12 жылдық білім беру жүйесінің сатылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 18:38, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Жастарды белсенді, азаматтық ұстанымды, жауапты, жоғары адамгершілік, отансүйгіштік сезімді және көшбасшылдық қасиеттерді қалыптастырған, шығармашылық жағынана дамыған жеке тұлға тәрбиелеу» делінген, бұл бағдарламаның мақсаты екендігі бәрімізге белгілі.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. БІЛІМНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ.....................................................................6
1.1. Білім – жалпыадамзаттық құбылыс................................................................6
1.2. 12 жылдық білім беру жүйесі.........................................................................8
1.3. 12 жылдық білім беру жүйесінің мақсаты мен күтілетін нәтижелер.......11
ІІ. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БАСТАУЫШ САТЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ..........................................14
2.1. 12 жылдық білім беру жүйесінің сатылары.................................................14
2.2. Бастауыш білім беру саласында 12 жылдық оқытудың негізгі.................17
2.3. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш сынып оқушыларын оқыту мазмұнының қазіргі жағдайы...................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................29
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................................................31
ТІРКЕМЕ 1……………………………………………………………………….33
ТІРКЕМЕ 2............................................................................................................33

Файлы: 1 файл

12 ж б.б. жуйеси.docx

— 245.34 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12 жылдық білім  жүйесіне көшу жағдайындағы байланысты  бастауыш сатының  базалық мазмұны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

І. БІЛІМНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ.....................................................................6

1.1. Білім – жалпыадамзаттық  құбылыс................................................................6

1.2. 12 жылдық білім беру  жүйесі.........................................................................8

1.3. 12 жылдық білім беру  жүйесінің мақсаты мен күтілетін нәтижелер.......11

ІІ. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БАСТАУЫШ САТЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ..........................................14

2.1. 12 жылдық білім беру жүйесінің сатылары.................................................14

2.2. Бастауыш білім беру саласында 12 жылдық оқытудың негізгі.................17

2.3. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш сынып оқушыларын оқыту мазмұнының қазіргі жағдайы...................................................................23

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................29

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................................................31

ТІРКЕМЕ 1……………………………………………………………………….33

ТІРКЕМЕ  2............................................................................................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

            Курс жұмысының өзектілігі: Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформаның қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие болып отырғаны белгілі. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы 12 жылдық білім беруге көшумен және оқыту процесін технологияландыру қажеттігінен туындап отыр. Осы қажеттілікті өтеу үшін педагогика ғылымының соны жетістіктерін тәжірибеге енгізуде әлемдік және отандық әдіскер ғалымдардың еңбектеріне жасалған талдаулар, олардың құнды ой-тұжырымдары басшылыққа алынып, реформаны іске асыруға негіз болды.

               Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Жастарды белсенді, азаматтық ұстанымды, жауапты, жоғары адамгершілік, отансүйгіштік сезімді және көшбасшылдық қасиеттерді қалыптастырған, шығармашылық жағынана дамыған жеке тұлға тәрбиелеу» делінген, бұл бағдарламаның мақсаты екендігі бәрімізге белгілі.

            Жауапкершіліктің биігінен көрінуі де жас ұрпаққа берілетін білім сапасын мейілінше арттыруды қажет етеді. Ал білім сапасын артыру, оның деңгейін әлемдік білім кеңістігіндегі стандарттарға сай келтіру, түптеп келегнде, мұғалімге, оның кәсіби құзырлығына, әдістемелік біліктілігі мен шеберлігіне тікелей байланысты.

            Өзекті мәселелердің бірі болып отырған «Қазақстан - 2030» жолдауында да, «Білім туралы» заңда даоқушыларды шығармашылықпен қалыптасқан және жеке тұлға ретінде оқытып, дамыту қажеттілігі айтылған. Бастауыш мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мәселелер, ғалымдардң пікірінше, оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушының оқу әрекетінің қалыптасуы, оқуға деген ынтасының артуы.

            Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болу мүмкін емес. Сол себепті бастауыш сыныптарда 12 жылдық білім беруге толық көшудің алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын меңгеру керек.

              Мұғалім үшін кәсіби шеберлікке  жету, өз мамандығының данышпаны  болу бір күнде пайда болатын  дүние еместігін біз жақсы  түсінуіміз керек және өмір  бойы ізденушілікті , зерттеушілікті  талап ететін мамандық екенін  анық аңғарғанда ғана толық  нәтижеге жете аламыз. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу мен тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді.

             Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайық орнын белгілеген біздің мемлекетіміз үшін, қазіргі заман талаптарына байланысты демократиялық қоғамға сай өзіндік көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді әрі жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі бізден 12 жылдық білім беру жүйесіне өтуді талап етіп отыр.

           12 жылдық білім берудің мақсаты: өзінің жеке қоғамның мүддесінде өзіне-өзі белсенді етуге дайын,өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту, қалыптастыруды жүзеге асыруға бір адамдай жұмылып еңбектене білсек, барлық қиыншылыққа бірден төтеп бере алатынымыз анық. 

  Курс жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру жүйесі туралы сипаттама бере отырып, республикамыздағы бастауыш білім берудің проблемалары мен перспективаларын айқындау.

Курс жұмысының міндеттері:

1. Білімнің мәні мен  маңызын, жалпыазаматтық құндылығын  айқындау.

2.  Білімнің әлеуметтік  мәнділігін анықтау.

3. 12 жылдық білім беру берудің педагогикалық қызметті жүзеге асырудағы рөлін сипаттау.

4. ҚР 12 жылдық білім беру жүйесін ашып көрсету.

5. ҚР 12 жылдық білім беру реформасы.

6. Бастауыш білім беру саласында 12 жылдық оқытудың негізгі.

7. ҚР 12 жылдық білім берудің перспективаларын атап көрсету.

  Курс жұмысының пәні: 12 жылдық білім беру үрдісі.

  Курс жұмысының теориялық маңыздылығы: Мектептердегі нақты міндеттердің бірі білім беру кезеңінде балалардың психологиялық деңгейінің дамуын, олардың әрі қарай білім алу, күрделі білімді жеткілікті қабылдау, әр салада болсын біліктерін жетілдіру негізінде, еліміздегі үздіксіз білім беру саласының 12 жылдық білім беру жүйесіне өтуі ғылым, білім саласында үлкен жаңалық болып табылады. Халықтық білім беру ордасындағы психолог-мамандар күнделікті өмірде баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығын анықтып, 12- жылдық білім беру жүйесі енгізілген мектептерге қабылдаудағы психологялық ерекшеліктерін анықтау мәселелерімен жиі жолығады. Осыған байланысты әр бастауыш сынып мұғалімі өзінің жетік білім деңгейіне, біліктілігіне байланысты балалық мектепке дайындығын әртүрлі әдістемелік тәсілдерді пайдалана отырып анықтайды. Сондықтан да Қазақстандағы педагогикалық психология ғылымының осындай көкейкесті мәселелерін ескере отырып. Қазіргі таңда ұлт мектептеріне қабылдаудағы бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтап, сипаттап бермекпіз.

    Курс жұмысының әдістері:

  1. Педагогикалық және психологиялық, өнер әдебиеттерін талдау.
  2. Пән мұғалімдерінің тәжірибелерімен танысу, зерттеу, байқау.
  3. Үйрету мен оқытудың әр түрлі әдістерді қолдану.

    Курс жұмысының құрылымы: кіріспе, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

І. БІЛІМНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ

 

1.1. Білім – жалпыадамзаттық  құбылыс

Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып көрінгенімен, «білім» түсінігі көп мәнділігімен ерекшеленеді. Әдетте, бұл термин мазмұны жағынан келесідей түсініктемелерге ие болуы мүмкін:

         Білім – жалпы азаматтық құбылыс.

         Білім – әлеуметтік мәдени мұра.

         Білім – жүйе.

         Білім – педагогикалық процесс.

         Білім – нәтиже.

         Категориялық тұрғыдан білім жалпы азаматтық құндылық ретінде танылады.

 ХХ ғасырдың 60 жылдарынан  адам, мораль, гуманизмге, жалпы субъективтік  жағдаяттар (жағдаяттар) проблемасына қызығушылық артудан, бұл категория философиялық деңгейде қарастырыла бастады.

Құндылықтар табиғатын, олардың құндылықты дүние болмысы мен оның құрамындағы орнын аксиология ғылымы зерттейді. 

         «Құндылық» термині - қоғамдық мұраттар қамтыған, сонысымен де міндеттілік өлшемі ретінде танылған нысандар мен құбылыстарды, олардың қасиеттерін, сонымен бірге бейнақты идеяларын белгілеу, әрі сипаттау үшін қолданылады. Құндылықтар заттасқан және субъект болып ажыратылады.

Ал, субъективтік құндылықтар – бұл бағалау - баға негізінде алынған өлшем-шектері (критерийлер), өрнек үлгілер, әлеуметтік стандарттар.

