Жеміс-жидек пайдасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 07:27, лекция

Описание работы

Лимон. Катарактаның қалыптасу қаупін азай-тады, кіші қан тамырлардың қабырғаларын қа-тайтады. Анемияны және ревматизмді емдеуге жәрдемдеседі. Құрамында С дәрумені 100 грамда 48 мг.

Мандарин. Теріні тазартады. Микробтарды жойып, асқазанды жұқпалы аурулардан сақтайды. Құрамында С дәрумені 100 грамда – 50 мг.

Файлы: 1 файл

жеміс жидектер.docx

— 412.99 Кб (Скачать файл)

Жеміс-жидек пайдасы

 

Лимон. Катарактаның қалыптасу қаупін азай-тады, кіші қан тамырлардың қабырғаларын қа-тайтады. Анемияны және ревматизмді емдеуге жәрдемдеседі. Құрамында С дәрумені 100 грамда 48 мг. 

 

Мандарин. Теріні тазартады. Микробтарды жойып, асқазанды жұқпалы аурулардан сақтайды. Құрамында С дәрумені 100 грамда – 50 мг. 

 

Апельсин. Ағзаны тазалап, қандағы холестерин деңгейін қалыпқа түсіреді. Астың қорыты-луын жақсартады. Құрамында С дәрумені 100 грамда – 65 мг.

 

Грейпфрут. Науқастанып тұрғаннан кейін және ауыр ой жұмыстары кезінде күш-қуатты қалпына келтіреді. Бауырды тазалап, рак ісіктерінің алдын алады. Құрамында С дәрумені 100 грамда 60 мг.

 

 

 Бізде өсетін өсімдіктер: алма, шие, жүзім, бүлдірген, алмұрт) 
Осы өсімдіктерді қай мезгілде отырғызамыз, не істеуіміз керек. Жерді таңдап арам шөптерден тазалаймыз, тегістейміз. Тамыз айының аяғында жерді жыртып, көң себеміз. Жеміс ағашын көктемде бүршік жарғанға дейін, күзде қыркүйек айының соңында отырғызады. тамырын құрғатпау керек. Жеміс ағашын отырғызуға кезде түбіне көң салу керек, құнарлы топырақ салу керек. Тамырды топырақпен жапқан кезде көшетті аздап сімшиді, сонда топырақ тамырға жақсы жабысады. Көшетті өте терең отырғызуға болмайды, себебі ауа бармай қалады. 
Отырғызылған кейін суарылады. Әр түпке 3 - 4 шелек су құйылады. 1 - 2 күн өткеннен кейін көшеттер түзетіліп, топырағын қопсытасың. Үлкендігі алмадай, Сырты жанған қызыл от, Ішін жарып қарасаң- Майда , майда қызыл шоқ . Анар

 Өзі қызыл , өзі қызық , Ортасында бір сызық . Шабдалы 

Анар


Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Анар

Punica granatum

Ғылыми топтастыруы

 

Анар — анар тұқымдасына жататын ағаш немесе бұта тәрізді субтропикалық өсімдік.

Жабайы анар Кавказда, Орта және Кіші Азияда, Ауғанстан мен Үндістанда кездеседі. Кәдімгі анар (Punica granatum) Орталық Азия жемістерінің ішінде көп өсірілетін дақыл. Оңтүстік Қазақстанда анардың қызғылт Гюлоща, Бала-мюрсаль, Қазеке анар, Қызыл анар, т.б. сорттары өсіріледі.

Биіктігі 3—5 м, бұтақтары тікенекті, ашық қызыл түсті келеді. Анар жарықты жақсы көреді, құрғақшылыққа төзімді, суыққа төзімсіз. Бақта қатар аралығы 4 × 2 м немесе 4 × 3 м етіп отырғызылады. Отырғызылғаннан кейін 3—4 жылда жеміс бере бастайды. Анар тұқымынан және өсімді (внгнтативті) тәсілмен, ал қолда отырғызылатын сорттары, көбінесе, сүректелген қалемше немесе ұластыру арқылы көбейеді. Орта есеппен әр ағаштан 25—30 кг өнім алынады. Ағаштары жемісті 30-50 жылға дейін береді. Кейбір анар 300 жылға дейін өседі. Жемісінің салмағы 200-ден 1000 г-ға дейін, дөңгелек (диаметрі — 8—10 см), шырынды, көп тұқымды, сыртында қатты қабығы бар. Жемісінің шырынында 80—90% су, 8—12% қант, 0.5—5 % түрлі қышқылдар, 3—4% көмірсу, С, B дәрумендері болады.

