Арттерапияның оқыту процесінде инновациялық технологияны қолданудың эксперименттік бөлімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2015 в 19:35, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының өзектілігіқазіргі таңда шығармашыл, яғни креативті жеке тұлғаны қажетсінудің өсуімен анықталады. Қазіргі жағдайда білім рөлінің өскендігі соншалық, ол қоғамның дамуына әсер ететін басты конструктивті фактор болып отыр. Бұл сөзсіз, оқытудың тиімдітехнологияларын жасаудың, жетілдірудің мықты стимулы қызметін атқарады.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................................................3-5
1Инновациялық оқыту технологиясының ғылыми - теориялық аспектілері
1.1 Инновациялық оқыту технологиясының оқыту процесінде қолданылу ерекшеліктері................................................................................................6-16
1.2 Арттерапия әдісінің қолданылуының ғылыми еңбектерде зерттелуі.......................................................................................................17-24
1.3 Арттерапия – жаңа оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде...............................................................................................25-35
2 Арттерапияның оқыту процесінде инновациялық технологияны қолданудың эксперименттік бөлімі
2.1 Эксперименталды зерттеу бөлімінің мақсат-міндеті, болжамы, әдістемелер мен дамыту-түзету жаттығуларының кешені.......................36-51
2.3. Арттерапия қолданудың әдістемелік-практикалық нұсқаулары .........................................................................................................................52-53
Қорытынды....................................................................................................54-55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................56-58
Қосымша.............................................................................................59-66

Файлы: 1 файл

Диплом алматы.docx

— 313.98 Кб (Скачать файл)

Арттерапияны жүргізу барысында клиенттерге  бейнелеу өнерi мен шығармашылық сипатынан әр түрлi жұмыстар (сурет, графика, кескiндеме, сәулет өнерi, мүсiн, дизаин, әрлендiру, пластика, ойма, күйдiрме, бедер салу, батин, гоболен, әшекей т.б.) ұсынылады. Бұлар бiрiншi жағынан психотерапевтпен  қарым-қатынас жасау белсендiлiгiн және топта өзiнiң уайым-қайғысын толық әрi нақты бейнелеуiн, проблема, iшкi қайшылықтарын шығаруын көрсетедi. Ал, екiншi жағынан, өзiн творчестволық адам  ретiнде бейнелейдi. Дәл қазiргi уақытта арттерапияға – видео-арт, инсталяция, перформанс, компьютерлiк творчество деген творчествоның түрлерi қосылған. Мұндағы қарым-қатынаста визуальды канал негiзгi роль атқарады.

Арттерапия фактiлi материалдардың  жеткiлiктiлiгiне қарамастан, теориялық жағынан эмпирикалық қорытындылау сатысында тұр. Арттерапияның емдiк қасиетi туралы  жалпы  қабылдаған теория әлi жоқ. Ол арттерапияға қатысты көпфакторлы қиындықтар мен оны салыстырмалы түрде ғылыми тұрғыда зерттеудiң аз уақыттылығына  және алғышарттарына байланысты. Кратохвил арттерапияны – сублимационды, проективтi  және әрекетшiл деп бөледi. Ал Дельфина – Бейли арттерапияны қолдануда 4 негiзi бағытты бөлiп көрсетедi.

1.Пассивтi (енжар) арттерапия. Дайын өнер туындыларын пациентпен анализ және интерпретация жасау арқылы емдiк әсерге қолдану.

2.Актив (белсендi) арттерапия. Пациентте өзiндiк шығармашылығын ояту, мұнда шығармашылықтық акт негiзi емдiк фактор болып саналады.

3.Бiрiншi және екiншi қағидаларды бiр мезгiлде қолдану.

4.Психотерапевттiң өзiндiк ролiн, оның пациентпен шығармашылық жұмысын оқудағы қарым-қатынасын акценттеуi.

Арттерапия әдiсi – адамның iшкi өзiндiк “Менiн” сурет салуда, өлең жазғанда, скульптура жасағанда, ойланбай iстесе де көрсетiп отырады деп сенiмдi тұжырымдайды.

