Қазақстан демографиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 12:22, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тіркелді. 1999 жылғы санаққа дейінгі аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кеміген. Мұның басты себебі бұрын қуғын-сүргінге ұшырап, Қазақстан жеріне көшіріліп, қоныстандырылған өзге ұлт өкілдерінің, әсіресе, орыстардың, украиндардың, немістердің, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендеріне көшіп кетуі болды. Өсу тек Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердің саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады. Соңғы он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгеріс болды.

Файлы: 1 файл

Қазақстан демографиясы.docx

— 46.34 Кб (Скачать файл)

Қазақстан демографиясы

Қазақстан түрлі халық  өкілдерінің әнұран шырқау сәті

Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың  адам тіркелді. 1999 жылғы санаққа  дейінгі аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кеміген. Мұның басты  себебі бұрын қуғын-сүргінге ұшырап, Қазақстан жеріне көшіріліп, қоныстандырылған өзге ұлт өкілдерінің, әсіресе, орыстардың, украиндардың, немістердің, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендеріне көшіп  кетуі болды. Өсу тек Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердің саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады. Соңғы он жылда  ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгеріс болды. Мыс., қазақ ұлты 1468,1 мың адамға (22,9%) көбейіп, республика халқының жартысынан астамын (53,4%-ын) құрады. Сондай-ақ, күрд (29,1%-ға), дүнген (23,3%-ға), ұйғыр 15,9%-ға), өзбек (12%-ға) халықтарының саны да өсті. Оның есесіне орыс ұлты өкілдерінің саны 1582,4 мың адамға (26,1%-ға) кеміді, немістер 593,5 мың (62,7%), украиндар 328,6 мың (37,5), татарлар 71,7 мың (22,4%), беларусьтер 66 мың (37,1%) адамға кеміген.

1897 ж. бүкілресейлік халық  санағының мәліметі бойынша, қазіргі  Қазақстан аумағындағы халықтың 80%-ын қазақтар, 12%-ын славян тектес  халықтар құраған. 1897 – 1913 ж. аралығында  мұндағы халық саны қоныс аударған  орыс, украин, беларусь, татар, ұйғыр,  дүнген, т.б. шет жұрттықтар есебінен 1 264,0 мың адамға көбейген. Қазақстан  аумағындағы халық санының өсу  көрсеткіші мынадай: 1897 ж. 4333 мың  адам, 1913 ж. – 5597 мың, 1939 ж. 6082 мың, 1959 ж. 9295 мың, 1970 ж. 13009 мың, 1979 ж. –  14684 мың. Кеңестік дәуірде, әсіресе, 1930 жылдан кейін Қазақстан жеріне  сырт өлкеден халық толассыз  келумен болды. 1937 – 44 ж. тұтас  халықтарды ата жұрттарынан Қазақстан  аумағына күштеп көшіру науқаны  жүргізілді. 1937 ж. алғашқылардың  бірі болып Қиыр Шығыстағы  корейлер көшірілді. Олар негізінен  Қазақстанның оңт. және оңт.-шығыс  аудандарына қоныстандырылды. Сол  жылы Армения және Әзірбайжаннан, 1944 ж. Грузиядан күштеп көшірілген  күрдтер Қазақстан мен Орта  Азияға қоныстандырылды. 2-дүниежүз. соғыс қарсаңында КСРО ХКК-нің  1940 ж. 18 қазандағы қаулысымен Қазақстанға  Украина мен Беларусьтің батыс  облыстарынан поляктар көшіріліп  әкелінді. Олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солт. Қазақстан, Семей  облыстарына ірге тепті. Соғыс  басталысымен 1941 ж. КСРО-ның батыс  аймақтары мен Еділ бойынан  неміс жұртшылығы, сонан соң 1944 – 45 ж. Украинада, Беларусьте, Балтық жағалауында тұратын немістер  көшірілді. 1943 ж. қазанда қарашайлар  Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарына,  сондай-ақ, Қырғызия мен Өзбекстанға  көшірілді. Одақтық үкіметтің  1943 ж. күзде қабылдаған шешімі  бойынша келесі жылдың көктемі  мен күзінде Қазақстанға Солт. Кавказ бен бұрынғы Қалмақ  АКСР-нан арнайы қоныс аударушылар  Қазақстанға тұрақты мекендеуге  көшірілді. 1944 ж. ақпанда Қазақстан  аумағына чечендер мен ингуштер  жер аударылды, ал наурыз айында  Қазақстанның оңт. аймағына және  Қырғызияға балқарлар әкелінді. Л.Берияның “Қырым АКСР-ның аумағынан  Кеңеске қарсы элементтерді тазарту  туралы” 1944 ж. 13 сәуірдегі бұйрығымен  Қырым татарларын, болгарлар мен  гректерді көшіру науқаны жүргізілді. Олар Өзбекстанға және Қазақстанның  оңт. аймақтарына қоныс тепті. 1944 ж. 13 маусымда Мемл. қорғаныс к-тінің  қаулысымен Грузиядан көшірілетін  арнайы қоныс аударушыларды респ. аумағына қоныстандару туралы  Қазақстан үкіметіне өкім берілді. 1944 ж. қарашада Грузиядан Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Талдықорған,  Оңтүстік Қазақстан облыстарына  месхеттік түріктер мен күрдтер  күштеп қоныстандырылды. Бұдан  кейін Қазақстанға басқа халықтардың  көп мөлшерде көшіп келуі тың  және тыңайған жерлерді игеру  кезеңінде (1954 – 56 ж.) және өнеркәсіп  нысандарын қарқынды салу жылдары  (1959 – 65) көбейді. Осы жылдары  Қазақстанда тұратын жергілікті халық саналатын қазақтардың үлесі ең төм. деңгейге жетті (30%). Қазақстан аумағы жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұратын мекенге айналды. 1960 жылдан бастап көшіп келушілер мөлшері біршама азайып, жыл сайынғы мөлшері 60 – 70 мыңдай адам болды. 80-жылдардың екінші жартысынан, әсіресе, 1990 жылдан кейін Қазақстанды мекендеген шет жұрттықтардан көшіп кетушілер саны өсе бастады. Қазақстан халқының саны 2003 ж. қаңтарда 14862,5 мың адамға жетті (қ. 4-кесте).

1990 жылға дейін Қазақстан  халқының демогр. жағдайы тұрғындар  санының ұдайы қарқынды өсуімен,  қалада тұрушылар үлесінің шұғыл  артуымен, ұлттық құрамының қарқынды  араласуымен, халық тығыздығының  біркелкі болмауымен сипатталды. 1990 жылдан кейінгі кезеңде славян, герман тектес тұрғындардың өз  еліне қоныс аударуы көбейіп,  республика халқы едәуір азайды, қазақ және басқа түркі тектес  халықтардың үлесі артты, сондай-ақ, нарықтық қатынастарға байланысты  ішкі көші-қонның әсерімен қала  тұрғындарының саны өсе бастады.

Төңкеріске дейін Қазақстан  қалаларында жалпы халықтың 9,7%-ы  тұрды. Соғысқа дейінгі жылдарда қала халқының өсуіне Қазақстанның бай  минералдық шикізат қорларын игеру, ірі т. ж. құрылыстарын салу, т.б. факторлар  әсер етті. 1939 ж. қала халқы 3,3 есе өсіп, қалалық елді мекендер саны 81-ге жетті. Соғыс жылдарында жаңадан 28 қалалық  елді мекен пайда болды. 100 мыңнан астам тұрғыны бар қалалар  халқының үлесі 1939 ж. 28,8%-дан, 1986 ж. 62,6%-ға артты. 1986 ж. Қазақстанда 83 қала (21 ірі, 11 орта, 51 кіші), 204 кентте жалпы халықтың 58,0%-ы тұрды. 1985 жылдың басында Қазақстанда  ауыл-село халқының саны 1970 жылға қарағанда 5,0%-ға артып, жалпы халықтың 42,9%-ын қамтыды (қ. 3-кесте).

Қазақстан жер аумағы үлкен (2724,9 мың км²) болғанымен халық сирек  қоныстанған елге жатады. Оның аумағының  сәйкес түрде 1 км²-не 5,4 адамнан келеді. Тұрғындар үшін табиғат жағдайы  неғұрлым қолайлы өңірлер – Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары (Алматы қ-н қоса алғанда). Мұнда республика тұрғындарының 37,8%-ы орналасқан, тұрғындар  тығызд. 1 км²-ге 16,9; 6,9 және 7 адамнан  келеді. Салыстырмалы түрде тұрғындары көп келесі аймақтар – Солт. Қазақстан  аймағы: Қостанай, Солт. Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарының аумағы. Мұнда  ел тұрғындарының 24,8%-ы орналасқан, тұрғындар тығыздығы 1 км²-ге 5,2; 7,4; 5,7 және 6,5 адамнан келеді. Шығыс Қазақстанда  республика тұрғындарының 10,2%-ы тұрады, тұрғындар тығыздығы 1 км²-ге 5,4 адамнан. Орт. Қазақстанда (Қарағанды облысы) республика тұрғындарының 9,4%-ы орналасқан. 1 км²-ге 3,3 адамнан келеді. Халық  ең аз қоныстанған аудандар батыс  аймақтар – Маңғыстау, Атырау, Батыс  Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Оңтүстік Қазақстан аймағындағы Қызылорда  облысы Мұнда бүкіл тұрғындардың 17,7%-ы орналасқан, 1 км²-ге келетін  орташа тығыздығы, тиісінше, 1,9; 3,7; 4,1; 2,3 және 2,6 адамнан. 1999 жылғы санақ жүргізілген  кездегі ҚР-ның әкімш.-аумағы бірлігінде 84 қала, 200 кент, 2036 ауылдық округ, 7684 ауылдық елді мекен болады. Ресми  статист. мәлімет бойынша, Қазақстан  тұрғындарының 56%-ы қалалық елді мекендерде, 44%-ы ауылдық елді мекендерде тұрады.

Қала тұрғындары ең көп  облыстар: Қарағанды (қала тұрғындарының  үлесі 82,2%), Маңғыстау (78,4%), Павлодар (63,4%), Қызылорда (60,5%), Атырау (58,2%), Ақтөбе (56,2%), Қостанай (54,2%). Республиканың ең ірі  қалалары – Алматы (1129356 адам), Қарағанды (43664), салыстырмалы түрде ірілері: Шымкент (360078), Тараз (330125), Астана (312965), Өскемен (310950), Павлодар (300503), Семей (269574), Ақтөбе (253088), Қостанай (221429), Петропавл (203533), Орал (195459), Теміртау (170481), Қызылорда (157364), Атырау (142497), Ақтау (143396), Екібастұз (127197), Көкшетау (123389), Рудный (109515). Қалған қалалардағы тұрғындар саны 100 мың адамнан кем (қ. 3-кесте).

Байырғы тұрғындардың үлес салмағы көп облыстар: Қызылорда (94,2%), Атырау (89%), Маңғыстау (78,7%), Ақтөбе (70,7%) облыстары, ең азы – Солт. Қазақстан (29,6%), Қостанай (30,9%), Ақмола (37,5%), Қарағанды (37,6%) облыстары) (қ. 2-кесте).

Әдетте қазақтар көбінесе ауылдық жерлерде тұрады. Соңғы он жылдықта олардың қалаларға көшу қарқыны жоғары болды. 1989 ж. қалада тұратын  қазақтардың үлесі 38,3% болса, 1999 ж. 45,3%-ға жетті. Консулдық қызмет департаменті басқармасының соңғы мәліметі бойынша (2003) әрбір үшінші қазақ шет елдерде  тұрады, олардың жалпы саны 3,5 млн. адам. Алыс шет елдерде: Қытайда – 1258500, Моңғолияда – 83000, Ауғанстанда  – 28000, Түркияда – 20000, Иранда 3450; Балтық жағалауы елдерінде – 2500, Германияда – 700, Жапонияда – 400, Австралияда  – 400. Бельгияда – 28, Сауд Аравиясында 28, Норвегияда – 20, Кубада – 2 адам тұрады. Барлығы 1397028 адам. Сонымен бірге  Францияда – 172, Швецияда – 51, Пәкстанда  – 36, АҚШ-та – 23; Австрияда – 18, Швейцарияда  – 4, Данияда – 4 отбасы тұрады. Жақын  шет елдерде 1814300 қазақ, оның ішінде Өзбекстанда – 966000, Ресейде – 687800, Түрікменстанда – 87600, Қырғызияда – 42600, Украинада – 10500, Тәжікстанда – 10000, Әзербайжанда – 4000, Грузияда – 3000, Молдовада  – 2000, Арменияда – 500, Беларусьте – 300 адам тұрады.

Қазақстанда ер балалардың дүниеге келуі басым болғанымен әйелдер саны 30 – 34 жастан бастап айтарлықтай  көбейеді. 60 – 69 жаста 1,5 есе, 70 жаста 3 есе  артады. Тұтастай алғанда, республикада әйелдер саны ерлерден басым.

Қазақ халқы жас ұлтқа  жатады. Оның жас айырмашылығы құрылымында 9 жасқа дейінгі балалар 22,0%. Ал тұтастай алғанда, 19 жасқа дейінгі жастар 43,9%; 60 және одан жоғары жастағы тұрғындар  үлесі 6,1%. Орташа арифмет. жас – небәрі 25 жас. Яғни қазақ халқының басым  бөлігі жастар мен балалар.

