Арнайы бөлімшелердегі науқастардың психологиялық үйлесімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2014 в 21:59, реферат

Описание работы

Психосоматикалық медицинадағы көптеген жылдар бойы жиналған тәжірибе көрсеткендей соматикалық стационардың және поликлиникалардың науқастарына көрсетілетін психиатриялық көмек құрылымына адекватты технология енгізу қажет. Осы уақытқа дейін психиатр-кеңесшінің ролі науқастарда жедел психотикалық жағдайлар және суицидальді көріністер дамыған кезде ғана қажет болады деген дұрыс емес пікір болған болатын.

Содержание работы

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Терапиялық науқастармен жұмыс істеу психологиясы
Хирургиялық науқастармен жұмыс істеу психологиясы
Акушерство және гинекологиядағы науқастармен жұмыс істеу психологиясы
IV. Қорытыңды
V. Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

псих Гопи.pptx

— 191.91 Кб (Скачать файл)

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы 
Неврология, психиатрия және психология кафедрасы

 

Арнайы бөлімшелердегі науқастардың психологиялық үйлесімділігі

 

Тобы: 306«А» ҚДС

Орындаған: Жорабек  Ғ.

Қабылдаған: Куттыгулова Ж.Е.

Жоспар

 

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

    1. Терапиялық науқастармен жұмыс істеу психологиясы
    2. Хирургиялық науқастармен жұмыс істеу психологиясы
    3. Акушерство және гинекологиядағы науқастармен жұмыс істеу психологиясы

IV. Қорытыңды

V. Пайдаланылған  әдебиеттер 

Кіріспе

 

Психосоматикалық медицинадағы көптеген жылдар бойы жиналған тәжірибе көрсеткендей соматикалық стационардың және поликлиникалардың науқастарына көрсетілетін психиатриялық көмек құрылымына адекватты технология енгізу қажет. Осы уақытқа дейін психиатр-кеңесшінің ролі науқастарда жедел психотикалық жағдайлар және суицидальді көріністер дамыған кезде ғана қажет болады деген дұрыс емес пікір болған болатын.

Қазіргі уақытта стационарда да, амбулаторлы емде де психиатриялық консультацияларға деген қажеттілік жоғары болып отыр. Сонымен қатар, психиатриялық көмек әр түрлі саладағы науқастарға қажет болатынын айта кеткен жөн. Төменде терапиялық, хирургиялық және акушерлік-гинекологиялық салалардағы науқастарға психиатр маманының ролі қандай болатындығы жөнінде айтылған.

Негізгі бөлім

 

Терапиялық науқастармен жұмыс істеу психологиясы

 

 Терапияда  бұрыннан қалыптасқан тарихи  салттар бар: маңызды роль адамның  психикасына және жүйке жүйесіне  беріледі. Ішкі аурулардың көптеген  мамандары бір уақытта неврологтар  да болып отырған.

ХІХ ғасырда – химиялық және физикалық ғылым салаларының даму ғасырында, терапиялық ғылым механикалық көзқарастардың қармауында қалып қойған болатын. Осы кезде мамандар тек қана жасушалық патологияның мәліметтеріне сүйене отырып, жеке аурулар және олардың емі туралы жалпы тұжырымдар жасап отыруға тырысқан болатын.

Адам ағзасының біртұтастығы жөніндегі көзқарас терапиядағы қажеттілік нәтижесінде пайда болған болатын. Нәтижесінде дәрігерлер ауруханалық бөлмелердің қабырғасынан шығып, науқастарды қоршаған ортамен, отбасымен, бірге жұмыс істейтін адамдармен қарым-қатынастарымен қоса қарастыруға мүмкіндік алды.

Жүректік аурулары бар науқастардың психотерапиясының негізі дәрігер мен науқас арасындағы жақсы байланысқа негізделеді, жақсы қарым-қатынас орнауы нәтижесінде науқас дәрігерге сеніп, емнің дұрыстығына күмәнданбай, өзінің ауруына деген дұрыс тұжырымның қалыптасуын болдырады.

Бұл кезде дәрігер науқастың шағымдарын, жүректік ауруға байланысты пайда болған қорқыныш пен үрей сезімдері туралы тындап, оларды жоққа шығаруға және науқасты шамалы тыныштандыруға тырысуы керек.

 

 

Сонымен қатар, басқа да жүйелердегі аурулар: асқорыту жүйесі, зәр шығару жүйесі, тыныс алу жүйесі, бұлшықет-сүйек жүйесі ауруларының түрлі психикалық өзгерістермен қатар жүруі соматикалық аурулар мен психикалық бұзылыстар арасында болатын тығыз байланыстың бар екендігін дәлелдейді

Сол себептен, науқастарды күнделікті емдеу және күту барысында терапиялық аурулар мен психикалық факторлар арасындағы байланысты анықтаудың маңызы қаншалықты зор екендігін ұмытпау қажет.

 

 

  
Хирургиялық науқастармен жұмыс істеу психологиясы 

 

Медицинаның барлық салаларының ішінде хирургияда ерекше техникалық және тәжірибелік дағдылардың маңызы зор болып табылады. Қазіргі уақытта анестезиологияның, асептиканың дамуына байланысты, физика және химия ғылымдарының жетістіктеріне байланысты, патология, физиология және фармакология салаларындағы жетістіктерге байланысты хирургия осы күнгі жоғарғы деңгейіне жетіп отыр.

Жүйке жүйесі мен жүрекке таң қаларлық операцияларды жасау мүкіншілігі пайда болып отыр. Хирургтың және оның көмекшілерінің (операциялық, палаталық медбике, басқа мамандықтағы дәрігерлердің) барлық ойлары операцияға ғана бағытталған болады, дәрігердің ойында тек қана операцияны сәтті аяқтау мәселесі болады.

 Хирургия көп  адамдардың санасында кесумен, мүшенің  қандай да бір бөлігін немесе  толығымен мүшені алып тастаумен  байланыстырылады. Осы араласудың  болуының өзі науқастың ішкі  жан дүниесіне үлкен әсерін  тигізеді. Операциядан кейінгі науқастың  психикалық тепе-теңдігі жеке  адамның операциядан кейінгі  өз тұлғасына қалай бейімделетіндігіне  де байланысты болып келеді. Жалпы операция жасау психикалық сау адамның өзіне де үлкен әсер тигізеді.

Әр түрлі зерттеулерге және статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, хирургиялық бөлімшелердегі барлық науқастардың 10%-ы психикалық аурулары бар науқастар болып табылады. Сол себептен, хирургтың қабылдауына келген науқастардың жеке тұлғасына ерекше көңіл аудару қажет, бұл жерде патологиялық мотивация, тұлғаның операцияға деген патологиялық бағыттаушылығына ерекше назар аударған жөн.

 Хирургтар өз  тәжірибелерінде психопаттармен, алкоголиктермен, параноидты науқастармен және  т.б.-мен жиі кездесіп отырады, бұндай науқастарға опрацияға  деген көрсеткіштерді шығармас  бұрын, олардың жағдайларын жан-жақты  зерттеп, психикасындағы патологиялық  өзгерістерді, олардың жеке тұлғаларындағы  ерекшеліктерді ескеріп, барлық  факторларды өлшеп қарастырған  жөн.

Әсіресе, бұл басынан көп рет операция өткерген және операциялық килігулерге деген белгілі бір құмартушылығы пайда болған науқастарға байланысты айтылады. Бұндай науқастарға психопаттар, ауыр невротиктер жатқызылады, олар осылайша өзін-өзі кінәлау ойынан, санасындағы ауыр күнә ойынан арылуға тырысады. Кейбір дәрігерлер бұндай науқастарды ауыр дәрежедегі мазохистерге жатқызады.

 Жоғарыда айтылғандарға  сүйене отырып, келесі тұжырым  жасауға болады: хирург тек қана  дұрыс диагноз қоюмен, сәтті операция  өткізумен айналыспау керек, ол  сонымен қатар, науқаспен сөйлесіп, оның өз ауруына деген көзқарасын, операциямен қандай үміттерін  байланыстыратынын білуге тырысуы  керек.

Бұндай сөйлесу барысында дәрігер-хирург науқасқа шынайы мүмкіндіктер туралы жасырмай айтып, операцияға қатысы бар ақпараттарды түсінікті түрде беруге тырысуы керек. Бұнын барлығы дәрігермен артық жүктеме түрінде емес, болашақта қандай да бір болуы мүмкін асқыныстардың алдын алуға бағытталған шара түрінде қабылдануы тиіс.

 

 Науқастарға операцияның  түрлі деңгейлерінде: операцияға  дейінгі кезеңде, операцияның өту  барысында, операциядан кейінгі  кезеңде түрлі психотерапиялық  көмек шаралары өткізілуі тиіс.Науқастарда  операцияға дейінгі кезеңде болатын  қорқыныш, қобалжу сезімдері операциядан  кейінгі кезеңде де сақталатын  болса, онда бұл жерде қандай  да бір психопатологиялық мәселе  бар екендігін ойлау қажет.

Операциядан кейінгі кезеңде науқастар арасында депрессия көп жағдайда кездеседі, ал егде жастағы адамдарда операциядан кейінгі делирий дамуы мүмкін. Бұл кезде психомоторлы мазасыздық, ориентацияның бұзылуы, галлюцинациялар, сандырай ойлар пайда болуы мүмкін. Бұндай науқастар тек қана дәрілік емді ғана емес, сонымен қатар жақсы күтімді де қажет етеді.

 

Акушерство және гинекологиядағы науқастармен жұмыс істеу психологиясы 

 

Гинекологияның зерттеу объектісі әйел адамның жыныстық мүшелерінің болуының өзі гинеколог маманының жұмысын қиындатып, түрлі психологиялық, әлеуметтік және этикалық мәселелермен байланыста болады. Күнделікті өмірде әр түрлі мамандықтағы дәрігерлер жүкті әйелдерге және гинекологиялық науқастарға байланысты көптеген психологиялық және психиатриялық мәселелермен кездесіп отырады.

Сол себептен оларға тек қана дәрілік ем тағайындау бұл мәселелерді толығымен шеше алмайды. Әйел адамдар дәрігерлерге соматикалық шағымдарын негізге ала отырып қаралады, осы кезде гинеколог маман олардың өміріне қатысты көптеген психологиялық мәселелермен,

жүктіліккке, менструальді циклға, әйел ағзасының жыныстық қызметіне байланысты мәселелермен, кейде тіпті махаббат, жыныстық өмір, отбасы, тууды реттеп отыру сияқты мәселелермен де кездесіп отырады.

Осы кезде гинеколог әйелдің жыныс мүшелерін ғана емдеумен айналыспайды, ол сонымен қатар науқастың сезімдерімен, қалауларымен және қорқыныштарымен, жалпы әйелдің жеке тұлғасына қатысты мәселелермен айналысады. Осыған байланысты гинекологиялық науқастарды жүргізу ережелері гинагогия, яғни гинекологияға деген психологиялық көзқарас, қалыптастырылған болатын.

 

 Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, соматикалық ауруханаға психиатр-консультант қажет деген тұжырымды жасауға болады. Психиатр науқасты емдеуші дәрігермен бірлесе отырып, ортақ, наауқасқа қолайлы емдеу тактикасын ұстануы қажет. Сол себептен психиатр-консультантқа қойылатын талаптар ерекше болып келеді:

бұндай психиатр соматикалық және психикалық аурулардың өмір анамнезін дұрыс жинай алуы қажет, ол неврологиялық дисфункия дәрежесін дұрыс анықтай білуі қажет, дер кезінде суицидтің болу мүмкіндігін анықтап, оның алдын ала білуі керек, сонымен қатар, ол психологиялық тестілеулерді дұрыс өткізе және оның жауаптарын дұрыс интерпретациялай білуі қажет.

және де бұндай дәрігер тағайындап жатқан дәрілердің өзара әсерлері туралы білуі керек, ол психофармакотерапияны тағайындап, психотерапияны жүргізуі тиіс. Осыларға қоса психиатр-консультант отбасыішілік, адамдар арасындағы және ауруханаішілік стресстық жағдайларды анықтап, оларды дұрыс бағалап көп қырлы диагнозды шығара білуі керек.

Қорытыңды

 

 Басқаша  айтқанда, соматикалық аурухананың  психиатр-консультанты психиатрия, наркология, психология салаларының  жақсы маманы, сонымен қатар ішкі  медицина саласында да жақсы  дайындығы бар дәрігер болуы  тиіс. Сол себептен, психиатр-дәрігерлердің  клиника, терапия және соматизирленген  психикалық бұзылыстар саласындағы  квалификациясын жоғарлататын оқыту  программалары қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Илешева Р.Медициналық психология. Алматы 1994 Санат

2. Елікбаев  Н.Психология. Алматы: База университеті; 1992

3. Тюльпин  Ю.Г.Медицинская психология. Учебник  для медицинских вузов, 2004

4. Google

 


Информация о работе Арнайы бөлімшелердегі науқастардың психологиялық үйлесімділігі