Әлемдiк әдебиеттерде арттерапияның емдiк әсерiне әртүрлi көзқарастар бар. Олар, креативтi, сублимативтi, проективтi және арттерапиямен босболмаушылық ретiнде (арттерапия как занятость). Креативтi көрiнiс жағынан психикаға арттерапияның адаптациялық әсерiн шығармашылықпен байланыстырып, түсiнуге болады. Бiрiншi орында терапиялық әсерi бар адамның өнерге деген сенiмi қойылады және өзiндiк терапиялық әсердi иемденген латенттi творчестволық күштiң мобилизациясы. Бұл көрiнiстердiң теориялық негiзi – адамда алғаш кезден-ақ оның мiнез-құлқын анықтайтын рухани және альтруистiк қажеттiлiк болады деп жеке адамды психологиялық құрылым ретiнде қарастырған гуманистiк бағыт болып саналады. Арттерапияның мақсаты барлық адамды суретшi немесе мүсiншiге айналдыру емес, оның мақсаты индивидтiң творчестволық мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, ішкі көңіл-күйлерін ашып көрсетуге белсендiлiгiн арттыру. Терапиядағы табандылық клиенттің өз қабiлеттiлiгiне сай жеке творчестволық белсендiлiгiн арттыруына көмектеседi, өзiнiң бiр туынды жасап шығаруына бағыт-бағдар бередi. Гольдштейннiң көзқарасы бойынша, творчество – адамның конфликтiлi жағдайларда туындаған қорқыныш сезiмдерiнен құтылудың  бiрден-бiр жолы. Шығармашыл адамдар өз күш жiгерлерiн iшкi және сыртқы қайшылықтарды, сонымен қатар конфликтiлердi жеңуге жүмсайды. Маслоудың пiкiрiнше – адамның iс-әрекеттерiнiң қайнар көзi, денi сау адамдарға ғана тән өзiн-өзi бейнелеуге талпынушылық болып табылады. Неврозды адамдарда бұл қажеттiлiк бұзылады немесе мүлдем жойылады. Ал оны қалпына келтiрудiң бiрден-бiр жолы өнер болып табылады. өзiн - өзi актуализациялаудың жетекшi қабiлеттерiн айта келе, Маслоу, сұлулық пен экстазаны уайымдаудың ең жоғарғы сәтi болатынын көрсеттi.         Психотерапевтiң мақсаты – адамдарға осы сәттi сезiнуге көмектесу, олардың пайда болуына жағдай жасау, сонымен қатар өзiндiк “Менiн” танытуға және шаршау, тұнжырауларынан босануға көмектесу. Адамның өзiндiк творчестволық қабiлеттерiн сыртқа шығармай ұстап қалуы, невроздың пайда болуына әкелiп соғады. Ал психотерапияның мәнi – одан босату болып табылады. Жоғарыда айтылған көзқарастар бойынша шығармашылық тек әсер етушi процесс болып қаралмайды, олар оның эстетикалық жағын бөлiп көрсетедi. Өнердiң интегралдау ролiнiң қорытындысы творчестволық процесс неврозға әкелетiн қысымды төмендетедi және iшкi қайшылықтарды объективтендiретiнiнен көрiнедi. [51]    

         Анастази, Фоли, Конова өнердiң интегративтi – креативтi мүмкiндiктерiн психологиялық бейберекеттiк дезинтеграцияға күрес жүргiзу мүмкiндiгi ретiнде қолданады. Арттерапияның емдiк әсерiнiң басқа механизмi – сублимация және жауап берушiлiк болып табылады. Адамның инстинктi импульсi визуальды көркемөнер - образды бейнелеулерге ауысқанда, көркемөнер сублимациясы пайда болады. Бұл концепцияның өкiлдерiнiң пайымдауынша, шығармашылық сублимацияның бiр формасы ретiнде үғынуға, көрсетуге, шығармашылық арқылы айтып беруге және инстинктi импульстерi арқылы жауап беруге (сексуальды, агрессивтi)  және эмоциялық жағдайын бейнелеуге (депрессия, уайым-қайғы, қорқыныш сезiмi, қанағаттанбаушылық, ашу-ыза, тұнжыраушылық, т.б.) көмек бередi. Әлеуметтiк ортадағы iс-әрекеттерде жоғарыда айтылған сезiмдердiң көрiнiп қалуы мүмкiн деген уайымдардың қауiптiлiгiн төмендетедi.Творчество арқылы адамның өзiн – өзi максимальды түрде көрсетуi, әңгiме немесе хат жүзiндегi тексеруге қарағанда өзiн анық бейнелеуге және психотерапевтке өзiн санасыз түрде ашып беруге көп ықпалын тигiзедi.Арттерапиямен бос болмаушылық (занятость арттерапией) творчествода сауықтырушы процесс ретiнде әсер етедi. Творчествоны қарапайым нұсқау  түрiнде қарастырсақ, ол клиентті жанға батарлық уайым-қайғыларынан арылтады және алдандырады. Арттерапиямен бос болмаушылықта топтық характерге маңызды мән берiледi. Мұнда клиенттер топтағы өз орнын бағалап, өзiнiң алатын ролiн мойындап, творчестволық қабiлетiн және өзiн айқын бейнелеудегi мiндеттiлiгiн түсiнедi. Сонымен қатар арттерапия   -  босболмаушылықтың эмоциональды әрi қызықты формасы болып табылады және ол клиенттердің бiр-бiрiмен қарым-қатынасқа түсуiне қосымша мүмкiндiк бередi. Бiрлесе жүргiзген творчестволық iс-әрекет клиентке өзге адамдардың жан – дүниесiн түсiне бiлуге көмектеседi, ал ол әлеуметке бейiмделушiлiктiң қиын жақтарын жеңiлдетедi. [52]

Арттерапиямен кімдер айналысады?

Арттерапиямен  психологиялық қиындықтарды (музыка, живопись, сурет салу, жабыстыру, театрлық драма) творчествоның көптеген түрлерімен жеңілдете, шеше білетін адамдар айналысады.

Арттерапевт қалай жұмыс жүргізеді?

  • Арттерапевт топпен болсын немесе жеке дара болсын жұмыс жүргізгенде өзін-өзі силау, өзін-өзі түсіну сезімдерінің даму деңгейін зерттеу мақсатында ешқандай зиянсыз және мәжбүрлеусіз жағдай туғызады.
  • Білім-дағдылары мен танымдық процестерді дамыту мақсатында сабақтар, жаттығулар ұйымдастырады.
  • Өзіндік құндылықтарын сезіну үшін, қарым-қатынасқа түсіп әлеуметтендіру мақсатында өзін-өзі көрсете білуге жағдай жасайды.
  • Ішкі және сыртқы қарама-қайшылықтарды жеңу үшін, өзіне немесе өзге адамдарға деген қатынасын өзгерту мақсатында ішкі творчестволық қабілеттіліктеріне үңілуге мүмкіндік береді.
  • Жеке творчестволық диапазонын кеңейтуге септігін тигізетін, өзін-өзі зерттеу мен өзін-өзі танып-білуге жағдай жасайды.

 Арттерапевт зерттейді:

  • Эмоционалды хал-жағдайды.
  • Физикалық денсаулықты.
  • Әлеуметке бейімделушілікті.
  • Оқыту процесіндегі танымдық мүмкіндіктерді.
  • Бірлесе жүзеге асыратын творчестволық қабілеттілікті.

Көптеген зерттеушiлер арттерапияның эффекттивті әсеріне абайлап қарап, өте жоғары баға берудiң қажетi жоқ  деп те санайды. Маджеска барлық творчество түрлерiмен емдеуге  қарсы пiкiр бiлдiредi. Оның пiкiрiнше ауру адам творчествомен айналысамын деп ол өз белсендiлiгiн жоғалтады. Куби да творчество арқылы ауруларға емдiк көмек беруге қарсы пiкiр бiлдiредi. Оның айтуынша iрi танымал суретшiлердiң ең айтулы туындылары өте ауыр жолмен дүниеге келедi екен. Соның әсерiнен суретшiнiң жүйке жүйесiне ауыр әсер етiп, неврозға әкелуi мүмкiн. Сондықтан ол емдiк әсер бермейдi деп санайды. Федереннiң айтуы бойынша психоздарда арттерапия залал келтiредi. Мұнда қарсы көрсетiлетiн жағдайлар клиенттердің белгiлi бiр уақыт бойы жұмыс столында отыра алмауы, клиенттердің өзгелерге кедергi көрсетуi. Психотерапевтке ең қиыны клиенттің әсер етушi объектiге өз зейiнiн аудара алмауы, яғни, клиентте психомоторлы және қозуында маникальдылығының көрiнуi. Қарсы көрсетiлетiн жағдайларға сананың бұзылысы мен клиенттің ұзақ уақыт бойына өз-өзiне кетiп қалуында көрiнетiн ауыр депрессиялық ренжулер де жатады.Арттерапияның толық мәнiнде проективтi суреттер арттерапияға жатпайды, өйткенi мұнда эстетикалық нәтижеге қол жеткiзу мақсатталмаған.

Кратохвил проективтi арттерапияны клиенттердің хал-ахуалын толық көрсетуге жеңiлдiк көрсететiн қосымша әдіс деп түсiндiредi.Проективтi арттерапияның өтiлу барысында қарым-қатынас, сезiм демонстрациялары стимулдануы қажет және клиент сол сезiмдердi түсiнiп, оны өзінің басынан өткеруі қажет. Проективтi суретте психотерапевт клиентке проективтi характердегi сюжеттi ұсынады және содан кейiн суреттi талдап, интерпретация жүргiзедi. Арттерапия мен проективті суреттердің бір-бірімен байланысы мен өзгешеліктерінің салыстырмалы көрсетілімін  1-кестеден көре аласыздар. [53]

Арттерапияны жүргiзу кең көлемдi, яғни ол “Белгiлi бiр мөлшерде” қолданылады. Оны индивидтiң жеке жасырын уайымдарына байланысты анықтап алады. өнер мен шығармашылықтың көп жоспарлы әсерi , оны жасы әртүрлi диагностикалық өлшемдерi кең көлемдi клиенттерге қолдануға мүмкiндiк бередi. Арттерапияға дайындар алдында клиенттің клиникалық көрiнiсi, уайым-қайғысы мен эмоциональдық сферасына қоса, оның ауырып отырған кездегi өнер мен шығармашылыққа деген қызығушылығы және көзқарасына, дайындығына, ақыл-ойына, сонымен қатар т.б. факторларға көңiл бөлу қажет.

Арттерапияны психомоторлы қозу мен агрессивтi тенденцияларды басу жолында қолданады: ол адамды алдандыру функциясымен босболмаушылық; контактiге түсудi жеңiлдету мен жасырын уайымдарын шығару; босаңсуға көмектеседі. Босаңсу творчестволық белсендiлiк кезiнде әртүрлi қысымдарды төмендетуге жүмсалған энергияны шығарғаннан кейiн көрiнедi. [54]

Арттерапия мен проективті суреттердің салыстырмалы ерекшеліктері

Кесте 1

 

Салыстыру     критерийлері

 

Проективті суреттер

 

Арттерапия

Мақсаты

Диагностикалық

Психотерапиялық

Диагностикалық

Коммуникативті

Диагностикалық құрал-жабдықтары

Суреттер

Суреттен кейін қойылатын сұрақтар тізімі

Суреттер

Шығармашылық туындылары

Вербальды қатынас

Вербальды емес қатынас

Тапсырма тақырыбы

Шектеулі

Тапсырманың тақырыбы мен мазмұны өтілетін тестке сәйкес келуі

Еркін

Арттерапия логикасына қатысты анықталады

Психологиялық механизмдер

Проекция

Проекция

Тасымал жасау

Нәтижені интерпритациялау

Стандартталған критерий-лерге сәйкес сандық және сапалық өңделуі

Қатаң түрде интерпретация жүргізу міндеттелмейді

Маманның қатысуы

Тест өту барысында маманның қатыспауы жіберіле береді

Арттерапевттің қатысуы міндетті


Кейбiр авторлар арттерапияны профилактикалық қажеттiлiк ретiнде, яғни өзiндiк эмоциональды дискомфортты әңгiмелеу үшiн қолданады. Клумбиес  ұйқының бұзылуында еркiн сурет салумен айналысуға кеңес бередi, ал Порембески – Грау краскамен сурет салу және  ойындарды  психопрофилактикалық әдiс ретiнде қолданды. Мұндай ойындар стресстiк жағдайды азайтады және өзiндiк қабiлеттiктерiне күмәндануынан  айырады, өзiнiң бағалы екенiн сезiндiредi. [55]  
                     Арттерапияны оқыту процесінде қолданудың мәні

Әртүрлi ұлт өкілдері мен әр жастағы адамдармен жұмыс жасау барысында, жеке адамның саналы әрi бейсаналы iс-әрекеттерiне творчествоның әмбебап түрдегi мiнезде әсер ететiнi анықталған.

Творчествоның формасы мен мiнездемесiнiң адамға әсерiн зерттеу жолы, өнердiң функциональды теориясы деп аталады. Болжам ретiнде шығармашылық функцияларының әлеуметтiлiгi, жалпы өнердiң байланыстылығын ашады. өнер функцияларының типологиясына жеке адамның жекелiк типологиясының сәйкестiлiгiн құруға болжам жасалады. Жалпы жекелiк қасиеттер өнердiң сәйкестiлiк көрiнiсiн анықтайтын, сурет шығармашылығына қарама-қарсылы функциональды полюс болып табылады.

Балалық шақта, әсiресе когнитивтi  қабiлеттiң сензитивтi даму кезеңiнде, творчестволық процестер ересектiк кезеңдерге творчествоның әсерiнiң этаптарымен салыстырғанда жүзеге асуы кем болмайды. [56] Арттерапияның психотерапиялық сеансында адам қандай жаста болмасын, iшкi жан-дүниесiндегi жағдайларды проекциялайды және рольдiк ойындарда немесе творчестволық формада өзiнiң жеке өзiндiк тәжiрибесiнiң көрiнiсiн көрсетедi. Ол өз тәжiрибелерiн жүзеге асырып отыруға ауысады, сонымен қатар жасап шығарушы да бұзушы да өзi болатын ситуациялық проблемаларды, яғни өзiне еш зияны жоқ әрi қызықты iс-әрекеттердi елестетедi. Олардың қиялы аффектiнiң разрядты механизмi ретiнде көрiнiс бередi, соған сәйкес сезiмдерi қимыл-қозғалыстарынан көрiнiп отырады.  “Жүйке жүйелiк энергияның разрядтарын көрсетуде шығармашылық өте күштi мүмкiндiктiң бiрi”   (Л.С.Выготский, 1986). Жоғарыда айтып кеткендей арт-терапияны жүргізу барысында  суреттiң берер көмегi өте зор. Суреттiң алдына қойған мақсаты –жеке тұлғаға өзiн тани бiлуiне көмектесу және бұл өмiрде өзiнiң бiр жеке тiршiлiк иесi екендiгiне көзiн жеткiзу. [57] Суреттердi әртүрлi мақсаттарда және әртүрлi әдiстерде, сонымен қатар әр жағдайдағы психотерапиялық коррекциялауда қолданады. Суреттiң өзiндiк актi –жеке тұлғаның анық көрiнiсi, ол адамның қорқыныш сезiмдерiн, конфликтiлi жағдайларын, арман – тiлектерiн  санасыз бейнелейтiн алғашқы бастама болып табылады.

Суретпен терапия жүргiзу бiрнеше этаптардан түрады :

  1. Арттерапияға қатысушы клиенттің берiлген тапсырмаға деген қарым-қатынасы анықталады, оның терапияға деген қатынасының өзгеруiнiң анализiнен суретке деген мотивациясы көрiнедi.
  2. Жеке тұлғаның өзiн суретте сипаттап беру ұсынылады.
  3. Клиенттің кейiнгi өзiн-өзi толықтай ашып беруi, оның картинадағы әрбiр бөлiмiне сипаттама беруiне тiкелей байланысты болады.
  4. “Мен” деген сөздi қолдану арқылы, клиент картинаның атынан бастап, суреттiң шығу тарихын айтып беруi тапсырылады. Мысалы: “Мен – картина. Менде әртүрлi сызықтар бар. Олар менi қиып өтедi… ” .
  5. Терапевт суреттiң бiрнеше бөлiмдерiн бөлiп қарайды, себебi клиент соларға қарап олармен байланысуы керек. Мысалы: “Аппақ бұлт  болып өзiңдi елестетшi және де өзiңдi сол ақ бұлт арқылы сипаттауға тырыс. Сен неге ұқсайсың? өзiңдi қазiр қалай сезiнiп тұрсың?”.
  6. Егер де қажет болып жатса, клиентке арнайы сұрақтар қойылады. Ол клиенттің ұқсастыру, теңестiру процесстерiне толығымен қосыла алуына көмек бередi.
  7. Клиентің зейiнiн фокустеу жолы келесi объектiлердiң белгiлi бiр жақтарын сызып көрсетумен жүзеге асады. Клиенттің қызығушылығының көрсетiлген жағдайларға жоғарылауы және мүлдем болмауы, психотерапевттiң сипатталған ситуацияларға деген субъективтi қатынасын дәлелдеген болып табылады.
  8. Картинада берiлген достық немесе бiр-бiрiне қарама-қайшылы қатынасты көрсетiп тұрған екi предметке клиенттің диалог құруы ұсынылады.
  9. Негiзгi зейiн түске бөлiнедi. Клиент сурет салуға кiрiсер алдын, ол көзiн жұмады және оған сұрақтар қойылады: “Сіз қандай түстердi қолданатындығың жөнiнде ойланыңыз. Сіз үшiн ашық және қара түстер ненi бiлдiредi ?” Терапевт клиент зейiнiн түстердiң түрлерiне аударып, сонымен қатар картинадағы түстердiң орын алысында қолдануларды сипаттайды.
  10. Терапияның жүру процесiнде клиенттің көңiл-күйiндегi өзгерiстер бақыланады. Оның денесiнiң қозғалысы, бетiнiң көрiнiсi, дем алысы, дауыс ырғағы, үнсiздiгi де бақыланып отырады. өйткенi үнсiздiк, ойланып отырғандықты бiлдiруi мүмкiн. Еске түсiрулерi, толқулары – олар жаңаны сезiнуiнiң бiр белгiсi болуы да мүмкiн.
  11. Картинадағы суреттермен клиенттің теңесуi, өзiн ұқсату арқылы, оның сол объектiлермен қатынасы арқылы ненi көрсетiп бiлдiргiсi келгенiн анықтауға болады. Одан кейiнгi мына анализ, оған өзiнiң суретте ненi ашып көрсеткендiгiн сезiнуiне жол бередi.Терапевт клиентке мынадай сұрақтар қою арқылы, интерпретация жасай алады: “Бүл сіздің өмiрiңізбен қандай да бiр байланысы бар ма? Сіз осы бөлiктiң атымен айтқандарыңыз ненi бiлдiредi? Сіз өзіңіз туралы осы суретті өз атыңызбен байланыстырып айтып бере аласыз ба?” Сұрақтар әртүрлi образда ауысып берiлуi мүмкiн, өйткенi әрқашанда клиенттің мiнезiн тез ашып көру мүмкiн емес.
