Жаңа дәуірдегі психологияның дамуы. ХУІІ ғасырдағы Европалық психология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2015 в 22:12, реферат

Описание работы

Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білумен бірге, өз денесінің, ішкі дүниесінің, ақыл ойы мен іс-әрекетінің, тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына орай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды.

Содержание работы

Психологияның даму тарихы.
Ежелгі психология.
XVII-XIX ғ. Психология.
Психология жан туралы ғылым.
Психология сана туралы ғыл
Психология психика туралы ғылым.
Пайдаланға әдебиеттер тізімі
Қорытынды

Файлы: 1 файл

ХУІІІ ғасырдағы психологияның дамуы.docx

— 36.39 Кб (Скачать файл)

ХУІІІ ғасырдағы психологияның дамуы,

ХІХ ғасырдағы психологияның дамуы,

Жаңа дәуірдегі психологияның дамуы. ХУІІ ғасырдағы Европалық психология

 

 

 

Жоспар

  1. Психологияның даму тарихы.
  2. Ежелгі психология.
  3. XVII-XIX ғ. Психология.
  4. Психология жан туралы ғылым.
  5. Психология сана туралы ғыл
  6. Психология психика туралы ғылым.
  7. Пайдаланға әдебиеттер тізімі
  8. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Психологияның даму тарихы.

Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білумен бірге, өз денесінің, ішкі дүниесінің, ақыл ойы мен іс-әрекетінің, тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына орай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлекет құрылды.Қоғамда адамдардың әрқилы наным-сенімдерге негізделген көзқарасы қалыптасты. Мұндай көзқарастар тек діни нанымдарға ғана негіз болып қоймай, адамның жан дүниесі туралы табиғи-ғылыми көзқарастардың туындауына себепші болды. Ежелгі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грекияда адамның тәні мен жанының сырын білуге ден қойылды.Адам тіршілігінің негізі-қан айналысына ерекшке мән берілді.Тіршіліктің негізі-қан айналымындағы сұйықтық және ондағы құрам деген түсінік қалыптасты. Ертедегі Қытай медицинасында б.з.д.XIII ғасырда денені басқарушы жүрек қызметі санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған еді. Ондай нәрселер организмде тегі бөлек заттармен қосылып, адамның физиологиялық тіршілігімен бірге психикалық қызметін де реттеп отырады, мұндай тіршілік адамның сөйлеу қабілетін оятып, ойын дамытады деген тұжырым жасалды. Адамның ойын жүрегі билесе, ал оның сезімдік қызметін бауыры атқарады деп түсінілді.

Ежелгі Үндістан дірңгерлері адамның психикалық әрекетінің негізгі органы- жүрек, оның атқаратын қызметі біртіндеп миға ауысады деген тұжырым жасады. Темперамент жайындағы ілім іргесінің қалануы, әрбір адам өзінің даралық ерекшеліктері мен сипатталады деген ұғым ғылым тарихындағы алғашқы материалистік қарапайым түсінікткерді тудырды. Ертедегі Қытай мен Үндістан дәрігерлері темперамент үш бөліктен тұрады, олар: бастапқыда ауа тектес нәрселерден- өттен және қан мен шырыннан құралған, осы үш түрлі нәрселердің дене құрамындағы мөлшеріне орай адамдар бірнеше типке ажыратылады деп санаған. Осы негіздерге сүйене отырып, Қытай дәрігерлері адамдарды мынадай типтерге жіктеген:1)адамның бойында өттің не қан құрамының басым болуы. Мұндай адамдар күшті, батыр келеді. Олардың мінезі жолбарыс тәрізді өжет те шапшаң; 2) ауа тектес нәрселердің көптігі. Ондай адам ұстамсыз, қозғалғыш болады, маймылдың әрекетіндей әрекеттер жасайды; 3)шырынның басымдылығы-қимыл-қозғалыстың баяулығын, сабырлылықты білдіреді деп санайды. Адам организмі жайындағы мұндай пайымдаулар сол дәуірлерде, бір жағынан, табиғи-ғылыми түсініктерге жол ашқанымен, екінші жағынан, әр түрлі діни наным-сенімдер тарапынан қарсылық  тудырған көзқарастарға душар болды. Дегенмен, психологиялық және физиологиялық құбылыстар жайындағы ақылға қонымды көзқарастар  өзіне жол тауып, одан әрі дами берді.

Психология-сан салалы ғылым. Бұл тақырыпта адам психикасының көріністері жан-жақты қарастырылып, олар өзара байланысты, біріне-бірі әсер етіп отыратын бірыңғай тұтас жан салалары екендігі айтылады. Мәселен кітапты оқу көру мүшесі арқылы, ал қабылдау арқылы текстіні толық түсініп, ол туралы ойлауға, ұғынуға мүмкіндік туады. Ол үшін зейінді шоғырландыру керек болады. Фактілерді еске түсіріп, олар қалай болар екен дегендей адамның қиялы шарықтайды.Адам психологиясын нақтылы әрекет үстінде зерттеу-психологияның негізгі принципі болып табылады.    

      Психология ғылымының даму тарихы біріне бірі қарама-қарсы ғылыми бағыттардың күресіне толы. Ол Аристотельден басталатын жан дүниесінің тарихы. Бұл ғылымның тарихи кезеңдері әйгілі оқымыстылардың  ғылыми пікірлері арқылы зерттеліп, олардың мән-жайы баяндалған.  

Бұдан соң психология деген сөздің төркіні, яғни шығу тегі түсіндіріліп, ол грек тіліндегі “псюхе”-жан, “логос ”-ғылым деген мағынаны білдіреді. Психология жан туралы ілім. Мұндай түсінік ерте замандардан XYIII ғасырдың басына дейін өктем болып келді. Психологияның өз алдына дербес эксперименттік ғылым болып бөлініп шығуы, В.Вундтың 1879 жылы Лейпцигте Тұңғыш лаборатория ұйымдастыруы. Сонымен қатар психология- сана туралы ілім. Ағылшын философы Джон Локктың “ сана- сыртқы заттық дүниенің бейнесі ” дейтін қағидасына орай пайда болды. Психологияның басқа ғылымдардан бөлініп дербес білім бола бастауы-Гартли бастаған ағылшынның эмпирикалық ассоциациялық  психологиясы (XYIII ғ. Ортасы)  

XIXғ.60ж,-XIXғ.аяғында  психология жеке ғылым ретінде  пайда болды.

Дербес ғылым ретінде психология аймағында өзара байланысты сырт көзге байқала бермейтін біршама ерекше білім салалары ұштасып жатады, мысалы,психофизиология мен әлеуметтік психология. Бұлар, сырттай қарағанға “сыйыспайтындай” болғанымен, бір ғылым саласынан, себебі олардың түпкі де түбегейлі міндеті бір  -  психикалық құбылыстың мәнін зерттеу. Психология қай ғылым саласымен байланысса да, оның зерттеу объектісі жалғыз-ақ: ол- адам, оның психикалық процестері, қалыптары және қасиеттері,Психология ғылымының қолданбалық мәнін қоғам түсініп, қабылдауынан халыққа білім беру  мекемелерінде кең психологиялық қызмет тармақтарын іске қосу идеясы өз қолдауын тапты. Қазіргі күнде бұл қызмет қалыптасып, дамуда, ол келешекте ғылым мен оның нәтижелерін практикаға ендіруде дәнекер жүйе болуы кәміл.

Ежелгі психология        

 Адамдар  өздері тіршілік ететін орта  мен айналадағы әрқилы заттарда, құбылыстарда өзіндік жан болады деп ұғынған. Мұндай ұғым анемизм (Лат «анима» жан деген сөзден шыққан) деп аталады.

 Ежелгі  дүние тарихында айрықша орын  алатын эециклопедист ғалым Аристотель  психологиялық ой пікірді табиғи негізге сүйеніп, биология мен медицина саласына бағыттады. Ол психика туралы ілімді одан әрі тереңірек зерттеп «Жан туралы» деген еңбек жазды. Аристотель бұл шығармасында жан дүниесінің  әрекетін шындық әдіс арқылы зерттеп, оның тәжірбиеге негіздеп құруды мақсат етті. Писхология Арестотель заманында ақ дербечс сипаттағы ғылым саласына айналған – ды. Ол психиканың тәнмсен бірге өмір сүретіндінгін айта келіп, психикалық әрекеттердің басым көпшілігін материолистік тұрғыдан шешті, Платонның психитка жайындағы дуалимтік көзқарасын обьективтік шындыққа, материалистік бағытқа қарай бұрды. Сонымен, Гераклит пен Демокриттің, Платон мен Аристотельдің жан жайындағы  көзқарастары психологиялық ілімнің келешектеіг дамуына ғылыми негіз болып қаланды.Жан жүйесі жайындағы ертедегі ілім көптеген ойшылдар мен ғұламалардың шығармаларында өзіндік орнын тапты. Ежелгі Римнің көрнекті ойшылдары Лукреци, Гален психологияның жан дүниесінің сыры мен байланысты табиғи негіздерін іздестірді. Ал ұлы Грек ойшылы Сократ «өзіңді – өзің тани біл» деген ұлағатты пікірін адамның жан дүниесі мен, сыр,мен ұщтастырды. Сондай ақ, адамның жаны тәніне тән деп санап, ол ақыл ой арқылы реттеліп отырады деді. Ежелгі дүние ғұламаларының жан дүниесі жайындағыой пікірлерінің философиялық және әлеуметтік негіздері сол заманның экономикалық саяси құрлысына орай түрлі идеялық бағытта материялистік идеолистік болуытаңданарлықжайт емес.

XVIII – XIX  ғасырдағы психологиядағы ағымдар

17 ғасырда  психология ғылымында  айтарлықтай өрлеу  бақап физик И.Ньютон мен физиолог ғылым А.Галлердің  зерттеудері, оның негізі болып саналады. Жүйке жүйесі мен бұлшық ет қызметінің  физиологиясы организм  тіршіліктің негізі туралы  ілімді жетілдіруде әсенр етіп, оның мәнін арттырды. Сөйтіп, ойлаудың дамуында ақыл-парасат шешущі рөл атқарады дейтін бұрынғы көзқарас енді тәжірбиелік зерттеулерге сүйенетін боды. Психиканы осы тұрғыда қарастыру әрқилы бағыттарды жиі ұштастырды. Олар бірі жан дүниесін зерттеу адамның ішкі сырын түсінуге бағытталу қажет деп, енді бірі психиканы танып білудегі тәжірбиенің  жаратылыстану ғылымдарын зерттейтін тәжірбиеден ешқандай айырмашылығы болмауы қажет деп есептеді. Ассоциативтік психология Ньютон ашқан әлемдік тартылыс заңы 19 ғасырдың соңына дейін өзгермейтін заң деп саналып келді. Соған орай сол заманның ағартушылары Ньютон мен Лоок есімдерін қосарлай айтып дәріптеді. Өйткені бұл екеуі де ассоциативтік психологияны механикалық және сенсуалистік  көзқарастарға негіздей отырып зерттеген болатын. Психологияның жалпы тарихында ассоциацияны жалпы категориялық ұғым деңгайінде тұңғыш ре көтеріп, оын дәріптеуші ағылшын дәрігері – Гартли. Ол психикалық процестердің барлығы ассоциацияға сүйенеді деп түсіндіріледі. Оның «адам бақылау» деген еңбегі ассоциацияның кеңінен тарап, өзекті ілім болып қалыптасуының бастамасы болды. Осы еңбегінде ол көптеген психикалық процестерді жүйке жүйесінің тербелісімен ұштастыра баяндап, адамның санасыз әрекетінің маткриолистік тұрғыда түсіндіруге тырысады. 19 ғасырдың бірінші жартысы – психологияның  даму тарихындағы елеуді кезеңдердің бірі. Бұл аралықта рефлекторлық теорияға негізделеген  ассоциациялық бұрынғы концепциялық материолистік тұрғыдан ниғая түсті, оның субстраты мен ішкі бейнесінің  санаға айналуын Т. Браун, Джеймс Милль сияқты зерттеушілер қолданды. Мұндай көзқарас бойынша, біріншіден, психика түйсікк пн қарапайым сезім түрлерінен тұрады; екіншіден, ассоциация бойынша  - бөлшектер алғашқы да, ал күрделі психикалық құрлымдар – елес, ой, сезім екінші деп саналды.; үшіншіден, ассоциациялар осы екі топтағы психикалық  процестер арқылы  құрылады; төртіншіден, ассоциациялар  күнделікті тәжірбие арқылы санада жиі қайталанып оқыту нәтижесінде бекиді.  Ассоциациялардың жасалу барысы биология мен жүйке физиологиясын зерттеу нәтижелері мен анықталады. Г. Гельмогольц ассоциациясының  жасалуын сезім мүшелерінің қызметі деп санаса, ал Чарльз Дарвин  ассоциациясы эмоция арқылы түсіндірілді. Орыс физиологі М.Сеченов ассоциацияның физиологиялық негізін бас миы рефлексінің  қызметімен ғылыми тұрғыдан дәлелдесе, Г.Спенсер оны психиканың филогенездік  дамуымен ұштастырып, жалпы, психика дамуы мінез құлық өзгеруіне бейімделеді деді. 19 ғасырдың 80-90 жылдарындағы Г. Эббингазу, М. Мюллер  тәрізді басқа да психологтардың еңбегінде  ассоциацияның жасалу жолдары түрліше түсіндіріліп, бұл концепция одан әрі дамытылды. Психологияның 19 ғасырдың орта кезіне дейінгі дамуында бұл ғылымның дербестік сипаты айқындалып, оны зерттеушілер табиғи-ғылыми негізге жүгінді, физиологиялық зерттеу әдістерін қолданып, биологиялық үлгіде иек артты.

Психологияның тәжірбиелік ғылымға айналуы.

XIX ғасырдың  ортасындағы псңхикалық іс-әреқет  философиялық ілім жүйелеріне  негізделіп,  психологияның, өзіндік сипаты, зерттеу объектілері мен оның әдіс-тәсілдері айқындалды. Сол кезеңге тән философиядағы позитивизм (Огюст Конх —1798—1857), иррационализм (А. Шопенгауэр — 1788-1860), волюнтаризм, вульарлык волюнтаризм бағыттары тұтынған қағида-лардың мақсаты, түптеп кедгенде,пеихикалық құбылыс- . тарды идеалистік және кертартиа жолға салу еді. Мұундай бағыттар В.Вундт, '3. Фрей сияқты психолог ғалымдардың болашақтағы көзқарастары-ның қалыптасуына теріс ықгіал етті. Вульгарлық  мате-риализм ағымы (Мелешотт, Бюхнер, Чольбе т. б,),. де-ректі материализмді дәріптеп, адамның мидың қызметі Түріндегі ойлауы бауырдың өтті бөліп шығаратыңьі си-яқты катынаста болады деген қате пікірді қолданды.. Бұл зерттеушілердің психология саласына қатысты  ілгері құбылыетарды қарастыруы сыңаржақты сипатта болып адамның жаң.дуңйесі жайыңдағы түбёгейлі мәселелер-дің, шыңдығьш аша алмады.

Адамның санасы мен жеке басына тін мінез-құлық тарихи тұрғыда әлеуметтік өмірмен, қоғамның жағдайымен ұштаса  қалыптасатындығын 19 ғасырда  орыстың революцияшыл демократтары Белинский, Чернышевский  бірңығай материялдық негізде гуманистік жолмен зерттеді.  Сөйтіп, адам психологиясының қыр сырын табиғи тұрғыда іздестірді. Осы дәуірде психика мен  сананың дамуы туралы диалектикалық және материолистік ілім өріс алып, ол өткен дәуірдегі саяси эканомикамен, социализм жайындағы болжаммен ұштасты. 

Психиканың даму адамның табиғи мәні, оның қоғамдық рөлі және тарихи дамуының негізгі субьектісі  екендігі Маркс, Энгельс, Фейрбах шығармаларында материолистік тұрғыда баяндалды, адам қоғам мен табиғат жағдайында  бейімделіп, өзінің белсенді  іс – әрекеті арқылы барлық қажеттіліктерін өтейтін ақыл ой иесі ретінде анықталады. Сөйтіп, 19 ғасырда адамның жан жүйесін зерттейтін ғылыми сапалық жаңа мәнге ие болады, адамның табиғат пен, қоғам мен тығыз қатынаста болып, оған үнемі бейімделып отыратындығы нақтылы іс әрекеттер арқылы жүзеге асырылып, оның шынайы мәні анықталады. Психологияның 19 ғасыр ортасында дербес ғылыми пәнге айналының табиғи – ғылыми негізі физика мен химия, физиология мен биология, дарвенизм мен рефлекс туралы ілім, сезім мүшелерінің психологиясы  мен психологиялық  зерттеулердің нәтижесі. Психололгия пәні өзге ғылыми  пәндермен салыстыра келе, бұл пәннің тәжірбиелік ғылым екендігін  айқын сезіне аламыз. Бұл анықтаманың мәнісін әрбір психикалық құбылыстар мен психологиялық сипаттардың сырын, мән жайын арнайы тәжірбиелер қолданып анықтауға болатындығымен түсіндірген жөн. Осы орайда, біз бұл пәннің тәжірбиелік ғылым ретінде бой көрсетуін бірқатар зерттеулерге және теориялық көзқарастарға сүйене отырып баяндаймыз. Мәселен, 1) В.Вундт және Ф.Брентано (1838-1917) көзқарастарындағы психикалық құбылыстардың әуел бастан «өзінше пайда болуы» деген пікірлердің дәрменсіздігі; 2) И.М.Сеченов зерттеулерінде организм мен оның тіршілік ортасы өзара қатынасы – алғашқы, психикалық құбылыстардың сол қатынастардан туындайтыны – нәтиже деп саналуы. Сөйтіп, Сеченовтың материалистік бағыт ұстап, оның сол кездегі қоғамдық тарихи жағдайға тәуелді деп қарастырылуы; 3) психологиянық дербес тәжірбиелік ғылым болып қалыптасуына тәрек болған көзқарастардың философиялық және биологиялық негіздері; 4) әр кезеңге тарихи жағынан қалыптасқан, психологиялық бейнелеудің мәнін білдіретін организімнің биологиялық құрлымы.; 5) организмнің бейнелеу қасиеті жайындағы Аристотельдік, Декарттық және Дарвиндік зерттеу нәтижелері

19 ғасырдың  ортасында психологияның дербес  және тәжірбиелік пән болып тарихи қалыптасуы нәтижесінде адамның жан дүниесінің сырын әр тарапта зерттеу қызу жүргізіледі. Өмір тіршілігінің мұндай талаптары психилогияның жаңа салалары мен тармақтарының өркен жайып, дамуына қолайлы жағдай тудырды. Осы жағдайлар адамтану ғылымдар арасында психологияның жетекші орын алатындығын айқын аңғартты. Және сол кезеңде бұл пәннің мынандай салаларын өрбіді: экспериментальдік психология, бұл салада қазіргі кезде жалпы психология деп аталады; диференциялды психология, оның негізгі зерттеу обьектісі – адамның даралық ерекшеліктері; балалар мен тәлім тәрбие (педагогикалық психология); жануарлар психологиясы; әлеуметтік және мәдени тарихи даму психологиясы; писхотехника.  Бүгінгі таңда психология пәнінің өрістеп, кеңінен дамуы адамды зерттеп, оның жан дүниесіне тиерең бойлау қажеттілігінің артып отырғандығын көрсетеді.

Шет психологиясындағы ағымдар(бихевиоризм).

Ғылым білімнің сұранысының дамуына байланысты, XX ғасырдың басында  сананың интроспективтік психологиясының дағдарысы байқалды. Интроспективтік психология практикалық өңдеуді қажет ететін мәселелерді шеше алмады. Қоғамның қарқынды дамуымен анықталатын тәжірибе сұраныстарын бұрынғы субъективтік  әдістер қанағаттандыра алмады. Жаңа объективтік әдістерді жасау қажет болды.

Психология ғылымының көрнекті тарихшыларының бірі ─ М.Г.Ярошевский сана психологиясының дағдарысына, осыған дейін  Францияда кең таралған невропатология мен психиатрия саласындағы зерттеулер нәтижелері себеп болды деп санайды. Бұл зерттеулер кейде адам психикасында санадан тыс құбылыстар  болатынын көрсетті. Санадан тыс құбылыстар  аумағы клиникалық және эксперименталдық  талдауға түсті. Көлемді зерттеулерді Шарко(1825-1893) жасады. Оның басшылығымен атақты француз психологы  Пьер Жане (1859-1937), психоанализ негізін салушы  Зигмунд Фрейд(1856-1939) жұмыс істей басты. Атақты француз психологы Альфред Бине объективтік әдістерді жасай бастады. Ол балалар ақыл-ойының деңгейін анықтайтын тестілер жасады. Интроспективтік  әдіс, балаларға ұсынылған тапсырмалар  шешімінің  нәтижелерін немесе өнімдерін объективтік  талдаумен салыстырғанда, екінші кезекте болды.

Сонымен, XX ғасырдың басындағы психиканы эксперименталдық  зерттеулер,  психология ─ сана туралы ғылым ретінде анықталуы мүмкін емес деген тұжырымға әкелді.   

Бұл кезеңдегі психологияның дамуына  Ч.Дарвинның эволюциялық  ілімі үлкен ықпал жасады.бұл ілім мынаны дәлелдеді: психикалық құбылыстарды қоршаған ортадан,тіршілік иесінің бейімделу әрекетінен бөлек қарастыру мүлдем мүмкін емес. Эволюциялық  теория ықпалымен жануарлар психикасы мен  балалар психикасын зерттеу жұмыстары жасала бастады. Бұл зерттеулер интроспекцияны қолдану мүмкіндігін ысырып тастады, адам психикасына генетикалық және салыстырмалы тұрғыдан қарауды бекітті. Осындай әр түрлі ықпалдардың бәрі психологияда жаңа психологиялық теориялар қатарының пайда болғанын көрсетті. Бұл теориялардың өкілдері сана психологиясын психиканың жаңа концепциясымен алмастыруға  немесе толықтыруға тырысты.

Информация о работе Жаңа дәуірдегі психологияның дамуы. ХУІІ ғасырдағы Европалық психология