Ақпараттың қасиеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2013 в 16:26, реферат

Описание работы

Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады. Өйткені бұған дейін ақпараттың кұрылымы мен қасиеттері барлық ғылым салаларында зерттелінді. Мысалы, физика - ақпарат таситын сигналдардың қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны белгілі.

Файлы: 1 файл

Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады.doc

— 106.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

  Компьютер жұмысы кезінде бұл жадтан мәліметтерді тек оқуға болады, ал оған ақпарат жазу арнаулы құралдар (программалауыштар) арқылы жүргізіледі. Жадтың өзгермейтін түрін құрады. Мұнда компьютер құрылғыларын басқаруға арналған жүйелік программалар орнатылған. Компьютерді іске қосқаннан кейін жабдықтарды біртіндей тестілеу процесі басталады. Процессор мен бейнеадаптерді тестілеу процесі аяқталған соң мониторға диагностикалық хабарлама шығарылады. Содан соң компьютердін бастапқы жүктелу процесін басқаратын программа орындалады. 
Қатқыл диск 
Қатқыл диск үлкен көлемдегі мәліметтер мен программаларды ұзақ уақытқа сактауға арналған негізгі құрылғы. Шындығына келгенде ол бір диск емес бірнеше дискілердің жинағынан тұрады. Қатқыл дискінің негізгі параметрлеріне оның сыйымдылығы мен жұмыс өнімділігі жатады. Қазіргі кезде қатқыл дискінін көлемі 40 Гбайтқа жетгі және ол одан әрі ұлғайтылуда. 
Иілгіш дискілерге арналган дискжетек 
Иілгіш дискілер бір компьютерден екінші компьютерге ақпарат алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес ақпаратты сақтап қою үшін қажет. Иілгіш магниттік дискілер (дискет) арнаулы дискжетек деп аталатын тасуышқа салынады. Дискжетек жүйелік блокта орналасқан. 
Қазіргі дербес компьютерлерде 3,5 дюймдік дискеттер колданылады. Оған 1,44 байт көлеміндегі ақпарат жазылады. 
Жинақы-дискіге арналган дискжетек 
1994-1995 жылдары аралығында дербес компьютерлердің құрамына кіретін диаметрі 5,25 дюймдік дискілерге арналған дискжетек алып тасталынып, оның орнына өлшемдері тура осындай болатын СО-RОМ тасуыштарын енгізді. СО-RОМ (Compact Disk Read-Memory) сөзінің қазақша аудармасы жинақы-дискіге негізделген тұрақты есте сақтау кұрылғысы. Кәдімгі жинақы-диск көлемі 650 Мбайтқа жуық мәліметті сақтай алады. Мәліметтер көлемінің үлкен болуы мультимедиялық ақпараттарға (графиктік, музыка, бейне) тән, сондықтан СО-RОМ дискжетегін мультимедия аппараттық құралдар қатарына жаткызады. Лазерлік дискіде таратылатын программаларды мультимедиялық басылымдар деп атайды.  
Бейнекарта 
Монитормен бірігіп бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін кұрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта (бейнеадаптер) деп аталатын басқару блогы атқарады. 

 

 

 

 

  Қазіргі кезде кең тараған бейнеадаптер SVGA. Ол 16,7 миллион түстерді экранға шығарып беруді қамтамасыз етеді. Экранның шешуі бейнекартаның негізгі параметрлері болып табылады. Әр монитор үшін өзіне сәйкес тиімді экран шешуі анықталған. Мысалы, өлшемі 14 дюйм болатын монитордың экран шешуі 640x480, ал 19 дюймдік экрандар ушін 1280x1024 шешу пайдаланылады. Мәтіндік кұжаттармен жұмыс істеу үшін 640x480 шешулі мониторлар жеткілікті. Көптеген қолданбалы программалармен жұмыс жасау үшін шешуі 1024x768 болатын мониторлар қажет болады. 
2.5. Дербес компьютердін сыртқы құрылғылары 
Компьютердің сыртқы құрылғылары оның жүйелік блогына қосылып, көмекші қызмет атқарады. Сыртқы құрылғыларды келесідей төрт топқа бөлуге болады: 
•    мәліметтерді енгізу кұрылғылары; 
•    мәліметгерді баспаға шығару құрылғылары; 
•    мәліметтерді сақтау құрылғылары; 
•    мәліметтермен алмасу кұрылғылары.  
Енгізу қурылгылары 
Мәліметгерді енгізудің ең негізгі құрылғысы пернетақта болып табылады. Одан басқа да енгізу құрылғыларына тышқан, джойстик, трекбол және т.б. жатады. Джойстик - компьютерлік ойындарда колданылатын қолмен басқарылатын құрылғы. Трекболдың тышқаннан айырмашылығы оның қорапқа орнатылған кішкене шары алақанмен козғалысқа келтіріледі және ол жазық бетті қажет етпейді, сондықтан ол ықшам компьютерлерде қолданылады. 
Графиктік мәліметтерді енгізуге арналган құрылгылар 
Графиктік мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер (дигитайзерлер) және цифрлы фотокамералар колданылады. Сканерлердің көмегімен символдардан тұратын мәліметтерді де енгізуге болады. Бұл жағдайда берілген материал графиктік түрде енгізіледі, сонан соң арнаулы программалық құралдардың көмегімен өңделеді. Сканерлер парақ бетіндегі мәліметтерді оқып, оны компьютерге енгізеді. 
Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары 
Мәліметтерді баспаға шығару үшін мониторға қосымша принтер деп аталатын баспаға шығару кұралы қолданылады. Принтердің көмегімен экрандағы құжаттың көшірмесін қағазға басып шығара аламыз. Принтерлерді жұмыс істеу принциптеріне қарай матрицалық, лазерлік, сия бүркіш және термографиктік деп бөледі. 
Мәліметтерді сақтау құрылғылары 

 

 

 

 

  Магниттік дискілер мен лазерлік дискілерге косымша мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларына стримерлер, ZІР-тасуыштар және НіҒD-тасуыштары жатады. 
Стримерлер — мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғылар. Стримерлерге арналған магниттік таспалардың (картридж) көлемі жүздеген мегабайтқа жетеді. 
ZІР - тасуыштарды мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларын жасауға негізделген Lomega компаниясы шығарады. Бұл құрылғы өлшемдері стандарттық иілгіш дискіден сәл ғана үлкен және сыйымдылығы 100-ден 250 Мбайт болатын дискілермен жұмыс жасайды. ZІР -тасуыштардың негізгі кемшілігі олардың 3,5 дюймдік иілгіш дискілермен үйлесімсіздігінде. 
Sony компаниясы жасап шығарған НіҒD құрылғысы кәдімгі стандарттық иілгіш дискілермен үйлесімді болып келеді. Олар сыйымдылығы 200 Мбайт болатын арнайы тасуыштармен де, кәдімгі иілгіш дискілермен де жұмыс істеуге бейімделген. 
Мәліметтермен алмасу құрылгысы 
Модемдер (Модулятор + ДЕМодулятор) алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы. Мұндағы байланыс арналары деп кабельдік, радиожиіліктік және сымдық байланыстарды түсінеміз. Байланыс арналарының типіне қарай қабылдау-жіберу құрылғыларын радиомодемдер, кабельдік модемдер және т.б. деп бөледі. Компьютерден модемдерге түскен сандық мәліметтер модуляциялық жолмен түрленіп (фазасы, амплитудасы, жиілігі бойынша), телефон желісіне бағытталады.


Информация о работе Ақпараттың қасиеттері