Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2012 в 09:23, магистерская работа

Описание работы

Зерттеу пәнінің өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде «... терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілді.

Содержание работы

Нормативтік сілтемелер …………………...………………………….…...
Анықтамалар, белгілер мен қысқартулар…………………………….. ...
КІРІСПЕ ……………………………………......…………………………….
1 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ ҮДЕРІСІНДЕ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........................................................................................................
1.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері..................................................................................
1.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың қазіргі жай-күйі................................................................................................
1.3 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары................................................................................
2 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.......................................................
2.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың мазмұны............................................................................................................
2.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру әдіс-тәсілдері............................................................................................................
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және оның нәтижелері ..........
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………............
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………...
ҚОСЫМШАЛАР ……………………………………………………………

Файлы: 1 файл

А.Д.Кекілбекова.doc

— 587.50 Кб (Скачать файл)

Тұлғалық-бағытталған білім беру дәстүрлі білім беруді жоққа шығармайды, сонымен бірге бірқатар келесі артықшылықтарға ие: ғылымның, техника мен өндірістің кең спектріне бағытталған кадрлар даярлау; түрлі мамандар дайындаудың жан-жақты сипаты; іргелі дайындықтың жоғары деңгейі; кәсіби іс-әрекетке бағыты және тәжірибемен тығыз байланыстылығы.

Қоғамда болып  жатқан өзгерістер дәстүрлі жоғары оқу  орнының кемшіліктеріне дәлел болғандай. Дәстүрлі білім беру тұлғаның мәдени және рухани дамуына айтарлықтай  зиян келтірді.

Білім берудің дәстүрлі парадигмасынан гуманистік типтегі тұлғалық-бағытталған білім беру түріне ауысуы білім беру жүйесін дағдарыстан алып шығуы тиіс.

Қазіргі кездегі  педагогикалық теория мен тәжірибеде білім берудегі тұлғалық тәсілдің біртұтас түсінігі жоқ. Жетекші ғалымдардың ұстанымдары  тұжырымдамалық тұрғыдан әр алуан: Е.В.Бондаревская, В.В.Горшков, В.И.Гинецинский, В.В.Давыдов, Ю.В.Койнова және т.б [23, 24, 25, 26, 27]. Тұжырымдардағы әралуандылық келесілерден көрінеді:

  1. Тұлғалық тәсіл педагогикада іскерлік қатынасты іске асырады;
  2. Педагогикалық іс-әрекет тұлғаның дамуына бағытталған;
  3. Тұлғалық тәсіл түсіндіруші принцип (ұстаным) ретінде қарастырылады. Осы ұстанымға байланысты тұлғаға адам өмірінде өтетін өзгерістерді іске асырудағы өзінің орны мен атқаратын рөлін түсіндіру қажет;
  4. Тұлғаны мемлекетке қажетті «берілген қасиеттерге» тәрбиелеуден бас тарту;
  5. Жеке және ұжымдық бастамалардың біртұтастығы ұстанымдарының негізінде оқыту мен тәрбиелеу;
  6. Білім беру үдерісінің субъектісі ретінде тұлғаның бостандығы принципін іске асыру үшін жағдай жасау;
  7. Педагогикалық үдерісті болашақ мұғалім тұлғасын дамыту мақсатында ұйымдастыру және оқу жүйесін құруда функционализмді жеңу.

Ұсынылған тұжырымдамалар педагогикалық шығармашылықтың  анық моделін бейнелейді. Бұл модельдер әртүрлі әлеуметтік-мәдени жағдайларда тиімді болуы мүмкін. «Сондықтан, тұлғалық тәсіл, тұлғаның өзі сияқты – күрделі, көптеген ғылымдардың қиын игерілетін пәні. Осының салдарынан идеялардың бәсекелестігі емес, тұлғалық-бағытталған білім беру идеяларының кең кеңістігіне, мәселенің полипарадигмалы көрінісіне бағытталған өзгеше әдіснама қажет.

