Оқыту кеңістігін материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2014 в 08:35, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.Осыған орай, әрбір оқытушының алдына қоятын мақсаты бұл ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру.

Содержание работы

КІРІСПЕ...............................................................................................................
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ТАРАУ .Оқыту
Оқыту кеңістігі туралы жалпы мағлұмат...................................................
Жаңа буын оқу-әдістемелік кешені – қазіргі мектептегі оқыту құралы ..................................................................................................................
2 ТАРАУ.
2.1 Оқушылардың таным-белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер.............................................................................................................
2.2 Оқыту кеңістігінде оқу әдістемелік құралдарды қолдану.................................................................................................................
2.3 Оқыту кеңістігінде жаңа технологияны қолдану жолдары...................... .........................................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс әдістеме.docx

— 58.68 Кб (Скачать файл)

«БӨБЕК»ҰҒПББСО

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» АДАМНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ ДАМУЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

 

 

Мәсімақын Салтанат Алқамбекқызы

 

Оқыту кеңістігін материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету

 

Курстық жұмыс

 

 

 

Күндізгі бөлім: 3-курс

Мамандық: 0111000

Пән: «Өзін - өзі тану» пәнін  оқыту әдістемесі

Тобы:ӨТМ - 302

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                      Жетекшісі: Мырқасымова.Н.Қ

 

 

 

 

 

 

 

Қорғалды:                                                               Бағасы:

«___»__________201___ж.                                   «_____»_______________

 

 

 

 

 

Алматы 2014

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

КІРІСПЕ...............................................................................................................

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 ТАРАУ .Оқыту

    1.   Оқыту кеңістігі туралы жалпы мағлұмат...................................................
    2.   Жаңа буын оқу-әдістемелік кешені – қазіргі мектептегі оқыту құралы  ..................................................................................................................

2 ТАРАУ.

2.1 Оқушылардың таным-белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер.............................................................................................................

2.2 Оқыту кеңістігінде оқу әдістемелік құралдарды қолдану.................................................................................................................

2.3  Оқыту кеңістігінде  жаңа технологияны қолдану  жолдары......................                                        .........................................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................

ПАЙДАЛАНҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ....................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.Осыған орай, әрбір оқытушының алдына қоятын мақсаты бұл ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру.

Сондықтан біз ақпараттық технологиялардың, ғылыми-техникалық прогрестің, жетістіктеріне қарай жаңа ақпараттық қоғам туралы, сонымен бірге жаңа өркениетке, яғни ақпараттық өркениетке өту туралы айтамыз.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық  коммуникациялық  желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру мекемедегі ұжымның, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.

Оқыту кеңістігінде көптеген оқыту құралы қолданылады. Байқағанымыздай, олардың кейбіреулері әр түрлі материалдық объектілерде көрініс тауып, өте тамаша деңгейде қолданылса; көрнекі құралдары секілді басқа материалдық құралдар да оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруға едәуір үлес қосады.

Кез келген технологиялық оқыту құралы технологияны құра алмайды. Технологиялық оқыту құралдарының басым көпшілігі оқытудың тек кейбір кезеңдерінде ғана технологиялық бола алады. Мысалы, бейнефильм оқу материалын баяу әрі көрнекі түрде жеткізгенімен, оқу материалын игеру сапасын тексеруге көмектесе алмайды.

Сондықтан, біз практикада көбіне бір емес, бірнеше технологиялық оқыту құралының технологияны құрып жататынын байқаймыз. Мұндай жағдайда біз технологиялық оқыту құралдарының жүйесімен жұмыс істейміз. Жүйеде технологиялық оқыту құралдарының әрқайсысы өзіне тән белгілі бір кезеңде (білім беруде, қабілеттерді шыңдауда, меңгеру сапасын тексеруде) жетекші немесе техноқұрушы болып табылады.

Бүгінгі күні біз іс жүзінде технологиялық оқыту құралдарының техно-құрушы жүйелерінің үш түрін кездестіреміз. Бәлкім, техниканың одан әрі дамуы нәтижесінде техноқұрушы жүйелердің түрлерінің саны өсетін шығар.

Қағаз тасушыға сүйенетін жүйелер бірінші түрге жатады. Бұл жүйені тағы қағаз түріндегі оқыту құралдары жүйесі деп атауға болады. Мұндай жүйеде барлық оқыту кезеңдерінде қағаз тасушыдағы әр түрлі оқыту құралдары (оқулықтар, есептер жинағы, әдістемелік ұсыныстар, нұсқаулар және т.б.) технологиялық құрал болады.

Мұндай оқыту түрінде нақ осы құралдар жүйесі қолданылады, себебі оқытудың үш кезеңінің әрқайсысында әр түрлі оқыту құралдары негізгі немесе технологиялық болып табылады. Бірінші кезеңде, яғни жаңа білімдерді беруде оқулық, оқу құралы, оқулық емес кітап немесе оқулық емес кітаптар жинағы технологиялық құрал рөлін атқарады. Бұл кезеңде оқушы берілген мәліметті меңгереді. Екінші кезеңде, яғни оқу қабілеттері мен дағдыларын шыңдауда оқулық, есептер жинағы, басылып шыққан жұмыс дәптері және тағы басқа дидактикалық материалдар технологиялық құрал рөлін атқарады. Бұл кезеңде оқушы қабілеттері мен дағдыларын шыңдауға мүмкіндік алады. Үшінші кезеңде, яғни білім деңгейін тексеруде оқулық, қағазға басылып шыққан бақылау жұмыстары, арнайы дидактикалық материалдар және тест тапсырмалары сияқты оқыту құралдары бақылау тапсырмалары мен сұрақтары ретінде технологиялық құрал рөлін атқарады .

Біз үшін оқытудың технологиялық үдерісін құруға негіз болатын оқыту құралдары елеулі қызығушылық тудырады. Демек, осы оқыту құралдарының қандай екенін және оларды технологиялық және технологиялық емес деп қандай қасиеті бойынша жіктелетінін анықтауға тырысып көрелік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстық   жұмыстың мақсаты: Жаңа оқыту құралдарын өңдеу, қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын тудырып, оқу материалын түсінуді, еске сақтауды жақсарту;

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Оқыту үрдісін жандандыру, материалдық-техникалық құралдарды қолданудың әдіс-тәсілдеріне тоқталу;
  • Оқу-әдістемелік кешен мен оның құрамына енетін құралдарды жетілдіру және жаңғырту,
  • Оқушыларды оқу мағлұматтарымен қамтамасыз етуге, еске сақтауға,оқыту нәтижелерін бақылауды қамтамасыз ету.

 

Курстық жұмыстың объектісі: Оқыту кеңістігінде қолданылатын материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік құралдар.

Курстық жұмыстың пәні: Өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістемесі

Курстық жұмыстың  болжамы : Оқыту құралдары мен әдістері мұғалімнің хабарлаушы және басқарушы қызметін іске асырады да, үлкен мәнге ие болады.Құралдар оқушылардың танымдық қызығуын туғызу, оқу материалдардың көрнекілігін жақсартады, оны түсініктірек жасайды, зерттеген құбылыс туралы толығырақ және дәлірек ақпарат береді

Курстық жұмыстың теориялық маңызы:  Курстық жұмыстың қорытындысын «өзін – өзі тану», рухани – адамгершілік білім беру,  педагогика   және  методика пәндерін оқыту барысында көмекші құрал ретінде  пайдалануға  болады.

Курстық   жұмыстың  жаңалығы :

құрылымы: Кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан  және  пайдаланылған  әдебиеттер  тізімінен  тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1 Оқыту кеңістігі  туралы жалпы мағлұмат.

          Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық кеңістігі. Қазіргі заман түсінігі бойынша оқыту үрдісінің келесі белгілері бар:

1. екі жақты сипаты;

2. оқытушы мен оқушылардың  бірлескен әрекеті;

3. оқыту жағынан басқаруы;

4. арнайы жоспарланған  ұйымдастыру мен басқару;

5. бүтіндік пен бірлік;

6. оқушылардың жас дамуының  жас ерекшеліктеріне сәйкестігі.

Оқытудың негізгі түрлері

        Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі-дидактикалық жүйелердің бірізділігі, сабақтастығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады.

       Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан: түсіндірмелі-иллюстрациялы (дәстүрлі), проблемалы, бағдарламалы (компьютерлік).

Енді осылардың жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталайық: 

1.Түсіндірмелі-иллюстрациялы  оқыту.

      Оның дәстүрлі оқыту деп аталатыны тарихта ұзақ уақыт бойы өміршең болғанына байланысты. Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары мен көрнекіліктерді өзіне кіріктіріп отырады. Бұл жүйедегі негізгі оқыту әдіс-тәсілдеріне көрнекіліктерді пайдалана отырып түсіндіру жатады. Оқушылардың негізгі іс-әрекеті: берілген білімнің мазмұнын тыңдау, қабылдау, естерінде сақтау. Мұндай оқытудың талабы: оқушылар есте сақтаған өткен оқу материалының мазмұнын қатесіз қайталап айтып беруі.

      Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың ғасырлар бойы нығайтылған пайдалы жақтары:

-   Уақытты үнемдейді;

-   Мұғалім мен шәкірттердің күш-қайратын жетілдіреді;

-   Күрделі білімдерді қабылдауды жеңілдетеді;

-   Оқыту процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. 

Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың кемшіліктері:

-    Оқушылардың дайын білімді жаттап алуы,

-    Шәкірттердің өз бетінше ойлауына қажетті көңіл бөлінбеуі;

-     Дара және бөліп оқыту мүмкіндіктерінің жетімсіздігі. 

2.Бағдарламалы (компьютерлік) оқыту

       Бағдарламалы оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Бағдарламалы оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту) машиналары қолданылады. Оқытудың бұл түрі 1960 жылдан бастап Б.Скиннер, Н.Краудер бастамасынан кейін, педагогика, психология және кибернетиканы ұштастырып пайдаланылады.

Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері: оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге бөлінеді; әр бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен тест-сұрақтарға жауап береді; дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді; жауап қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы да жауап береді.

Оқытудың бұл түріне негіз болған оқу бағдарламасы оқу материалын, оны меңгеру барысындағы оқушының іс-әрекетін, тексеру түрлерін бір тәртіппен ретке келтіреді.

Бағдарламалап оқытудың үш принципі бар: сызықты, тармақты және аралас. Сызықты бағдарламада оқу материалы бірізділікпен беріледі. Тармақты бағдарламада әр оқушы мақсатқа өз жолымен келеді. Қате жауап берген кезде оқушы керекті тармаққа өтіп, қайтадан оқып, қосымша түсініктеме алып, қатені жойып, негізгі сызыққа қайтып оралады. Мықты оқушылар негізгі сызықпен жүрсе, әлсіз оқушылар тармақтарға кіру арқылы нәтижеге жетеді. Аралас бағдарламада қиын тақырыптар тармақтарға бөлінеді, басқалары сызық бойынша орналасады.

Бұл оқыту машинасыз және машиналы болып екіге бөлінеді. Машинасыз бағдарлама оқыту үшін арнайы оқулықтар, перфокарталар пайдаланылады, негізгі деректер көзі қағаз болады. Оқу нәтижесі біраз уақыттан соң бағаланылады. Соңғы кезде машиналы бағдарламалап оқыту үшін компьютер кең қолданылуда. Тапсырмалар, мәтіндер, сұрақтар, жауаптар дисплей дидарында жазылып, сол мезгілде бағаланып тұрады.

Оқу бағдарламасы оқыту алгоритміне негізделген. Алгоритм-дұрыс жауапқа жетелейтін бірізді ақыл-ой және оқу іс-әрекеттерінің жүйесі. Білім мен біліктерді толық меңгеру үшін алгоритм оқушыларға оқу әрекетінің құрамы мен орындау тәртібін белгілейді. Оқу бағдарламасын құрастырудан алдын-ала оқу барысын басқару үшін алгоритм  жасалынады. Алгоритм сапасы компьютерлік оқытудың сапасына тікелей ықпал жасайды. Сондықтан, компьютерлік оқытудың сапасы оқу бағдарламасы мен техника сапасына тәуелді. 

Бағдарламалап оқытудың күшті жақтары:

-         Оқу материалының бөлшектелінуі,

-         Оқушының белсенді өзіндік жұмысы,

-         Тұрақты тексеру,

-         Оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемінің даралануы,

-         Техникалық оқыту құралдарын пайдалану.

-         Бағдарламалап оқытудың кемшіліктері:

-         Бағдарлама жасауға көп уақыт, күш керектігінен ол өте тиімді,

-         Мектептегі компьютерлердің саны мен сапасы жеткіліксіз. 

3.Проблемалық  оқыту

Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.

Аталмыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлесін қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский. Мысалы, Дистервегтің дәлелдеуінше, "жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді”.

Информация о работе Оқыту кеңістігін материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету