Ауыр металдармен улану кезіндегі лимфа жүйесінің өзгеруі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2015 в 19:54, дипломная работа

Описание работы

Мақсаты: Ванадий иондары әсер еткенде лимфа жүйесінің функционалдық ауытқуларын зерттеу.
1. Ванадий иондарының жедел дозасы әсер еткенде лимфа тамырының өздігінен жиырылу белсенділігінің ауытқуларын зерттеу.
2. Ванадий иондарының созылмалы дозасы әсер еткенде лимфа тамырының өздігінен жиырылу белсенділігінің ауытқуларын зерттеу.
3. Ванадий иондарының жедел дозасы әсер еткенде лимфа тамырының биологиялқ белсенді заттар беру фонында жиырылу белсенділігінің ауытқуларын зерттеу.
4. Ванадий иондарының созылмалы дозасы әсер еткенде лимфа тамырының биологиялқ белсенді заттар беру фонында жиырылу белсенділігінің ауытқуларын зерттеу.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ...........................................................................................5
1.1 Ауыр металдарға жалпы сипаттама.................................................................5
1.2 Жекелеген ауыр металдар.................................................................................6
1.3 Ауыр металдардың таралуы...........................................................................12
1.4 Ауыр металдардың қолданылу аймағы.........................................................15
1.5 Металдардың организмге түсуі......................................................................17
1.6 Ауыр металлдардың ағзадағы айналымы мен жиналуы және бөлінуі.......21
1.7 Ауыр металдардың экологиялық сипаттамасы............................................22
1.8 Лимфа жүйесі...................................................................................................30
1.8.1 Лимфа жүйесінің анатомиясы мен дамуы..................................................30
1.8.2 Лимфаның физиологиясы............................................................................36
2 МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ…………………………....43
2.1 Тамырлардың жиырылғыштық белсенділіктерін зерттеу тәсілдері……...43
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ………………………………………..45
3.1 Ванадийдің әсер ету кезіндегі кеуде лимфа жолдарының жиырылғыштық белсенділігінің өзгеруін бақылау нәтижелерін талдау………………………..45
3.2 Адреналиннің әсер етуіне байланысты жануарлардың кеуде жолдарындағы кездейсоқ ырғақты жиырылулар……………………..…….…47
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….......55
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Сагиева Назерке. Эг41.doc

— 557.00 Кб (Скачать файл)

Лимфа түйіндері (nodi lymphatici) — биологиялық фильтрлер, сонымен қатар антиденелерді түзуші және лимфоцитопоэзы функцияларын атқарушы иммундық жүйенің перифериялық мүшесі болып табылады [38].

Лимфа түйіндері лимфа тамырларының қосылған жерінде жасушалардың жинақталуынан түзіледі. Олар қантамырлардың айналасында орналасады. Лимфа түйіндерінің пішіні - домалақ, сопақша, үрмебұршақ тәрізді (иммунды жүйені естеріңе түсіріңдер). Лимфа түйіндерінің бір жағы ішке қарай кіріңкі, ойыстау болады. Осы ойыстау жерінде артерия қантамырлары мен жүйкелер орналасқан. Лимфа түйіндерінің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген тығыз қаптама қаптайды. Лимфа түйіндерінің орналаскан жері: қолтық, шап, мойын,құрсақ қуысы, шынтақ пен тізенің бүгілісі, астыңғы жақсүйeк және т. б. Кейде лимфа түйіндері жиналған бактериялардың әсерінен қабынып, ісіп кетеді. Мысалы, баспамен ауырғанда мойындағы түйіндер іседі (без шошиды). Лимфа түйіндері қан түзілу үдерісіне, ағзаның қорғаныш реакциясына қатысып, лимфа ағынын реттейді. Лимфа түйіндері әр түрлі жұқпалы ауруларды туғызатын бактерияларды қанға жібермей, жояды. Олардың уларын зиянсыз етеді. Лимфа түйіндерінде «қарсыдене» деп аталатын ерекше жасушалар түзіледі. Ірі лимфа тамырларын лимфа өзектері деп атайды. Ең ірі кеуде лимфа өзегі құрсақ қуысында орналасқан. Оған аяқтан, жамбас және құрсақ қуыстарынан лимфа сұйыктығы жиналады. Кеуде лимфа өзегі мойын тұсында орналасқан. Ол сол жақтағы қолтықасты вена тамырларына келіп қосылады. Сонымен, лимфа жүйесіне - лимфа қылтамырлары, лимфа тамырлары, лимфа түйіндері және лимфа өзектері жатады.

