хордың қуатты дыбысталуына жетеді.

Д.Мацуцин «Қараторғай» әніне  өңдеу жасағанда хор жазбаларының имтациялық тәсілдерін қолданған. 1939 жылы Москвада болып өткен Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесінде, үлкен театрда  Д.Мацуциннің жетекшілік етуімен біріккен үлкен хор ұжымы осы «Қараторғай» әнін орындады. Д.Мацуциннің қазақтың халық әндеріне жасаған өңдеуері әлі күнге дейін хор айту өнері  үшін творчестволық үлгі болып қалады.

Композитор М.Төлебаевтің  халық әндеріне жасаған өңдеулері  гармониялық және полифониялық үйлесімі жағынан түрліше алмасып жатады. Оның Абайдың «Көзімнің қарасы»  әніне жасаған өңдеуінде имтациялық даму принципі сезіледі. Мұнда біз  Абай әуендерінің мазмұндылығын  және терең ойдың үйлесімділігін және де композитордың өңдеу барысындағы  өте нәзік тәсілдерін көреміз. Өңдеу  жеке дауысқа және хорға арналып  жасалынған, ән қайырмасының жоқтығы  соңғы екі жолын қайталап орындалуымен толықтырылады. Хор оптимистік мажорлы көңіл-күймен әннің сазын әшекейлеп тұрғандай, әуеннің ырғақтары негізінде фортепианалық сүйемелдеу құрылғандай жеке дауыстыңмелодиялық сөйлемін қайталап жүріп отырады. Төлебаев осы имитациялық құрылымды дауыстардың қарама-қарсы қозғалысында өте қызықты берген («бітпейді» сөзінде). Композитордың драматургиялық шеберлігі таңқаларлық, бұған куә – көлемі бойынша үлкен емес шығарманың формасының бір қалыптылығы. Автордың дыбыс деңгейін бөле білуі да әсер қалдырады: негізгі әуен үш рет қайталанып келе, хор дыбысталуының диапозонын вариантпен біртіндеп өсірумен баяндайды. Бірінші рет ол – жеке дауыспен біртіндеп, екінші рет – таза фактурада айтылатын хормен, үшінші ретте – тағы хормен, бірақ оны жоғарғы тесситурасында, аккордтық нық фактурада беріледі.

50-60 жылдарда қазақтың  кәсіби хор шығармашылығының  сапасының дамуы жағынан және  орындалуы жағынан да кенет  көтерілді. Бұл кезде капелла  хоры үшін маңызды шығармалар  пайда болды.

1954-1958 жылдары Қазақтың  мемлекеттік хор капелласына  Ленинградтың Римский-Корсаков атындағы  мемлекеттік консерваториясының  түлегі Галина Евгеньевна Виноградова  жетекшілік етті, Қазақ ССР-нің  еңбегі сіңген әртисі. 1956 жылдан  бастап П.И.Чайковский атындағы  Москва мемлекеттік консерваториясынан  тәрбиеленіп келген хор дирижеры  Гүлжазира Ахметова белсенді  жұмыс жүргізді., қазір Қазақ ССР-нің  еңбегі сіңген әртісі, ал 1958 жылдан  бастап капелланың көркемдік  жетекшісі және дирижеры болып  Анатолий Васмльевич Молодов  келді – Қазақ ССР-нің халық  әртісі, Совет Одағының мемлекеттік  сыйлығының лауреаты, Социалистік  Еңбек ері, профессор Александр  Васильевич Свешниковтың шәкірті  болған.

Республика композиторлары халық әндерінің негізгі және оның музыкалық характерінің ерекшеліктерін сақтай отырып, әндік-шумақтық форманың негізгі жақтарын игере білді  және тамаша шығармалар жазды, хор сюиталарын, поэмаларын жазды. Солардың ішінде Б.Байқадамовтың  төрт бөлімнен тұратын а капелла  хорына жазған қазақ халық әндерінің  тақырыбына құрылған сюитасын алуға  болады.

