Атырау өңірінің экологиялық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 09:59, реферат

Описание работы

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының құжаттарында ашық айтыл-ғандай, адам денсаулығына дәрігерлік саланың жұмысынан 10 пайыз ғана пайда болса, оның 40 пайызға жуығы табиғат жағдайына, экологияға байланысты екен.
Кеңес дәуірінде “табиғатқа жалынбаймыз, одан өз керегімізді тартып аламыз” деген ұран аяғында егіндік, шабындық жерлеріміздің тозуына, топырақтың эрозияға ұшырауына, балықтың азаюына, атмосфераның бүлінуіне әкеліп соқтырғанын көрдік. Ал қоршаған ортаның қолайсыздығынан адамның денсаулығына келетін зиян аса қауіпті екенін жоғарыда айтып кеттік.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

І . ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ. АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

1.1 Қоршаған ортаны қорғаудың өзекті сұрақтары..................................................5
1.2 Атырау өңірінің экологиялық ахуалы...............................................................12
1.3 Атырау Қазақстаннның маңызды өнеркәсіп аймағының бірі.......................13

ІІАТЫРАУ ӨҢІР АУАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Каспий өңіріндегі мұнай тасымалдау саласының Атырау ауасының эколо-гиялық жағдайына әсері............................................................................................15
2.2 Атыраудың маңайындағы мұнай өңдеуші зауыттың өндіріс қалдықтары.....18
2.3 Өндіріс қалдықтарының атмосфералық ауаға әсері.........................................19
2.4 Атыраулықтарды алаңдататын мәселелердің бірі - Каспий аймағының экологиялық мәселелері............................................................................................21

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................27

Файлы: 1 файл

АТЫРАУ ӨҢІРІ АУАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.docx

— 20.21 Кб (Скачать файл)

АТЫРАУ ӨҢІРІ АУАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Parent Category: Қазақша рефеттар, дипломдар

Category: Экология қазақша

МАЗМҰНЫ 

 

КІРІСПЕ......................................................................................................................3  

 

І . ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ. АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  ЖАҒДАЙЛАРЫ 

 

1.1 Қоршаған ортаны қорғаудың өзекті сұрақтары..................................................5

1.2 Атырау өңірінің экологиялық ахуалы...............................................................12

1.3 Атырау  Қазақстаннның  маңызды өнеркәсіп аймағының бірі.......................13  

 

ІІАТЫРАУ ӨҢІР АУАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2.1 Каспий өңіріндегі мұнай тасымалдау саласының Атырау ауасының эколо-гиялық жағдайына әсері............................................................................................15

2.2 Атыраудың маңайындағы  мұнай өңдеуші зауыттың өндіріс қалдықтары.....18

2.3 Өндіріс қалдықтарының атмосфералық ауаға әсері.........................................19

2.4 Атыраулықтарды  алаңдататын  мәселелердің бірі - Каспий аймағының экологиялық мәселелері............................................................................................21  

 

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................27  

              

КІРІСПЕ 

 

Дүниежүзілік Денсаулық  Сақтау Ұйымының құжаттарында ашық айтыл-ғандай, адам денсаулығына дәрігерлік саланың жұмысынан 10 пайыз ғана пайда болса, оның 40 пайызға жуығы табиғат жағдайына, экологияға байланысты екен. 

Кеңес дәуірінде “табиғатқа жалынбаймыз, одан өз керегімізді тартып аламыз” деген ұран аяғында егіндік, шабындық жерлеріміздің тозуына, топырақтың эрозияға ұшырауына, балықтың азаюына, атмосфераның бүлінуіне әкеліп соқтырғанын көрдік. Ал қоршаған ортаның қолайсыздығынан адамның денсаулығына келетін зиян аса қауіпті екенін жоғарыда айтып кеттік.

Ата Заңымыздың 1 бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп, алтын әріптермен жазылған болса, осы Заңның 29, 31 баптарында Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы барлығы және мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды деп ашып көрсетілген [1].

Халықтың денсаулығын  қорғау - мемлектіміздің қауіпсіздігінің  бір кепілі. Сондықтан да халықтың денсаулығын экологиялық қолайсыз жағдайлардан қорғау, елді мекендерде қоршаған орта нормативтерін сақтау, өнеркәсіп нысандарын елді мекеннен тысқары жерге шығару, экологиялық себептерден болған ауруларды емдеу үшін клиникалық орталықтар құру, халықтың денсаулығына экологиялық тұрғыдан келген зиянды өтеу бүкіл мемлекеттік органдар мен сот органдарының қатаң бақылауында болғаны абзал.

Тақырыптың өзектілігі. Адамның  көңіл – күйі мен өмір тіршілігі қоршаған ортаның жағдайымен өте тығыз байланысты. Адамдардың табиғатқа, оның ресурстарына ойсыз араласуы жер шарының климатының өзгеруіне, Дүниежүзілік мұхиттардың ластануы, шөлді – шөлейтті жерлердің кеңейуіне, ормандардың азаюына, қышқылды жаңбырлармен келетін күкірт және азот оксидінің мыңдаған тонналарының жер бетіне әкеліп отыр, ал олардың жан-жануарлар мен өсімдіктерге кері әсерін тигізіп жатқандығы белгілі. Қала-лардағы атмосфера ауасының шаңмен, түтінмен, күлмен сол сияқты көміртегінің оксидімен, күкірт ангидридімен, азоттың оксидтерімен ластануы өте жоғары болып тұр. 

Заманауи мұнай өңдеу зауыттарында жүйелі инженерлік-технологиялық және санитарлық-гигиеналық шаралардың кең көлемде өткізілгеніне қарамастан, жұмысшылардың денсаулығына жағымсыз әсер ететін зиянды өндіріс факторлары бар. Бұларға көмірсутегі, күкіртсутегі, көміртегі тотығы, күкірт ангидриді, азот тотығы, бензол, фенол және басқа зиянды заттарды және де қолайсыз микроклимат жағдайлары, шу, дірілдерді, жүйке жүйелеріне ауыртпашылықтарын жатқызуға болады..Өте жиі таралған спецификалық емес ауруларға ас-қорыту ағзаларының, әсіресе гепато-билиарлық жүйенің, өкпе-бронх және жүрек қан-тамыр жүйесінің аурулары жатады, бұлардың пайда болуына әр-түрлі химиялық факторлар орын алады. Атырау мұнай өңдеу зауытында әлі күнге дейін жүйелі гигиеналық зерттеулер жүргізілген жоқ.. Сондықтан бұл өзекті мәселелердің көптеген сұрақтары белгісіз боп қалып отыр және әріқарай зерттеуді талап етеді.  

 Өндірістің технологиялық қайта қалыптасуын ескере отырып, алғаш рет Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысшыларының денсаулығы және еңбек жағдайы туралы кешенді сипаттама ұсынылды, зерттелетін өндірістегі оператор, машинист және слесарлардың денсаулығына жағымсыз әсер ететін гигиеналық жетекші зиянды заттардың өндірістік факторлары-кәсіби қауіпті топтары анықталды. Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмыс істейтін негізгі кәсіби топтағы адамдардың ағзасының функционалдық жағдайын бағалау бойынша кешенді өткізілген физиологиялық тексерістер, ауыспалы жұмыс істеу динамикасында физиологиялық критерилер бойынша операторлар мен машинистердің еңбегін орташа ауырлық жұмыс санатына, ал слесарьлардың еңбегін 3 класты ауыр жұмысқа және жүйке жүйесінің ауыртпалылығын дәлелдеді. 

Курстық жұмыстың мақсаты: Атырау өңірі атмосфера ауасының экологиялық жағдайы бойынша мәліметтер жинақтап, зерттеу жүргізу.

Мысалы, Атырау өңірінің экологиялық жағдайы нашар. Климат тым континентті, қысы суық, желі қатты, жазы ыстық, жауын-шашыны аз, құрғақшылық басым.Төбеден шақырайған күн радиациясы жаз бойы апталап соғатын желмен қосылып, ауаны жылытып жібереді. Оның үстіне ұзақ жылдар бойы елімізге мұнай мен газ беріп келген өңірдің экологоиялық жай күйіне көңіл айтарлықтай бөлінген жоқ. Облыс жері бұрынғы теңіздің орны. Соңғы жылдары Каспий теңізі көтеріліп келеді. Орман, Жасыл желеңді алатын болсақ бұл жайт облыста өте қиын. Осыдан 6 жыл бұрын әр қала тұрғынына жасыл желең 5,3 ш/метрден болса, қазір бұл көрсеткіш 2 ш/метрге дейін төмендеген. Ал норма бойынша 12 ш/м болуы керек. 

Азғыр, Тайсойған әскери полигондарынан ұшқан ракетаның сынықта-рынан аяқ алып жүретін жол жоқ. Оларды жинақтау, көму жұмыстарының жүрісі нашар. Облыста бірде – бір таза су көзі жоқ, уақ өзен, көлдер әбден ластанған. Оның үстіне су тазартқыш қондырғылар өте аз.Сол себепті көп ауру осы су көздерінен тарайды.

Курстық жұмыстың міндеттері:

-    Атырау облысын маңызды  өндірістік  аймақ ретінде қарастыру;

- Атырау облысының өнеркәсіптерінің  тастауларын бағалау;

- Тастауларды тазалау үшін қалдықсыз технологияның элементтерін пайдалану;

- Атырау өңірінің экологиялық жағдайын зерттеу.  

 


Информация о работе Атырау өңірінің экологиялық жағдайы