Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 09:24, доклад
Жаңа технология - мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгерту, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз - өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жеңістіктерінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.
Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру
Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру жүйелерінде бірқатар өзгерістер енгізіліп, олардың жаңа ұлттық модельдері құрылуда. Орта мектепті ақпараттандыру бағдарламасы, жоғары және орта білім берудің мемлекеттік стандарттары, жоғары білімді дамыту стратегиясы жасалып және Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылдар аралығындағы білім беру жүйесінің дамуының мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің 2015 жылға дейін даму тұжырымдамасы жарияланып іске асырылу үстінде.
Жаңа технология - мұғалімнің
мүмкіндігін қуаттандыратын құрал.
Жаңа ақпараттық технологияны сабақ
барысында қолдану оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын
Жаңа ақпараттық технологияның
басты тиімділігі – бұл мұғалімге
оқу үрдісінің құрылымын
Ақпараттық технологияларды физика пәнінде пайдалану барысында байқағаным:
1. Оқушыларға оқылатын
құбылыстар мен объектілер
2. Оқытудың көркемділігі
артады, яғни оқушыларға қиын
да күрделі материалдарды
3. Оқытудың тиімділігі
жоғарлайды және оқыту
4. Оқушылардың ғылыми-дүниетанымд
5. Мұғалімдерді техникалық
жұмыстан босата отырып, үнемдеген
уақытта олардың
6. Мұғалім іздену барысында алған (Интернеттен) материалдарын слайд түрінде түсіріп, оқушыға сабаққа қосымша ретінде түсіндіре алады;
6. Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Түрлі елдерде болып жатқан жаңалықтармен танысуды, ақпараттар ағымынан қалыспауда интернет, электрондық пошта құралдарын пайдалануға болатындығы дәлелденді. Сондықтан білім беруді ақпараттандырудың тағы бір басты бағыттарының бірі оқушылардың интернет желісінде жұмыс істей білуіне жағдай жасау. Интернет желісінде жұмыс істеу оқушыларға әлемдік жаңалықтардан хабардар болып, білімін тереңдетуіне септігін тигізеді.
Мысалы, тестілеу жұмыстарын жүргізуде компьютерді пайдалану негізгі орын алып келеді, өзіндік жұмыстар, консультациялар ұйымдастыру және тест тапсырмаларын орындау оқушылардьң білім деңгейін көтерері сөзсіз. Компъютердің графикалык мүмкіндіктерін сызу, сурет сабақтарын өткізгенде пайдалану сабақтың сапалылығын арттырады.
Берілген тапсырмаларда бала қабылдаған заттарын талдау және саралау мүмкіндіктерін пайдаланып, онда заттардың жекелеген тікелей қасиеттерін анықтайды.
Жаңа технологиялар мен инновациялардың мүмкіндіктері шексіз, артықшылықтары орасан. Оған «оnlane» режимінде интерактивті байланыс арқылы көрсетілген сабақтар арқылы анық көз жеткіздік.
Мүмкіндігі шексіз интерактивті тақта арқылы мультимедиалық мәтіндер жазылған бейне материалдар, слайдтар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, анимацияларды қолданып, мұғалім өз пәнінің, түсіндірген тақырыбының мазмұнын ашып көрсетуіне мүмкіндігі мол. Бұл жан-жақты, дарынды әрі бәсекеге қабілетті білімді шәкірт тәрбиелеудің тағы бір тамаша баспалдағы деуге толық негіз бар.
Физика пәнін оқытудағы ақпараттық технологиялардың педагогикалық мақсаты:
Оқу процесінің тиімділігі
ең алдымен оқушылардың
«Модульдік технологияны пайдалана отырып өзім кіріспе бөлімінде тақырыпты түсіндіру барысында тірек сызбаларды, суреттерді, қосымша көрнекіліктерден мысалы сол тарауға байланысты атақты физиктер туралы мәліметтерді гиперсілтеме арқылы түсіндіруге болады.
Ал сөйлесу бөлімінде түрлі ойындарды қызықты етіп ойнату интерактивті тақтамен жүргізуге болады.
Ақпараттандыру үрдісі – мұғалімдердің қызығушылығын, шығармашылық ізденісін, электронды оқулықтар жасау мен оны іс-тәжірибеде қолдану әдістерін игеруге ұмтылысын тудырады. Электронды оқулықтың ерекшелігі модульдікке сәйкестігі және оқып үйренуге икемділігі. Бұл оқулық ғылыми-педагогикалық құрал.
Нәтижелігі:
1. Тез арада қайтарма байланыс болуын қамтамасыз етеді (интерактивті қасиеті);
2. Қажетті материалдарды жылдам тауып алу;
3. Гипермәтіндік түсіндіруден
жан жақты ақпараттық
4. Білім, білік іскерлігін
әрбір тараулар бойынша
Қолданылуы:
1. Теориялық материалды өз бетімен оқып-үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;
2. Сабақты иллюстрациялық материал ретінде жабдықтауға көмектеседі;
3. Сабақта және тыс уақытта өз бетімен әртүрлі деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді;
4. Емтиханға дайындық кезінде пайдаланылады.
Ақпараттық технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:
Қорытынды:
Мұғалімнің және оқушының шығармашылық жұмыстарының ғылыми деңгейін қалыптастыруда, жаңа құндылықтар, ізденістер жасау. Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем.
Оқушының дамуына әсер етуші әлеуметік фактор негізінде оқушы, мұғалім, ата-ана басқа пән мұғалімдері ынтымақтасуы керек.
Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.
Жиембаева Гулмира Искендирвна
Физика пәнінің мұғалімі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм ауылы
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі