Дәрігердің көшбасшылық қасиеттері және олардың кәсіби іс-әрекеттегі маңызы.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 18:15, реферат

Описание работы

Соңғы он жылда медициналық тәжірбиеде дәрігер ісінің сипаты мен мазмұнына қатысты өзгерістер орын алуда. Бұл іс науқастың еңбекке жарамдылғы мен оның өмірін сақтаудағы дәстүрлі кәсіби міндеттерінен шектен шығып отыр. Соның ішінде пациенттің сапалы өмірін қамтамасыз ету өзекті мәселенің бірі болып табылады. Бұл, өз алдына, халықты сапалы медициналық көмек көрсетумен қанағаттандыруды бірінші орынға шығарады.

Содержание работы

Кіріспе.
Негізгі бөлім:
Көшбасшылықтың саяси психологиясы.
Көшбасшылықтың ерте теориялары.
Дәрігердің көшюасшылық қасиеттері мен міндеттері.
Қорытынды.

Файлы: 1 файл

реферат.docx

— 88.23 Кб (Скачать файл)

Орал мақсат медициналық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәнжазба

Тақырыбы:

Дәрігердің көшбасшылық қасиеттері және олардың кәсіби іс-әрекеттегі маңызы.

 

 

 

 

 

Орындаған: Сатыбалдиева А.

МС-11 топ студенті.

Тексерген: Мұфтахиева Ж. Ғ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал-2014.

 

Жоспар:

    1. Кіріспе.
    2. Негізгі бөлім:
  1. Көшбасшылықтың саяси психологиясы.
  1. Көшбасшылықтың ерте теориялары.
  2. Дәрігердің көшюасшылық қасиеттері мен міндеттері.
    1. Қорытынды.

 

Кіріспе

Соңғы он жылда медициналық  тәжірбиеде дәрігер ісінің сипаты мен мазмұнына қатысты өзгерістер орын алуда. Бұл іс науқастың еңбекке жарамдылғы мен оның өмірін сақтаудағы дәстүрлі кәсіби міндеттерінен шектен шығып отыр. Соның ішінде пациенттің сапалы өмірін қамтамасыз ету өзекті мәселенің бірі болып табылады. Бұл, өз алдына, халықты сапалы медициналық көмек көрсетумен қанағаттандыруды бірінші орынға шығарады.

Көптеген зерттеулер бұл қанағаттанарлықты тек медициналық араласуларды жүргізумен анықтап қана қоймай, сонымен қатар, олардың науқастың субъективті дәмелденуі мен олардың психологиялық қажеттіліктерімен сәйкес келу керек екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде дәрігерге жаңа талаптар қойылады. Солардың ішінде маңыздысына тұлғааралық қарым қатынастың дағдыларын меңгеру жатады. Көрсетілген талаптар конфликтті жағдай туған кезде, сонымен қатар, профилактикалық және сауықтыру жұмысы кезіндегі науқастардың комплаентностімен байланысты сұрақтарды шешудегі дәрігердің кәсіби қызметінде маңызды орын алады. Коммуникативтік дағдылар мүгедектікке әкелетін созылмалы аурулары бар науқастарды және де психикалық ауытқуы бар адамдарды қарауда маңызды орын алады.

Қазіргі кезде көптеген дамыған елдерде кәсіпқойлықтың маңызды элементі ретінде қаралатын дәрігердің әлуметтік психологиялық біліктілігін дамытуға көп назар аударылады. Жеке алғанда, медициналық факультеттер, жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру бағдарламалары, және де ұлттық лицензиялық комитеттер болашақ мамандарды жүйелі бағалау мен сертификаттауды тек олардың академиялық дайындығына немесе мотивациясына ғана емес, сонымен қатар кәсіпқойлығына байланысты жүзеге асырады. Әр түрлі елдерде болатын кәсіби біліктіліктің үлгілері дәрігерлік ісітің негізгі техникалық, интеллектуалдық және эмоционалдық аспектілерін ескеруге бағытталған.

Кәсіби біліктілік моральді даму мен ғылыми білім, базистік медициналық дағды негізінде қалыптасады. Оның негізгі компонентіне білімді алу және қолдану қабілеттілігі, оларды клиникалық ойлау арқылы инегралдау, сонымен қатар этикалық принцип бойынша негізге ала отырып, әріптес және пациентпен коммуникация үрдісі кезінде оларды беру және іске асыру кіреді. Сондықтанда коммуникативті дағдыларды (тиімді коммуникацияны іске асыру қабілетін дамыту) қалыптастыру қазіргі кезде үздіксіз медициналық білім берудің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Тиімді коммуникацияның қатарына бейімделу қабілеті, ақпаратты қабылдау және басқа адамдармен қарым қатынасы кезінде өзін өзі ұстау қабілетін сақтау және жауап қайтару жатады. Осыған орай ол маңызды дәрежеде тек дәрігердің іскерлігіне ғана емес, сонымен қатар, пациенттің мінез-құлығының ерекшелігіне де тәуелді.

 

 

1.Көшбасшылықтың саяси психологиясы

Көшбасшылықтың феномені

Көшбасшылық феномені саяси психологияның ерекше мәселесі ретінде. Көшбасшылық феномені биліктің «адами өлшемі» мәселесі.

Саяси көшбасшылықтың ерте теориялары. «Батырлар» теориялары және «белгілер» теориялары. Орта теориясы. Тұлғалық-жағдайлық теориялар. Өзара әрекеттесу-күту теориялары. «Гуманистік» теориялар. Алмасу теориялары. Мотивациялық теориялар. Жалпы типалогиялар және көшбасшылық типтері.

Көшбасшылықтың саяси-психологиялық типалогиясы. Д. Рисманның саяси типтерінің типологиясы.«Макиавелистік тұлға» теориясы. Дж. Барбердің президенттердің типологиясы. Д. М. Бернстың типологиясы; «трансформациялық» және «трансәрекетті» көшбасшылық. Саяси көшбасшылықтың стильдері және топтағы психологиялық климат (авторитарлы, демократиялық және еркін). Д. Катцтың төрт ауыспалысы арқылы көшбасшылықтың зерттелуі М. Германның жалпылаған конструкциялары («жарқын киімдегі сыбызғышы», «саудагер», «бағынышты», «өртсөндіруші»). А. Вилдавскийдің мәдениеттік теориясы. В. Д. Джоунстың типологиясы.

Көшбасшылық феномені – бұл саяси психологиядағы өте бір ерекше нәрсе. Біріншіден, бұл ең жарқын және сондықтан ең көрінетін проблемалардың бірі. Жалпы алғанда, саяси ғылым үшін – өзі зерттелмейтін, саясаттың дәл сол «адами факторында» осы биліктің нақты көрінісі.

Бұл нақты көріністің екі мағынасы бар. Бір жағынан, бұл саяси-психологиялық өлшемдегі билік – бұл билейтін адамның өзіне бағындыра білу қабілеті, яғни, көшбасшының, саяси институттың немесе режимнің кейбір потенциясы. Басқа жағынан, билік, дәл сол саяси-психологиялық өлшемде – бұл «төменгілердің» «жоғарылардағыларға» бағынуға дайын болуы. Осылай көшбасшылықтың феноменін бір медалінің екі жағы пайда болады: «жоғарыдағылардың» қабілеті және «төмендегілердің» дайын болуы және осы компоненттердің әрқайсысының «өзіндік» салмағы көптеген жағдайларға, нақты айтқанда, әрбір жеке жағдайға байланысты. Көшбасшылық феноменінің зерттелуі аталған компоненттерді біріктіріп және өзара әсерлесуде қарастыруға мүмкіндік береді.

Екіншіден, көшбасшылық феномені – саяси психологияның ең белсенді зерттелетін мәселесі. Дәл мұнда теориялық жалпылаудың зерттеулерінің, концепцияларының және мүмкіндіктерінің негізгі массиві жинақталған. Дәл мұнда мәселенің тарихына тұрақты назар пайдалы және өнімді,бұрын жүргізілген зерттеулерге тереңдетілген жол жүріс пайдалы. Көшбасшылық феноменін зерттеуде, саяси психологияның басқа бөлімдеріне қарағанда, алдын ала жалған концепцияларды жеке ысырып тастап, қысқаша қосып және жалпылап бар жетістіктерді қосып, шығаратындай «соңғы талдау» әлі де жоқ.

Үшіншіден, бұл саяси психологтар үшін ең өнімді және рақымды мәселе. Онымен айналысу кең топтың қызығушылығын қамтамасыз етеді және бір сәтте, саясаткерлердің өзінің жағынан сұранысты тудырады. Яғни, бір сәтте сирек қосылысты туғызады – және, беділікті және ақшаны. Айтылғанның бәрі де жоғары назарды аударадыбұл берілген ғылымдағы мәселеге де, берілген кітапқа да көрінеді.

2.Көшбасшылықтың ерте теориялары

Шынайы анализдің жоқтығы мен таза бейнеленуі себебінен, көшбасшылық феноменінің зерттелуінің тарих алдысын өткеріп тастайық. Оның саяси-психологиялық анализінің мүмкіндіктерінің негізгі жазба тарихының ең жоғары жетістігі болып табылады. Бірақ Х1Х ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басына дейін көшбасшылыққа қарастырылған әдіс-тәсілдер тек жинақы, тар бейнелеу сипатта болды. Анализ ХХ ғасырдың жетістігіне айналды. Түрлі теориялар мен теоретиктер толығымен, нақтылап көшбасшылықтың табиғатын түсіндіруге тырысты және осы феноменнің табылуына байланысты факторларды анықтауға тырысты. Жалпыланған түрде осындай теориялардың бірнеше тобын бөлуге болады.

3.Дәрігердің көшюасшылық қасиеттері мен міндеттері

Дәрігерлердің коммуникативті дағдыларды қолдануы олардың кәсіби қызметіне оң ықпалын тигізеді. Бұл науқас жағдайын толық және нақты дәрігерлік бағалауда білінеді. Сапалы медициналық көмек көрсету аясында науқастың  қанағаттанушылығы өседі. Олар толық мәнінде бар проблемаларды ұғынады, тексерілудің керектігін, емдік және  диагностикалық шаралардың мән-мағанасын түсінеді. Дамыған коммуникативті дағдылары бар дәрігерлердің жетекшілігіндегі пациенттер көп жағдайда терапияға берілген болып келеді  және өзінің мінез-құлығын өзгерту жөніндегі кеңестерге сүйенеді, сонымен қатар, өздерінің ауруын алып жүруге саналы және  белсенді түрде қатысады.Олпрда  ауруы себепші болатын үрйге және депрессиға әуестіктері азаяды. Сонымен қатар, коммуникативті дағдыларды қолдану дәрігерлердің де өмірін жақсартады, кәсіби стрессті сезінушілігін төмендетеді, кәсіби «күйіп кетуді» азайтады және кәсіби өзін-өзі сыйлаушылықты жоғарлатады.

Медициналық қызметкерлерде коммуникативті дағдыларды жетілдіру кәсіби білім берудің өзіндік мселесін тудырады. Мұндай дайындық дәрігерлердің пациентпен психологиялық қарым –қатынасын жақсартуға бағытталған, және де олардың арасында конструктиві ынтымақтастықты тереңдетеді. Бұл өз алдына клиникалық мәліметтерді жинау мен анализ жасау жағдайын жеңілдетеді, және емдік-профилактикалық шаралардың тиімділігіне тікелей ықпал етеді. Дәрігерге қажетті коммуникативті дағдылар тізімі көлемді болып келеді. Ол өзіне вербальді, сондай-ақ вербальсіз коммуникация әдістерін, өзін өзі ұғуын және өзін өзі ұстауын тереңдету мен тұлғааралық қарым қатынасты жақсарту әдістерін қосады. Бұған белсенді тыңдау, сараланған сұрақтарды қою, білікті ақпарат беру және науқасқа потенциалды зақым келтіреін мәліметтерді сақтықпен жеткізу сияқты психологиялық техникалар жатады. Сонымен қатар, психологиялық негізделген тәсілдердің де  маңызы зор. Бұлар пациенттің активациясына , конструктивті диалог құру , серіктестік позиция жасауға, біріккен терапевтік шешімдер қабылдауға, бағалауға қарсы әрекетке, психологиялық тойтарысы бар жұмыстарға бағытталған.

Тиісті коммуникативті дағдыларды қалыптастыру психикалық бұзылыстары бар тұлғалармен жұмыс істеуде үлкен рөл атқарады. Дәрігердің психологиялық біліктілігінің жеткіліксіздігі және пациентпен конструктивті қарым-қатынас орната алмауы оның психикалық бұзылыстарды уақытында анықтай алмауына, науқас тартып отырған психологиялық стресстің әсерін бағалай алмауына алып келеді. Кәсіби стрессті тиімді ұстай алмау дәрігерлерді кәсіби өртену синдромы мен кәсіби мотивациясының төмендеуіне алып келеді. Сондықтан да денсаулық сақтаудың біріншілік буын дәрігерлерінде коммуникативті дағдыларды жетілдіру, оларды диагностика және психикалық бұзылыстарды емдеу тәсіліне үйретумен, сондай-ақ, кейбір психопрофилактикалық және психокоррекциялық жұмыс принциптеріне байланысты.

Айтылғандарды есепке ала отырып, коммуникативті дағдылардын 3 тобын алып қарастыруға болады.

Біріншіден- базистік дағдылар, яғни белсенді назар аудару қабілетін ұстау, алынған ақпаратты дұрыс түсіндіру мен қисынды сұрақтар қою, пациентті тұлға ретінде қабылдау, оған құрмет көрсету және сенім туғызу, сонымен қатар, пациентке түсінікті және қарым-қатынас үрдісінде эмоционалды мәнерлі болу. Бұған қоса болып жатқанға үйлесімді моральды баға беру және этикалық кәсіби нормаларды ұстану.

Коммуникативті дағдылардың екінші тобы арнайы- тар сипатқа ие және де тек кейбір категориядағы науқастармен қарым-қатынасқа негізделген, мысалы, үндемейтін және сенбейтін пациенттермен. Сонымен қоса ,бұған науқастың жақындарымен қарым-қатынас кезінде, психикалық бұзылыстары бар науқастарды алып жүруге, ургентік және стресстік жағдайларда пациентпен алғаш қарым-қатынасқа түскен дәрігерге қажетті коммуникативті дағдылар да кіреді.

Коммуникаивті дағдылардың үшінші тобы көбіне жалпы сипатқа ие және базистік және кейбір арнайы дағдыларды біріктіру негізінде қалыптасады.

Бұған медицинадық тәжірбие үшін айрықша маңызды және әмбебап психологиялық икемділікті: пациентке оның өмірлік проблемаларын шешуге көмектесу қабілеті, таңдау жағдайында күрделі этикалық шешімдер қабылдау, жағымсыз ақпаратты жеткізу, сондай-ақ, конфликтті жағдайларды жеңу, пациентті дәрігерлердің ұсыныстарын орындауға итермелеу, оның мінез-құлығын түзету және психологиялық күйді жеңілдету жатады.

Дәрігердің коммуникативті дағдысын жетілдіру кәсіби қызметтің шарттарына, пациетпен тұлғааралық қарым-қатынас ерекшелігіне, оның жеке жауапкершілігінің сипаты мен көлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік факторлардың әсеріне тәуелді. Пациентпен дірігердің қарым-қатынас стиліне дәрігердің кәсіби және жеке қызығушылығы, оның дәрежесі, пациенттің және оның жақындарының мінез-құлығы, сонымен қатар, әріптестерінің және емдік-профилактикалық мекеме басшылығы маңызды әсер тигізеді.

Жалпы түрде сипаты психосоциалді факорлармен анықталатын пациентпен дәрігер қарым-қатынасының 4 негізгі түрін алып қарастыруға болады. Солардың ішінде негізгілеріне дәрігермен пациент арасында жаупкершіліктерді үлестіру, пациенттің коммуникациялық қажеттіліетерін тану және емдік-диагностикалық үрдіске әлеуметтік айналасының ықпалы жатады. Дәрігер мен пациент қарым-қатынасының серіктестік, авторитарлық, бағыныштық және бытыраңқы стилдерін бөліп қарастырады.

Авторитарлық стилде диагностика және емдеу жауыпкершілігі толығымен дәрігерге жүктеледі, пациенттің коммуникациялық қажеттілігі (ақпаратпен қамтамасыз ету, эмоионалдық қолдау, сауықтыру қызметіне бағытталған қызметті алып жүру) еленбейді. Одан тек барлық медициналық ұсыныстарды толық және пассивті орынду күтіледі. Сондай-ақ, бұл жерде жақын әлеуметтік айналасының (науқастың жақындары, медицина әкімшілігі мен қызметкерлері) рөлі іс жүзінде мүлдем есепке алынбайды. Қарым-қатынастың бұл стилі ургенттік медицинаға және де дәрменсіз пациенттерді және науқастарды алып жүру жағдайына тән.

Бағыныштық стилінде қарсы жағда орын алады. Терапевтік үрдіске негізгі әсерді науқастың қажеттілігі мен оның әлуметтік айналасы тигізеді. Осыған орай дәрігер өз қызметі үшін медициналық көмек көрсету шарты бойынша орнатылған біршама тар шеңберде ғана жауап береді. Сонымен қатар, науқастың және әлеуметтік айналасының адекватты және дәйекті түрде өз қажеттіліктерін қалыптастыру қабілетіліктерінің жеткіліксіздігінен , олардың бәсеклестігінің салдарынан емдік процестің қиындауы мүмкін. Ұқсас жағдайлар кейбір жасырын және ақылы медициналық көмек формасында, сондай-ақ, ведомстволық медициналық мекемелер қатарында орын алады.

Қарым-қатынастың үшінші түрі-серіктестік. Бұл стиль созылмалы аурулардың ұзақ терапиясында және де науқастардың реабилитациясы жағдайында көпшілік әлеуметтік белсенді пациенттер үшін ерекше адекватты болып саналады. Қарым-қатынастың бұл стилі пациент пен дәрігер арасында жауапкершіліктің бөлінуімен, микроәлеуметтік айналаның рөлін мойындаумен, сондай-ақ, науқастың субъективті қажеттілігін, терапия міндеттерін (дәрігердің кәсіби қажеттілігін қоса) баланстық есепке алу негізінде құрылған ынтымақтасықпен сипатталады. Серіктестік қарым-қатынас стилінің маңызды ерекшелігі пациенттің жазылу үшін емдік-профилактикалық шараларға белсенді қатысуына байланысты дәрігердің жауапкершілік шегінің динамикалық өзгеруі болып табылады.

Ең соңғысы- дәрігер мен пациент қарым-қатынасының бытыраңқы стилі де айрықты жауапкершілікке және емдеу үрдісінде медицинадан бөлек факторлардың рөлін мойындауға негізделген. Бірақ та бұл жерде науқастың коммуникациялық қажеттілігі есепке алынбайды, бұл медициналық көмектің бюрократизациясына алғышарт болып табылады. Мұның орнына «схема» бойынша стандартты емді жүзеге асыратын пациенттен дәрігердің ұсыныстарын орындауын күтеді. Медициналық көмек көрсету үлгісінің немесе атап өткен қызмет тізімінің шеңберінен шығатын пациенттің талабы мен үміті әдетте еленбейді. Медициналық қызметкерлердің қажеттіліктеріне келетін болсақ, олар да қанағаттанарлықсыз болып қалады, оның орнына бірінші орынға басқа психологиялыық немесе экономикалық талаптар шығады.

Информация о работе Дәрігердің көшбасшылық қасиеттері және олардың кәсіби іс-әрекеттегі маңызы.