Жалпы құндылықтар арасында педагогикалық құндылықтар өз алдына дербес топ құрайды. Олардың мәні тәрбиелеу мен және білім беру қызметінің ерекшелігі, оның әлеуметтік рөлі және жасампаздық мүмкіншіліктерімен анықталады.

Педагогикалық құндылықтар білім саласында қалыптасқан қоғамдық дүниетаным, көзқарастар пен педагог қызметтері арасында жанама және тікелей байланыстырушы ретінде, әрі педагогикалық іс-әрекетті реттеуші талаптар (нормы) ретінде қабылданған. 

        Барша құндылықтар сияқты педагогикалық құндылықтар да қоғамдағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастарға тәуелді. Олар тарих желісінде қалыптасып, ерекше танымдық бейне және ұғымдар түрінде қоғамдақ сана формасына енеді.

Өмірдің әлеуметтік шарттарының өзгеріске келуімен, тұлға, қоғам қажеттерінің дамуымен педагогикалық құндылықтар да ауысып барады.

Білім – қоғамдық құндылықтардың ең аса маңыздысы. Мұның дәлелі – көпшілік елдер Ата заңында келтірілген әрбір адамның білім алуға болған құқығы жатады. Бұл құқық әртүрлі бастау тұжырым, бағыттардың дүниетаным шарттарына сәйкестендірілген нақты дәуір білім жүйесімен қамтамасыз етіледі.

          Білім, өз кезегінде, мемлекеттің, қоғамдық және жеке тұлғалық құндылықтарға ие.

          Білімнің мемлекеттік тұрғыдан құндылықты болуының себебі – мемлекеттің адами-инабаттылық, ақыл-парасаттылық, ғылыми-техникалық, рухани-мәдени және экономикалық мүмкіндіктерінің негізі – білімде. Осыдан, білімді ел – мықты, мызғымас ел.

Білімнің қоғамдық құндылығы жа жоғарыда аталған алғышарттармен анықталады. Алайда, мемлекет және қоғам тарапынан болатын білім дамуына орай түсіністік пен ұмтылыс әрқашан сәйкес бола бермейді. Мысалы: осы күнгі Қазақстан Республикасының он екі жылдық оқуға өту – мемлекет талабы, ол қоғам тапапынан түсінбеушілікке ұшырауда.  

    Білімді меңгерту - оқушының танымдық талдау жасай отырып оны орынды пайдалана білуі арқылы жүзеге асатын құбылыс. Бұл оқушылардың есте сақтау, ойлау, даму қабілеттерін арттырады. Мектепте өтілетін әрбір  сабақтарда әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді.

1.2. 12 жылдық білім беру жүйесі

            12 жылдық білім беру үрдісіне көшу қажеттігін айқындап отыр. Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. [1; 15]

            2008 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшуі басталды. Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңартуды көздейтін ҚР білім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып, Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде мақұлданды. Бұл тұжырымдама ҚР «Білім туралы» Заңына; «ҚР 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына», «ҚР білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына», ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында» атты Жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО үздіксіз білім беру ұсыныстарына сәйкес әзірленді.

            Біздің еліміздегі қалыптасқан білім жүйесі академиялы, түбегейлі деп бағаланатынын айта кетуіміз керек. Бірақ жыл асқан сайын оқу бағдарламалары бойынша 11 жылда берілетін білім көлемінің ауқымдылығы оқу жүктемесінің шектен тыс көбеюіне әкеліп, білім сапасы мен оқушылар денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр. Қалыптасқан бұл жағдай оқушылардың оқуға ынтасын да төмендететінін тәжірибеден байқап жүрміз. Осыған орай қазіргі білім беру тәжірибесінде білім көлемін жинақтай отырып, оқу материалын жеңілдетуді, сондай-ақ құзырлылыққа жетуге бағдарланған білім мазмұнын қарастырып отыр.

            Бүгінгі таңдағы еліміздің білім ұйымдарының басты міндеті – баланың денсаулығына жағымды ықпал етуді көздейтін білім беру ортасын құру. Біз өмір сүріп отырған уақыт алдыңғы толқынның заманына мүлдем ұқсамайды. Бала болашағы оның жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, дұрыс таңдау жасауына, бүкіл өмір бойына өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты болмақ. Осыған байланысты мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талап: ойлылық, салмақтылық, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық т.б. Бұл оқушының бойында қалыптасатын түпкілікті мақсат, міндеттерін айқындауға тікелей мұрындық болады. [2; 48]

Информация о работе 12 жылдық білім беру жүйесінің сатылары