««Өзін-өзі тану» курсында диагностикалық әдістемелерді қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 12:48, творческая работа

Описание работы

Работа содержит презентацию по дисциплине "Педагогика"

Файлы: 1 файл

диагностикалық әдістеме.pptx

— 1.79 Мб (Скачать файл)

««Өзін-өзі тану» курсында диагностикалық әдістемелерді қолдану»

суретті - диагностикалық әдістемелер

 

    • Өзін өзі тану курсында көптеген диагностикалық әдістемелерді пайдалануға болады. Сол әдістемелердің ішінде ең қолайлы және тиімдісі суретті - диагностикалық әдістемелер болып табылады.
    • .

 

біріншіден кез-келген мектеп оқушысына тапсырма мен тестер орындатудан гөрі, сурет салған қызықты, әрі оңай.

 

Екіншіден, сурет салу барысында оқушымен әңгімелесуге, сұхбат алуға болады, әрине сурет туралы болса да, өмір туралы болса да сұрақтар қоюға болады. Мысалы, «Салған суретің өзіңе ұнайды ма?», «Сен неге осы суретті таңдадың?» т.с.с. сұрақтар арқылы.

 

Үшіншіден, баланың тұлғалық-даралық ерекшелігін, жай-күйін білуге болады

    • Бүгінгі таңда, суретті-диагностикалық әдістемелер түрлері өте көп.Олар: «жоқ жануар», «үй,ағаш, адам», «адам суреті тесті», «менің отбасым», «кактус гүлін сала аласың ба?» т.б.
    • Мұғалімдер мен ата-аналардың өтініштері бойынша баланың тәртібі мен мінезіндегі ауытқушылықтардың себептерін айқындау үшін, алдымен әлеуметтік педагог оқушының мектепте ғана емес отбасындағы қарым-қатынасы мен өзін-өзі қалай бағалап, қабылдайтыны туралы білуі шарт. Ал, оқушы болса, өзінің ішкі жан-дүниесіндегі келеңсіздіктерді сурет арқылы бейнелеуі мүмкін.
    • Алдыңыздағы оқушыға таза парақ пен түрлі –түсті қарындаштар ұсынып, «Өз жанұяңның суретін салып берші» дегенде әр оқушыда әр түрлі реакция байқалады.
    • Мысалы, біреуі белсенді түрде бастап кетсе, енді біреулері «Кімді салсам болады?», «Апамды салсам бола ма, бірақ ол бізбен бірге тұрмайды?», «үйдегі күшігімді салсам бола ма?»т.с.с. сұрақтар қоя бастаса, үшіншілері «Мен сурет сала алмаймын», «Менің суретім әдемі болмай қалса қайтем?» деп өздеріне күмәнмен қарайды.
    • Алғашқылары - оптимисті және отбасылық жағдайы тұрақты оқушылар.
    • Ал, екінші жағдайда бала өз жанұясынан жылу мен қамқорлыққа қанағаттанбағандықтан, үйден тыс тұратын адамдар мен жануарлардан соны іздейді немесе бала өзі тікелей жануарларға қызығатан болуы мүмкін.

 

    • Үшіншіден, оқушының өз-өзін бағалауы төмен немесе өзін «жаман суретшімін» деп ойлауы мүмкін, себебі мұғалімі сурет сабағынан төмен бағалар қойған шығар. Бірақ баланың отбасының суретін салғысы келмей тұрғаны белгілі.

 

    • Дайын салынған суретке қарап, алдымен, сурет парақтың қай бөлігінде орналасқанына көңіл бөлу қажет. Егер парақты солдан оңға қарай түзу сызықпен ойша бөлсеңіз, суреттің көп бөлігі жоғары орналасса, бала өзі-өзі асыра бағалайды деуге болады. Егер керісінше болса, оны еркіне жібермей басып тастаған және өзін-өзі бағалауы төмен. Сурет парақтың ортасында салынып, жанұя мүшелері айқын болса, бала позитивті көзқараспен айналасындағыларды қабылдайды және онда эмоционалды тұрақты көзқарас қалыптасқан.
    • Келесі салынған суреттің түрлі – түсті қарындаштармен боялуына көңіл бөлу қажет. Әдетте, отбасы жағдайы тұрақты, көңілді, белсенді оқушы қарындаштың кем дегенде 5-8 түрлі түсін пайдаланады. Қарындаштың 1-3 түсін ғана пайдаланса, бала іштей жабырқау немесе негативті көзқарасы басым болуы мүмкін. Ашық түстерді көбінесе, қимыл-қозғалысты, шығармашыл оқушылар таңдайды, салмақты, бірқалыпты, эмоциясы жасырын оқушылар толықтауыш түстерді көп пайдаланады.

 

ҮЙ АҒАШ АДАМ ӘДІСТЕМЕСІ

 

    • Бұл методика үлкендерге, балаларға және де топтық зерттеулерге арналған.
    • Бұл методиканы жүргізудің негізі мынадан тұрады: сыналушы үйдің, ағаштың және адамның суретін салуы керек. Содан кейін құрастырылған жоспар бойынша сұрақтар қойылады.
    • Р.Бернс «ҮАА» тестін қолданғанда оған ағаш, үй және адамды бір суретте бейнелеуін сұрайды. Үй, ағаш және адам арасындағы әрекеттестік көру метафарасын көрсетеді деп саналады. Егер барлық суретті қимылға келтіретін болсақ, онда біз шын мәнінде өмірімізде не болып жатқанын байқай аламыз.

Талдаудың ерекше тәсілі үйдің, ағаштың және адамның суреті қандай тәртіппен салынуына негізделеді. Егер ағашты бірінші салса, ондай адамға ең негізгісі - өмірлік күш – жігер; ал егер бірінші болып үй салынса, онда бірінші орында – қауіпсіздік, табысқа жету немесе керісінше, бұл түсініктерді елемеу. 

 «Адам суреті» әдістемесі

 

    • «Адам суреті» әдістемесі баланың жеке ерекшеліктері жөнінде ақпарат алудың ең оңай рәсімі болып саналады. Адам денесін немесе мүшелерін бөлек салу сипатының негізінде баланың жеке дамуының жалпы беталысын байқауға болады. Айтып өту керек, бұл әдістеме баланың психологиялық келбетін толығымен бейнелеп бере алмайды, оның нәтижелері басқа әдістемелердің нәтижелерімен толықтырылуы және нақтылануы мүмкін.
    • Нұсқау: «адам суретін сал». Бала суретті қарапайым қара қаламмен салады.Бала суретті салып болғаннан кейін, одан салынған «адам»жөнінде сұраған жөн. Біздің көңілімізді алған мәселе жөнінде сұрақ қоюға болады (тек баламен сезімдік жақын қатынас болған жағдайда), олар тура болмай («ол кіммен дос?», «оның достары көп пе?», «ол төбелеседі ма?» және т.б.) , жанама болуы тиіс («сен қалай ойлайсың, ...?», «саған қалай көрінеді, ...?»). мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік ерекшелігіне қарай, сұрақтарды балама түрде қойылуы дұрыс: «сенің ойыңша, ол біреумен дос па жоқ па?» немесе «саған қалай көрінеді, ол төбелескенді ұнатады ма жоқ па?» және т.б.

 

 

Айта кету керек, әдістеменің жобалық мүмкіншіліктері балалардың жасымен шектеулі (5 жасқа дейінгі балаларға арналған жобалық әдістеме ретінде қолданылады).

    • Баланың әлеуметтік қатынасты қажет етуі, одан алған сезімдік тәжірибесі және шыққан мәселелердің бейнеленуі оның басқа адамдармен және өзіне деген қарым-қатынасының қалыптасуында білінеді.
    • Осының бәрі суреттегі адамның қолын салғанда білінеді. Тағы бір рет ескерту қажет, баланың қатынас кезінде байқалатын ерекшеліктерінің нәтижелері тек расталуды және нақтылауды қажет ететін топшылама ретінде қабылдануы тиіс.
    • Егер бала адам қолын ең соңында бейнелесе, онда ол әлеумттік қатынастардан қорқады деп топшалауға болады.
    • Қолдары екі жаққа кең қойылғаны әлеуметтік қатынастың кең өрісін қажеттігін көрсетеді.
    • Төмен түскен қолдар, керісінше – қатынасының тар екендігін көрсетеді (бұл ерекшелік баланың әлеуметтік қатынасының сезімдік тереңдігін сипаттамайды).
    • Екі жаққа кең қойылған қолдар мен қол басының үлкейтілгені бейнеленсе, баланың қатынасымен қанағатсыздығын, айналасындағылармен қарым-қатынасының нашарлығын көрсетеді.
    • Қолы төмен түскен және қол басының жақсы бейнеленген адам суреті, баланың қатынасты таңдайтынын көрсетеді.
    • Суретте адамның қолының басы жоқтығы немесе редуцивті, баланың қатынас практикасының төмендеуін көрсетеді. Алайда қатынасты қажеттік төмендемейді. Ол өте жоғары болуы мүмкін.
    • Екі жаққа кең қол басынсыз салынған қолдар (әсіресе қолдар өте ұзын болып келсе), бала қатынасы кең, бірақ формальды және жанама деп есептелінеді.
    • Қолы төмен түскен адамның қолының басы жоқ болса, қатынас қажеттілігінің төмендеуі сезімдік кедейлігімен үйлескен. Бұндай қатынас сипаты баланың сезімдік дамуының бұзылуымен байланысты.
    • Қолдың ұзындығы тәуелсіздік қажеттілігінің көрсеткіші болып табылады: қол қаншалықты ұзын болса, қажеттілік те соншалықты көп.
    • Қолдың басы жұдырық түрінде немесе саусақтар таяқша ретінде салынған болса, басқыншылық тенденция белгісі.
    • Егер бала қолдарды штрихтесе немесе мүлдем салмаса, әлеуметтік қатынастардың қиыншылығын көрсетеді.
    • Кіндік салынуы, эгоцентризм көрінісін түсіндіреді. Эгоцентризм мектеп жасына дейінгі балалардың жастық ерекшелігі деп қарастырылады, бірақ бұл жерде эгоцентризм жеке ерекшелік сипаттамасына ие және жеке тұлғаның өзімшілдік бағытымен байланысты.
    • Адамның басы қырынан немесе адам арқасымен салынса бұл баланың жабықтылығын, қатынастарға түспейтіндігін көрсетеді. Бұл қатынас қажеттілігінің төмендеуі емес, қатынас кезінде қиыншылықтардың салдарынан пайда болатын негативті күйзелулерден қорғаныс.
    • Жер сызығының бейнеленуі – баланың қорқыныш, сенімсіздік басқа адамдармен қарым-қатынас жүйесіндегі нақты жағдайын көрсететін сезімінің көрсеткіші (зерттеушінің міндеті – отбасында немесе топта, осындай қорқыныш сезіміне себепші болған қарым қатынасты анықтау).
    • Егер бала өзінің сенімсіздігінен қарым-қатынасы тар болса, онда адам суреті «портрет» түрінде немесе басқа да шектеулермен шектеледі (мысалы тереземен).
    • Баланың басқалармен қарым-қатынас талдауының нәтижелерін оның сезімдік фонының сипатының мәліметтерімен салғастыру керек.
    • «Адам суреті» әдістемесінің көмегімен қарым-қатынас өрісін зерттеуде оның мүмкіншіліктері баланың жеке дамуының демонстративтілігі, басқыншылық, үрейлілік сияқты жалпы тенденцияларын айқындауға көмегін тигізеді.
    • Демонстративтік.
    • Демонстративті балалар ойындарда өте табысты, олар түрлі қызық ойын ұсына алады. Сондықтан олармен құрдастары жиі қарым-қатынасқа түседі, бұл олардың қарым-қатынаста табысты деген әсер беруі мүмкін. Алайда бұндай балдардың көңіл қажеттілігінің жоғарылығынан проблемалар пайда болуы мүмкін.
    • Егер жобалық әдістемелер тапсырмаларының нәтижелерінде бала қарым-қатынасында проблемалар, жанжалдар бар екендігі айқындалса, көңіл бөлу қажеттілігі толығымен қанағаттандырылмайды.
    • Баланың демостративті тенденциясы біріншіден адам денесінің сәнділігі көрсетеді (көйлектің сәнділігі, тәж, жіне т.б. – қыздардың суреттерінде, көптеген әр түрлі қалталар, тігістер, бір түрлі қалпақтар – балалар суреттерінде). Демонстративтілікті бейнелейтін персонаждардың әдеттіліксіз, стандарттылықсыз көрсетеді.
    • Демонстративтілікті пішін мөлшері де көрсетеді. Сурет соншалықты үлкен болуы мүмкін, бала оны бітіру үшін орын таппайды.
    • Жоғарыда қарастырылған сурет ерекшеліктерінде айқындалатын демонстративті тенденцияларды демонстративті «елестетуге қашу» түрінен айыра білу қажет. Мұндай бемонстративті түрі балалар қарым-қатынасы төмен. Көңіл қажеттілігін сезе отырып, өздеріне тән қорқыныш сезімінен олар қарым-қатынасын дамыта алмайды, ал демонстративті тенденциялары елестету жоспарына ауысады.
    • Көңіл бөлінуден тарыққан балалар өтірік айта бастайды, бұл басқа балалардың оларға теріс қарауын тудырады, сонымен бірге ата-анасымен қарым-қатынасында қызбалық пайда болады.
    • Адам суретін салғанда, бұндай балалар, өзін ханзада түрінде салады, өзінің бейнесін сәндеуге тырысады. Ол кезде суреттің сәнділігі шыдамды сипатта салынған, одан жеке дамудың төмендігін кездестіреміз, негізінен қорқыныш көрсеткіштері.
    • Нәтижелерді өндеу және интерпретациялау. Барлық сұрақтарға жауап беріп болған соң, алдыңғы сұрақтамалар сиақты «иә» немесе «жоқ» жауаптарының жалпы санын есептеп шығарыңыз. «жок» деген жауаптардың саны көп болған сайын бала өзінің үлкен әпкесі мен ағасына қызғанышпен қарау сезімі жоғары болады. Әсіресе бала үшін «жоқ» жауабы 6-дан немесе 60% көп болғанда ең жағымсыз жағдай болады.

Назар салғандарыңызға  рахмет!

 

    • Орындаған: Жақсылық Фариза

Информация о работе ««Өзін-өзі тану» курсында диагностикалық әдістемелерді қолдану