  12. Келесі кезекте психотерапевт жеке суреттерді қоя салады да, картинада берiлген, көрiнген өмiрлiк ситуацияларды қарастырады. Кей кездерi клиентте бiрдестен картинадағы объектiлер бiрлестiгi көрiнедi, ол өз еркiмен өзiнiң өмiрiнiң фрагменттерiн айтып бере бастайды. Ол кейде суреттегi образдармен  тiкелей немесе жанама түрде өз өмiрiн байланыстырып айтып отырады. Шындығында да клиенттің өмiрi сондай бейнеде болып келедi.
  13. Зейiн сурет композициясына көбiрек аударылады. Соның iшiнде бос жерлерiне.
  14. Терапевт бiрiншiден, клиенттің талқылауының алғашқы жоспарымен жұмыс жасайды. Алғашқы жоспардың көрiнiстерiмен ары қарай жұмысты жалғастыра беруге де болады, бiрақ кейбiр жағдайларда қарама-қарсылы планмен жұмыс жасағанда дұрыс болып отырады. Мысалы, ертегiлер әлемiн салған клиент, сол жердiң тартымдылығын ашқысы келедi, бiз оған оның өз өмiрiнде бұл ертегi әлемiндегi қызығушылықтардан алған қанағаттану сезiмi болмағандығын айтамыз. Бiрақта бiз алғашқыда клиентте жеңiлдiк сезiмiн және жайлылық сезiмiн туындататын жұмыстармен айналысамыз.  Содан кейiн күрделiлеу тақырыптарға ауысамыз. Мысалы, бiз клиенттен бiр жағынан уайым-қайғы сезiмдерiн,  ал екiншi жағынан қуаныш, бақыт сезiмдерiн суреттеп берулерiн сұраймыз. Көптеген клиенттер,  әсiресе төменгi сынып оқушылары уайым-қайғыны көрсететiн бейнелердi жасауда әбден қиналады. Олар қуаныш сезiмiн бейнелегенде, өздерiн еркiн ұстайды. Бiрақ, бұл жағдай ылғи да осылай бола бермейдi. Кейбiр клиенттер бiрiншi жинақталып қалған  негативтi әсерлерден пайда болған эмоцияларды, ашу-ызаларды  бiрден  ашып шығаруға деген  қажеттiлiктерi көрiнiп тұрады. Кейiннен барып, олар өздерінің позитивтi әсерден алған сезiмдерiн бейнелей бастайды. Суреттiң мәнi мен стилi көбiнесе дамудың деңгейi мен  көру арқылы қабылдаудың адекваттылығымен қабылданады. Көру арқылы қабылдау, ол клиенттің әлемдi танып бiлуiне өз үлесiн қосатын ең бiр қажеттi каналдардың бiрi болып табылады. Бiз есейген кезiмiзде, өзiмiзге, сыртқы ортаға өзге адамдардың көздерiмен қарауға тырысамыз. Осы себептен, ересек кейбiр адамдар өз балаларын да осындай қабылдауларға итермелеп отырады. өзiмiздi қоршаған ортаны көре және тани бiлу қабiлеттiлiгiмiз, өзгелермен контактiге түсуi қажеттiлiгiмiздi кеңейтедi екен. Қоршаған ортаны қабылдау арқылы бiз өзiмiз туралы бiлiмiмiздi кеңейтемiз және де сыртқы ортаның элементтерiнiң бiздiң iшкi жан-дүниемiзге ұқсастықтарын көре бiлетiн боламыз. Бiрақ, бiздiң қабылдауымыз бар заттарды көруiмiз бен олардың мәндерiн түсiнуiмiзден қалыптасып, дамып отырады. Осыған сәйкес бiз өз қабылдауларымызды алғаш қате алған сезiмдерiмiздiң нәтижесiнен бұзып отырады екенбiз. [58]

Информация о работе Арттерапияның оқыту процесінде инновациялық технологияны қолданудың эксперименттік бөлімі