Лимфа жүйесінің қызметі:

    • Ұлпа сұйықтығының қанайналым жүйесіне қосылуына көмектеседі.
    • Лейкоциттер түзеді.
    • Ағзаға түскен бөгде денелер мен бактерияларды ұстап, биологиялық сүзгі қызметін атқарады.
    • Аш ішек бүрлеріндегі майларды сіңіруге қатысады.

 

Қазіргі таңда морфологтардың, физиологтардың, клиницитердің негізгі құрамдас бөлігі лимфа ағыны болып табылатын микроциркуляторлық ағынның аспектілерін зерттеуге деген қызығушылықтары артып отыр. Лимфаайналым лимфа жүйесі мен лимфа капиллярларының тамырларының белсенді жұмысымен байланысты. Олар ұлпалардан суды және онда еріген заттарды сіңіреді, қан капиллярларына сіңбейтін коллоидты нәруыздың ерітінділері мен липоидты эмульсияларын резорбтайды. Ас қорыту жолындағы сіңіру процестерін зерттеу оның әр түрлі бөлімдерінен ағатын лимфаның құрамын зерттемей толық бола алмайды. Бірақ лимфа жүйесімен жұмыстың күрделілігіне байланысты, лимфаны кейбір мүшелерден алу тәсілі зерттеушілерге қолайсыз, кейде тіпті жоқ. Бұл жағдай көптеген мүшелер қатарының лимфа ағының зерттеуде қиыншылықтар туғызады, және де тәжірибелік және клиникалық морфологияның көптеген сұрақтары деталды зерттеу мен шешім қабылдауды қажет етеді [39]. «Постнатальды онтогенез кезеңіндегі иттердің асқазанындағы лимфа ағынының морфологиялық ерекшеліктері» зерттеуінің мәліметтерін жалпылай келгенде, айта кететін жайт, лимфа ағыны иттердің асқазанының барлық қабықтарында бар. Ол өзара байланысып отыратын лимфа капиллярларынан, посткапиллярлардан және асқазанның бірегей дренажды жүйесін құрайтын интрамүшелік лимфа тамырларынан тұрады. Иттердің асқазанының микроциркуляторлық ағынының морфометриялық көрсеткіштері постнатальды онтогенез кезеңінде жануарлардың жасына тура пропорционал артып отырады. Иттердің асқазандарының экстрамүшелік лимфа ағынының құрамына лимфаны аймақтық лимфалық түйіндерге енгізетін қалыптасқан лимфа тамырлары кіреді, және де оларды лимфадан әр түрлі бағытқа тарататын эфферентті лимфа тамырлары кіреді. Тамырдың бұрандылығының ұзындығы, диаметрі, коэффициенті жануардың жасына байланысты және тамырдың реттілігіне байланысты қатынас орнатады, ал қақпақша индексі – бұл көрсеткіштерге кері пропорционал болып табылады.

Лимфа жүйесінің ең ұсақ тамырлары – лимфа капиллярлары – дененің барлық мүшелердің барлығында дерлік орналасқан. Лимфа капиллярлары лимфа жүйесінің бастапқы бөлімдері («тамырлары») болып табылады. Олар мүшелерде және олардың қабықшаларында, қан тамырларының айналасында (периваскулярлы лимфа тамырлары) және ағыстарында (бездерде) ,тұйық торлар түзеді, сонымен қатар мүшелер стромасында бос қосымшалар күйінде болуы мүмкін [40]. Қылтамырлар жүрекке бағытталып әдетте күретамырдың бойымен жылжыйтын лимфа жолдарына бірігеді. Лимфа жолдары кеуде қуысының жанында орналасқан екі басты лимфа жолдары – оң жақ лимфа жолы мен кеуде жолына құйылады. Соңғылары бұғана жанындағы күретамырға құйылады, осылайша лимфа және қан тамыр жүйесін құрайды. Әрбір мүшеден немесе дене бөлігінен түрлі лимфа түйіндеріне баратын бағыттаушы лимфа жолдары шығады. Лимфа жолдарында белгілі бір орында лимфа түйіндері орналасқан – әр түрлі өлшемді және формадағы тығыз консистенцияның түзілімдері. Ю.И. Бородин академигінің концепциясына сәйкес лимфа аймағына прелимфатиктер, лимфа жолдары және лимфа түйіндері жатады. Лимфа түйіндері лимфа ағының анатомиялық құрамдас бөлігі бола тұра, орталық жүйке жүйесіндегі сұйықтықтың ұлпалық дренажының маңызды буыны болып келеді. Бас миы үшін аймақтық болып терең және беткейлік мойын лимфа түйіндері, сонымен қатар кеуде, бел және құйымшақ бөлігінің паравертебральді лимфа түйіндері саналады [41].

Жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлар мен адамдардың лимфа түйіндері («бездері»), лимфа жүйесінің мүшелері. ЛТ (лимфа түйіндері) сопақша пішінді болады және белгілі бір орындарда топпен орналасады, әсіресе қан тамырлардың жолдарында борпылдақ дәнекер ұлпасымен тұмшаланған.  Дәнекер ұлпалы капсулада болатын ретикулярлы ұлпадан тұратын лимфа түйіндері лимфоциттерді түзеді. Біршама тұрақты және түйіндердің көптеген топтары мойын, кеуде (ауатамыр мен кеңірдектің маңында), қарын, шап аймағында, жауырын астындағы ойыста орналасқан. Олар иммунобиологиялық процесстер мен лимфа ағының реттелуіне «жауап береді». Лимфа түйіндері олар арқылы ағатын лимфалар үшін биологиялық фильтрлер болып табылады; патологиялық жағдайларда лимфа түйіндері лезде ұлғаюлары мүмкін. Лимфа түйіндері белгілі бір жерлерде топпен орналасады, борпылдақ дәнекер ұлпалармен тұмшаланған, әсіресе қан тамырларда. Әрбір түйінге бірнеше тасымалдаушы лимфа тамырлары ағады. Мұнда лимфа ағыны баяулайды, ол жас жасушалық элементтермен байып, тасымалдаушы лимфа тамырлары арқылы ағып шығады [42]. Осының негізінде лимфа түйіндерінің жасушалары экзо- және эндогенді шығу тегі бар түрлі уытты заттектердің тотығуына белсенді түрде қатысады деп қорытынды жасауға болады. Лимфа түйіндеріне түсетін бөтен заттектердің деградациясы макрофагальді қатардың жасушаларында және синустардың эндотелийлерінде жүреді. Бұдан басқа токсиндердің жасушадан тыс – аралық және ми синустарының саңылауларында биотрансформациясының мүмкіндігін есепке алу қажет [43].

Лимфа түйіндері (лимфатические узлы); (nodi lymphatici, лат. nodi - түйін, lympha - таза су, ылғал) - пішіні дөңгелек немесе сопақша келген, лимфа тамырларының бойында орналасқан, лимфоциттердің түзілу процесі (лимфоцитопоэз) жүретін шеткі қантұзу мүшесі. Лимфа түйіндері сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Ол коллаген талшықтарынан, аздаған эластин талшықтарынан және миоциттерден құралған. Дәнекерүлпалық қапшықтан лимфа түйіндері ішіне тарала енетін дәнекерүлпалық перделікгер бір-бірімен торлана жалғасып, лимфа түйіндерінің негізін (стромасын) құрайды. Олардың аралықтарында лимфа түйінінің негізгі қызметтерін атқаратын оның паренхимасы орналасады. Паренхиманың негізін ретикулалы ұлпа құрайды. Лимфа түйіндері сыртқы — қыртысты заттан, ішкі — бозғылт заттан және осы заттардың аралығындағы — қыртысмаңы (паракортикальды) аймақтан тұрады. Қыртысты затты лимфобласттардан, макрофагтардан, дендритті жасушалардан және лимфоциттерден түзілген лимфа түйіншелері және қапшық пен түйіншелер аралығындағы шеткі қойнау құрайды. Бозғылт затты перделікгер, орталық қойнаулар, лимфоидты ұлпадан құралған жүмсақ баулар түзеді. Қыртысмаңы аймағын перделікгер, аралық қойнаулар мен төменгі лимфа түйіншелері және жұмсақ баулар құрайды. Шеткі, аралық және орталық қойнаулармен ретикулалы ұлпа арқылы лимфа сүзіле ағып, механикалық және биологиялық тазартулардан өтеді. Лимфа түйіндерінде фагоцитоз арқылы бөгде заттар жойылады, Т-және В- лифоциттер, иммунды денелер түзіледі. Лимфа түйіндері организмдегі қорғаныс және қантұзу қызметтерін атқарады.

Лимфа жүйесінің функциялары алуантүрлі. Лимфа жүйесінің көп функционалдылығы организмдегі гоместазды ұстап тұру үшін маңыздылығын анықтайды. Организмде лимфа жүйесі көптеген және маңызды функцияларды атқарады, олардың бірі барьерлік функция. Барьерлік функцияның ерекшелігі болып организмнің өзінің ерекше физиологиялық механизмдерінің арқасында ішкі ортасын (қан, лимфа, ұлпалық сұйықтық) сыртқы әсерлерден қорғау мен оның құрамының, химиялық, физикалық және биологиялық қасиеттерінің салыстырмалы тұрақтылығын сақтау  қабілеті саналады. Лимфа жүйесі патологиялық процесске қатысатындығы көрсетілген. Лимфа ағының баяулауы, тромбогенді процесстер деңгейінің байқалатындай жоғарылауы, лимфа мен қан тұтқырлығының жоғарылауы қан мен лимфаның реологиялық қасиеттерінің нашарлануын көрсетеді. Адренергиялық иннервацияның деструктивті өзгерістері тамырлардың функциясының бұзылуына әкеледі, бұның барлығы тамырлардың ұлпалық гомеостазына кері әсерін тигізеді [44]. Лимфа жүйесі лимфалық (иммундық) мүшелермен, әсіресе екінші реттіліктермен (перифериялық) тығыз байланысты және осылайша иммунитеттің түзілуінде өте маңызды рөл атқарады [45].

Қазір лимфология жылдам темппен дамуда. Ұлпалардың лимфалық дренажының ынталануы түрлі аурулар кезіндегі (әсіресе ауыр ауруларда) патогенетикалық терапияның принциптерінің бірі ретінде бағаланады. Көптеген аурулар лимфа жүйесінің түрлі бөліктерінің зақымдалуымен қатар жүреді [46].

 

 

1.1.2 Лимфа физиологиясы

 

Соңғы жарты ғасырда лимфалық және лимфоидтық жүйенің анатомиясы мен физиологиясы бойынша мәліметтерді пайдаланатын клиникалық лимфология қарқынды түрде дамыды. Бұрында организмнен метаболиттер мен уытты заттектерді шығару негізінен қандай да бір бөліп шығаратын жүйелер арқылы ағатын қан функциясына жатады деп есептелетін. Гиппократ негіздеген гуморальді бағыт жиырма ғасырлық тарих бойы гуморальді орталар мен гуморальді транспорт туралы ғылымдардың қазіргі сипатына ие бола отырып үнемі түрөзгеріске ұшырап отырды. «Қан – ұлпа – лимфа – қан» тізбегінде жалпы қан айналым мен қозғалыс кіретін гуморальді транспорт жүйесі функционалды түрде бірыңғай деп есептеледі. Қазір лимфа бөліп шығарушы жүйемен тығыз байланысты екендігі анықталған, ол перифериясы бар түйінге ағып, түйіннің ұлпасы арқылы онда шөгінді бөлшектерді қалдыра отырып (микробтар және т.б.) фильтрленеді. Организмнен уытты заттарды түрлі жолдармен шығару бірыңғай дренажды жүйе – лимфоқантамырлы ағынның үйлесімді жұмысы кезінде мүмкін болады.

Лимфаны ғылыми зерттеу бұрыннан басталған. Алайда оны қарқынды зерттеу салыстырмалы түрде жақында басталды. Омыртқалы жануарлардың эволюция процессінде лимфа жүйесінің транспорттық функциясының дамуы мен құрылуы лимфомоторлық аппараттардың лимфа тасымалындағы рөлінің өсуі арқасында жүзеге асырылды. Рептилиялар өкілдерінде алғаш рет байқалған лимфалық тамырлардың лимфа транспортына қатысуы тамырлардың кенеттен болатын жиырылғыштық белсенділігінің түзілуі арқылы жүрген [47].

Лимфа – әлсіз сарғыш түсті, шылқыма иісті және ащылау дәмі бар және интерстицийден оңай өткізетін эндотелий қабатымен бөлінген интерстицийлі сұйықтық болып келеді. Лимфа лимфалық қылтамырларға өтетін ұлпалық сұйықтық негізінде түзіледі. Лимфада патологиялық жағдайлар кезінде түсіп келетін тромбоциттер мен эритроциттерден басқа қандағы сияқты барлық формалық элементтер болады. Зат алмасудың тұздардың, азоттық және азотсыз өнімдерінің құрамы шамамен қан плазмасындағыдай. Алайда мүшелердегі зат алмасудың өзгеруі қанға қарағанда лимфа құрамының лезде өзгеруін тудырады. Бұл лимфаның мүшелер жасушаларына жақындығымен және лимфа ағының баяулығымен шартталады. Лимфадағы ақуыздық денелердің болуы плазмаға қарағанда азырақ болады. Дене бітімін толтыратын ұйыма сұйықтықтарда ақуыздығ мөлшері тым аз, пайыздың ондаған бөлігін құрайды. Лимфа тамырларынан, әсіресе кеуде ағынынан жиналатын лимфада ақуыздардың мөлшері біршама көбірек – 0,3-тен 5%-ға дейін, мұнда сонымен қатар альбуминдер мен глобулиндер болады. Құрамы жағынан ерекше болып ішектің түктерінен ағатын лимфа саналады. Ішектің қоректік заттектерді сіңірген кезінде майлар түктердің лимфалық кеңістігіне түседі. Ағып кететін лимфа бұл кезде майларға бай болады (3—4%-ға дейін), ақшылттау түрде болады және сүттіген шырын деп аталады (chylus) [48]. Лимфа ұлпалық сұйықтықтардың балансын тұрақты ұстауда маңызды рөл атқарады. Қазіргі кезде түрлі патологиялық процесстер кезінде эндо- және экзотоксиндер қанға қарағанда лимфаға тезірек түсетіндігі анықталған. Организмнен «уланған лимфаны» қуыс тетіктелген кеуде ағыны арқылы шығарудың жоғары тиімділігі тәжірибе жүзінде және клиникада да дәлелденген. Патологиялық процесстер кезінде құрсақ қуысында лимфа қысымының кеуде лимфа ағынында өзгеруі мен лимфа түсінің өзгеруінен байқалатын лимфаның лимфодинамикалық және физика-химиялық параметрлерінің бұзылуы жүреді. Бауыр циррозы кезінде кеуде лимфатикалық ағынындағы лимфа қысымының жоғарылауы лимфа ағының көлемді жылдамдығымен және циркуляцияланатын лимфаның көлемімен қатар жүреді. Механикалық сары ауру, ағылған перитонит және деструктивті панкреатит кезінде осы патологиялардың ауыртпалықтарының асқынуы мен олардың ұзақтығының өсуі шамасы бойынша кеуде лимфатикалық ағынындағы лимфа қысымының төмендеуі лимфа ағынының көлемдік жылдамдығының баяулауына әкеледі [49].

Организмдегі лимфаның саны нақты анықталмаған. 60 кг дене салмағы бар адамдардың лимфалық тамырларында тыныштық күйінде, аш қарын жағдайында лимфа шамамен 1200-1500 мл мөлшерде болады және алдымен лимфоциттерден тұрады (кеуде жолындағы лимфада олар 1 мм3-де 20000-ға дейін болады). Адамда бір тәулікте кеуде жолы арқылы қанға лимфоциттердің 35 546 млрд. мөлшері түседі. Қанның сияқты реологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын лимфаның негізгі қасиеттерінің бірі лимфа түзілуінің бұзылысы кезінде өзгеруі мүмкін лимфаның перифериясынан ағатын тұтқырлық болып табылады, сонымен қатар бірнеше факторларға байланысты – формалық элементтердің икемділігі, рН орта, температура, плазмадағы формалық элементтердің саны. Лимфаның тұтқырлығы лимфа тамырларының механикалық қасиеттері – қалыңдығы мен радиусын сипаттайтын өлшемдердің өзгерісі кезінде өзгеруі мүмкін. Лимфаның реологиялық қасиеттері де лимфа плазмасы тұтқырлығының, оның ақуыздары құрамының барлық мүмкін өзгерістерімен сипатталады.

Лимфа – бұл организмнен барлық қалдықтардың шығуына жауапты организміміздің канализациясы. Бүкіл дене бойымен айнала отырып, ол токсиндерді, қалдықтарды, өлі жасушаларды, жасушалар әрекетінің өнімдерін және жасушаралық кеңістіктегі артық сұйықтықты жинақтап, оларды «фильтрация станциясына» немесе адам организмінде шашыранқы орналасқан лимфа түйіндеріне тасымалдайды. Лимфа түйіндері ақырында жүрекке жақын орналасқан екі ірі күретамырларға құйылады, осылайша лимфа қан тамыр ағымына оралады, мұнда ары қарай өнделіп, бөліп шығарушы мүшелерге тасымалданады. Ары қарай лимфаның барлық ағындары ішекке қарай ұмтылып, қалдықтар организмнен шығарылады.

Дененің алыстағы бөліктерінен немесе мүшелерден лимфаны жинау қасиетіне ие лимфа түйіндері бірінші болып патологиялық процесске қатысады, аурудың бар болуын және шоғырлануын анықтауға мүмкіндік береді. Лимфаның негізгі қозғалыс күші болып өз кезегінде қабырғаларында миоциттердің орналасуымен және болуымен шартталған лимфангиондардың жиырылғыштық қызметі саналатындығы морфологиялық түрде дәлелденген және тәжірибе жүзінде негізделген. Практикалық медицинада лимфа айналымының негізгі теориясын пайдалану аурудың даму дәрежесі, лимфа ісігінің, ісіктің микро метастаздарының және т.б. пайда болуы белгілі бір шамада миоциттердің лимфангиондар қабырғаларында зақымдануымен анықталатындығын дәлелдеді [50].

Лимфаның қозғалуы қаңқа бұлшықеттерінің және ішкі мүшелердің тамырларына қылтамырлардың ішіне үнемі келіп тұратын тамырлардың соғуы мен сұйықтықтардың қысымымен үнемі қысым түсіру арқылы жүзеге асырылады. Құстарда, сүтқоректілерде және адамда тамырларында лимфаға тек бір бағытта ағуға мүмкіндік беретін қалта тәрізді клапандар болады. Лимфаның қозғалысы оның лимфа қылтамырларында түзілу кезінен басталады, сондықтан қан тамыр қылтамырларынан сұйықтық фильтрациясының жылдамдығын ұлғайтатын факторлар сонымен қатар лимфаның түзілуі мен қозғалысының жылдамдығын ұлғайтады. Лимфа түзілуін ұлғайтатын факторлар болып қылтамырлардағы гидростатикалық қысымның жоғарылауы, функцияланушы капиллярлардың жалпы беткейінің өсуі (мүшелердің функционалдық белсенділігі өскен кезде), қылтамырлар өткізгіштігінің артуы, гипертониялық ерітінділерді ендіру саналады. Лимфа түзілуідің афферентті жүйке талшықтарының тітіркенуіне жауабы сипатталған (Л.А. Орбели лабораториясының деректері); венгер зерттейшілерінің (Дишван және қызметкерлері) айтуынша, симпатикалық тізбекті жойғаннан кейін аяқ-қол лимфа тамырларына кіретін сұйықтықтың лимфа жүйесінде тежеліс азаяды. Лимфаның лимфа тамырларында ағу жылдамдығы өте баяу екендігі мәлім. Ол қанның күретамыр арқылы ағу жылдамдығынан ондаған есеге азырақ болып келеді. Осылайша, жылқының мойынындағы басты лимфа тамырларында лимфаның қозғалыс жылдамдығы минутына 270-300 мм анықталған. Төменгі сатыдағы омыртқалыларда – балықтар, амфибиялар және рептилияларда – лимфа «лимфа жүрекшелерінің» автоматты жиырылуының көмегімен қозғалады – қалың бұлшықет қабырғалары бар лимфа тамырларының кеңейтілген бөліктері. Адамдарда және жоғары сатыдағы омыртқалы жануарларда лимфаның қозғалысы келесі факторлармен шартталған. Лимфаның жаңа мөлшері түзілген кезде соңғысы бұрын лимфа қылтамырларын толтырғанды механикалық түрде ығыстырады. Ұсақ лимфа тамырларында лимфаның қысымы 8-10 мм құрайды. Сол жақ күретамыр бұрышына түсетін жерде, кеуде ағынында лимфаның қысымы ірі күретамырлардағыдай болады, яғни атмосфералық қысымнан төменірек. Осылайша, лимфаның ағынын шарттайтын қысымның біраз айырмашылығы қалыптасады. Ары қарай, қаңқа бұлшықеттері жиырылған кезде лимфа тамырлары мен ұлпа аралық саңылаулардың жеке бөліктері мыжылады, олардан лимфа ығысады. Лимфа тамырларында болатын клапандар лимфаның артқа қарай ағуын болдыртпайды да, осыменен оның кеуде ағынына қарай жылжуына жағдай жасайды. Ақырында, лимфа лимфа тамырларының перистальтикалық жиырылуының арқасында қозғала алады. Ұлпааралық сұйықтық пен лимфа қозғалысының баяулығына қарамастан, иттерде кеуде ағыны арқылы бір тәулік ішінде дене салмағының бестен бір бөлігіне тең сұйықтықтың мөлшері өтеді (Р. Гейденгайн). Лимфа қозғалысы механизміндегі лимфа түзілуінің рөлі лимфаның лимфа қылтамырлары мен постқылтамырларынан тасымалдаушы лимфа тамырларына ауысуы үшін қажетті бастапқы гидростатикалық қысымның қалыптасуына негізделеді [50, 51].

Информация о работе Ауыр металдармен улану кезіндегі лимфа жүйесінің өзгеруі