"Театр қызықтары" ата-аналармен шебер класс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 21:32, творческая работа

Описание работы

Балабақша мен ата-аналар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнату
және ата-аналардың театрға деген қызығушылықтарын ояту.
Алдын-ала жүргізілген жұмыс: Ата-аналарды жинап, театр туралы түсінік беру. Геометриялық пішіндерді таңдау арқылы 3 топқа бөлу. Шебер класстың өтілу барысы қысқаша түсіндіріледі. Әр топтың жасырылған карточка суыру арқылы «Ертегілер елінде» мен «Көңілді шеберхана» бөліміне жұмыс түрі анықталады. Ата-аналарға дайындыққа бір апта уақыт беріледі.

Файлы: 1 файл

Театр қызықтары.docx

— 22.42 Кб (Скачать файл)

«Театр қызықтары»

Ата-аналармен шебер класс

 

Мақсаты: Балабақша мен ата-аналар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнату  

                   және ата-аналардың театрға деген қызығушылықтарын ояту.

 

Алдын-ала жүргізілген жұмыс: Ата-аналарды жинап, театр туралы түсінік беру. Геометриялық пішіндерді таңдау арқылы 3 топқа бөлу. Шебер класстың өтілу барысы қысқаша түсіндіріледі. Әр топтың жасырылған карточка суыру арқылы «Ертегілер елінде» мен «Көңілді шеберхана» бөліміне жұмыс түрі анықталады. Ата-аналарға дайындыққа бір апта уақыт беріледі. 

 

Шебер класс бөлімдері:

  1. «Топ визиткасы»

Топтың аты, ұраны, топ мүшелерін таныстыру. (қатысушылар өз еркімен ұйымдастырады)

  1. «Менің қиялымдағы ертегі»

Әр топ өздерінің қиялынан бір ертегі ойлап, кітапша (буклет, альбом т.б.) етіп шығарып қорғау керек. (қатысушылар еркімен)

  1. «Ертегілер елінде»

Әр топ алдын-ала суырған карточкадағы берілген ертегіні сахналайды (қойылым қояды).

  1. «Көңілді шеберхана»

Әр топ алдын-ала суырған карточкадағы берілген заттардан ертегі кейіпкерлерін жасау керек. (керекті заттарды өздерімен алып келеді)

 

Шебер класс соңында ата-аналарға алғыс хаттар беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Театр қызықтары»

Ата-аналармен шебер класс

 

 

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі «Театр қызықтары»

атты шебер классқа қош келдіңіздер!  Сөз балабақша меңгерушісі Калиева Мариям Казиқызына беріледі.

 

  Жүргізуші: Мектепке  дейінгі  жастағы  баланы  тәрбиелеу  мен  дамыту  ісіне  байланысты  мақсаттарды  шешуде  театр  ерекше  рөл  атқарады. Театр  әр  балаға  қуаныш,  ұмтылмас  әсер сыйлайды, оның  көркемдік  талғамын, еліктеуі  мен  қиялын  дамытады.

Балабақшада театр мен ертегі тығыз байланыста болады, олар бір-бірін толықтырады, мақсаты нәтижелі болады. Бүгінгі ата-аналармен жұмысымызда театрдің кейбір элементтерін тамашалайсыздар.

Ақылды ғып Әй-керімнің талайын,

Сөзін айтар ұлы ақын – Абайдың.

Жүрегіне іздеп жүрсең ғажайып,

Театрға кел, Ағайың! – дей,

«Театр қызықтары» атты шебер классты бастаймыз.

 

  1. «Топ визиткасы»

Топтың аты, ұраны, топ мүшелерін таныстыру. (қатысушылар өз еркімен ұйымдастырады).

Бірінші топ___________________________________________________________

Екінші топ____________________________________________________________

Үшінші топ____________________________________________________________ 

 

Жүргізуші: Ерте, ерте ертеде ешкі жүні бөртеде, «Балдырған» балабақшасында «Жұлдызай» тобы болыпты. Бұл топтағы балалар сондай сүйкімді, әдепті, ақылды екен. Ал олардың ата-аналары мейірімді, белсенді, білімді болыпты және бәрі ақын мен жазушы екен. Ендеше келесі бөлімде осы ақын жазушылардың шығарған ертегі кітапшаларын тамашалайық.

  1. «Менің қиялымдағы ертегі»

Әр топ өздерінің қиялынан бір ертегі ойлап, кітапша (буклет, альбом т.б.) етіп шығарып қорғау керек. (қатысушылар еркімен)

Бірінші топ___________________________________________________________

Екінші топ____________________________________________________________

Үшінші топ____________________________________________________________ 

 

«Құлақтан кіріп бойды алар,

әсем ін мен тәтті күй»-

деп Абай атамыз айтқандай,

ортаға «Балдәурен» ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Кударова Ақботаны  «Ертегілер» әнімен шақырамыз.

 

  1. «Ертегілер елінде»

Әр топ алдын-ала суырған карточкадағы берілген ертегіні сахналайды (қойылым қояды).

Бірінші топ___________________________________________________________

Екінші топ____________________________________________________________

Үшінші топ____________________________________________________________ 

 

Жүргізуші: Балабақша театрында тек қойлым, көрініс қойып қана қоймайды, сонымен қатар әр қойылымға дайындалады, театр түріне байланысты ертегі кейіпкерлерін дайындайды. Бүгінгі шебер класстың соңғы бөлімде біздің ата-аналарымыздың шеберліктерін тамашалаймыз.

 

  1. «Көңілді шеберхана»

Әр топ алдын-ала суырған карточкадағы берілген заттардан ертегі кейіпкерлерін жасау керек. (керекті заттарды өздерімен алып келеді, ертегі кейіпкерлерін жасап, ортаға шығып жасалу жолын түсіндіреді).

Бірінші топ___________________________________________________________

Екінші топ____________________________________________________________

Үшінші топ____________________________________________________________ 

 

 

Жүргізуші: Ортаға «Жұлдызай» тобының балаларын шақырамыз. Ән: «Ақмамам»

 

Сөз әділқазылар алқсына беріледі.

 

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар! «Театр қызықтары» атта шеберлік класымызға ат салысып қатысқаңдарыныз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!!!!


Информация о работе "Театр қызықтары" ата-аналармен шебер класс