Жалпы білім беру мектептерінің бастауыш этаптарында шет ел тілдерін қазіргі оқытудағы ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 11:52, курсовая работа

Описание работы

Қоғам мектептің алдына арнайы педагогикалық құралдар арқылы оқушының танып – білу дербестігін, ынтасын, қызығушылығын мақсатты түрде дамыту міндетін қойып отыр. Ал бұл міндетті шешудің басты формаларының бірі – сабақ. Сабақ дегеніміз не? Бұл ұғымға берілген анықтамалардың көпшілігінде «... оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешу үшін үнемі қолданылып отыратын оқушылар мен мұғалімдердің тұрақты құрамының белгілі бір уақыт бөлігіндегі қызметін ұйымдастыру формасы» деп көрсетеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................... 2-4.

I-ТАРАУ. Жалпы білім беру мектептерінің бастауыш этаптарында шет ел тілдерін қазіргі оқытудағы ерекшеліктері.

II-ТАРАУ. Сабақ оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. ............5 -.
2.1 Сабаққа қойылатын міндеттерімен, оқыту принциптері ................... 12

2.2 Шетел тілін оқыту барысында интерактивті тəсілмен жұмыс жасаудың ерекшеліктері мен пайдалылығы.

Файлы: 1 файл

курсовой.doc

— 240.50 Кб (Скачать файл)

Тілді жақсы  меңгеру үшін бастауыш сыныптарда  осы төрт дағдының негізін берік  қалыптастыру қажет.

 

Шет тілін оқытудың мазмұны.

Оқытудың мазмұны  әдістеменің негізгі мәселесі болып  табылады. Оқытудың мазмұны негізгі 3 компоненттен турады:

1. Лингвистикалық;

2. Психологиялық;

3. Әдістемелік.

Лингвистикалық  компонент.

Лингвистика ғылымынсыз  оқытудың мазмұнын анықтау мүмкін емес. Лингвистика ғылымы – тілді белгілі  бір таңбалар жүйесі ретінде зерттейді. Адамдар бұл таңбалар жүйесін  өз ара түсіну үшін қолданады. Ал, әдістеме осы белгілерді оқыту жолдарын іздейді. Лингвистика тілдің нормаларын, оның дыбыстық , морфологиялық – синтаксистік, лексикалық жақтарын, оның ауызша және жазбаша түрлерін зерттейді.

Соны мен бірге тілдің белгілі бір белгілер жүйесі мен қызмет атқарады. Ал, сөйлеу дегеніміз- осы белгілер жүйесін қарым –қатынас барысында қолдану. Тіл мен сөйлеу бір құбылыстың екі құрамдас бөлігі,  олар бір-бірін толықтырады.

Тілдің және сөйлеудің  белгілі бір өзіне ғана тән  бірліктері бар. Тілдің бірліктерінің:

Фонема, морфема, сөз, прозологиялық  бірлік, микро және макро мәтіндер жатады. Тілді лингвистикалық феномен  ретінде оқытса, ол тәжирбиелік қарым  қатынас құралы ретінде қолданылмайды. Егер грамматиканы, лексиканы, фонетиканы  қарым-қатынас құралы ретінде қолдануда бір бірінен бөлек оқытса, ол ешқандай коммоникативтік міндеттерді шеше алмайды.

 

Психологиялық компанент.

Психология ғылымынсыз оқытудың мазмұнын анықтау мүмкін емес. Психология адамның ісәрекеті мен оның қалыптасуын  зерттейді. Шет тілін сөйлеу де адамның іс әрекетінің  түріне жатады. Сөйлеу әрекетінің құрылысын зерттейтін ғылым  саласын – психо-лингвистика деп атайды. Мұнда адамның  сөйлеу әрекеті, тыңдағанда және сөйлегенде жүретін іс  қыймылды, әрекетті ойлау моделы ретінде зерттейді.

 

Шетел тілін оқыту  әдістемесінің дамуының әлеуметтік тарихи шартнама.

Шетел тілін оқыту әдістемесі шетел тілін практикалық тұрғыдан меңгеруге бағыттайтын ғылыми сала ретінде көрсетіледі, сонымен бірге  оның тұжырымында «оқытудың ғылыми тұрғыдан негізделген мақсаттары мен мазмұны»  пәннің ғылыми тұрғыдан қолданбалы саласы ретінде анықталады, сондай  ақ  шетел тілін оқытудың тиімді әдістерін жасаумен шұғылданатын сала ретінде сипатталады. Болашақ шетел тілін пәнәнің оқытушыларына арналған оқу пәні ретінде шетел тілін оқытудың әлістемесінің пәндік саласы шетел тілі болып анықталады. Жүздеген жылдар бойы әлеуметтік тұрғыдан негіздеусіз шетел тілін меңгеруді нысаны ретінде алға қою формалды конструкт болғандықтан және ол мәдениетке тән арнайы категория болып табылмағандықтан білім берідің зерттеудің пәнаралық кешенді нысчвны болып көрсетілуі (басқа тілі- басқа мәдениетті тұлға)- ьарихи тұрғыдан негізделген жағдаят екні аян. Білім беру спасына қойылатын әлеуметтік талап білім беру парадигмасыының өзгеруіне жағдай ьуғызып шетел тілін оқытуда қоғамның құбылмалы сұраныстарына жауап бере алатын білім берудің жаңа әдіснамасын табу қажеттігін көрсетеді. Жахандану кезеңі өзара тығыз  байланысты қоғамдар халықаралық қарым қатынас  құралы болып табылатын шетел тілінің әлеуметтік тұрғыдан құндылығының артуы тілдің қазіргі маманның кәсіби компетенциясының басты көрсеткіші ретінде көрініс табуына әкелді.

Қоғамдағы  «тіл»  статусын қайта қарау оның оқу пәні ретінде түсініктемелеріне тереңірек  үңілу оқу және зерттеу нысаның өзгерту қажеттігін көрсетеді. Біздің жағдайымызда жеке ғылыми бағыт болып табылатын білім беру саласының құрамдас бөлігі болып шетелдік білім беру анықтамалар болса, оның ғылыми тұрғыдан дамуының қазіргі деңгейіне сәйкес келетін бөлігі ретінде «шетел тілі» көрсетіледі. Соған сәйкес «тілдік білім беру» көп аспектілі және бешенді біртұтас ретінде негізделеді және ол тұлғаны оқыту және тәрбиелеу арқылы қалыптастыруды көрсететін педагогикалық категория ретінде танылады.

Осыған байланысты шетел  тілін оқыту ғылыми негізге сүйенген жеке білім беру парадигма ретінде келесідей құрылыста көрініс табуы мүмкін:

1) өзінің жеке әдіснамасы бар;

2) өзіне тән сипаттамалары бар;

3) ғылыми таным ретінде зерттеулерде бір жүйеге негізделген;

4) бірінғай теориялық тұғырнамасы бар;

5) категория мен ұғымдары бар.

Тілдік білім беру жүйесі, кез келген жүйе секілді белгілі  бір алға қойған мақсаттар мен  жоспарлаған нәтижелерге жету үшін қызмет етеді, ол біздің жағдайсызда  шеттелдік білім беру жүйесін  анықтауды талап етеді.

Сондықтан шетел тілін уақыт талабы қойып отырған шет тілдік білім берудің бірыңғай жуйесі ретінде зерттеу мен реттеу нысаны ретінде қарастыру қажеттігі туындап отыр. Олай болса қазіргі шеттелдік білім беру теориясының даму сатысында шолу жасайық  «шеттелдік білім беруді» жеке ғылыми білім беруді жүйесінде алып қарастыру оның даму үстіндегі күн тәртібіне шешімін табуға қажетті көптеген мәселелерді алға қояды.

