Бастауыш сынып оқушыларының психикалық даму ерекшеоіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2014 в 19:44, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуы мен интеллектуалды дамуының өзара байланысын және творчестволық танымдағы негізгі жеке бастық құрылымдардың байланысын ашу. Соның негізінде шығармашылық қабілетті дасытудың психологиялық ерекшеліктерін көрсету.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................3
1Кіші мектеп жасындағы оқушылардың психологиялық даму ерекшеліктері ....................................................................................................6
1.1 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың психологилық даму заңдылықтары
1.2 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың психикалық процестері және олардың көрініс беруі
2 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын зерттеу тәсілдері..................................14
2.1. Кіші мектеп оқушыларының оқуға қызығушылығының ерекшеліктері.........................................................................................................41
2.2. Кіші мектеп оқушыларының оқу-танымдық әрекеттерін зерттеу....................................................................................................................48
2.3. Кіші мектеп оқушыларының оқуға танымдық
қызығушылығын дамытуда мұғалімнің атқаратын жұмысы
Қорытынды......................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................23

Файлы: 1 файл

KIRISPE.docx

— 44.44 Кб (Скачать файл)

Мектептерде оқытудың актив методтары қолданылады, мұнда оқушы есте сақтап қана қоймайды, сондай-ақ көп ойлайды, бұл оның қабілеттерінің дамуына көп көмегін тигізеді. Оқушы мұғалімнің басшылығымен жиі-жиі орыс тілі мен математиканың ережелерін талдауы, оны жасауы, оқығандарын қорытып және айтып беруі, өз бетінше математикалық есептер ойлап, оны шығаруы, шығармашылық шығармалар жазуы өте пайдалы. Мұғалім жұмыстың кез келген түрінде баланың творчествосы мен белсенділігн құптап, мадақтап отыруы қажет. Оқушыға қиыншылықтар кездескен жағдайға көмек беруге асықпауы тиіс. Дұрысы оның өзіне ойлануға жағдай туғызып, ал қажет болса, оған жетекші сұрақтар берген жөн.

Қиындықты бірте-бірте көбейте түсудің зор мәні бар. Оқушыға берілген тапсырмалар біраз ақыл-ой жұмсауды талап еткені дұрыс. Мектеп оқушысына жекелеп қатынас жасай білу қажет, олардың ерекшеліктерін ескеріп, соған сай тапсырмалар берген жөн. Күшті оқушыларға, сабақта зерігіп кетпес үшін және үйде орындауға жетерліктей, қосымша жұмыстар беру керек. Нашар оқитындарға, шамасы келетіндей талаптар қойып, бала нәтижелі орындай алатындай жеңілдеу тапсырмалар беріп, көбірек көмектесуге тура келеді. Мұнадй оқушыларды жиі мадақтап, жұмыс орындаудағы кішкене жетістіктерін байқау керек, бұл оларда өз күшіне деген сенім туғаызады, оқуға талаптандырады. әлсіз оқушыларға жүйелі түрде көмек көрсетуге ата-аналар мен ересек баларды тартқан жөн Әдетте мұндай шаралардың бәрі көмегін тигізеді, балалар ІІІ класты нәтижелі аяқтап, орта мектепте қанағаттанарлық дәрежеде оқиды.

Өкінішке орай, жақсы оқуға мүмкіншілігі толық жететін оқушыны, оның кейбір ақыл-ой енжарлығына қарап, қабілетсіз деп есептейтін жағдайлар да ездеседі. Бұл оқуға қызығушылықтың жоқтығынан, ақыл-ой жұмсаудан қашу ниетінен, онда қалыптасқан сенімнен, яғни ілім – баланың қабілеті жетпейтін, өте қиын нәрсе дегеннен келіп пайда болады. Мұндай балаларға қозғау салып, оны белсенділікке бастап, бейімділік көрсеткен нәрселерінен мағлұматтар беріп қызықтыру қажет. Оған қосымша қызықтыратын материал беріп, білім алудың қуанышын бастан кешруге (мысалы, бұрын оған қиын көрінген, есепті дұрыс шығару кезі) жағдай туғызған пайдалы. Бұл мектеп оқушысының өз күшіне деген сенімін туғызады, сөйтіп басқалардан қалыспай тәуір оқи алатындығына көзін жеткізеді. Мұғалімнің, ойлы, қабілетті балаларға төнген қауіпті де ұмытуына болмайды. Олар оқуды жеңіл меңгереді, сондықтан да олар еңбектенуге дағдыланбаған және қажетті ықыласы жоқ. Ақыл-ой күшін жұмсаудың болмауы мынандай жағдайға әкелуі мүмкін: мұндай балалардың бірте-бірте қабілеттіліктері жойылады, талантты мектеп оқушысынан еңбекке жарамсыз, орта, тіпті нашар жұмыскерлерге де айналып кетеді.

В.А. Сухомлинский: «Егер баланың оқуда бәріне де жеңіл қолы жетсе, онда  біртіндеп адамды аздыратын ой самарқаулығы пайда болады. Ой самарқаулығы бәрінен бұрын төменгі кластарда өріс алады, егер басқа балалардың белгілі бір дәрежеде ақыл-ой жұмсауын қажет ететін жұмысты жеңіл игеретін қабілетті бала бостан-босқа ерігуге айналады. Оқушылардың бостан-босқа құр жүруін болдырмау – белгілі бір тәрбие міндетті»,- деп жазады. Оқушыларды жұмыста тыңғылықтылыққа, дербестікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, мұғалім сонысымен оларда еңбекке қабілеттілік деп аталатын маңызды сапаның дамуына көмегін тигізеді.

Талантты оқушылармен қарым-қатынаста сақтық жасау керек: оларды шектен тыс мадақтамау керек, оларды бәрін білемін, басқалардан артықпын дегендей сезімге негізделген көкіректікке тәрбиелемес үшін, бұл балалардың ерекше екендігіне сонша мән беріп айтпау қажет. Талантты бала, әдетте өзінің басқалардан қабілеттірек екенін түсінеді, бірақ сонымен бірге онда жұмысқа деген жоғары жауапкершілік сезімі де болуы тиіс.

Кейбір төменгі класс оқушылары іс-әрекеттің қандай да бір түріне қабілеттілігін көрсетеді. Мысалы, суретке, музыкаға. Бұл қабілеттіліктердің одан әрі жетіле түсуіне көмектесу қажет. Мектептің алдында тұрған міндет – баланың жан дүниесі мен дене күшін жан-жақты дамыту екенін есте ұстауымыз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорыта келгенде бастауыш мектеп кезеңінде негізгі іс-әрекет оқу болғандықтан, баланың барлық психикалық үрдісіне өзгеріс енеді. Іс-әрекетке белсенділігін көрсете отырып, ақыл-ой еңбегін зейін арқылы жүзеге асырады.

Оқу іс-әрекеті балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді. Мектептегі оқу үрдісінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл үрдісті едәуір дамытады; есте сақтау мықтылығы беки түседі. Есте сақтау деңгейі – есте сақталынатын материалдың мазмұнына, іс-әрекет сипатына, материалды есте сақтау және қайта жаңғырту тәсілдері мен әдістерін меңгеру деңгейіне байланысты болады.

Бастауыш мектеп кезеңінде сөздік материалды есте сақтау мүмкіншілігі күрт жоғарылайды, меңгерілетін оқу материалы үнемі оқушыдан елестетеу үрдісін талап етіп отырады. Есте сақтау мен елестету баланың күш-жігерді керек ететін мотивтерге байланысты өзгеріп отырады. Бастауыш мектеп кезеңінде алған білімдерді бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады. Баланың ақыл-ой әрекетінің дамуы үрдісінде орындау практикалық әрекетінен ішкі ақыл-ой әрекетіне көшу көрінеді. Дегенмен, практикалық әрекет жоғалмай, керісінше, оқушылардың жаңа, қиын тапсырмаларды орындау негізінде байқалады. Ойлаудың ішкі жоспарға көшуі арқылы ізденіс, негізгі сипаттағы практикалық әрекетті орындауды үйренеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

  1. Әбенбаев С.Ш. Сынып жетекшісі. Алматы, 2004.
  2. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2004.
  3. Байжұманова Б.И. Оқушының психикалық даму ерекшеліктері. // Бастауыш мектеп. №12, 1998.
  4. Байжұманова Б.И. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қабілетін дамыту // «Қазақстан мектебі» №2, 1999.
  5. Базымова З. Ой белсенділігін дамыту // Бастауыш мектеп. №9-10, 1997.
  6. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасы // Бастауыш мектеп. №9-10, 1996.
  7. Жалпы психология. Ред.басқарған В.В.Богославский. Алматы, 1980.
  8. Крутецкий В.А. Психология математических способностей школьников. М., 1968.
  9. Қазақстан Республикасының Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. Алматы, 2003.
  10. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Егемен Қазақстан. 11 маусым 1999.
  11. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан. 16 қазан 2004.
  12. Немов Р.С. Психология. М., 1995.
  13. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, 1997.
  14. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Ред.басқ. Психологические тесты. Сост. Н.А.Литвинцева. М., 1998.

 

 

 


Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының психикалық даму ерекшеоіктері