Ілияс Жансүгіров 1894-1938

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2014 в 19:19, реферат

Описание работы

Мұғалімнің алғы сөзі: Ақындықтың құлагері атанған I. Жансүгіровтың алғашқы өлеңдері 1920 жылдардан бастап жариялана бастады. Өмірбаяндық деректерде көрсетілген Ілиястың ақын ретінде қалыптасуына 1925-28 жылдар аралығында Мәскеудегі Коммунистік журналистика институтында оқуы үлкен әсер еткен. Ол курстағылардың ең жасы үлкені болыпты. Сонда 31 -ге келіп қалған еді. Тынымсыз ізденіс, оқумен, ой қуумен ұйқысыз атқан таңдар, Маяковскийдің, Бедныйдың кездесу кештері бәрі-бәрі ақын жанын байыта түсті. 1928 жылы Қазақстанның бұрынғы астанасы Қызылордада Жансүгіровтің «Сағанақ» атты тұңғыш кітабы шыққан. 1936 жылы ақынның ақырғы шығармасы «Құлагер» поэмасы баспасөз бетінде жарық көреді. Не бәрі сегіз-ақ жылға созылған кәсіби ақындық өмір. Сол ап — азғантай уақыт ішінде қанша іс тындырған десеңізші.