Кенелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Июня 2013 в 22:40, реферат

Описание работы

Кене (Acarіna) – өрмекші тәрізділер класының бір отряды. Қазақстанда 3 отряд тармағы (акариформды,паразиттіформды және аз зерттелген пішендік кенелер), 10 тұқымдасы, 58 туысы, 236 түрі (иксод кенелерінің 51, гамаз кенелерінің 100, қызыл денелі кенелердің 24,қамба кенелерінің 52, аргас кенелерінің 9 түрі) бар. Республиканың барлық өңіріне кең тараған. Жер бетінде, теңізде, тұщы суда тіршілік етеді, ал жыртқыш және өсімдікқоректі кенелер жер қыртысында, ормандағы ағаш түбінде, өсімдік бетінде, ін мен ұя ішінде мекендейді.

Содержание работы

I. Кіріспе 1.1 Хелицералылар тип тармағы –CHELICERATA.................2
II. Жалпы бөлім 2.1 Кенелер......................................................................3
Ш. Негізгі бөлім 3.1 Кенелер - нағыз паразит жәндіктер.........................6
3.2 Кенелер классификациясы......................................10
3.3 Кене энцефалиті.......................................................14
3.4 Кенелер - ауыл шаруашылық жануарлар мен өсімдіктердің зиянкестері.............................................15
IV.Қолданылған әдебиеттер………………………………………………17

Файлы: 1 файл

Кенелер.doc

— 2.56 Мб (Скачать файл)

Мазмұны

 

I.  Кіріспе 1.1 Хелицералылар тип тармағы –CHELICERATA.................2

 

II.  Жалпы бөлім  2.1 Кенелер......................................................................3

 

Ш.  Негізгі бөлім  3.1 Кенелер - нағыз паразит жәндіктер.........................6

3.2 Кенелер классификациясы......................................10

3.3 Кене энцефалиті.......................................................14

3.4 Кенелер - ауыл шаруашылық жануарлар мен өсімдіктердің зиянкестері.............................................15

 

IV.Қолданылған әдебиеттер………………………………………………17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ХЕЛИЦЕРАЛЫЛАР ТИП ТАРМАҒЫ  –CHELICERATA

 

  Хелицералылардың 54000-ға жуық түрі бар, басым көпшілігі құрлықта тіршілік етеді. Алғашқы хелицералылар су жәндіктері болған. Хелицералылардың денесі – баскеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Баскеуде 7 (бас қалақшасы мен кеуде)  сегменттің қосылуынан түзілген, сондай-ақ 7-ші сегменті көп түрлерінде редукцияға ұшыраған. Баскеуде бөлімінде 6 жұп аяқтары бар. Олардың бірінші жұбы қоректі шайнау және ұнтақтау қызметін атқарып, хелицераға айналған (тип тармақтың атауы да осыдан), екінші жұбы педипальпалар – сезу, қармалау, кейбір түрлерінде шағылысу қызметін атқарады, ал қалған төрт жұбы – жүру аяқтары. Хелицералылардың негізгі ерекшелігі - бас қалақшасындағы (акрондағы) мұртшасының немесе антеннуласының редукцияға ұшырауы.

 

      Хелицералылар тип тармағына

 


 

 

 

Семсерқұйрықтылар  Алып қалқаншалылар      Өрмекшітәрізділер

      класы                                     класы                            класы    

  (Xiphosura)      (Gigantostraca)   (Arachnida)


 

                                                                    

Кенелер отряды

 

ӨРМЕКШІТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ  -  ARACHNIDA

 

  Өрмекшітәрізділер құрлықта тіршілік ететін,  өкпемен немесе трахеямен тыныс алатын буынаяқтылар.  Денелері  -  баскеуде және құрсақ болып екіге бөлінеді.  Ал кенелерде баскеуде мен құрсақ бөлімі бірігіп кеткен.  Баскеуде бөлігінде 6 жұп аяқтары орналасқан,  оның  бір жұбы ауыздың үстінде,  ал қалған 5 жұбы ауыздың артқы жағында орналасқан.  Аяқтарының алғашқы жұбы  -  хелицералары  (chelicerae) қысқарған екі-үш буыннан тұрады, ол қысқыш немесе тырнақ тәрізді. Көпбуынды аяқтарының екінші жұбы  -  пышақ тәрізді және олар қорегін ұстау мүшесінің қызметін және сезу қызметін атқарады  - бұлар педипальпалар, ал қалған 4 жұбы – жүргіш аяқтары. Денесінің артқы бөлігі – құрсақ - әдетте сегменттелген. Өрмекшітәрізділер класында оншақты отряд, 60 000- нан астам түрлері бар. Ұзындығы 0,1 мм-ден 17 см-ге дейін.

Кенелер

 

 Кене (Acarіna) – өрмекші  тәрізділер класының бір отряды. Қазақстанда 3 отряд тармағы (акариформды,паразиттіформды және аз зерттелген пішендік кенелер), 10 тұқымдасы, 58 туысы, 236 түрі (иксод кенелерінің 51, гамаз кенелерінің 100, қызыл денелі кенелердің 24,қамба кенелерінің 52, аргас кенелерінің 9 түрі) бар. Республиканың барлық өңіріне кең тараған. Жер бетінде, теңізде, тұщы суда тіршілік етеді, ал жыртқыш және өсімдікқоректі кенелер жер қыртысында, ормандағы ағаш түбінде, өсімдік бетінде, ін мен ұя ішінде мекендейді. Дене құрылысы, пішіні мен түсі әр түрлі, ұзындығы 1,0 – 30 мм. Жұптасқан 1 – 2 көзі болады, көзсіздері де кездеседі. Хелицералары мен педипальпалары (тұмсықша немесе гнатосома деп аталатын) дененің алдыңғы бөлімінде орналасқан. Хелицералардың ұшында иілген, хитинделген тырнақшалары көп. Хелицералар созылуға және жиырылуға қабілетті. Түрі өзгерген педипальпалары  гипостоманың және пальпаның жағасына айналған, 6 бунақты.   Вентральді жағынан тікенектер мен қапталған өсіндісі- хелицералармен бірге шаншып соратын аппаратын құрайды. Жыртқыш кенелердің хелицералары қысқышқа айналып, кеміргіш  - сорғыш ауыз аппаратын түзейді. Паразиттік тіршілік ететін түрлерінде ауыз аппараты  - тесіп-сорғыш.

 

 Тыныс алу мүшелері  -   трахеялар, кейбіреулерінде газ алмасуы жұқа сыртқы жабыны арқылы жүреді. Кенелер дара жыныстылар. Кейбір түрлерінің аталығы аналығынан біршама ерекше, яғни жыныс диморфизмі бар.  Мысалы, өрмекші кенелердің  аталықтары аналықтарынан ұсақ және денесі жіңішке болады. Көбісі жұмыртқа салушылар, тірілей туатын түрлері де бар.

 

 Кенелердің дамуында жұмыртқа, личинка,  нимфа және ересек  сатылары бар.  Личинкаларында  жүру аяқтарының 4-ші жұбы болмайды,  яғни олар үш жұп жүргіш  аяқтарымен ерекше және тыныс  алу,  жыныс тесіктері болмайды. Келесі сатысы нимфа.  Онда 4-жұп аяғымен тыныс алу тесіктері бар,  ересек түріне ұқсас,  тек жыныс мүшесі толық дамымаған. Нимфалық жасы 1-3-ке дейін. Оларды протонимфа, дейтонимфа және тритонимфа деп атайды. Нимфалық жасында тыныштық сатысы - гипопусы ( hypopus) болуы мүмкін.

300-ге жуық тұқымдастары  және 20000-ға жуық түрі бар. Өте  кең тараған.

Дернәсілінің 6 (3 жұп) аяғы, ересегінің 8 (4 жұп) аяғы бар. Терісі не кеңірдегі арқылы тыныс алады. Кейбір түрлерінде еркегі мен ұрғашысының жыныс айырмашылығы айқын белгіленген (жыныстық диморфизм). Ұрық шашу не іштей ұрықтану арқылы өсіп-өнеді. Партеногенез (еркек кенелердің қатысынсыз) арқылы да көбейеді. Арасында жұмыртқа салатындары да, тірі туатындары да бар. Кейбір кенелер барлық даму сатыларынан (жұмыртқа, алғашқы дернәсіл, дернәсіл, нимфа, ересек кене) өтеді, енді біреулері кейбір сатылардан өтпейді. Кене– адам, жануар және өсімдік паразиті, адамға бөртпе, сүзек, кене энцефалиті, туляремия, малға пираплазмоз сияқты табиғи-ошақты аурулар қоздырғыштарын таратады (иксод және аргас кенелері), мал денесінде қан сорып тіршілік ететін таспа құрттардың аралық иесі (сауытты кене); астық зиянкестері (қамба кенесі); адам мен малды қотырға (қотыр кенесі), дерматит пен жапон қызбасына (қызыл денелі кене.) шалдықтырады. Кенені құрту үшін акарицидтер мен биолиогиялық әдістер қолданылады. Кенелерді зерттейтін ғылым саласы акарология деп аталады.

Кенелер (Acarina) - өрмекші тәрізділердің 3 отрядын біріктіреді. Денелері 0,05 тен 13 мм жетеді, тойынған қан сорғыш кене денесі 30 мм дейін ұлғаяды. Дене бөліктері біртұтас болып біріккен. Дернәсілдеріның 3 жұп, нимфалары мен имагосының 4 жұп аяқтары бар. Денесімен қозғалмалы қосылған педипальпалары күрделі ауыз мүшесін, (басқа ұқсас) құрайды. Хелицерларының сырт пішіні әртүрлі, педипальпалары кене қармалағыштарын құрайды. Сезім мүшелері - денесіндегі көптеген қылтанақтары, лира тәрізді мүшелері мен көздері. Тармақталған кеңірдек тәрізді тыныс мүшелерімен, ал кейбір түрлері терісі арқылы тыныстайды. Кенелер дара жынысты буынаяқтылар. Оларда жыныстық диморфизм айқын байқалады. Кене отрядтары: шөпші кенелері, ең жабайы сатыдағылары. Ол жер шарының жылы аймақтарының орманды жерлерін мекендейді. Бұлар өте ұсақ топырақ бетіндегі жыртқыштар. Акариформдық кенелер денесі екіге протеросомаға, (алдыңғы жұп аяғы мен ауыз аппараты) және гистеросомаға (құрсағы мен артқы жұп 2 аяғы) бөлінген; паразитиформдық кенелер денесі құрсақ пен баскеудеден тұрады. Оның 4 жұп аяғымен ауыз аппараты, (басы) бар. Акариформдық кенелер құрамында қора, қышыма қотыр, жүн, қауырсын, су, өрмек сауыттылар, берішкенелері бар. Тоғышарформдық кенелер құрамына иксодид, аргазид және гамазидтер енген. Кенелер дерматиттер, қотыр ауруларын туғызады. Қан сорғыш кенелер көптеген ауру қоздырушыларын тасымалдайды, (энцефапиттер, туляремия, сібір жарасы т.б.). Кенелер көптеген таспа құрттардың аралық иелері, (аноплоцефалидтер). Кенелер сонымен қатар дәнді дақылдармен өнімдерінің зиянкестері. (6. Шарова И.Х. Зоология беспозвоночных. Учебник. М.:  Просвещение,  1999.403 б.)

 

 

Кенелер - нағыз паразит жәндіктер

 

Кенелер - өрмекшітәріздестерге жататын ұсақ жәндіктер. Олар топырақта, орман төсемінде, әр түрлі ұяларда, іңдерде, өсімдіктерде, тұщы суларда, теңіздерде тіршілік етеді. Сондай-ақ паразиттік жолмен тіршілік ететін кенелердің 20 мыңнан астам түрі бар деп есептеледі. Бұлардың тұрқы 0,05-13 мм шамасынан аспайды. Тек қанға тойған кене мөлшерінің 30 миллиметрге дейін жетуі мүмкін. Көпшілік кенелердің медициналық және малдәрігерлік салала мәні бар. Олар бірқатар қауіпті ауруларды жануарлардан адамға тасымалдауға бейімделген. Сондықтан адам мен үй хайуанаттарын ауруға шалдықтырады. Астық және ұн қорын ысырап етіп, бүлдіретін де кенелер тобы бар. Кейбір кенелердің паразиттік тіршілік ету әсерінен мәдени өсімдіктердің түсімі кемиді. Тіпті өсе алмай қалады. Дегенмен құраған өсімдік қалдықтарын шіріту арқылы топырақ құнарлылығын арттыратын да кенелер болады.

Кенелердің сан алуан топтары бар: жайылым кенесі, су кенесі, астық кенесі, қамба кенесі, өрмеккене, берішкене, мамықкене, шашкене. Кенелердің дене бөлігі - өрмекшілерден өзгеше. Тек қарапайым құрылымы кенелерде ғана болмаса, өзгелерінде үш бөлік: бас, көкірек, құрсақ тұтасып бітіскен. Сондықтан кене денесінен бұл бөліктерді ажырату қиын. Кененің дернәсілі алты аяқты. Ал ересек кенелерде сегіз аяқ болады. Тек берішкене ғана төрт аяқты. Тұтқыаяқтардың негізі біріге келіп, денеге жалғасады. Сөйтіп қимылдайтын ауыз мүшесі түзіледі. Бұл сырттай қарағанда кененің «кішкене басы» тәрізденіп байқалады. Бірақ бұл дененің бас бөлігі болып саналмайды. Кененің ауыз мүшесі қорегіне байланысты түрліше құралады. Қатты затпен қоректенетін кененің аузы - кеміруші, сұйық затпен қоректенетіндердікі шаншып-соруға бейімделеді. Кене жабынындағы қылтанақтары арқылы сезеді. Терісі немесе демтүтіктері арқылы тыныс алады. Кенелер - дара жынысты жәндіктер, жұмыртқа арқылы, кейбіреуі тірілей туып көбейеді. Кененің дамуы басқа өрмекшітәріздестерден ерекше. Жұмыртқадан үш жұп аяғы бар дернәсіл пайда болады. Ол жыныс жүйесі жоқ, сегіз аяқты нимфага айналады. Нимфадан ересек кене шала түрленіп дамиды.

Нимфа (гректің «нимфе» деген сөзіне негізделеді) - қуыршақ сатысынан өтпей, шала түрленіп дамитын буынаяқтылардың дернәсілі. Мысалы, кенелердің дернәсілі қуыршақсыз түрленіп, ересек кенеге біртіндеп ауысады. Жайылым кенелері адам терісінде, жабайы жануарлар мен ауыл шаруашылық малдарында паразиттік тіршілік етеді. Кене және оның дернәсілі даму барысында әр түрлі жануарларды иеленеді. Соған байланысты бір иелі, екі иелі және үш иелі кенелер болады. Дернәсіл ересек кене болғанға дейін бір жануарды иемденсе - бір иелі; ал дернәсіл мен нимфа бір жануарда, ересек кене басқа жануарда паразиттік етсе - екі иелі; дернәсіл кезінде бір жануарда, нимфаға айналған соң екінші жануарда және ересек кенеге айналған соң үшінші жануарда паразиттік етсе - үш иелі кенелер тобына жатады. Мысалы, ит кенесі - үш иелі жәндік. кең таратылған тайга кенесi, әсiресе Көп қиыр шығыстың қалың орманында, және барлық Еуропа бойынша кездесетiн Ит кенесi. Оның дернәсілі қанға тойып алып, жерге түседі, түлейді де нимфаға айналады. Лимфа қорегін басқа жануардан табады. Бұдан соң нимфа ол иесінде тіршілігін тоқтатып, жерге түседі. Жыныстық жүйесі жетілген, ересек кенеге айналады. Ересек кене тағы бір жануарға жабысады. Сөйтіп кене даму барысында үш жануарды иемденеді. Тайгалық кене адамға ең қауіпті ауру - энцефалит (ми ауруы) ауруын жұқтырады. (4.   Догель В.А. Зоология беспозвоночных. М.: Высшая школа, 1981. 423 бет)

Табиғатта тайга кенесі әр түрлі жануарлардың денесінде орнығады. Сорған қаны арқылы бір жануардан екінші жануарға энцефалит қоздырғышын таратады. Бірақ бұдан жануар ауырмайды. Осылай табиғатта ауру қордасы пайда болады. Кене энцефалитінің вирусы - тасымалдаушы жәндік арқылы таралатын қоздырғыш. Кене дернәсілі, нимфасы және ересек түрі белгілі бір аумақта бір жануарлардан екінші жануарларға ұзақ уақыт айналымда болады. Жұқпа қоздырғышы сақталатын осындай аумақ қандай болса да, бір аурудың табиғи қордалы деп аталады. Тасымалданатын аурулардың табиғи қордасы туралы теорияны академик Евгений Никанорович Павловский және оның шәкірттері жасады. Қазақстанда бұл салала академик Илларион Григорьевич Галузо (және профессор М. М. Ременцова) көп үлес қосты. Адам үшін қышыма кене - өте қауіпті жәндік. Оның мөлшері 0,2-0,5 миллиметрден аспайды. Сондықтан ұлғайтқыш әйнек арқылы ғана толық көруге болады. Қышыма кене адамның терісіне еніп, денені қышытады. Бұл құбылыс оның түлеген кездегі қабыршақтары мен бөлінді заттарының денеге сіңуінен болады. Қышыма кене мал денесінде жайлап, адамға көбінесе жылқыдан жұғады. Қышыма кененің әрекетінен денеде қотыр пайда болады. Адам немесе мал қотырлан мазасызданіп, арып-талып, әлсірейді. Қотырды денеге дәрі-дәрмек жағу арқылы ем дейді. Малдардың қотырын емдегенде ерекше газ камерасына ұстайды. Бұл үшін малдың басын сыртта қалдырып, мойнынан қатты қысып тұратындай тетік жасайды. Ал паразитті өлтіретін улы затпен ыстайды.

 

 

 

 

Кенелердің  классификациясы

 

  Өрмекші кенелер тұқымдасы –Tetranychidae, ұзындығы 0,3-0,5 мм, қоңыр,  ашық-қызыл түсті. Өрмек жібін шығарады. Өсімдіктердің жапырағын өрмек жібімен шырмап колония құрып тіршілік етеді. Қауіпті зиянкестері: кәдімгі өрмекші кене –Tetranychus urtica, жемістің қызыл кенесі  - Panonychus ulmi, бақтың өрмекші кенесі –Schyzotetranychus pruni

 Сауытты кенелер  тұқымдасы –Oribatidae ,ұзындығы 0,2-1,5 мм  топырақта тіршілік ететін кенелер,  топырақ түзілу процесінде үлкен роль атқарады. Негізгі туыстары  - Oribatula, Zygoribatula .

 

  Су кенелері  -  Hydrachnellidae,  ұзындығы 0,3-0,5 мм,  денесі дөңгелек,  ашық түсті.  Жыртқыштар, ұсақ су жәндіктерімен қоректенеді. Личинкалары судағы насекомдардың паразиттері . Жұмыртқалар су асты өсiмдiктерiне мекендермен кейiнге қалдырылады. Шығатын личинкалар су шыбын-шiркейлерiне арам тамақтанады. (4.   Догель В.А. Зоология беспозвоночных. М.: Высшая школа, 1981. 422 бет)

 

  Кенелердің көбісі адамның, жануарлардың және өсімдіктердің паразиттері.

 

 Иксодалық кенелер- Ixodidae, ұзындығы 1-10 мм, қанға тойғандарының  мөлшері 15-20мм –ге дейін.


 Денесі сегменттелмеген. Аналықтарының арқа жағында қысқа,аталықтарында ұзын, денесін жауып тұратын қалқаны болады.

 

  Иксодалық кенелер бруцеллез, туляремия, пироплазмоз, қайталама сүзек, энцефалит, чума ауруларын таратушылар.  Олар аурулардың қоздырғыштарын  (спирохеталарды, бактерияларды, вирустарды) кемірушілерден, насеком қоректілерден құстардан, жабайы жануарлардан  өздеріне жұқтырып алып бірнеше жыл бойы сақтап,  адамды шаққанда адамға жұқтырады.  Адам мен малдар көп зиян шегеді.

 

  Иксодалық кенелердің личинкалары ұсақ омыртқалы жануарлардың  (кесірткелердің,  құстардың, сүтқоректілердің) қанын сорады, ал нимфалары ірілерге шабуыл жасайды (қояндарға, тиіндерге, борша тышқандарға). Ересек түрлері адамның, ірі жануарлардың қанын сорады. Ең қауіпті өкілдері Ixodes persulcatus және I.ricinus көктем – жаз кене энцефалит ауруларын таратушылар. Табиғатта энцефалит вирусы ала тышқанда, кірпіде, сұр тышқанда, көр тышқанда және құстарда кездеседі.

 

  Dermacentor pictus  және  Hyalomma  туысының өкілдері туляремия, энцефалит, қырым геморрагиялық ауруларын таратушылары.

 

  Ауру тудырытын бактерияларды вирустарды бір жануардан екінші жануарға таратуылар жұқтырады. Таратушылар қызметін кенелер, масалар, биттер, бүргелер, шіркейлер атқарады. Тасымалдаушылар арқылы тарайтын ауруларды трансмиссивті  аурулар деп атайды. Оны 1936 жылы Е.Н.Павловский ашқан. Трансмиссивті   аурулар қатарына кене энцефалиті, қырым қанды безгегі, бөртпе сүзек т.б. жатады.

Информация о работе Кенелер