Адамгершілік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 18:06, реферат

Описание работы

Бүгінгі таңда мектеп тәжірибесінде қолданылып жүрген тәрбие әдістерінің бірыңғай жүйесі қалыптасқан. Әдістерді тиімді пайдалану және тұлғаға жасалған ықпалдың нәтижелі болуын қамтамасыз ету мақсатын көздеп топтастырады. Әрбір әдістің өзіне тән белгілері, ерекшелігі, міндеті, бір-бірімен байланысы да топтастыруды, жіктеуді қажет етеді.

Содержание работы

I.Кіріспе.----------------------------------------------------------------------------
II.Негізгі бөлім --------------------------------------------------------------------5
1. Тәрбие әдістері, анықтамасы, жіктелуі.-----------------------------------------5-6
2. Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері.----------------6-8
3. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: үйрету, жаттықтыру, ойын, тапсырма, педагогикалық талап.---8-10
4. Тәрбиедегі ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау, оған қойылатын талаптар.---------------------------------------------------------------10
5. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері.-------------------------------------11
III. Қорытынды----------------------------------------------------------------------12
IV. Пайдаланған әдебиеттер.---------------------------------------------------13

Файлы: 1 файл

Адамгершілік.docx

— 37.26 Кб (Скачать файл)

Мазмұны.

 

  1. Кіріспе.----------------------------------------------------------------------------
  2. Негізгі  бөлім --------------------------------------------------------------------5

1. Тәрбие әдістері, анықтамасы, жіктелуі.-----------------------------------------5-6

2. Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері.----------------6-8

3. Қоғамдық мінез-құлықты  қалыптастыру және іс-әрекетті  ұйымдастыру әдістері: үйрету, жаттықтыру, ойын, тапсырма, педагогикалық талап.---8-10

4. Тәрбиедегі ынталандыру  әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау,  оған қойылатын талаптар.---------------------------------------------------------------10

5. Өзін-өзі байқау және  бақылау әдістері.-------------------------------------11

III. Қорытынды----------------------------------------------------------------------12

IV.  Пайдаланған   әдебиеттер.---------------------------------------------------13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

      Бүгінгі   таңда   мектеп   тәжірибесінде   қолданылып  жүрген  тәрбие   әдістерінің   бірыңғай   жүйесі   қалыптасқан.  Әдістерді  тиімді  пайдалану  және  тұлғаға   жасалған  ықпалдың  нәтижелі  болуын  қамтамасыз  ету  мақсатын   көздеп   топтастырады.  Әрбір әдістің өзіне тән белгілері,  ерекшелігі,   міндеті,   бір-бірімен байланысы   да   топтастыруды,  жіктеуді   қажет   етеді. 

     Ғалым- педагогтар  Н.И.Болдырев,  Н.Г.  Гончарев,  Р.Р.  Королев   еңбектерінде  тәрбие  әдістерін  сендіру,  жаттығу,   мадақтау  және  жазалау  да  қарастырады. 

     Жоғарыда   келтірілген   тәрбие  әдістерін  жіктеу  түрлерінің   қайсыбірін   алсақ  та,  олар  негізінен  жеке  тұлғаның  қалыптасуындағы  оның  мәні  мен  іс-әрекетін   ұйымдастырудың    маңыздылығына   байланысты   дәлелдейді. Сол  себептен  де  тәрбие  әдістерін   топтастыру  немесе  жіктеу   тәрбиенің  мақсат-міндеттері   мен  мазмұнына   байланысты  анықталады.

     Тәрбие  жұмысында   әдістерді  таңдап  алу  оқушылардың   жас  және  дербес   ерекшеліктеріне,  өмір  тәжірбиесіне,  педагогикалық   жағдаяттарға  тәуелді.  Мысалы,  үйрету  әдісі  кіші  мектеп  жасындағы  балалар  тәрбиесінде   жиі  қолданылады.  Үйрету  әдісі   арқылы   балаларды  мектепте,  отбасында   әртүрлі   іс-  әрекетіне  дағдыландыруға  болады. 