Тұлғаны түсіну – бұл тұлғалық бағдарланған білім  беру тұжырымдамасының негізгі түсінігі, қоғам тұлғаны еркін шығармашылық дамыту деп танитын білім беру жүйесін саяси және идеологиялық құндылықтардан жоғары қояды. Тұлғалық - бағдарланған білім беру моделінің негізіне В.В.Сериков кезінде С.Л.Рубинштейн ұсынған, тұлғаны түсінудің классикалық тұжырымдамасын алады [28, 29]. Оның мәні – тұлға, адамның анық ұстанымды (позиция) иемдену қабілеттілігі. Дәстүр бойынша, тұлғаны – оқушылар білім үдерісі үшін иеленуге тиіс қасиеттердің жиынтығы деп қабылдауға болады. В.В.Сериков «тұлға» түсінігінің мәнін оның қызметтерінің кешені арқылы түсіндіреді: таңдау қызметі (адамның таңдау қабілеті); рефлексия қызметі (яғни тұлға өз өмірін бағалай білуге тиісті); өмір мен шығармашылықтағы мағынаны іздеу қызметі (ойлаудың біртұтас иерархиясы, оны құра білу тұлғаның маңызды қызметтерінің бірі); қалыптастырушы қызметі («Мен» бейнесін қалыптастыру); жауапкершілік қызметі («Мен бәріне жауаптымын»); тұлғаның автономдылық қызметі (ол даму шегінде басқа факторлардың ықпалынан босайды) [28, б-64].  .

Зерттеуші тұлғалық-бағытталған  жағдайдың үш сипатын көрсетеді. Оның ойынша, жағдай біріншіден сұхбаттық, екіншіден өмірмен контексті және үшінші сипаты еркін шығаршылық қабілетпен орындалатын, өнімді, қандай да бір шекте дағдарысты іс-әрекетте болуы мүмкін тұлғалық қажеттілік.

Бүгінгі күні тұлғаны  қандай да бір дұрыс мінез-құлық ретінде түсінуге болмайды. Тұлға өзін қалыптастырғанын қаламайтындықтан, қазіргі кездегі педагогика тұлғаны қалыптастыруда емес, оған көмек көрсетуде рөл атқарады. В.В.Сериков оқушыларды  белсендіру қызметінен бас тартуды жөн көреді, оның ойынша бұл тұлғаны белгіленген қасиеттермен тәрбиелеуге әкеледі. Ол «қажеттілік», «тұлғалық қасиеттерді белсендіру», «белсенділікті берілген жағдайға бағыттау» сияқты терминдерді ұсынады [28, б-89].

Қазіргі кезде  интеллектуалдық, технологиялық білім  беру кезеңі аяқталуда. Жеке тұлғаның қоғамға қарсы тұра алатын қажетті руханилықпен байланысты біртұтастық ретінде қабылданатын кезеңі туындауда. Қоғамға адамның рухани мәдениетін қалыптастыратын педагогика қажет.

Біздің зерттеуіміз  Е.В.Бондаревскаяның тұлғалық-бағытталған  білім беру тұжырымдамасына негізделген. Е.В.Бондаревская жалпы жағдайда бұл білім беру типі тұлғаның дамуын қамтамасыз етуші, оның жекелігін қолдайтын, тұлғаның білімділік, мәдени, өмірлік қажеттіліктері мен сұраныстарын толық қанағаттандыратын, білім алу жолдары мен мазмұнын, сондай-ақ мәдени-білім кеңістігінде өзін-өзі қалыптастыру тәсілдерін таңдау еркіндігін ұсынатын білім беру жүйесі ретінде сипатталады деп жазды. 

Е.В.Бондаревскаяның  пікірінше адамдарды білімді  қылу – демек оған мәдениет, тарихи үдеріс, өз өмірінің субъектісі болуға көмектесіп, өмірлік шығармашылыққа үйрету. Ол білімді - адамның өз бейнесін иеленуі: қайталанбайтын, рухани, шығармашыл потенциалды тұлға болып, адамның адам болып қалыптасуы деп түсінеді.   

Тұлғалық-бағытталған  білім берудегі адамды қалыптастыратын маңызды қызметтер, бұл гуманизациялаушы, мәдени жетілдіру, әлеуметтендіру. Тұлғалық-бағытталған білім берудің гуманизациялаушы қызметі адам өмірінің мәнін, оның жеке бостандығы, руханияты, ниетін сақтауға негізделген. Мұндай білім беру тұлғада өзара түсіністік, қарым-қатынас, бірлесіп қызмет істеу механизмдерін қалыптастырады.

Мәдени жетілдіру  қызметі білім құралдарымен мәдениеттің  дамуын, оны жеткізу, сақтау қызметтерімен  қамтамасыз етеді. Егер білім беру адамның  мәдениетін тәрбиелеуге бағытталса, онда мәдени жетілдіру қызметі орындалады.

«Мұның негізгі  алғы шарты болып білім берудің  мәдениетке, ал мәдениеттің білім  беруге интеграциялау болып табылады. Мәдениет адам арқылы ғана сақталынады. Ол үшін білім оған мәдениет идентификациясы механизмін  ендіру керек».

С.Д.Смирнов, «ЖОО тек қана білім беру үшін емес, сонымен  бірге мұғалімнің өзі де маңызды  элементі болып табылатын арнайы мәдениет құрылымын түзу, дамыту үшін қызмет етеді. Мұғалімді арнайы мәдениеттің  өкілі ретінде, тек қана оның білімі мен іскерлігі емес, сонымен қатар оның белгілі дүниетанымы, өмірлік қағидалары мен құндылықтары, кәсіби іскерлігінің ерекшеліктері т.б. сипаттайды. Сондықтан, ол болашақ мұғалімге тек білім мен кәсіби ептілік бермейді, онымен қоса оны арнайы мәдениетке ендіреді...» [30]. 

Гуманитарлық  ЖОО-ның мақсаты мәдени және кәсіби жоғары дамыған маманның тұлғасын тәрбиелеп  шығару болып табылады. Білім беру – қажеттіліктерін, қызығушылықтарын, жеке қасиеттерін ашып, дамытумен  және қалыптастырумен байланысты, болашақ мұғалімнің тұлғасын дамытатын шығармашылықтың бірі.

«Кәсіби құзырлық»  терминін анықтау қиын, өйткені ол жеке тұлғаның жан-жақты қасиеттерін  қамтиды. Сондықтанда, психо-педагогикалық  әдебиеттерде осы терминмен қатар  онымен аралас терминдер қолданылуы тегін емес: «педагогикалық мәдениет», «педагогикалық  білімділік» және т.б. Сондада, барлық авторлардың кәсіби құзырлық тұлғаның интегративті қасиеті болсада, жан-жақты эталондық моделі бар деген пікірлері сәйкес келеді.

Білім беру –  бұл студентті дамыту, атап айтқанда оның ой мүмкіншіліктерін дамыту, кез-келген мәселені шешуде адамға берілген сезім аппараттарына ғана сүйенбей, сонымен қатар адамның бойында оқу үдерісінде қалыптасатын бүкіл ойдың аналитикалық аппаратына да сүйенуін қамтамасыз ету. Педагогика және психология саласындағы көптеген мамандар үшін П.Я.Гальперин есімі оның жетекшілігімен жасалған оқытудың іс-әрекеттік теориясымен белгілі. П.Я.Гальперин оқушылардың ой-өрісін дамытудың сақталуы тиіс негізгі жағдайларын жасады [31].

Психология мен педагогикадағы іс-әрекет студенттер іс-әрекетінің негізгі бір бөлігі болып табылады. Педагогтың тапсырмасы студенттің танымдық әрекеттерінің түрлеріне кіретін іс-әрекеттерді ажырату ғана емес, сонымен қатар олардың құрылымын, функционалдық бөлімдерін, кезеңдері мен қалыптасу заңдылықтарын түсіну. Іс-әрекет өзара байланысты элементтердің біртұтас жүйесін көрсетеді. Іс-әрекетті жүзеге асыру барысында бұл элементтер үш негізгі қызметті қамтамасыз етеді: орындаушы, бағыттаушы және бақылаушы.

Іс-әрекеттің орындаушылық қызметін қарастырайық. Н.Д. Гордеева оны “Егер іс-әрекет нақты көрсетілген сыртқы формаға ие болса оны орындаушы, кең мағынада заттық деп атайды. Егер іс-әрекет бұл көрініске ие болмаса психикалық немесе когнитивті деп аталады” деп анықтайді.

Е.И. Машбиц алдын-ала  П.Я.Гальперинге сілтеме жасай  отырып: “Орындаушы бөлім объектінің түрленуін қамтамасыз етеді (бір  күйден екінші күйге ауысу, бір объектіні  басқасына орналастыру және т.б.)”  деп жазады. Мұндай түрленудің сипаты белгілі бір іс-әрекеттерге сәйкес келетін объектілер арасындағы қатынастармен көрінеді [32].

Бағыттаушы  бөлім орталық болып табылады, және осы іс-әрекеттің табыстылығын қамтамасыз етеді.

Әдетте іс-әрекет туралы айтушылар оның орындалу жағдайы  туралы айтып, орындаудың өзі шешуші кезеңде субъектінің осы іс-әрекет жағдайына бағытталуына тәуелді екенін естен шығарып жатады.

 Бұл қатынастар  үнемі заттық болғандықтан математикалық,  грамматикалық, физикалық және  тағы да басқа қатынастарда  болады.

Бағдарлаушы бөлім  іс-әрекеттің жолдары мен тәсілдерін белгілейді, ал орындаушы бөлім оларды іске асырады.

П.Я. Гальперин  атап өткендей “орындаудың табыстылығы  мен сипаты бағыттаушы бөлімге тәуелді  болғандықтан іс-әрекет қалыптасуының  негізгі тапсырмасы оның бағыттаушылық  бөлімін қалыптастыру болып табылады; орындаушы бөлімнің өзгеруі екінші ретті болып табылады [31. б. 12-18].

Бақылаушы бөлім  бағыттаушы және орындаушы бөлімнің нәтижелерінің дұрыстығын тексеруге, орындаудың белгіленген жоспарға сәйкестігін  тексеруге бағытталған. Қателіктер байқалғанымен дұрыс жолдан ауытқыған жағдайда жөндеу, дұрыстау қажет. Бақылау бөлімінде бағыттау сәті, орындау мезеті және екеуінің сәйкестігі де қайталанады. Бақылаудың әртүрлілігі оқудың міндетті құраушысы болып табылады.

П.Я. Гальпериннің ғылыми мектебінің өкілдері студенттің оқу пәні іс-әрекетінің бағыттаушы және бақылаушы бөліктері болуы тиіс деп санайды, ал таза орындаушы функциялар мүмкіндігінше оқу үдерісінен шығарылып тасталуы тиіс. Өйткені, олар механикалық дағдыларды қалыптастырып, ұғымды қамтамасыз етпейді. Шынында да іс-әрекеттің когнитивтік құрамдастарының орнын бағалау мүмкін емес, яғни мақсатсыз іс-әрекет бастала алмайды, бағалау мен бақылаусыз ол тек кездейсоқ табысты болуы мүмкін. Сонымен қатар, қазіргі заманғы оқу орындары жетілдіруге тырысып жатқан барлық психикалық үдерістер адам іс-әрекетінің орындаушы емес бағыттаушы болатын ерекше формасын көрсетеді.

Жоғарыда айтылғандарға  сүйене отырып оқытуда іс-әрекеттің  бағыттаушы мен бақылаушы бөлімдері  басым болуы тиіс, ал орындаушы  бөлім минимумға дейін азайтылуы тиіс екендігі туралы қорытынды жасауға болады.

“Жоғары мектеп психологиясы” кітабында М.И. Дьяченко мен Л.А.Кандыбович күрделі психологиялық  дайындықтарға қосымша келесі компоненттерді атап көрсетеді: мотивациялық, бағыттылық, операциялық, еріктілік және бағалауды қарастырады [33].

