Болашақ мұғалімдерді заманауи білім беру технологиялары негізінде кәсіби даярлаудың теориялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 22:43, реферат

Описание работы

Еліміздегі жоғары кәсіби білім берудің көп деңгейлі құрылымы және жоғары мектептің халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы, жоғары оқу орнын қазіргі заманның талаптарына сай басқару мәселелері жаңа тәсілдерді талап етеді. Болашақ мұғалімдердің кәсіби шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына, олардың білім беруде кредиттік технологияны енгізу шарттарында кәсіби хабардарлығының бейімделуі жоғары оқу орындарында оқу процестерін ұйымдастыруда сапалы өзгерістердің қажеттілігін көрсетеді.
республика экономикасының барлық салалары үшін құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлаудың жағдайларын қамтамасыз ету, жоғары мектептің интеллектуалдық әлеуеті мен практикалық-бағдарлық қызметін күшейту, оны ғылыммен және өндіріспен ықпалдастыру халықаралық білім беру стандартына сәйкестендіру Республикамыздың Білім және ғылым министрлігі “Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын” дайындап [1], көрсетілген кезеңдердегі білім қызметкерлері мен білім беру мекемелерінің міндеттерін анықтаған болатын.

Файлы: 1 файл

семинар 2 жогары мектеп.doc

— 78.00 Кб (Скачать файл)

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010

 


 

А.Л.Ташимова

 А.Ясауи атындағы  ХҚТУ-нің ізденушісі

 

Болашақ мұғалімдерді заманауи білім  беру

технологиялары негізінде кәсіби даярлаудың

 теориялық аспектілері

 

В статье рассматриваются теоретические основы профессиональной подготовки будущих учителей в современном этапе.

 

The theoretical basis of future teachers’ professional training in the modern stage are considered  in the article.

 

Еліміздегі  жоғары кәсіби білім берудің көп  деңгейлі құрылымы және жоғары мектептің халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы, жоғары оқу орнын қазіргі заманның талаптарына сай басқару мәселелері жаңа тәсілдерді талап етеді. Болашақ мұғалімдердің кәсіби шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына, олардың білім беруде кредиттік технологияны енгізу шарттарында кәсіби хабардарлығының бейімделуі жоғары оқу орындарында оқу процестерін  ұйымдастыруда сапалы өзгерістердің қажеттілігін көрсетеді.

республика экономикасының барлық салалары үшін құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлаудың жағдайларын қамтамасыз ету, жоғары мектептің интеллектуалдық әлеуеті мен практикалық-бағдарлық қызметін күшейту, оны ғылыммен және өндіріспен ықпалдастыру халықаралық білім беру стандартына сәйкестендіру Республикамыздың Білім және ғылым министрлігі “Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын” дайындап [1], көрсетілген кезеңдердегі білім қызметкерлері мен білім беру мекемелерінің міндеттерін анықтаған болатын.

Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуі жоғары оқу орындары Халықаралық стандарттау ұйымы (ISO – International Standard Organisation)  дайындаған 2000 жылғы нұсқаудағы ISO 9000 стандарттар сериясының талаптарынан кем түспейтін, ұлттық ерекшеліктеріміз ескерілген сапалы білім беру қызметін ұсынғанда ғана мүмкін болады. Себебі, біздің ғасыр - білім, ғылым және сапа ғасыры. Осы үшеуі элитарлық білімнің негізі болып табылады. Біз жоғары оқу орындарын тек білім беруші мекеме деп қарайтын біржақты түсініктен арылып, оның ғылымның бастауы  және кіндігі деп түсінгеніміз жөн, өйткені, элитарлық білімді ғылым жетістігінсіз беру мүмкін емес, ал оның деңгейін анықтайтын өлшем - сапа. Ендеше, жалпыға бірдей жоғары білім беруден элитарлық жоғары білім беруге біртіндеп көшуіміз қажет [2]. Біздің қарастырып отырған  көкейкесті мәселеміз болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау болғандықтан, осы сала туралы баяндаймыз.

Заманның жаңа даму сатысында білім беру жүйесі қоғамның жаңа экономикалық саясат, әлеуметтік және интеллектуалдық деңгейіне сай келуі тиіс. Осыған орай кәсіби білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсілдері қайта қаралып, оқу жүйесін реттеу, жетілдіру, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді.

Жаңа тұлғаны  тәрбиелеу мен оқытуда жоғары мектептің алатын орны ерекше. Оның қызметі үнемі жетілдірілуде. Жаңа заман талаптарына сәйкес жоғары мектептің дамуы көптеген қоғамдық- әлеуметтік мәселелерді шешуді қамтамасыз етуі қажет. Жоғары мектептің алдына қойған ең бірінші мақсаты- қоғамға қажетті бәсекеге қабілетті жоғары білімді мамандарды даярлау.

Қазақстан Республикасы Президентінің әр жылдардағы Жолдауларының  арасында өте тығыз байланыс бар. 2004 жылғы Жолдауында: «Ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігі тікелей оның білім беру деңгейімен анықталады», - десе, 2005 жылғы Жолдауында бұл ойлары әрі қарай жалғасын тауып жатыр: «Білім деңгейін жетілдіріп, дамытпаған ел ХХІ ғасырда жоқ болып кетуі ықтимал». 2006 жылғы Жолдауында Мемлекет басшысы: «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі», 2007 жылғы Жолдауында «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен іскерлік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі тиіс»- деп қадап айтса, 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»  атты Жолдауында бұл ойлары әрі қарай жалғасын тауып жатыр: «Жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі ЖОО-лар әлемнің жетекші университеттерінің рейтингіне енуге ұмтылулары керек»   - деп атап көрсетті.

ХХІ ғасырда  тиімді білім беру жүйесін жасайтын жас ұрпақтың ақыл ой және рухани потенциалын  барынша дамытуға мүмкіндігі бар ұлт қана озат бола алады [3].

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010

 


Ташимова  А.Л. Болашақ мұғалімдерді заманауи білім беру технологиялары негізінде кәсіби...

 


 

Бүгінгі таңдағы  жоғары білімнің мақсатына жаңаша түсінікпен қарасақ, оны дамытудың басты стратегиялық бағдары - өмірге жауапкершілікпен қарайтын, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік қабілеттілігі биік, гуманистік ойлауы басым, заманауи білім беру технологияларымен қаруланған, адамгершілік қасиеттері мол білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру болып табылады.

Жоғары мектептің  негізгі бағыттарының маңыздысы  арнайы кәсіби білім беру, сондықтан  білім беру болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесінің дамуына өз үлесін қоса алатын бірден-бір фактор болып табылады. Ғылым мен техниканың дамуы болашақ мұғалімдерде ақпараттық-компьютерлік кәсіби білім мен іскерліктердің дамуына, құзырлылықтың қалыптасуына баса назар аударады. Болашақ мұғалімдердің бойында ұйымдастырушылық қызметі, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландару, берілген жауапкершілікті орындау, ұжымда адамгершілік, психологиялық ахуалды ұстап тұру қабілеттерін қалыптастыру ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Бүгінгі таңда  болашақ мұғалімнің профессиограммасын жасау - қазіргі кездегі психология, педагогика, социология ғылымдарының өзекті міндеттерінің бірі болып саналады. Бұл міндетті шешуге байланысты ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген ғалым-психологтар, педагогтар (Н.В.Кузмина, В.А.Сластенин, Қ.Жарықбаев, Н.Намазбаева, А.И.Щербаков, Н.А.Сорокин, В.Г.Ковалев. Л.Ф.Спирин, М.Н.Сарыбеков және т.б.). В.А.Сластениннің [4] пікірі бойынша педагог профессиограммасы мыналарды қамтиды:

  1. Қоғамдық-саяси сапалар.
  2. Әлеуметтік-психологиялық және ұстаздың жеке сапалары.
  3. Психологиялық және педагогикалық дайындық.
  4. Мамандық бойынша кәсіби дайындық.
  5. Пән бойынша дайындық.

Ғалым-психологтардың (В.А.Кузмина, А.И.Щербаков және т.б. [5, 6]) пікірі бойынша педагог профессиограммасын жасауда педагогтық қызметтің психологиялық құрылымын ескеру қажет. Педагогтық қызметтің психологиялық құрылымына жататын қасиеттер мыналар: гностикалық, конструктивтік, ұйымдастырушылық, бейімділік пен іскерлік.

Мамандар профессиограммасын жасауда социологтардың «маман моделі»  қасиеттерін қамтитын мынандай төрт түрлі блок болады:

  1. кәсіптік;
  2. әлеуметтік;
  3. саяси-идеялық;
  4. әлеуметтік-психологиялық;

Қазіргі таңда  Қазақстанда білім беру жүйесін дамыту стратегиясының мақсаттары мен міндеттері 2030 жылға дейін білімді дамыту стратегиясының негізгі қағидаларына байланысты іске асырылуда. Оның мақсаты дүние жүзілік тарихтың, түркі халықтарының, көшпелі өркениеттің, Орталық Азия елдерінің тарихы тұлғасында ғылымның, мәдениет пен ағарту жүйесінің дүние танымдық синтезі негізінде жас ұрпаққа жоғары сапалы білім мен тәрбие бере алатын жоғары білімнің жаңа, шын мәніндегі тұңғыш ұлттық моделін қалыптастыру болып табылады.

Қазақстан  Республикасында  жоғары білімнің мынандай басты мақсаттары мен міндеттері бар:

- ол адам  құқықтарын, демократия, бейбітшілікті  нығайту мақсатында барлық адамдардың  бүкіл өмір бойы дара дамуы мен әлеуметтік әрекетіне қажетті мүмкіндіктерді қамтамасыз етуі тиіс.

- ғылым мен  технологияны дамыту жолымен  қоғамның мәдени, әлеуметтік экономикалық  дамуына сүбелі үлес қосу;

- өзі үшін  жауап бере алатын жоғары білікті  мамандарды, азаматтарды даярлауды бір мезгілде жүзеге асыру;

- тұтас алғанда  қоғамның, оның ішінде білім жүйесінің  дамуы мен жақсаруына үлес  қосу.

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010

 


Ташимова  А.Л. Болашақ мұғалімдерді заманауи білім беру технологиялары негізінде кәсіби...

 


 

Білім мазмұнын жаңарту жоғары мектеп реформасының негізгі мәселелерінің  бірі болып табылады. Республикамыздың жоғары оқу орындары үшін мемлекеттік  білім стандартының концепциясын жасауда  ол республиканың біртұтас білім  кеңістігінің моделін айқын анықтауға мүмкіндік береді. Жоғары оқу орындарының міндетін, қажетті білім деңгейінің кепілдігін дүниежүзілік мәдени ағарту кеңістігіне интеграциялануды қамтамасыз ету секілді маңызды проблемаларды шешу.

Кәсіби білімді дамытудың  алғашқы негіздері: жаңа білім философиясы; қоғам және адам туралы ғылымдар (білім психологиясы, әлеуметтану және тағы басқалар); тәжірибе теориясы (педагогика білімі менеджменті және жобалау.)

Білім философиясы қазіргі  қоғамдағы адамның орны, тұрмысының мәні туралы, адамзат проблемасын  шешудегі білімнің әрекеттік ролі мен жаңа көзқарастар қалыптастыру керек.

«Қоғам және адам туралы»  ғылымдар адамзат дамуының және мінез-құлқының заңдылықтары туралы жаңаша ғылыми түсініктер, сонымен бірге адам мен қоғамның ішкі білім беру жүйесінің және жалпы білім беру жүйесінің моделі туралы білу үшін керек.

«Тәжірибе теориясы» заманауи педагогиканы, әлеуметтік жобалауды, білім  беру жүйесін басқаруды және тағы да басқаларды қарастыра отырып жаңа білім беру тұтастығы, яғни жүйенің  құрылымын, мақсатын анықтау, оны ұйымдастыру мен басқару ұстанымдары туралы түсінік береді.

Қазіргі кезде  педагогика ғылымында білім мен  тәрбие беруге байланысты маңызды педагогикалық  және дидактикалық теориялар мен  тұжырымдамалар қарастырылған. Біз  болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау үдерісінде білім беру мазмұны теориясын (Л.Я.Лернер), ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру теориясын (П.Я.Гальперин), оқу үдерісінің тиімділігін арттыру теориясын (Ю.К.Бабанский), ғылыми-танымдық ізденімпаздықты дамыту тұжырымдамасын (А.Е.Әбілқасымова, Г.И.Шукина), оқыту әдістерінің теориясын (Н.Д.Махмутов), біртұтас педагогикалық үдеріс теориясын (Н.Д.Хмель), ізденушілік мәдениетін дамыту теориясын (Ш.Т.Таубаева) және т.б. басшылыққа аламыз.

«Қазақстан  Республикасының 2015 жылға дейінгі  білім беруді дамыту» тұжырымдамасында «жоғары білім берудің мақсаты- қоғамның, мемлекеттің және тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру»-деп атап көрсетілген.

Қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік-саяси саланың дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы даму деңгейіне байланысты. Ал, ол қоғамдағы білім беру талаптарын түбегейлі өзгертуге алып келді. Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешуші кәсіби – педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаздар болмақ.

Міне, осы орайда ҚР Білім және Ғылым Министрлігі әзірлеген «ҚР жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасы» мен «ҚР жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық білімі тұжырымдамаларында» жаңа қоғамдағы мұғалім моделінің үлгілері көрсетіліп берілді. Жоғары педагогикалық білімді мұғалімдерге қойылатын талаптар қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды. Жаңа қоғам мұғалімі тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын түсінетін, педагогикалық технологияларды меңгерген, ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби даярланған болуы тиіс.

Осындай талап  деңгейіндегі болашақ мұғалімдерді даярлау жоғары оқу орындарының  үлесіне тиеді. Педагогикалық мамандық - білім беру нәтижесінде алынған  және берілетін біліктілікке сәйкес кәсіптік-педагогикалық міндеттерді алға қоюды және шешуді қамтамасыз ететін білім, іскерлік және дағдылардың жиынтығынан тұратын күрделі процестің жемісі, яғни осы кәсіптік топ шеңберіндегі қызмет түрі. Білім деңгейі мен кәсіптік деңгейді ұдайы арттырып отыру қажет, себебі ғылым мен техниканың даму нәтижесінде білім тез ескіреді; ғылыми ақпарат көлемі тез өсіп, жаңа білім салалары дамыды, жаңа мамандықтар енгізу мен басқаруды ғылыми негізде жетілдіру қажеттігі туды. Міне,

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010

 


Ташимова  А.Л. Болашақ мұғалімдерді заманауи білім беру технологиялары негізінде кәсіби...

 


осыдан келіп  әрбір адамның бүкіл өмір бойына білім алуына, оны толықтырып, жетілдіріп отыруына мүмкіндік жағдай жасалуда.

ЖОО-ғы болашақ  мұғалімнің кәсіби даярлығы оқу жылдары кезінде кәсіби шеберлікке мақсатты даярлаумен қоса, педагогикалық шығармашылық қызметке дайындаумен тікелей астарласуы тиіс. Ол болашақ мұғалімнің жалпы мәдени (өмірге көзқарас), методологиялық (психологиялық-педагогикалық), пәндік блоктарды меңгеруін қамтамасыз етеді.

Жалпы білім  беретін орта мектеп мұғалімдері  ішінде математика, информатика пәндері  мұғалімінің алатын орны ерекше. Мектептегі математика, информатика пәндері  оқушының ойлау қабілеті мен жалпы  білім дәрежесін дамытуда және тәрбиелеуде әрі жетекші, әрі жауапты орын алады. Математиканы, информатиканы мектепте оқыту оқушыларға қоршаған ортаны танып білуді үйретеді, логикалық ойлауы мен танымдық қызметтерін, шығармашылық, қабілеттерін, қалыптастыруға ұйытқы болады, оқушының зейіні мен байқағыштығын, ұқыптылық пен дәйектілік, дербестік пен жоспарлылық сияқты еңбек мәдениетін дамытуға ықпал етеді, дүниге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға жағдай туғызады.

Информация о работе Болашақ мұғалімдерді заманауи білім беру технологиялары негізінде кәсіби даярлаудың теориялық аспектілері