Ес теориялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 21:53, реферат

Описание работы

арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу;
Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне байланысты болуы;
Есте қалдыруды жоспарлап, оқыған материалдардың ішінен еске түсерлік түйінді мәселелердің мәнін білу;
сол мән-мағыналарды түсіну үшін оларды ойлау процесімен тығыз ұштастыру;
қабылдаған нәрселерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп, қажетті материалдарды есте қалдыруды жеңілдету.

Файлы: 1 файл

ЕС ТЕОРИЯЛАРЫ.docx

— 33.64 Кб (Скачать файл)

ЕС ТЕОРИЯЛАРЫ

  • ЕС – өткен тәжірибемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақ тап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайта танып , жаңғыртумен ақпарат топтау.

 

арнайы есте қалдыру үшін мынадай шарттар қажет:

 

    1. арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу;
    2. Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне байланысты болуы;
    3. Есте қалдыруды жоспарлап, оқыған материалдардың ішінен еске түсерлік түйінді мәселелердің мәнін білу;
    4. сол мән-мағыналарды түсіну үшін оларды ойлау процесімен тығыз ұштастыру;
    5. қабылдаған нәрселерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп, қажетті материалдарды есте қалдыруды жеңілдету.

 

  • Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі - бұл сезім мүшеміз қабылдаған көріністерді толық дәл сақтау, бірақ 1 сек. еске түсіп, тез жойылып кетеді.
  • Қысқа мерзімді ес - бұнда есте қалған бейне оқиғаның қандай да бір шағын баламасына сәйкес келеді
  • Ұзақ мерзімді ес  - жадта сақтау жүйесінің маңызды да күрделі түрі. Ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан артық сақталғанның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді
  • Қозғалысты ес - түрлі әрекеттерді есте қалдырып, сақтап, қайта жаңғырту. Онсыз біз әрекеттерді жаңадан үйреніп отыруымыз керек. Жақсы дамыған қозғалысты ес адамның еңбектегі шеберлігінен көрінеді.
  • Сезімдік ес – бұл біздің сезімімізді есте қалдыру мен жаңғырту қабілеттілігімізге байланысты. Эмоция есі адам өмірі мен іс-әрекетінде маңызды болып табылады.
  • Бейнелі ес – елестерге, табиғат көріністеріне, дәмге, дыбыстарға негізделген. Жад іздері оның мәні бұрын қабылданған нәрсені елес түрінде жаңғыртады.
  • Сөздік логикалы ес – мазмұнына біздің ойымыз кіреді. Ой тілсіз өрнектелмейді. Сондықтан ой тек мағыналық болмай, сөзді-логикалы болады.
  • Нақты қызметтік ес – адамның нақты іс-әрекеті. мезеті мен қажетіне орай қозғалыстарды орындауына байланысты іске қосылады.
  • еске сақтау – естегі елестетулерді сақтауға бағытталған;
  • сақтау – материаолды игерру, жалпылау, жүйелеу,белсенді қайта өңдеу процессі;
  • қайта жаңғырту – бұрын қабылданған , алайда сол бейненің  болмауында бейнені қайта орнына келтіру.
  • тану – объектімен қайта кездесу кезінде оны қайта қалпына келтіру процессі.

 

 

           Материалды ұғудың пайдалы әдісі:

  • Салыстыру - заттар, құбылыстар, оқиғалар арасындағы ұқсастық пен ерекшелікті тани білу.

 

Есте берік қалдыру жолы:

  • Қайталап тұру - ол әртүрлі немесе белсенді болуы керек. (сұрақтарға жауап беру, схема, таблица) уақытқа байланысты қайталау.
    1. Жинақты – материал қайталануы үздіксіз, бірнеше рет орындалады.
    1. Бөлшектенген – тиімді, қуат пен уақыт үнемделеді, білім берік есте қалады.

 

  • Жаттау – есте сақтау түрі
  1. Тұтастай – мәтінді бастан аяқ бірнеше ретигерілгенше қайталау.
  1. Шамалап – бірнешеге бөлініп, әрқайсысы өз алдына бірнеше рет қайталанып, жатталады.
  2. Аралас – бірде толық, кейін тараулары бөлініп, оқылып жатталады.

Ес теориясы.

  • І. Психологиялық теория. - Психологиялық теория негізінде назар не объектіге немесе субъектіге аударылады. Психологиялық процесстер жеке элементтерге бөлінеді. Ал кейін олар санада ассоциация заңына байланысты қайтадан бірігеді.

Ассоциацияның 3 түрі бар:

1)Іргелестік – бір-біріне іргелес жатқан заттар мен құбылыстардың біреуін қабылдаса екіншісі өзінен-өзі еске түсіреді.

2)Ұқсастық ассоциация – бұл ұқсас сипатты екі құбылысты біріктіреді.

3)Қарама-қарсылық – бұл қарама-қарсы екі құбылысты байланыстырады.

 

  • II. Физиологиялық теория. - Естің физиологиялық теориясы Павловтың жоғарғы нерв қызметінің заңдылықтарымен байланысты. Есте сақтау бұл нерв системасының мидың иілімділігіне байланысты болады. Мидың иілімділігі өзгермейтін бірқалыпты қасиет емес. Ол түрлі жағдайларға байланысты не жақсару не нашарлауы мүмкін. Ми иілімділігінің көрсеткіші бұл ми шарының қабығында уақытша нерв байланысының құрылуы, олардың көп уақыт сақталуы және тез жеңіл түрде жалдануы болып табылады.

 

  • III. Физикалық теория . Бұл теория бойынша нерв импульстері , нерв клеткалары арқылы өткенде өзінен кейін физикалық із қалдырады. Адамның ми қабығында қозулар тізбек бойымен айналып жүреді. Іздердің сақталуы қозудың бір нерв клеткасы екіншісіне өткенде оның ұзақ уақыт сақталуымен сипатталады. Осы теория бойынша шоктык жағдай қозудың шеңбер арқылы өтуін бұзады. Ол іздің жоғалуына әкеледі. Ал іздер тек қозудың өтуіне байланысты сақталады.
  • IV. Биологиялық теория . Іздердің сақталуы биологиялық өзгерістермен байланысты. Есте сақтау процессі екі сатылы болады:

1.Нерв системасында қысқа мерзімді электрохимиялық реакция пайда болады. Бірақ ол нерв клеткаларында күшті физиологиялық өзгерістерді көрсетпейді . бірнеше секундқа немесе бірнеше минудқа созылады. Ол қысқа мерзімді есте сақтаудың негізі болып табылады.

2.Бірінші сатының негізінде биологиялық реакция пайда болады. Ол РНК – қышқылымен байланысты. бұл ұзақ мерзімд есте сақтаудың негізі болып табылады.

 

 

Материалдық есте сақтау.

  • Оперативті — өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.

 

 

               Ес процесстері.

    1. Есте қалдыру.
    2. Қайта жаңғырту.
    3. Есте сақтау.
    4. Ұмыту.

 

  • 1)Есте қалдыру –бұл мәліметті белсене қайта өңдеу, жүйелеу, жалпылау және оны геру процесстері. Есте қалдырудың түрлері :

1.Қысқа мерзімді есте қалдыру.

2.Ұзақ мерзімді есте қалдыру.

3.Оперативтік есте қалдыру.

4.Ырықты есте қалдыру.

5.Ырықсыз есте қалдыру.

Жатау — ырықты есте қалдырудағы ең негізгі тәсілдердің бірі болып табылады. Жаттаудың белсенді болуы уақытқа байланысты.

Механикалық есте қалдыру - заттар мен құбылыстардың мазмұны есте сақталмай, олардың ерекшеліктері мен формалары есте сақталады.

Логикалық есте қалдыруда – қабылдаған нәрселердің мазмұны есте сақталады. Логикалық есте қалдырудың тәсілдері:

  1. Есте сақтауға тиісті материалдың жоспарын құрастыру.
  2. Салыстыру.
  3. Материалды топтастыру және жіктеу.
  4. Есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды алмастырып отыру.
  5. Бейнелі байланыстарға сүйену.
  6. Есте қалдыруда өзін-өзі бақылау.
  7. Мағыналы байланысты орнату.

 

  • 2.Қайта жаңғырту – бұрын қабылдаған заттармен құбылыстарды өзімізге керек болған кезде есімізге түсіруді айтамыз. Мұндағы негізгі процесс – елес.

 Елес – бұл бұрынғы қабылдауларды қайта өңдеу. Қайта жаңғыртудың бір көрінісі – тану.

Тану – бұрын қабылдаған нәрсеге, құбылысқа қайта кездескенде ғана болатын процесс. Тану 2-ге бөлінеді:

  1. Толық.
  2. Толық емес.

Еске түсіру – белгілі қиындықтарды жеңумен байланысты ерік күшін жұмсауды талап ететін санасы қайта жаңғыртуды айтады. Қайта жаңғырту 2-ге бөлінеді:1)Ырықты. 2)Ырықсыз.

 

  • 3.Есте сақтау – бұл алынған нәрселерді есте ұстауға бағытталған есте ұстаудың алғы шарты болатын процесс. Ол 2-ге бөлінеді:
    1. Ырықты.
    1. Ырықсыз.
  • 4.Ұмыту – бұрын қабылдаған нәрселерді керек кезінде еске түсіре алмау және қайта жаңғырта алмау процессі. Ұмытудың себептері:
  1. Жағымсыз индукцияның әсері.
  2. Проактивтік тежелу.
  3. Ременисцения – кешіктіріліп еске түсіру.
  4. Шектен тыс тежелу.

Ұмытудың тағы бір ерекшелігі – амнезия.

 

  • 5.Естің өзіндік ерекшеліктері бар:

Адам ерекшелігіне байланысты. Олар есте қалдырудың жылдамдығымен, дәлдігімен, біріктілігімен және қайта жаңғыртуға дайындығымен сипатталады. Адамда 2 процесс бар:

  • 1.Есте қалдыру – тез тез, баяу баяу.
  • 2.Ұмыту – баяу тез, баяу тез

 


Информация о работе Ес теориялары