Білім берудің  кез-келген жүйесі ғылыми теория және қолданбалы дидактика тарапынан  алғанда  «оқыту әдістемесіне» сүйенеді, ол дәстүрлі ұғымда төмендегідей сипатта болады:

1) « оқытудың жүйесін әдіс тәсілдерін, құралын заңдылықтарын және мақсаттары мен мазмұнын зерттейтін ғылым ретінде (А.А.Климентенко, А.а. Миролюбов);

2) белгілі бір оқу пәні заңдылықтарын зерттейтін педагогика ғылымының саласы ретінде (А.Н.Шукин);

3) кез-келген ғылымға тән өз жеке заңдылықтарымен зерттеу әдістері бар өз бетінше педагогика ғылыми айтар болсақ теориялық базасы зерттеу болжамдарының дұрыстығын тексеруге мүмкіндік беретін тәжирбиелік алаңқайлары, сондай-ак оқу жағдайларында меңгеру нысаны болып табылатын шетел тілінің мәнін анықтайтын зерттеу нысандары бар (Г.В. Фокина);

4) әдістеменің екі жүйе тоғысында көрініс  табатын барлық пәндер нысандық саласын қорытындылайтын шетел тілін оқыту жүйесі ретінде (И.Л.Бим);

5) шетел тілі сөз әрекетінің негізін қалайтын  шетел тілін оқыту  және меңгеру ғылымы ретінде (М.К.Бородулина, А.Л.Бим);

6) шетел тілін оқыту үрдісінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейтін ғылым ретінде, шетел тіліндегі ақпарат көздері негізінде оқыту әдісі, құралы мақсаттары мен мазмұнын зерттейтін ғылым ретінде ( Н.и. Гез, А.А. Миролюбов және т.б.);

7)  «оқыту мақсаттары мен мазмұнын» ғылыми  тұрғыдан негіздеу- зерттеу пәні болып табылатын сондай-ақ қойылған мақсаттарға сәйкес, оқыту мазмұны мен шартын ескере отырып оқытудың тиімді тәсілін ғылыми тұрғыдан жасайтын теориялық және қолданбалы ғылым ретінде (Н.Д.Гальскова);

 Шетел тілін оқыту әдіснамасының педагогика ғылымының құрамына енетін тануда ғылымдар ортақ пікірде, дегенмен кейбір ғалымдар өз бетінше дербес ғылым деп көрсетеді. Көп жағдайда ғалымдар әдістемесінің нысандық –пәндік саласы анықтауда түрлі пікірлер білдірді. «Шетел тілін оқыту әдістемесінің» зерттеу нысаны ретінде технологиялылығы қолданбалы нәтижелігі және бағыттылығы, көп саоалығы мен басқа пәндермен тығыз байланысты:

    • Бір жағынан оның оқу пәні ретінде фунционалды сипаттамасын ғылыми нысан ретінде басқа категориялды ерекшеліктермен алмасуын негіздейді;
    • Екінші жағынан ол әдістемесінің дамуындағы ішкі жүйе және жүйе аралық механизмдерін,  жеке лингвардидактиға тән тар көлемнен шығып дербес ғылыми  аяғы өьілуіне мүмкіндік береді.

Жалпы бұл айтылғандар  шетел тілін оқыту әдістемесінің  шетел тілдерін оқыту теориясы мен  практикасындағы мәліметтер жиынтығын көрсететін оқу пәні ретінде кең танылғанын дәлелдейді. Ал оның жеке ғылыми сала ретінде танылуы, біріншіден оның ғылым екнін дәлелдейтін барлық сипаттамалар мен талаптардан көрінсе, екіншіден тілді меңгеру үрдісін зерттеп, оның үйретудің технологиясын жасайтын дербес ғылым ретінде ьанылғанына байланысты болып табылады.

Кей аралықтарда  «шетел тілін оқыту әдістемесі» шетел тілін оқыту технологиялары мен оқытудың қазіргі әдістерінің жиынтығымен айналысатын қолданбалы  дидактикалық пән ретінде анықталады.

Әдістеме ұғымының дидактикалық функционалды құрылымындағы жетекші қолданбалы құрамдас бөлігі « әдістемесінің»  ғылыми теориялық қалпын анықтауда күмән мен ғылыми тұрғыдан дау тұғызудың көзі болды. XX ғ. – 60-жылдарында әдістемені кез келген басқа ғылымның құрамына енгізуге деген ниеттің болуы оның дамуын тежеді.