 

№2 ӨЖ  

  Хорды өңдеу

Хорды  өңдеу (француздың arranger сөзінен шыққан) ретке 

келтіру, лайықтау, ыңғайлау деген мағынаны білдіреді. Хорды ыңғайлау,

лайықтау дегеніміз музыка шығармасын бір орындаушылық құрамнан

екінші орындаушылық құрамға айналдыру. Пәннің мақсаты ән және хор

шығармаларын әртүрлі  құрамдағы хорларға, оның ішінде балалар  хорла-

рына лайықтау. Осындай  жұмыстардың әдіс-тәсілдерін жете меңгеру

болашақ музыка маманының  тәжірибе жұмысына өте қажет. Ол репертуар

таңдаудың мүмкіндіктерін молайтады. Сонымен қатар, oқу процесіндегі

хор жазуының әртүрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру, хор дауыстарының шығу

ерекшеліктерін терең  түсінуге көмектеседі.

Хорды өңдеудің түрлері көп. Олар: 1, 2, 3 дауысты хорды

аралас хорға лайықтау. Екі, төрт дауысты біртектес әйелдер немесе ерлер

хорын төрт дауысты аралас хорға лайықтау.

Біртектес хорларда дауыстар санын өзгерте отырып аралас хорға

лайықтау. Бұлардың әрқайсысына өздеріне ғана тән тәсілдері болады.

Сонымен қатар олардың  барлықтарына тән жалпы заңдылықтары болады.

Сол заңдылықтар қандайда болмасын лайықтау жұмысында міндетті түрде 

сақталғаны дұрыс. Сондай ереженің бірі дауыстар бір бағытқа бағытталуы

керек, дауыстар бір-бірімен айқастырылмауы қажет (альттар – сопранодан

жоғары, бастар – тенордан жоғары, тенорлар – альттен жоғары болмауы 

керек).  

Шығармада тек қана тональдікті және фактураны өзгертуге болады.

Оның басқа компоненттері әуен, гармония, өлшем, екпін, динамика және

құрылысы өзгермейді. Кейде  өңдеу кезінде кейбір окордтарды

олардың айналымдарымен өзгертуге  тура келеді. Бірақ онда музыка әуені-

нің бастапқы қалпынан ауытқымау  керек. Сізге өте көп көңіл бөлу қажет.

Егер партитурадағы дауыстар бір ырғақтық суретпен бірігіп тұрса оны сол

қалпында қалдыру керек. Партиялар әртүрлі сөз текстінде  айтылатын 

болса негізгі әуен өзгереді. Бұл шығарманың әдеби стилін де, көркемдік-

поэтикалық образына да әсер етпеуі керек. Көп дауысқа көбейтілген

лайықтауларда әрбір жаңа жазылған дауыстың сүйемелдеу гармониясынан

шығып кетпеуін қадағалау  керек, ол өзінің әрлеуінде өте қарапайым  және

табиғи болып, жалпы тесситурадан шықпай басқа дауыстармен қосылғанда

хордың диапазон көлемі және басқа да ерекшеліктерін қатаң сақтау керек.

Төрт дауысты  біртектес немесе аралас хорды екі

дауысты балалар  хорына лайықтау

Төрт дауысты аралас хордан екі дауысты хор шығару үшін мына

тәсіл қолданылады. 1-ші жоғарғы  дауыс өзгеріссіз сақталып хордың жоғар-

ғы дауысына беріледі. 2-ші хордың төменгі дауысы (аралас хордың) басқа 

дауыстары негізінде құрылады. 3-ші, 2-ші төмендегі дауысты жазғандағы

есте сақтайтын жағдай жоғарғы негізгі әуенмен төменгі  дауыстың арала-

рындағы интервалдың дұрыс  таңдауына көңіл бөлу. Мына интервал төрт

дауысты әннің гармониялық  калорит бояуын дұрыс беруі керек. Мысалы:

терция арқылы алынған  доминанталық септакорд екі дауысты  әнге айнал-

ғанда ув. тоникалық секста үлкейтілген квинта болуы керек.