     Тәрбие  жұмысында   әр  баланың  даму  ерекшелігін,  жеке  ерекшелігін   ескерген  жөн. Тапсырма  беру   кезінде   бала  темпераменті  ескеріледі,  мысалы,  сангвиник   бала  қиыншылыққа   кездессе,  бастаған  ісін  аяғына  дейін   орындамайды,  сондықтан   үнемі  бақылап,   тапсырманы   толық  орындауға  үйрету,   жаттықтыру   қажет.  Бұл әдістер оларды  жауаптылыққа,  кішіпейілдікке,  ұқыптылыққа үйретеді. Ұжымның II-III даму   сатысында қоғамдық  пікір,  тапсырма,  пікірталас,  өзін-өзі бақылау,  өзіне-өзі баға  беру,   т.б.  әдістер қолданылады.  Балаларды   арасында  моральдық   ұғымдар элементтерін  жете  білмегендіктен, түрлі жағымсыз   әрекет   болады. Мұңдай  педагогикалық   жағдаяттарда   этикалық   тақырыптарға  әңгімелесу  әдістері   қолданылады.  Тәрбие  әдістерінің   көмегімен   оқушылардың әртүрлі   іс-әрекеттері   ұйымдастырылады,   адамгершілік   келбеті   айқындалып,  дүниетанымы,  көзқарасы,   қалыптасады. Барлық  тәрбие  әдістері   бір-бірімен өзара байланысты,  тәрбие   жұмысына   игі  әсер  етеді,  балалардың   білімін,   іскерлігін,  дағдысын   тереңдетеді,  қоғамдық  өмірге,   еңбекке   баулиды. 

      Тәжірбиеде   тәрбие    жұмысының  формасы,  әдісімен  қатар  тәрбие  құралдары   қолданылады.  Оған:  оқу   еңбегі,  қоғамдық   пайдалы   еңбек,  қоғамдық  жұмыс,  ойын,  үйірме,  сыныптан   тыс  жұмыс,   спортпен   айналысу,  көркем- өнерпаздар    үйірмесі  жатады.Баланың  әртүрлі  даму  сатысында  олар  өзгеріп   отырады.  Мысалы:  мектепке  дейінгі   кезеңде  баланың  негізгі   іс-әрекеті ойын   болса,  мектеп  кезіңде  бірінші  орын   оқу  еңбегіне  беріледі.  Оқу   еңбегімен   қатар,  қоғамдық  пайдалы  еңбек,  үйірме,  спорт,  т.б.   іс-әрекеттер  маңызды   орын   алады.  Бұл  іс-әрекеттердің   қай-қайсы  да  жеке  тұлғаның  қалыптасуына  үлкен   әсер  етеді. 

        Тәрбие  теориясы  мен   тәжірбиесінде    тәрбие   тәсілі  деген  де  ұғым қолданылады.  Тәрбие  тәсілі-  тәрбие  әдісінің  құрамды   бөлігі  және  жеке    бөлшегі.Тәрбие  процесінде   сендіру   әдісінің    маңызы  зор  және  ол  төмендегідей   тәсілдер  арқылы  іске  асырылады:  сендіру,  көзін   жеткізу,  түсіндіру,  әңгімелесу,   баяндау,   т.б                                                                                                                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Негізгі  бөлім.

 

1.Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык; өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.

Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:

•  адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.

•  әдептілікті және тәртіптілікті  қалыптастыратын әдістер. А.П.Пинкевич тәрбиені екі топқабөліп, бірінші  тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп  саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің  жеке басының үлгісі.Қазіргі кезде  тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден  астам түрлері бар. Солардың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина жәнеВ.С.Сластенин  жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде  қолданылады.

Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:

•  Адамгершілік сананы қалыптастыратын  әдістер.

•  Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.

•  Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.

•  Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.

Тәрбие тәсілдері дегеніміз - әдістің бір бөлігі. Тәрбие тәсілдері:

1. Тәрбиенің мақсаттарын,  міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.

2. Ақпараттық - ағартушылық.

3. Бағдарлау - іс-қызмет.

4. Қатынас.

5. Бағалау.

Тәрбиенің мақсаттары мен  міндеттерін және оларға жетудің  жолдарын ұсыну тәсілін қолданып мұғалім оқушыларды идеялық адамгершілік көзқарастармен қаруландырып, өз еңбегі мен ұжым еңбегін жоспарлауға, ұйымдастыруға, еңбекпен іс-қызметтің мақсаттарына жету жолдарын таңдауға, іс-қызметтің сапасы мен нәтижелерін олардың алдағы мақсаттарға сәйкестігін  анықтатуға үйретеді.Бағдарлау - іс-қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет етіп, еңбек белсенділігін туғызып, іс-қызметке жауапкершілікпен қарауды, халық игілігін молайту жолында еңбек ету қажеттігі сенімін қалыптастырады. Балалар күнделікті іс-қызметке қатысып, қоғамның материалдық саласында адамгершілік және еңбек бағдарларын дұрыс таңдап дамытады.Қарым-қатынас тәсілі (коммуникативтік тәсіл) - балалар мен ересектердің іс-қызмет кезіндегі қатынасына негізделіп, оқушылардың қоғамдық мінез-құлық нормаларын игеруіне көмектеседі. Оқушылар тәртіп ережелері жөніндегі ақпаратты топта, сыныпта, мектепте құрастырып, оны төменгі және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар, ересек адамдар арасында жетілдіреді.Бағалау тәсілі көмегімен мектеп оқушылары адамдардық кимыл-әрекеттерін, көзқарастарын, сенімдерін, тәртіп бағыттарын айқындауға, негіздеуге, өз іс-қызметін, оқу мен еңбектегі жетістіктерін, адамгершілік сапаларын өздері бағалауға үйренеді. Оқушы іс-қызметтің адамгершілік жақтарын бағалауға жаттығады. Мұғалім бағалауды, өзіне-өзі баға беруді қалыптастырып қамқорлық жасайды. Баға беру алынған білімді жеке тәжірибемен байланыстырып, оған жаңа қасиет береді.Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары:

•  Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);

•  заттар (ойыншыңтар, электронды есептегіш машиналар);

•  рухани және материалдық  мәдениет (өнер, қоғам, өмір);

•  бұқаралық ақпарат құралдары;

•  педагогикалық ықпал  жасау құралдары.

2. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері.Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау - пікірін айту, баға беру, сендіру):

•  этикалық әңгіме;

•  әңгімелесу;

•  пікірталас;

•  лекциялар;

•  өнеге;

•  көндіру (суггестия).

Сананы қалыптастыру әдістерінің  синонимі - сендіру әдісі арқылы тәрбиеші оқушыға адам мінезіне қойылатын  талаптар, еңбектің, басқа адамдармен қарым-қатынастың маңызы туралы айтып, оның дұрыстығына баланың көзін жеткізуге ұмтылады. Баланы жақсы сөз бен іске сендіру үшін мұғалім тілді қолданады. Беделді, мәдениетті, тәжірибелі мұғалімдердің сөзі оқушыға өтімді болады.

•  Этикалық әңгіме - этикалық, эстетикалық мәселелерді оқушыға талдату. Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен санасады, ынтымақтаса жұмыс істеп, адамның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қойылатын талаптарды бұзған оқушылардың іс-қылықтарын талдайды. Әңгімені бастауға себепші болатын балалардың теріс қылықтары. Этикалық әңгіменің жақсы өтуіне әсер ететін жағдайлар:

•  бір мәселе төңірегінде бірнеше пікірлердің айтылуы;

•  оқушы сұрақтарын мұғалімнің мақұлдауы, оған өзінің жауап беруіне  көмектесу;

•  әңгіменің дайын жауаптарының болмауы;

•  баланың өз ойын айтып, басқалардың пікірлерін тыңдауы;

•  қарым-қатынас мәдениеті, мұғалімнің оқушы дәлелді пікір айтқанша шыдамдылық көрсетуі;

•  әңгімені лекцияға айналдырмау;

•  әңгіменің жылы шырайлы жағдайда өтуі;

•  баланың ішкі сырын  айтуға көмектесуі;

•  әңгіме материалдарын  баланың өмірінен алу;

•  түрлі пікірлерді біліп, оларды бір-бірімен салыстыру, дұрыс пікір шығару;

•  жас ерекшеліктеріне  сай болуы;

• тартымдылығы, қызықтылығы;

•  мұғалімнің артық сөздер айтпауы.

Мұғалім тәртіп бұзған оқушылармен жеке сөйлесіп, оның кателігін өзіне әдепті түрде түсіндіреді.Әңгіме тақырыбына байланысты техникалық құралдар қолданылады.Әңгіме мұғалімнің қысқаша сөзінен басталады. Ол оқушыларға мәселелі сипаттағы сұрақтар қойып, талдатып, қорытындылайды.

• Пікірталас. Пікір білдіру, баға беру оқушының дүниеге сенімін арттырып, ондағы қателіктер мен кейбір адамдардың жалған көзқарастарымен күресуге үйретеді.

Пікірталас оқушылардан ақыл-ой қызметін, сезім белсенділігін талап етеді. Мұғалім пікірталасты өткізбес бұрын оның тақырыбын, сұрақтарын тұжырымдап, жүргізушіні белгілеп, қолданылатын әдебиеттерді ұсынып, оқушыларды пікірталас ережелерімен таныстырады.

• Түсіндіру. Бір топқа, жеке оқушыларға жаңа ережелер басқа адамды құрметтеу, өзін басқа кісінің орнына қою, т.б. түсіндіріледі. Партаны сызу, дөрекілік жасау теріс қылық екенін түсіндіре берудің қажеті болмағандыңтан басқа әдіс қолдану керек. Мұғалім адамшылық қасиет туралы баланың пікірін сұрап, оқушыны жақсы сапалардың қажеттігіне сендіріп, баланы теріс қылығы үшін ұялтып, түзелуге бағыттайды.

•  Өнеге. Мұғалім оқушыларға әдебиеттегі және өмірдегі түрлі кейіпкерлерді  үлгі еткенде оқушы өзінің ішкі жан-дүниесіне үңгіле бастайды. Бала басқа адамға еліктегіш. Бастауыш сынып оқушылары барлық адамдарға еліктейді. Жеткіншектер өздері таңдаған адамдарына еліктейді.Балалар әдеби және тарихи кейіпкерлерге, құрбыларына, ересектерге, ата-аналарына, мұғалімдерге, бұқаралық ақпарат құралдарының, өнердің жас ұрпаққа үлгі ететін адамдарына еліктейді.

• Сендіру. Мұғалім өз пікіріне баланы сендіргісі келіп, оған былай дейді: "Ақымақ - жаман адам, себебі ол өз ісіне есеп бермейді".Оқушыға сабаққа кешігудің зияндығын дәлелдеу үшін: "Бәріміздің ойымызды бөліп жіберетіндіктен, адамдардың кешіккені ұнамайды,", - дейді.Мәдениеттіліктің пайдасына оқушының көзін жеткізу үшін, мұғалім: "Суды стақанмен іш, шишаның аузынан ішуге болмайды", - дейді.Мұғалім балаға қарым-қатынастың маңызын ашу үшін: "Сен газетті үйіңе ұмытып кеткендіктен, сынып сағатымыз ойдағыдай өтпейді" - дейді.Диалог әдісін қолданатын мұғалім: "Мен осылай ойлаймын, сендер қалай ойлайсыңдар", - деп сөйлеседі.Пікірталас жұмыс барысында пайда болады немесе оны мұғалімнің өзі ұйымдастырады.Көркем шығармадан алған әсерін мұғалім оқушыға былай білдіреді: "Мына портреттегі адам екінші портреттегі адамға қарағанда сұлу"."Сенің ақылық бар ғой, жібірлеген құрбыңнан кешірім сұра", - деп, мұғалім балаға нұсқау береді. Ол жасырын тұрде болғандыңтан бала басқаша қабылдайды.Ертегі, әдеби кітаптар, мерзімді баспасөз материалдары  мектеп жасындағы оқушылардың адамгершілік санасын қалыптастыратын құралдардың бірі. Оқушылар жағымды кейіпкерлерге еліктеп, жамандыңтан аулақ болуға үйренеді.Көзін жеткізу - тәрбиешінің өз тәртібі, жұмыс тәсілдері арқылы жүзеге асатын, балалар көзқарасына ықпал етудің педагогикалық тәсілі.Қоғамдың пікір. Балаларға тәрбиешінің қоятын талабы ең алдымен ұжымның талабы екендігін түсіндіру керек. Ұжымның талабы - жалпы қоғамдың пікірдің көрінісі. Қоғамдың пікір ұжымдағы іс-әрекетті ұйымдастыру және мінез-құлықты қалыптастырудың негізгі әдісінің бірі.Қоғамдың пікір ұжым мүшесінің, жекелеген топтардың іс-әрекетін, қылығын бағалауда қолданылады. Қоғамдың пікірдің негізгі нысандары - ұжым мүшелерінің жиналыста, жиындар да, митингіде, жергілікті баспасөзде және дөңгелек үстел басында, ашың әңгімеде, кемшіліктерді сынап, жаңа міндеттерді жүзеге асырудың жолдарын белгілеуі.

Информация о работе Адамгершілік