Қазақстан халқының білімділік индексі мен сауаттылық көрсеткіші жоғары деңгейде. 1990/91 оқу жылы Қазақстандағы 55 жоғары оқу орнында 287,4 мың студент  оқыған болса, 1999/2000 оқу жылында жоғары оқу орындарының саны 163-ке, ал ондағы оқитындар саны 365,4 мыңға жетті. Соңғы  он жылдықта жергілікті тұрғындардың білім алуында серпіліс пайда  болды. Әрбір 1000 адамның 126-сы жоғары білімді. Әсіресе, студенттер санының қазақ  жастары есебінен күрт өсуі 90-жылдардың  басынан басталды. Қазіргі кезде  жоғары оқу орындарындағы қазақ  студенттерінің үлесі 67%. Экономика  салаларында еңбек ететіндер  арасындағы жоғары және арнаулы орта білімділер үлесі айтарлықтай өсті: егер 1989 ж. 1000 адамға шаққанда жоғары білімділер саны орта есеппен 130 адам болса, 1999 ж. 212; арнаулы орта білімділер тиісінше 234 және 296 болды.

Қазіргі кезде жалпы білім  беретін мемл. мектептерде 3101,4 мың  оқушы оқиды, олардың 1661,3 мыңы ауылдық  жерлерде білім алуда. 1997 ж. республикадағы жалпы білім беретін жеке меншік (беймемл.) мектеп саны 124 болды, онда 13,5 мың оқушы оқыды. Қазіргі кезде 3455 мектеп мемл. тілде жұмыс істейді. Онда 1530,1 мың оқушы оқиды. Сонымен  бірге сабақ орыс тілінде жүргізілетін 2522 мектеп (1462,4 мың оқушы); өзбек тілінде  – 78 мектеп (77,2 мың оқушы); ұйғыр тілінде  – 14 мектеп (22,3 мың оқушы); тәжік тілінде  – 3 мектеп (2,5 мың оқушы), украин тілінде  – 1 мектеп (0,1 мың оқушы) және аралас тілде оқытатын 2112 мектеп бар. Қазақстан  үшін табиғи өсім тұрғындар саны өсуінің  негізгі көзі болып табылады әрі  қазақ халқы өсімінің басты факторы  болып қала береді. Мыс., қазақтардың  табиғи оң өсімі 1989 ж. Қазақстан тұрғындарының  бүкіл табиғи өсімінің 63,5%-ын құраған болса, бұл өсім 1991 ж. – 72,4%, 1993 ж. – 88,2%, 1995 ж. – 88,0% болды; қ. 4-кесте.

Халық саны


2009 жылғы халық санағы  бойынша Қазақстан Республикасының  халқы 17 200 000 санына тең болды,  ал 2011 жылдың 1 қаңтарына 16 441 959 адамды  құрады. 2010 жылдың басында халық  саны 16 204 617 адам болатын[1].

Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 7537,5 мың  адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап  отыр.

2006 жылдың қаңтар-маусым  аралығында республика халқының  табиғи өсімі 63370 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,3 (8,1) адамнан келді.

2006 жылдың қаңтар-маусымында  АХАЖ органдары тіркелу көрсеткіші  бойынша 143210 (138882) туу фактілерін  тіркеді. Туғандардың саны қалалық  және ауылдық елді-мекендерде  өткен жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда, 3,3%-ға және 2,9%-ға өсті  де, тиісінше 83566 және 59644 адамда құрады. Бала туудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 18,6 (18,4) сәбиді құрады.

Осы кезең ішінде өлгендер саны 79840 (80978) адамды құрап отыр, соның  ішінде қалалық елді мекендер үлесі — 51186 (51661) және ауылдық жерлер — 28654 (29317). Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 10,29 (10,33) адам.

Өлімінің негізгі себептері  қан айналымы жүйесі аурулары болып  табылады, олардың үлесіне барлық тіркелген өлім оқиғаларының 52,9% (52,5%) тиесілі екендігі хабарланып отыр.

Осы кезең ішінде республикада 1 жасқа дейінгі 2049 (2087) баланың шетінеуі тіркелген. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 туғанға 14,7 (14,5) шетінеу. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар  нәрестелер өлімінің ең көп тараған  себептері болып табылады, одан ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында 1037 (1021) нәресте  шетінеді. Цифрлар тілімен айтқанда, барлық нәрестелер өлімінің 50,6% (48,9%)-ы  осы жағдайға тиесілі болып табылады.

Биылғы жартыжылдықта  некелесу мен ажырасулар саны, тиісінше 54994 және 17467 (48271 және 15183) құрады. Некелесу мен ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,5 (7,7) некені және 2,3 (2,1) ажырасуды  құрады.

Елде халық көші-қонының  оң айырымы сақталып келеді, 2006 жылдың 1 жартыжылдықтағы оның шамасы 18746 (14148) адамды құрады. 2006 жылы қаңтар-маусым аралығында Қазақстанға келгендер саны 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5008 адамға немесе 13,2%-ға, ал Қазақстаннан кеткендер саны 9606 адамға немесе 1,7 есе азайды. ТМД елдерінен келгендер  мен сол елдерге қоныс аударғандар  үлесі олардың жалпы санына шаққанда, 86,1% және 87,9% (88,7% және 66,4%) құрады.

Ал ел ішіндегі көшіп-қонушылардың саны 137220 (131019) адамды құрап отырған  жайы бар.

Ұлттық құрамы


Республикада қазақтардан  басқа 131 ұлыстың өкілдері тұрады. 2013 жылы өткізілген халық санағының қорытындысы бойынша халықтың этноқұрамы келесідей болды: қазақтар - 65,2%, орыстар - 21,8%, өзбектер - 3%, украиндар - 1,8%, ұйғырлар - 1,4%, татарлар - 1,2% , немістер - 1,1%, корейлер - 0,6%, түріктер - 0,6% [2].

Салыстырмалы кесте (1897—2012)

Ұлт

1897

1926

1939

1959

1970

1979

1989

1999

|2009[3][4]

1.01.2012 бағасы[5]

қазақтар

3 392 751

3 627 612

2 327 625

2 794 966

4 161 164

5 289 349

6 534 616

7 985 039

10 096 763

10 979 511

орыстар

454 402

1 275 055

2 458 687

3 974 229

5 449 826

5 991 205

6 227 549

4 479 620

3 793 764

3 726 722

өзбектер

29 564

129 399

120 655

136 570

207 514

263 295

332 017

370 663

456 997

493 783

украиндар

79 573

860 201

658 319

762 131

930 158

897 964

896 240

547 052

333 031

313 698

ұйғырлар

55 815

62 313

35 409

59 840

120 784

147 943

185 301

210 365

224 713

228 582

татарлар

55 984

79 758

108 127

191 925

281 849

312 626

327 982

248 954

204 229

204 171

немістер

2 613

51 094

92 571

659 751

839 649

900 207

957 518

353 441

178 409

180 832

корейлер

 

42

96 457

74 019

78 078

91 984

103 315

99 665

100 385

103 456

түріктер

 

68

523

9 916

18 397

25 820

49 567

75 900

97 015

98 013

әзірбайжандар

   

12 996

38 362

56 166

73 345

90 083

78 295

85 292

87 190

белорустар

 

25 584

31 614

107 463

197 592

181 491

182 601

111 927

66 476

63 694

дүңгендер

4 888

8 455

7 415

9 980

17 283

22 491

30 165

36 945

51 944

55 819

күрдтер

   

2 387

6 109

12 299

17 692

25 425

32 764

38 325

40 026

тәжіктер

 

7 666

11 229

8 075

7 166

19 293

25 514

25 657

36 277

37 112

поляктар

1 254

3 762

54 809

53 102

61 335

61 136

59 956

47 297

34 057

33 901

шешендер

 

3

2 639

130 232

34 492

38 256

49 507

31 799

31 431

31 809

қырғыздар

       

9 612

9 352

13 718

10 925

23 274

б/з

башқұрттар

2 528

841

3 450

8 742

21 134

32 499

41 847

23 224

17 263

17 073

ингуштар

 

3

322

47 867

18 356

18 337

19 914

16 893

15 120

б/з

молдовандар

 

2 855

2 992

14 844

25 711

30 256

33 098

19 458

14 245

б/з

гректер

 

157

1 374

55 543

39 241

49 930

46 746

12 703

8 846

б/з

мордвалар

11 911

27 244

25 334

25 499

34 129

31 424

30 036

16 147

8 013

б/з

чуваштар

 

2 267

6 590

11 255

22 690

22 310

22 305

11 851

7 301

б/з

еврейлер

1 651

4 499

19 240

28 048

26 954

22 762

18 492

6 743

3 485

б/з

басқалары

 

30 591

70 342

101 379

136 606

142 668

17 4670

   

б/з

барлығы

 

6 198 469

6 151 102

9 309 847

12 848 573

14 684 283

16 464 464

14 953 126

16 009 597

16 675 392

Информация о работе Қазақстан демографиясы