Шарапқа және тағамға тұздық ретінде қосылады. Анардың қабағынан таспа құрт түсіретін дәрілік препарат дайындалады, тамырынан бояулық зат алынады, сондай-ақ тұмау, күйік, іш құрылысы ауруларында пайдаланылады.Оңтүстік Қазақстанда Анардың қызғылт Гюлоща, Бала-мюрсаль, Қазаке анар, Қызыл анар, т.б. сорттары өсіріледі.[1]

Анар шырыны — бағалы және диеталық тағам. Бірдей мөлшерде пен анар қосып қайна тылғын шырыннан (гренадин) кисель, мусс дайындауға болады. Әбден қайнатыл қойыр тылған анар шырыны түрлі тағамдарға дәмдеуіш ретінде пайдаланылады, бұл көбінесе кавказ кухнясынатән; тағамға жағымды қышқылтым дәм береді. Шырынын (құрамында танин болуына байланысты) және жемісінің қабығын медицина асқазанның жұмысы бұзылғанда, ал кепкен бұтақтары мен діңінің қабығын ішек құртына қарсы дәрі ретінде қолданады. Асқазаны ауыратындар, асқазан сөлінің қышқылы жоғары, гастритпен ауыратындар, сондай-ақэнтероколитцен ауырғанда анардың ащы сорттарын пайдалануға болмайды.[2]

Өсімдік туралы


Анар – анар тұқымдасына жататын ағаш немесе бұта тәрізді өсімдік. Кейбір деректер бойынша отаны – Парсы елі болып саналады. Жабайы анар Кавказда, Орта және Кіші Азияда, Ауғанстанмен Үндістанда кездеседі. Қазіргі кезде мәдени түрі тропикалық және субтропикалықаймақтарда таралған. Иран, Ауғанстан, Крым, Югославия, Италия, Испания, Португалия,Франция, Армения, Азербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия мемлекеттерінде анар өсіру өндіріске қойылған. Сондай-ақ, анар Қазақстанның жылы аймақтарында да кездеседі. Оңтүстік Қазақстанда анардың қызғылт Гюлоща, Бала-мюрсаль, Қызыл анар т.б. сұрыптары өсіріледі. Анар ағашының биіктігі 5-6 м. Бұтақтары тікенекті. Жапырағы жылтыр, гүлі түтікшелі келген сары-қызыл түсті. Жемісінің пішіні домалақ, қабығы қатты, түсі сары түстен қызғылтқа дейін құбылмалы. Салмағы 200-ден 1000 г-ға дейін, шырынды, көп тұқымды. Тұқым өзара жемістің ішінде жеке «қоршаулар» арқылы 6-12 бөлімшеге ажыратылып тұрады. Әр тұқымның сыртында нәрлі, мөлдір, қышқылтым-тәтті шырын болады. Анар жаз кезінде күн көзінің тік түсуін өте жақсы көреді. Кейде тіпті күн сәулесі жетіспей қалса, гүлдемей қояды. Құрғақшылыққа төзімді, суыққа төзімсіз келеді. Анар жемісі қантқа, таннинге, С дәруменіне, өзектерге, органикалық қышқылдарға, азотқа, фитонцидке, минералды заттарға және кальций, магний, натрийге микроэлементтеріне бай. Жемістің құрамындағы заттар адам ағзасына өте пайдалы. Қанның құрамында темір аз болса және адам сүйектері сынғанда тез бітіп кету үшін анарды жеу керек. Асқазан қабынуына және терінің күйгеніне анар жемісінің қабығы жақсы көмектеседі (қайнатылған түрде). Анардың қабығы қайнатылған кезде бөлінетін заттар имунитетті нығайтады. Сонымен қатар анар қабығынан таспа құрт түсіретін дәрі дайындайды. Тұрмыста тамырынан бояулық зат алынады. Анардан шырын, шарап, салқын сусындар дайындалады. Анарды күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады.[3]

Қолданылуы[өңдеу]


Анар тұқымнан және вегативті тәсілмен – қалемшелеу, ұластыру арқылы көбейеді. Отырғызылғаннан кейін 3-4 жылда жеміс бере бастайды. Орта есеппен әр ағаштан 25-30 кг, кейбір сұрыптары 50-60 кг-ға дейін жеміс береді. Ағаштары жемісті 30-50 жылға дейін береді. Анар ағашының кейбір түрлері 300 жылға дейін өмір сүреді.

 

Сілтемелер[өңдеу]


  • Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт

 

 

Дереккөздер[өңдеу]


  1. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;

  1. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

  1. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

start="4"

 

  1. Анар
  2. Анар — анар тұқымдасына жататын ағаш немесе бұта тәрізді субтропикалық өсімдік. Жабайы анар Кауказда, Орта және Кіші Азияда, Ауғанстан мен Үндістанда кездеседі. Кәдімгі анар (Punica granatum) Орталық Азия жемістерінің ішінде көп өсірілетін дақыл. Оңтүстік Қазақстанда анардың қызғылт Гюлоща, Бала-мюрсаль, Қазеке анар, Қызыл анар, т.б. сорттары өсіріледі. Биіктігі 3-5 м, бұтақтары тікенекті, ашық қызыл түсті келеді. Анар жарықты жақсы көреді, құрғақшылыққа төзімді, суыққа төзімсіз. Бақта қатар аралығы 4 × 2 м немесе 4 × 3 м етіп отырғызылады. Отырғызылғаннан кейін 3-4 жылда жеміс бере бастайды. Анар тұқымынан және өсімді (вегетативті) тәсілмен, ал қолда отырғызылатын сорттары, көбінесе, сүректелген қалемше немесе ұластыру арқылы көбейеді. Орта есеппен әр ағаштан 25—30 кг өнім алынады. Ағаштары жемісті 30-50 жылға дейін береді. Кейбір анар 300 жылға дейін өседі. Жемісінің салмағы 200-ден 1000 г-ға дейін, дөңгелек (диаметрі — 8—10 см), шырынды, көп тұқымды, сыртында қатты қабығы бар. Жемісінің шырынында 80—90 % су, 8—12 % қант, 0,5—5 % түрлі қышқылдар, 3—4 % көмірсу, С, B дәрумендері болады. Шарапқа және тағамға тұздық ретінде қосылады. Анардың қабағынан таспа құрт түсіретін дәрілік препарат дайындалады, тамырынан бояулық зат алынады, сондай-ақ тұмау, күйік, іш құрылысы ауруларында пайдаланылады.
  3. Дереккөзі: Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 1/Бас ред. Ә.Нысанбаев – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1998. – 720 бет.

 
Анар жидегінің пайдасы

Күз - бірқатар жемістер пісетін кез. Соның бірі – анар. Анар көпшілік ойлағандай жеміс емес, ол - жидек. Ескіден халық данышпандары анар жемісінің пайдалылығын анықтаған. Әуелгі баста Пәкістан мен Ауған елдерінде өскен жидек бірте-бірте Еуропаға келіп, Италия, Португалия, Исландия елдерінде жаңа сұрыптары пайда болған. Қиыр Шығыс халқы бұл жидекті «Жеміс-жидектердің патшасы» деп атайды. Тіпті, анардың түбі патша тәжіне ұқсағандықтан, солай атап кеткен деген аңыз бар.

Қиыр Шығыс халқы «адам баласы күніне бір шиша анар шырынын ішсе, ешуақытта обыр ауруына шалдықпайды» деген нанымды ұстанған. Уақыт өте келе, анардың зиянды ісікке төтеп беретін күші бар екенін ғалымдар дәлелдеген.

Анар жидегінің құрамында А,В,С,Е дәрумендері мен калий, йод, темір, кремний, кальций сияқты минералды заттар бар. Ал анар шырынында шарап немесе көк шәйға қарағанда антиоксиданттардың мөлшері өте көп.

Латын тілінен аударғанда «granatus» «дәнді дақыл» деген мағына береді. Анардың бірнеше сұрыпы бар. Ол оның қабығының түсіне байланысты анықталады. Қатты қызыл, қызғылт, алқызыл түсіне қарап оның тәтті я қышқыл екенін анықтауға болады. Қабығы тегіс, құрғақ әрі қатты болса, жидек әбден пісіп жетілген.

Анар шырыны жайлы

Анар шырыны асқазан, бүйрек, бауыр, өт, диабет, анемия, қан тамыр аурулары асқынған кезде көмекке келеді. Сондай-ақ, анар шырынын физикалық, лазерлік, химиялық терапия мен радиациялық сәулелер қабылдағаннан кейін ішкен жөн. Себебі, анар шырыны емнен кейін ағзада қалып қойған зиянды қалдықтардың көзін жояды.

Диетолог мамандар күніне үш мәрте анар шырынына 1 ас қасық балқосып ішуге кеңес береді. Бұл ем атеросклероз, анемия, жүрек ауруларының алдын алып, иммунитетті күшейтеді. Алайда, ағзасында қышқыл мөлшері шамадан көп жандарға анар шырынын пайдалануға мүлдем болмайды.

Анардың емге дәру қасиеті

Анар құрамындағы С дәрумені ағзаны сыртқы орта әсерінен қорғайды. Ауыз қуысы, тері, тамақ, тіс, инфекциялық аурулардың алдын алады. Салқын күндері тұмау мен суық тиюден сақтайды. Анар адам ағзасындағы кез келген дерттен айығуға жол ашады. Қан құрамындағы гемоглобин мөлшерін арттырып, иммунитетті күшейтеді.

Анар жидегі немесе оның шырыны, әсіресе, мектеп оқушылары мен сынақ тапсырғалы жатқан студенттерге аса пайдалы. Оның құрамындағы минералды заттар мен жеміс-жидек қанты ми жұмысын жақсартып, ойлау қабілетін арттырады.

Гастрит, асқазан жарасы т.с.с түрлі асқазан ауруларымен зардап шегетін жандардың анар шырынын қайнаған сумен араластырып, пайдаланғаны жөн. Себебі, шырын құрамындағы әр түрлі қышқылдар асқазан ауруларын асқындырып алуы мүмкін.

Есіңізде болсын!

  • Тамақ ауырған кезде анар қабығы көмекке келеді. Анар қабығын үккіштен өткізіп, оған қайнаған ыстық су құйыңыз. 10 минуттан кейін тұндырып, күніне 2-3 ас қасықтан үш мәрте ішіңіз.

  • Ангина кезінде тамағыңызды анар шырынымен шайқаңыз. Бұл емдістоматит ауруында да қолдануға болады (тек қышқыл анардың дәндерін пайдаланбаңыз).

  • Ыстығыңыз көтеріліп, қан қысымыңыз төмендегенде не жоғарылағанда бір стақан анар шырынын ішіңіз. Араға 1,5-2 сағат уақыт салып, емді қайталаңыз.

  • Анар ағашының жапырақтары да пайдалы. Жапырақтарды кептіріп, кейін қайнатып шәй түрінде пайдалануға болады.

  • Анар шырыны қатты қышқыл болмауы керек. Қышқыл шырын тіс эмалінің құрылымына кері әсерін тигізеді.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: elhow.ru, centr-molodosti.ru

 

Ислам: тамақтану және денсаулық    

Құранда кейбір тамақтар мен өсімдіктердің аттары анық аталып өтілген. Кейбір тағам түрлерінің Құранда аталуы көзі ашық адамдарды ойландыратыны анық: Бұл тамақтардың Құранда аталып өтілетіндей нендей пайдасы бар?

Уақыт өтіп, ғылыми зерттеулер жүргізілгеннен кейін көптеген тамақтардың пайдасы мен зияны анықтала түсті. Құранда аты аталған тамақтардың жаңа қырларын анықтау арқылы олардың адам өмірі мен денсаулығында атқаратын рөлі туралы көбірек түсіне бастаймыз. Мысалы, Құран балды шипа сыйлаушы ретінде таныстырады. Қазір де оның адам денесіне тигізетін пайдасы жасырын емес. Зәйтүн мен жүзім, балық еті пен үй жануарларының халал етінің Құранда аталып өтілуі олардың пайдалы да құнды екендігін көрсетеді.

Доктор Пакнежад өзінің «Алғашқы университет және соңғы пайғамбар» атты қітабында: «Құран мен рауаяттарда аталып өтілген тамақтардың көбі өсімдік тектес болып табылады, өйткені өсімдіктердің адам рухы және денесімен үйлесімділігі жоғары және олар өте пайдалы.»-деп жазды. Әрине аяттар мен рауаяттарда  өсімдік тектес тамақтардан қарағанда, ет тағамдарын азырақ пайдалансын делінген.

Анар ежелден келе жатқан жеміс түрі, оның пайда болған жері – Иран. Ежелде анар ағашының әр түрлі бөліктері  фармацевтикалық және өнеркәсіптік мақсатта пайдаланылған. Халық емшілері анар қабығы мен гүлі, тіпті анар ағашының тамырынан әр түрлі қайнатпа дайындаған және оны кейбір ауруларды емдеу үшін пайдаланған. Аңыздар тарихында бұл құнды жеміс көбіне егіннің бітік шығу нышаны ретінде аталып өтілген. Ежелгі Қытайда да анар жемісі туралы әр түрлі суреттер салынған. Ежелгі мысырлықтар қайтыс болған адамды жерлеген кезде қабірге анар жемісін де салатын болған. Анар жемісінің есімі мұсылмандардың қасиетті кітабы Құранда бірнеше рет аталып өтілген.

Информация о работе Жеміс-жидек пайдасы