XX ғасырдың бірінші жартысында –ақ шетел тілін оқыту әдістемесі  «қолданбалы лингвистика» ретінде анықталды, ол шетел тілін оқыту әдістемсінің лингвистикалық тұрғыдан талдау негіздерін жасауға мүмкіндік берді. Лингвистикалық тұрғыдан талдау әдәсә ретінде түсіндірілген саналылық үрдісінің басым орнын алумен шетел тілін оқыту үрдісін ұйымдастыруда және аударма жасауда екі тілдегі тілдік бірліктерді салыстыру материалды игеруді жаттап алу арқылы жүзеге асыру шетел тілін оқытудың грамматикалық –аударма әдісіне тән сипаттамалар болып табылады.

30-40 жылдардағы «шет тілдер оқыту әдісін» «қолданбалы лингвистика» ретінде сипаттауда ғылыми пікірталас алаңқайында «әдістеме» қолданбалы дидактика деген   ғылыми көзқарас пайда болды. Ол аталған екі ұғымның жалпы және дидактикамен ортақ жайттары көптігінен деп түсіндіріледі. Мұндай көзқарас XX –ғ. 60- жылдарыдағы ғылымдардың еңбектерінде де байқалды. (е.и.Перовский, Ю.К.Бабанский, В.С.Цетлин, Э.Б.Шубин және т.б.).

Шетел тілі оқыту әдістемесінің қолданбалы психология ретінде сипаттауда танымал психолог Б.В. Беляевтің пікірінше шетел тілін оқыту әдістері тіл үйретушілердің жеке психологиялық ерекшеліктеріне негізделіп анықталады деп көрсетіледі  оның негізінде ғалым оқытудың саналы практикалық әдісі тұжырымдамасын жасап шығарды. Аталған көзқарастар біршама уақыт өз үстемдігін жоймады.

60- жылдарға дейін лингвистикалық жүйелілік туралы пікір шетел тілін оқыту тәжирбиесінде шетел тіліе оқытудың деңгейлік үлгісі  терінде берік қалыптасты және тілдік жүйе мен оны жүзеге асыру оқытудың нысаны ретінде  алдаңғы қатарға шықты (А.Л. карлин, А.С.Лурье, л.М. Уман, Г.А.Богин және т.б.).

60- жылдардың  ортасында шетел тілін оқыту әдістерін қалыптасыуындағы үлкен өзгеріс кезеңі болып табылады. Бұл кезеңге «шетел тілін оқыту әдістемесінің» білімнің педагогикалық саласы ретінде анықтау туралы пікірлер жатады.  «саналы практикалық әдіс» (Б.В.Беляев) шеңберінде айтарлықтай өзгерістер орын алады:

-шетел тілін оқытудың лингвистикалық әдістерін негіздерінен психологиялық әрекеттік теорияға бағыт таңдалып алынады;

-шетел тіліне оқытудың практикалық тұрғыдан жүзеге асыру басты орынға ие болды, тілдік оқытудың бірлігі ретінде сипатталады;

- психолингвистикалық негізге сүйенген әдістеме тілдік сөздік дағдыларды қалыптастыру алгоритмдік үлгісіне ие болды  (ой әрекетінің сатылай қалыптастырудың психологингвистикалық теориясы П.Я. Гальпериннің меңгеруді басқару теориясы).

Білім беру мақсаттары сөз әрекеттерінің процессуалдық  әрекеттік қабілетіне өзгеріп жатсада, репродуктивтік сөзде және берілген тілдік актілерде қолданылатын тілдік дағдылар қол жеткізілген нәтижелер ретінде сипатталады.

Шетел тілін  оқыту әдістемесі лингвистердің  тілді оқшауланған жүйе ретінде  есе адам қарым-қатынастарын құралы ретінде қарастыруына негізделеді.

Шетел тілін  меңгеру деңгейінде қатысымдық нәтижені қамтамасыз етудің әлеуметтік тұрғыдан қажеттігі, шетел тілін тілдік қарым-қатынас  құралы ретінде мақсаттық міндетін ұғыну және негізгі функцияларын нысан ретінде қалыптасытру өткен ғасырдың 70-80 жылдардағы зерттеулердің тілдік қарым-қатынасының психологиялық –дидактикалық негізін вербалдық қарым-қатынастың функционалдық –қолдату тұрғыда тасымалдануын қайта өңдеуін және т.б. жеделдететін түрде жасауға болады. Вербалдық қатысымның кешендік құрылымдық мәні оның жүйелі-функционалдық тұрғыдан зертеулерін және шетел тілін оқыту әдістемесін үшін төмендегідей екі бағытта сипатталуын талап етеді:

- вербалдық қарым-қатынастың функционалдық реализациялық;

- қарым –қатынас құралы ретінде тіл функциясының ойлау- сөйлеу үрдістерін дәлелдейтін когнитивтік механиздер.

Әрекет ұғымын тілдік қарым-қатынас туралы теориялық түсінікке енгізу тілдік қарым қатынастың функционалды үлгісінің пайда болу бағытында дамыды, ол шынайы қатысым жағдайында сөздің қалыптасуын мен оның функцифсфнфң заңдылықтарын ескеретін психолингвистиканың үшінші даму кезеңі (Дж. Серл, Д.Вундерлих және т.б.)деп аталатын сө әрекетінің отандық теориясында бастау алады.

Вербалдық қатысымның жаңа ракурстарын объективті түрде  белгілейтін осы құбылысын сан қырларын ашып көрсететін сонымен бірге «шет тілін оқыту әдістемесінің» ғылыми ретінде алға қойған міндеттерін жоғары деңгейге алып шығатын саларардың ғылыми әрекеттерді талдау маңызды орынға шықты. Шетел тілін оқытудың мақсат міндеттерін вербалды қарым-қатынасты қалыптастыруды кейінгі нәтижиелерге ескере отырып қамтамасыз ету үшін келесі мәселерді әдістемелік тұрғыдан шешу кажеттігі туындайды:

- оларды «қатысымдық әрекеттер» құрылымына енгізу механизмі айқын болмады және олар сепаративтік түрде көрініс табуға  тиіс болды.

70- жылдарда пайда болған тіл мен сөздің әлеуметтік сөздік функционалдық тұрғыдан жүзеге асу мүмкіндігі көрсеткен лингвистикадағы бетбұрыс   «сөз әрекеті теориясы» психолингвистикалық парадигмасынымен бірге маңызды операциялық бірлік ретінде  «тілдік актінің» дамуын алға тартты. Бұл 80- жылдарда шетел тілін оқу әдістемесіндегі кейбір өзгерістердің болуына өз септігін тигізді және шетел тілін оқыту әдістемесіндегі қатысымдық әдіс, интенсивтік әдіс және оның түрлері функционалдыққа бағытталған әдістер ұғымдық –когнитивтік әдіске негізделген психологиялық үлгілер және т.б. әдістерінің пайда болуына әкелді.

Осылайша әрекеттік  әдістік басымдылығынан шетел тілін  оқытунан қатысымдық әдіс қатысымдыққа негізделген дидактикалық жүйе ретінде емес қатысымдыққа бағытталған әдіс ретінде қарастырылды (іріктеу, иненсия әлеуметтік рөл жағдай секілді) қатысымдық оқу категориялары мен бірліктерін ұйымдастыру. Сондықтан жоғарыда айтылған іскерліктер құрамы қатысым үшін құрамды жасанды мотивация шартында жүзеге асырылатын тілдік интенцияларға қатысымдылыққа негізделген іскерліктер кешені ретінде қалыптаса алмады.

Әрекет ұғымын тілдік қарым-қатынас туралы теориялық түсінікке енгізу тілдік қарым-қатынастың функционалды үлгісінің пайда болу бағытында дамыды, ол шынайы қатысым жағдайында сөздің қалыптасуын мен оның функциясының заңдылықтарын ескеретін психолингвистиканың үшінші даму кезеңі деп аталатын сөз әрекетінің отандық теориясыда бастау алады.

Информация о работе Жалпы білім беру мектептерінің бастауыш этаптарында шет ел тілдерін қазіргі оқытудағы ерекшеліктері