Басқа уақыттарда үлкен секунда, үлкейтілген квинта, кіші септима 

және т.б. интервалдар  болуы мүмкін. Еске сақтайтын жағдай доминанта 

септакордты екі дауыспен алмастырғанда осы аккорд ерекшелігіне сәйкес

келетін септиманы қалдыру  керек. Лайықтау аралас хордың төрт дауысты 

аккорды қандай әуендік жағдайда екендігіне де байланысты. Кіріспе  тонды 

доминант секундаккордтын  үлкейтілген квартасымен Ч 4 алмастырған  жөн.

Егерде доминант секундаккордтың  терция әуендік жағдайында

болмай, кварта немесе негізгі  тонда болса, онда оларды екі дауысқа  өзгерт-

кенде міндетті түрде интервал да өзгереді.

Кейбір жағдайда үлкейтілген  квартаның орнына үлкен секста

жазылады. 

Төрт дауысты аралас хорды  екі дауысты біртектес хорға  лайық-

тағанда, оның гармониялық  колоритын сақтау үшін, үшдыбыстар мен 

олардың айналымдарын (терция, секста, децима) сияқты толық интервал-

дар бере алады. Доминант тобына қатысты септаккордттарды өзгерткенде 

кіші септималар, тритондар  сәл кемірек секста мен терциялар  қолданы-

лады. Гармониялық құрылымдағы  шығармаларда естілетін кварта, квинта

интервалдары өтпелі және қосымша қозғалыс амалдарында қолданылады.

Көбінесе музыкалық құрылымның орта шенінде кварта ұстау түрінде 

әлді үлеске түсуі, қорытынды  айналымда кварта мен квинта тура дыбыста-

луында қолданылады.

Квинта қорытынды тоникаға баратын коданс доминантасының гар-

мониясын қайталайды. Теориялық  материалмен танысып және үйренген

кезде әнді лайықтаудың балалар  хорына арналғандығын еш ойымыздан 

шығармауымыз керек.

Осыған байланысты хор  лайықтаулары әртүрлі жастағы балалардың

(кішкентайлар, орташалар  және үлкендер хорының) ерекшеліктеріне  бай-

ланысты жасалады.

Вокалды – хор жұмыстарын бастамас бұрын балалардың ән айтқанда

өзін-өзі дұрыс ұстауын, дұрыс отыруын қадағалаған дұрыс.

Хор жетекшісі оқушылардың  әрбір сабағын қатаң қадағалағаны

дұрыс, себебі сабақтың дұрыс  ұйымдастырылуынан дұрыс тыныс  алу мен 

дұрыс ән айту байланысты:

 Әншінің орналасуы  еркін болуы керек. 

 Корпуспен мойын түзуленіп,  аяқтар еденге толығымен табан  тіреуі 

керек, бірақ ешқандай жағдайда иек жоғары көтерілмеуге тиіс, иек  жоғары

Страницы:12следующая →
Описание работы
Хор музыкасы тарихи кезеңдерде әр түрлі функция атқарды. ХIV-ХV ғасырларда көпдауыстылықтың дамуына байланысты хорға арналған шығармалар хор партияларына бөлінді. Негізгі дауыс тенор дауысы болды. Хор партияларының саны әр заманның музыкалық стиліне байланысты өзгерді. Хорға арналған шығармалар ХIV-ХV ғасырларда 3-4 дауыстан, қайта өрлеу дәуірінде 6-8 және одан да көп дауыстардан тұрды.
Гомофонды-гармониялық стильге байланысты хордың, дауысты түрі қалыптасты, олар (дауыстар) – сопрано, альт, тенор, бас.
Содержание работы
содержание отсутствует