С.Л.Рубинштейн [34]: “Жеке тұлғаның психикалық қасиеті - өзі жасаған ретпен, іс-әрекеті мен қимылдарында және бір мезгілде пайда болып, қалыптасады” дейді.

Б.Г.Ананьева еңбектерінде теориялық жоспарлау үдерісінің қалыптасуы кәсіптік белсенділік таныту барысында ортақ заңгерлік, педагогикалық білім беру,  жалпы   әдістеме   теориясы, олардың өзара қарым-қатынасы теориялық түрде негізделіп айқындалған [35].

Н.Ф.Талызина оқытушыларды тек білім бұлағы деп қана қоймай, оқу үдерісін құрайтын, яғни оларды меңгеруді қамтамасыз ететін де болуы керек деп анықтап берді [36]. Педагогикалық мамандықтың басты ерекшелігі адамзаттың жеке тұлғасының әртүрлі ортадағы танымдылық, адамгершіліктілік және т.б. дамуының алға жылжуын болдырады.

Студенттердің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру барысында  ойлау, шығармашылық әрекеттерінің  жаңа формалары пайда болады. Сондай-ақ, мұны адамның психикалық үдерістерінің  даму үдерісі ретінде де қарастыруға  болады.

Психология  ғылымынан адамның сана-сезімінің дамуының таным үдерісі арқылы іске асырылатындығы белгілі. Таным деп табиғаттағы заттар мен құбылыстардың қасиеттері, өзара қатынастарының адам санасында идеалды бейнелер жүйесі ретінде бейнеленуі түсініледі. Таным үдерісі барысында адамның өзін қоршаған орта туралы алған білімі тереңдеп, заттар мен құбылыстардың шынайы болмысын тануы іске асады. Таным үдерісінің негізгі заңдылықтарын гносеология – таным теориясы зерттейді. Болмыс жөнінде ұғымның қалыптасуы мен дамуы, оның ақиқаттығы мен объективтік қатынастары таным теориясы арқылы айқындалады. Таным үдерісінің даму жолы да диалектикалық материализм тұрғысынан қарастырылады. Таным үдерісіндегі диалектикалық материализм бейнелеу ұстанымын негізге алады. Ал оның қозғаушы күші – практика болып табылады. Танып-білуге тиіс объекті мен танушы субъектінің арасындағы қарым-қатынас бейнелеуді білдіреді.

Тұлғаның өмірге, қоғамға, болмысқа деген көзқарасының дамуы іске асатын танымның қалыптасуы ұзақ әрі күрделі үдеріс. Нақты  сезінуден басталып, абстрактілі ойлауға (ақыл-ой таразысы) өтетін танымның психологиялық, физиологиялық тұрғыда бастапқы кезеңі түйсіктен, қабылдаудан, елестетуден тұрады. Бұл кезең танымның сезімдік формалары деп аталады. Танып білудің бірінші сатысы түйсік пен қабылдаудан басталып, соның ішінде ойша елестету пайда болады. Адамның сезім мүшелеріне әсер етуден басталатын таным сатысын сезімдік форма деп атайды.

Сыртқы дүние  мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің  адамның сезім мүшелеріне тікелей  әсер етуден пайда болатын мидағы бейнелерді түйсік деп түсінеміз. Демек түйсік сананың сыртқы әлеммен байланысы.

Адамның түйсіне  білу қабілеті психологияда сезгіштік  деп аталады. Ол абсолюттік және айырма сезгіштік деп екіге бөлінеді. Абсолюттік сезгіштік – сезім  мүшелерінің әлсіз тітіркендіргіштерді, ал айырма сезгіштік тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алудың дәрежесін көрсетеді. Түйсіктер өзінің табиғи болмысы бойынша экстерорецептивті (сыртқы) және интерорецептивті (ішкі мүшелер арқылы), проприрецептивті (бұлшық еттер арқылы) болып бөлінеді.

Информация о работе Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру