Адамгершілік және азаматтық тәрбие. Жеке адамның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 18:36, курсовая работа

Описание работы

Адамгершілік тәрбиесі – бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет – қылығына, мақсат бағытына жүйелі түрде ықпал ету. Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері: 1) ізгілік сана қалыптастыру; 2) инабаттылық сезімдер тәрбиелеу және дамыту; 3) адамгершілік әдет – қылықтың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің құрамы: адам және қоғам байланысын қалыптастыру, өз қылығының қоғаммен сәйкес болуы қажеттігін сезіндіру; адамгершілік білімді адамгершілік нанымға ауыстыру; тұрақты адамгершілік сезімдер мен сапалар орнықтыру; адамның басқалармен қатынасындағы жоғары мәдениет пен адамгершілік әдеттерді бекіту.

Содержание работы

КІРІСПЕ.......................................................................................................3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Мораль – қоғамдық сананың түрі, адамгершілік тәрбиенің күретамыры...................................................................................................5
Адамгершілік тәрбиенің мазмұны мен міндеттері...........................9
2.3. Адамгершіліктің басты белгісі – азаматтық. Азаматтық тәрбиенің негізі – саяси – идеялық тәрбие............................................................... 16
2.4. Жеке адамның адамгершілік тәрбиесінің бағалануы.................... 22
Жеке адамның адамгершілік қасиетін қалыптастыру...................25

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................29

ӘДЕБИЕТТРЕ ТІЗІМІ..........................................................................31

Файлы: 1 файл

адамгершілік психологиясы.doc

— 146.00 Кб (Скачать файл)

2.5. Жеке адамның адамгершілік қасиетін қалыптастыру

Жас ұрпақты  адамгершілік  рухында  тәрбиелеу  - оларды мінез – құлықтың  дағдылы  ережелеріне  үйрету болып табылады. Адамгершілік  тәрбиесі дегеніміз – адамның моральдық  қасиеттерін  белгілі бір мақсатқа бағыттап қалыптастыру. Адамгершілік сезімдерді  тәрбиелеу арқылы моральдық түсініктердің, әдеттердің  және мінез – құлық  себептерінің  қалыптасуы бірлесіп  жүзеге асады және адамгершілік тәрбиесін қамтамасыз етеді. Адамгершілік тәрбиесі жеке адамның мінез – құлқы мен тәртібін  қалыптастыру, адамгершілік  сеземі мен  сана нышандарын, адамгершілік  түсініктерін қалыптастыру. Адамгершілік сезім адамгершілік  түсініктерді 

меңгертудің  негізінде туып, балалардың іс – әрекеті мен мінез – құлқынан, тәртібінен  көрініс табады. Жеке адамның адамгершілік қасиетін қалыптастыру барысында  баланың  бойында енді дами  бастаған адамгершілік сезімдерін  пайдалана отырып, үлкенді сыйлауға, мәдени мінез – құлықтың қарапайым ережелерін, әдеті мен дағдыларын  моральдық саналарын, мінез – құлықтарын, өзін және өзгелерді  әділ бағалай  білу қабілетін  дамытып, қарапайым да күрделі  сезімдер мен қарым – қатынастар  қалыптастыруға  ықпал ете білуге  үйрету көзделеді.

Баланың  алғашқы  адамгершілік  қасиетін аңғарып, мінез – құлқы мен тәртібін  қалыптастыруда  мектепке дейінгі шақ – ең жауапты кезең. Психология  ғылымы  баланың айналадағы  болмысты дұрыс түсінуі мектеп жасына дейін  қалыптастыруын, олар  өз айналасындағы  адамдардың  көзқарасы мен  талпынысынан, мұраттарынан жастайынан – ақ үлгі алатынын дәлелдейді.

Жеке адамның адамгершілік қасиеттеріне сай балалардың мінез – құлқын, ұйымдасқан тәртібін, мәдениеттілігін, жақсы әдеті мен дағдысын

қалыптастыру, жеке адамның  адамгершілік  түсініктері мен қасиеттеріне тәрбиелеу.

Адамгершілік  тәрбиесінің  мазмұнына  жеке адамның  Отанға, адамдарға  деген сүйіспеншілігін  тәрбиелеу  жатады. Адамгершілік тәрбиесінің пәрменді құралы – халықтың тілі, мәдениеті мен көркемөнері. Ана тілі – халықтың  тарихы, шежіресі, халықтың ең зор ақылшысы, ұстазы деп бағалаған. Осы орайда, дана Абай: «Өнер алды – қызы тіл» деп толғаса, Ғ.Мүсірепов: «Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ» деп тілдің құдіретін ерекше бағалаған. Яғни, ерте сәби кезден бастап баланы ана тілінде сөйлеуг үйрету, ауыз әдебиеті үлгілерімен  сусындату адамгершілік және азаматтық тәрбиесінің ең маңызды мәселесі болып табылады. Адамгершілік тәрбиесінің  мазмұнына  баларды  интернационалдық  рухта тәрбиелеу де жатады, өйткені ол адамгершілік тәрбиесінің  негіздерінің  бірін құрайды.

Адамгершілікті қажеттіктің  көмегімен ізгілік мораль  негізі  еркін таңдау  мүмкіндігі туады. Әдет – қылықтар жүйесі  адамгершілік  әдеттерді қалыптастырады. Әдеттерден адамгершілік қылықтарды  қалау тұрақты қажеттіке айналады. Адамгершілік және азаматтық тәрбиенің мазмұнына  баланың  адамгершілік  қасиеттерін тәрбиелеу жатады, яғни олар үлкенді сыйлау сезімін тәрбиелеу сәбилік шақтан бастау алады.

Баланы  шыншыл да адал етіп  тәрбиелеу – адамгершілік тәрбиесінің  мәнді белгісі. Ертегі, әңгімелерден, белгілі адамдардың өмірінен үзінділер оқып, шыншыл адамды  халықтың құрметтейтіні, жақсы көретінін, одан үлгі  алатынын, өтірікшілерді жек көретіні, оларды ешкім сыйламайтыны айту арқылы шыншылықтың жақсы қасиет екеніне көздерін жеткізе отырып адамгершілік қасиеттерге баулу керек. Адамгершілік қасиетін қалыптастыруда мінез – құлық ерекше орынға ие. Мінез – құлық дегеніміз – адамдардың  өзін қоршаған  ортаға, қоғамға, басқа  адамдарға  деген қарым – қатынасынан  көрініс табатын  тұрақты психикалық ерекшелігінің жиынтығы.

Бұл ерекшеліктердің  ең бастысы -  сана  мен ерік.Еріктік сапаға: қажыр – қайрат, өзін меңгере алу, сабыр, төзім, мақсаттылық, шешімділік, тұрақтылық, ұстамдылық, батылдық, белсенділік жатады. Жеке адамның  адамгершілік қасиеттері балалардың іс – әрекет, еңбек, ойын, оқу – тәрбие жұмыстары  үстінде  көрініс тауып қалыптасады.

Жеке адамның адамгершілік қасиетін қалыптастыруда  жоғары  жүйке  жүйесінің  қызметі  ерекше рөл атқарады. И.П.Павловтың адамның  өмір сүру жағдайы мен тәрбиесіне  байланысты жүйке жүйелерінің икемділігі жөніндегі қағидасын есте ұстау абзал. Адамгершілік қасиеттерінің ішінде – мақсаттылық адамға жинақылық, бірізділік, белсенділік сияқты  қасиет  дарытып, шешімділікке, батылдыққа, іске құмарлыққа, тәуекелге бел байлауға жеткізеді. Балаларды мақсаттылыққа тәрбиелеудің  қиындығы: бала өте сезімтал, үгітке тез көнгіш, әр нәрсеге зейіні, көңілі ауғыш болып келеді. Сондықтан балалардың осы ерекшеліктерін ескере отырып, ырықсыз  зейін аудару қабілетін, ерік – жігерін, қызығушылығын қалыптастырады.

Үлгі ету – адамгершілік тәрбиесінің  негізгі әдісі болып табылады. Тәрбиеші мен  ата – ананың үлгісі адамгершілікке  тәрбиелеудің әдісі ретінде қолданылады.

Жеке адамды адамгершілікке тәрбиелеудің тиімді  әдісі ретінде үлгі етуді  қолдана білу бала  ойынының  нақтылығы мен көрнекілігіне  сүйенеді. Үлгіге еліктеу  жеке адамның белсенді іс – әрекетін тудырады, ал іс – әрекет – адамгершілік, тәртіп  нормаларын меңгерудің негізі.

Жеке адамның адамгершілік қасиетін қалыптастыруда  баланың іс – әрекетін  мақұлдау немесе кінәлау әдістері қолданылады.

Жеке адамның адамгершілік  қасиетін қалыптастырудың негізгі әдістері – адамның адамгершілік қасиеттері, мінез – құлқы, тәртібі туралы,балалардың мәдениетіне, тәртібіне қойылатын талаптар туралы түсінік беру, үлгі ету, түсіндіру, сендіру, мадақтау және кінәлау, жаттығу және көндіру. Бұл әдістердің  барлығы үлестірілсе, байланыстырылса, баланың  өрескел  қылығына, жеке ерекшелігіне  сай  қолданылады.Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде жағымды сезім мен сананың алғашқы  элементтерін қалыптастырып, біртіндеп  қарқындап дамытуға  ықпал  жасау көзделеді.

Адамгершілік тәрбиесі  баланың барлық іс – әрекетіне, әдетіне, мінез – құлқына, тәртібіне, үлкендерге, Отанын сүйе білуге, елжандылыққа, еңбекке, қоғамдық мүлікке  деген  қарым – қатынасының  дұрыс болуына  бағыт беріп, жөн сілтеп  отыратын тәрбиенің түрі.

Философ В.Соловьев «Адамгершілік бір адамның екінші адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзінің тәжірибесі арқылы ғана жететін  адамның ішкі  жағдайы»  деп  адамгершіліктің құндылығына  ерекше тоқталған.

___________________

Ә.С.Әмірова.Балаларды көркем әдебиет арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. – Алматы, «Рауан», 1998.

Қорытынды

Адамгершілік қасиеттері  адамдардың  қауымдасып  өмір сүруінің дәнекері болып саналады. Олар қоғамның  тұла бойына  қан  тамырларындай  тарап кеткен  қарым – қатынастарының  реттеушісі рөлін атқарады. Сондықтан  адамгершілік тәрбиесі әуел бастан қоғамның пайда болуы мен өмір сүруінің  шарты  болса, екінші жағынан, адамдардың  бірлікте  өмір сүруге, яғни ізгілікке қабілеттіліктерінің көрсеткіші де болып келеді.Бірлікте ғұмыр кешу заңы – адамгершілік  қағидаларының негізі. Ж.Ж.Руссо былай деген екен: « Шынайы  адамгершілік  адамдарға  тілектестікпен  қараудан басталады». Хадистерде: «...Әдетте ынсап, рақым, әдеп болмаса, адамның өзге хайуаннан  артықтығы болмас еді... Әдеп – діннің жаршысы. Әдепті кісіде ұят бар, ұяты бар кісіде иман бар», - делінуі тегін емес. Расында, өмірде кім – кімнің  де кісілігі  ең әуелі оның іс – әрекетінің, мінез – құлығының әдептілікке жататын – жатпайтынына қарай бағаланады. Әдепті  адамдар арлы, иманды, қайырымды да мейірлі келеді; айналасымен, ел – жұртпен сыйластықта, ынтымақ – бірлік пен татулықта  өмір сүреді. Бағзы заман даналарының «Тіпті күш арқылы жете алмайтын жеңіске әдептің арқасында  жетуге болады. Қайда барса да, құрметпен қарсы алатын адам – әдепті адам» деулерінде өмір шындығы жатыр дексек те болады.

Сондықтан әрбір  жеткіншек ұрпақ, ең алдымен, туған халқының әдеп – инабат тағылымын бойына сіңіріп өсуге тиіс. Сонда ғана бәріміз ғұмыр кешіп, еңбек ететін, аялап ұл – қыз өсіріп, бақытқа талпынатын  қоғамдық  ортада адамның алтын  басын ардақтайтын шынайы  адамгершілік  көзқарас  үстем болып, ізгілік  салтанат құрады. Қазақ данышпаны Абайдың: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің  тілін кесер едім»,-деген сөзінің мәні ерекше болып келеді.

Атам замандағы данышпандарды алып қарасақ та, сонау түркі дәуіріндегі ойшылдарды да, ежелгі грек ойшылдарын да алып қарасақ та, бәрінің келіп тоқтайтыны, аса жоғары бағалайтыны тәрбие мәні, соны қашан да ерекше көңілге алған ойшылдардың ойлары үнемі өзектесіп жатады.

  • Сеніңше, ең жоғары адамгершілік қасиет не?
  • Біреуді ұялудан құтқару, деп Ф.Ницше айтыпты.

Яғни, ұялу, әдептілік, ақыл – ой, құқықтық, еңбек, азаматтық тәрбиенің барлығы дерлік адамгершілік тәрбиеге келіп саяды. Халқымыз да «Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей» демей ме. Адамгершіліктің түпкі мақсаты: жас буынға ізгіліктің тура жолын – әдептілік жолын көрсету; әдепті адамдар – қоғамның баға жетпес  байлығы, мәртебесі екенін ұғындыру. Адамгершілік заңы салнтанат құрған қоғамның  абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ.

Ал, ұятқа келсек, ол – адамгершіліктің бір жемісі, сонымен қатар ар – намыстың қосшысы. Ч.Дарвин «Қызара білу, ұяла білу – адам бойындағы  ең тамаша адамгершілік қасиет», депті. Ұялу – адамгершіліктің бір белгісі, сондықтан қоғамда ұят, әдеп, ар-намыс деген ұғымды түсіне білетін  жеке дара тұлға қалыптастыру мұғалімнің және ата – ананың еншісінде. «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады» деп Абай данамыз айтқандай мұғалім рухани құндылықтары мол адамгершілік, ақыл – ой тәрбиесін санасына сіңіртіп, құйып өсіру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер  тізімі:

 

  1. Қазақ Совет энциклопедиясы. 12 томдық. – Алматы, 1973.
  2. Түктібаева А.Ә. Идеялық – саяси тәрбие негіздері. 9-лекция. – Алматы, 1991.
  3. Жарықбаев Қ.,Қалиева С. Қазақ тәлім – тәрбиесі. – Алматы, 1995.
  4. Керимов Л.К. Құқықтық тәрбие жүйесі. 11-лекция.  Алматы, 1991.
  5. Төлеубаева Р.К. Адамгершілік тәрбиесінің  негіздері. 10-лекция. – Алматы, 1991.
  6. Мұсаева С.А., Зейдалиева Ж. Қысқаша педагогика – психологиялық сөздік. – Тараз, 2001.
  7. Бегалиев Т.Б. Психология. Қысқаша лекциялар курсы. – Тараз, 2002.
  8. М.Жұмабаева. Педагогика. – Алматы, «Рауан», 1992.
  9. А.К.Меңжанова. Балаларды адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу (монография). – Алматы, «Рауан», 1991.
  10. В.С.Мухина. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. – Алматы, «Мектеп», 1986.
  11. Ә,С.Әмірова. Балаларды көркем әдебиет арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. – Алматы, «Рауан», 1998.
  12. Ұ.Асылов, Ж. Нұсқабайұлы. Әдептану. – Алматы, «Мектеп», 2001.
  13. Б.Қ. Игенбаева. Жеке тұлғаның рухани – адамгершілігін дамыту сабақтарын ұйымдастыруға арналған құрал. – Алматы, 2000.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Адамгершілік және азаматтық тәрбие. Жеке адамның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру