Медицина жетістіктеріндегі медициналық микробиологияның қосқан үлесі. Тарихи даму барысында микробиология, вирусология және иммунологи

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2014 в 22:14, реферат

Описание работы

Биосферада тірі ағзалар өте көптеп орналасқан. Оның бірі макроәлемді, басқалары -микроәлемді құрайды. Макроәлемге жануарлар, құстар, өсімдіктер, жәндіктер мен басқа да көзге көрінетін организмдер жатады; микроәлемге өсімдік және жануар текті көзге көрінбейтін өте ұсақ тірі организмдер жатады; бұлар негізінен бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар мен вирустар. Жобамен алғанда биосферада бактериялардың саны 1030 -дейін жетеді, ал вирустар мен қарапайымдылардың санын тіпті есепке алу қиын.

Содержание работы

Кіріспе ..................................................................................................3
1.1 Микроорганизмдердің жалпы сипаттамасы................................3

Негізгі бөлім
2.1 Микробиологияның даму жолдары..............................................4
2.2 Микробиологияның даму кезеңдері.............................................5
2.3 Микробиологияның даму тарихы.................................................8
2.4 Микробиологияның дамуында ғалымдардың қосқан үлестері..12
2.5 Микробиологияның мақсаттары мен міндеттері.........................21

Қорытынды............................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................25

Файлы: 1 файл

ммммм.docx

— 48.52 Кб (Скачать файл)

Микробиология мен иммунология XX ғасырдың 50-60-шы жылдарындақарқындыдамыды. Бүлкелесісебептергебайланысты:

-молекулярлы     биология,     генетика,     биоорганикалық    химия 
саласындағымаңыздыашылулар;

-генетикалык инженерия, биотехнология, информатика сияқтыжана 
ғылымдардыңпайдаболуы;

- тірітабиғаттьщ кұпияларынатереңенугемүмкіндікберетінжаңа 
әдістер мен ғылымиаппаратураларыныңжасалуы.

Осылайша, 50-ші жылдары микробиология мен иммунологияныңдамуындамолекулярлы-генетикалықкезсңбасталды, бүлкелесімаңыздығылымижетістіктер мен ашылуларменсипатталады:

-көптегенвирустар мен бактериялардың молекулярлықүрылымы мен 
молекулярлы-биологиялықмағынасының ашылуы;тіршіліктіңқарапайымтүрлері - «жүқпалыақуыз» - прионныңашылуы;

-бірқатарантигендердіңхимиялык    кұрамы    мен    химиялык 
мағынасыньщашылуы;

-жаңа  антигендердің,   мысалыісік,  гистосойкестілік  (НЬА-жүйе) 
антигендерініңашылуы;

-антидене-иммуноглобулиндер кұрылысыныңашылуы;

-жануардақылы мен өсімдік ластаушасыныңәдістерініңжәневирустыантигендердіалумақсатындаөнеркәсіптердеөсірудіңөвделуі;

-ата-аналықдаралардыңқасиеттерінежәнежаңақасиеттергеие 
болатынрекомбинанттыбактериялар     мен     рекомбинантты 
вирустардыңалынуы. Вирустар мен бактериялардыңжекегендерінің 
түзілуі.

-моноклональдыантиденелердіалумақсатындаантидененіңөнімі - 
иммунды В-лимфоцит пен ісікжасушаларыныңқосылужолымен 
гибридтердіжасау;

-иммундыжүйеніңэндогендітабиғиреттегіштері 
иммуномодуляторлар-иммуноцитокиндердің(интерлейкиндер,интерферондаржәнет.б.) ашылуыжәнеолардыәртүрліаурулардан 
сақгандыру мен емдеуүшінқолдану;

-биотехнология әдістері  мен генетикалык  инженерияны  қолдана 
отырып вакциналарды (В гепатитке, безгекке қарсы вакцина, АИТВ 
(адамның иммунды тапшылық вирусы) мен басқа антигендер), 
биологиялық белсенді пептидтерді (интерферон, интерлейкин, өсу 
факторлары және т.б.) алу;

-табиғи немесе синтетикалық  антигендердің және олардың бөлшектері 
негізінде    синтетикалық    вакциналарды,    сондай-ақ    жасанды 
тасымаддаушы - адъювант (кемекші) - иммунитетті күшейтуді өңдеу;

-туа пайда болған және  жүре пайда болған иммунды тапшылықты  
зертгеу және олардыд иммунопатологиядағы маңызы мен иммунды 
түзету    емдеуін    өңдеу;    Иммунды    тапшылықты    тудыратын 
вирустардьщ ашылуы.

-жұқпалы және жұқпалы  емес  аурулар диагностикасында  жаңа 
әдістердің өңделуі (иммунды фермешті, радиоиммуңды сараптау, 
иммуноблоттинг, нуклеин қышқылдарының гибридизациясы). Осы 
әдістердің      негізінде      микроорганизмдердің      индикациясы, 
идентификациясы үшін, жүқпалы және жұкпалы емес аурулар (ісік, жүрек-кантамыр, аутоиммувды, эвдокринді және басқалар) диагностикасы үшін тест-жүйелері жасалынды, және кейбір жағдайлардағы бұзылыстардың табылуы (жүктілік, қан қүю, мүшелерді алмастыру т.б.).

Осы уақыт кезеңінде бірқатар жаңа вирустар (геморрагиялық Ласса, Мачупо қызбасы; ЖИТС - жүре пайда болған иммунды тапшылық вирусын тудыратын вирус) мен бактериялар (легионер ауруының коздырғышы) ашылды; жаңа вакциналар мен басқа да сақтандыру препараттары (қызылшаға қарсы, полиомиелит, паротит, кене энцефалиті, В гепатитке карсы вакциналар, сіреспеге, газды гангренаға және ботулизмге қарсы полианатоксиндер), жаңа диагаостикалық препараттар жасалынды.

2.4 Микробиологияның  дамуында ғалымдардың қосқан  үлестері

Микробиология тарихында Рим профессоры Афанасий Кирхердің (1601—1680) есімі ерекше орын алады. XVI ғасырдың аяғында Ганс пен Захарий Янсеңдердің алғашқымикроскопты құрастырғаны мәлім. Әрине, бұл өте қарапайым аспап еді. Соны пайдалана отырып, Кирхер сасыған етте, шарап сіркесінде, сүтте түрлі "құрттардың" кездесетінін байқады. Оба ауруымен ауырған адамдардың қанын зерттеу үстінде Кирхер одан ереқ-ше "құртты" көрді. Қарапайым         аспаппеноның микробты көруі мүмкін емес еді. Солай бола тұрсада, бұл аурудың қанда жүрген микробтар арқылы таралатыны жөніндегі оның пікірі өз. А.В. Левенгук.            кезіндегі       прогрессивтікбатыл көзқарас еді. Тек XVII ғасырдың аяғында ұлғайтып көрсететін аспаптарды жасау техникасының жетілуіне байланысты микроорганизмдерді тауып, оларды жан-жақты зерттеуге мүмкіндік туды. Микроорганизмдерді алғаш рет ашу голландия әуесқойы Антон Ван Левенгуктың (1632—1723) есімімен байланысты. Ол заттарды 160—300 есе-ге дейін үлкейте алатын алғашқы микроскопты құрастырған. Осы "қарапайым" микроскоптың көмегімен ол жай көзге көрінбейтін микробтар әлемін ашты, ет тағамдарындағы зен саңырауқұлақтарын, тұрып қалған қак суындағы тірг организмдерді көрді, олардың пішінін, шамасын және қозғалысын сипаттап жазды. Тісте тұрып қалған өңезді суға езіп қарағанда Левенгук бұл культурадан жыбырлап жүрген өте ұсақ жәндіктерді көргенін және олардың соншалықты кептігіне таң қалды. Олардың шамасы бүкіл Құрама Корольдықтағы адамдар санынан көп болса керек деген пікірге келді. Бұл тірі организмдердің шар, таяқша және спираль тәріздес екенін ол анық байқады. Левенгук өзі жасаған микроскоппен түрлі ашытқы саңыраукұлақтарын, бактериялар мен инфузорияларды көрген. Оның бұл жаңалығы микроорганизмдер әлемін зерттейтін микробтар жөніңдегі ғылым — микробиологияның дамуына жол ашты.

1695 жылы Левенгук "Антон  ван Левенгук ашқан табиғаттық  құпия сырлары" атты кітабын  шығарады. Алайда ол организмдердің  табиғатта алатын орны, әрекеттері  жөнінде толық мағлұмат бере  алмады. Әйткенмен оның бұл зерттеулері  сол кездегі көптеген табиғатты  зерттеуші ғалымдардың назарын  аударған еді.

XVIII ғасырдағы шведтің көрнекті табиғат зерттеушісі Карл Линней өзінің "Табиғат жүйесін" жасағанда жануарлар мен өсімдіктерді белгілі бір тәртіппен орналастырғаны мәлім. Бұл жүйеге құрт, құмырысқалар сияқты, микроорганизмдер әлемі енгізілген жоқ. Оны Карл Линней "хаос", яғни бей-берекет жәндіктер тобына жатқызған. Бұдан ол жай көзге көрінбейтін осы организмдерді зерттеу қажетсіз деп тапты. Баскаша айтқанда, ол микроорганизмдерді адам түсінбейтін құпия сыры бар әлем деп танытпақшы болды.

Осыған қарамай микроорганизмдер жайында дәйекті материалдар жинала берді. Микробиология дамуының морфологиялық кезеңі басталды.

Микробиология ғылымының одан әрі дамуында орыстың көрнекті табиғат зерттеушісі М. М. Тереховский (1740—1796) еңбегінің зор маңызы болды. 1775 жылы Тереховский Страсбург университетінде өзінің микроорганизмдер женіндегі еңбегін қорғады. Ол табиғатта микробтардың шығу тегін зерттеуде тұңғыш эксперименттік әдісті қолданды және микроорганизмдерді адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігіде пайдаланудың мүмкіндігін дәлелдеді.

XVIIIғасырда микроорганизмдердің ашылуы ғалымдар арасында бақ таластық тудырды.Өйткені бүл кезде "тіршілік өздігінен пайда болады" деген жалған ұғым үстем   еді.   Микроорганизмдердің   бірқатар   ортада   өніп-өсетінін байқаган бүл ғалымдар олардың дамуында ешқандай заңдылық жоқ және кез келген жерде өздігінен пайда бола береді деген болжаулар айтты. М. М. Тереховский өзінің италияндық досы Спаланцанимен бірлесе отырып, мұндай жалған қағиданы жоққа шығарды. Тұрып қалған түнық су-ларда немесе басқа да сүйықтарда кездесетін организмдер негізінде тірі жәндіктер, егер оны 45 минут бойына қайнатып, ыдыстың аузын ауа ен-бейтіндей етіп жапса, онда сүйықтарда        тіріжәндіктердің, демек микроорганизмдердің пайда болуы байқалмайды деп көрсетті. Бұл жағдайда сүйықтарда жәңдіктердің өніп өсуі, сұйыққа ауаның енуінен болатынын дәлелдеді. Бірақ Тереховскийдің, бұл еңбегі ғалымдар қауымына жете таныс болмағандықтан, назардан тыс қалды. Сөйтіп ғалымдар морфологиялық бағыттағы пікірде қала берді.

XIX ғасырдың бірінші жартысында микробиология баяу дамыды. Оба ауруын жоюда ұзақ жылдар аянбай күрес жүргізген орыстың көрнекті дәрігері Д. Самойлович (1744—1805). Осы ауруды қоздырушы — көзге көрінбейтін организм дегенді айтты. . Оның бұл пікірін кейінгі зерттеушілер толық дәлелдеді. Бүл кезеңде микробиологияда жеке деректер басым болғаңдықтан, микробиология жеке ғылым бола қоятыңдай дәрежеге жетпеген еді.

XIX ғасырдың екінші жартысында өнеркәсіптің өрлеуіне байланысты ғылым мен техника қарқынмен дамыды. Микробиология ғылымында да едәуір серпіліс байқалды. Микробиология ғылымының көрнекті қайраткері және осы ғылымның негізін қалаушы француз ғалымы Луи Пастер (1822—1895) табиғатта және өнеркәсіпте кездесетін ашу процестері микроорганизмдердің әсерінен болатынын дәлелдеді. Сөйтіп, ол микробиологияда физиологиялық бағыттың негізін қалады.

Луи Пастер осы кезге дейін спирттік ашу процесі және түрлі органикалық қалдықтардың шіруі таза хими-ялық жолмен жүреді деген неміс химигі Ю. Либихтың пікірін жоққа шығарды. Л. Пастер ашу процесінің табиғатын жете зерттей отырып, бұл құбылыстың микроорганизмдер қатысымен жүретінін дәлелдеді. Ол сүт қышқылы ашу, спирттік ашу процестерін қоздырушы бактерияларды тауып, оларды жекелеп бөліп алып өсірді. Ашу процесіндегі оттегінің рөлін, онсыз бұл құбылыстың жүрмейтіні жайында пікір айтып, ашудың химиялық теориясының негізін салды. Пастер 1861 ж. жылы ашудың баска түрі — май қышқылы ашу процесін тапты. Ол бұл процестің ауадағы оттегінсіз жүретінін анықтады. Сөйтіп, Пастер микроорганизмдердің екі тобы болатынын, яғни аэробты (оттегі бар жерде тіршілік ететін) және анаэробты (оттегінсіз тіршілік ететін) топтарын ашты. Пастердің бұл жұмысының азық-түлікті сақтауда, түрлі ашу процестерінің технологиясын жасауда зор маңызы болды. Көптеген микробиологиялық әдістер, яғни қоректік ортаны даярлау, оны зарарсыздандыру (стерилизация)—Пастер еңбегінің жемісі.

Адамда кездесетін жүқпалы аурулардың арғы тегін зерттей келе Пастер оларды қоздырушы микроорганизмдер екенін анықтады және мал мен адамды бүл аурулардан сақтандырудың жолдарын көрсетті. Ол — топалаң және құтырма ауруларына қарсы вакциналар жасап, оны іс жүзінде қолдана білді. Микробиология ғылымының одан әрі дамытуда Пастердің осы еңбегі үлкен рөл атқарды. Нәтижесінде микробиология практикалық маңызы зор ғылымға айналды. Пастер еңбегінің соншалықты маңыздылығын академик Д. К. Заболотный былай сипаттаған: "Пастер еңбегінен шаруалар топырақ қүна-рлылығын арттыратын микробтық процестердің құпия сырын түсіне алады; жұмысшылар ашу процесінің мәнін аңғарады; дәрігер медицинаның қазіргі кездегі жайымен танысады; табиғат танушы (натуралист) құпиясы ашылмаған биологиялық мәселелердің шешуін таба алады". Микробиология ғылымының дамуында неміс ғалымы  Роберт Кох (1843—1910) еңбектерінің маңызы зор. Ол туберкулез (өкпе ауруы), тырысқақ ауруларын қоздырушы микроорганизмдерді тауып, зерттеп, олармен күрестің нақты жолдарын көрсетті. Сонымен қатар Р. Кохбелгілі бір микроорганизмдерді өсіру үшін оны жеке бөліп алып, тығыз қоректік ортаны қолдануды ұсынды. Бұл әдісті қолдана отырып, мамандардың табиғаттағы микроорганизмдер тобынан қажетті түрін жеке бөліп алуларына мүмкіндік туды. Сол кездегі эволюциялық көзқарасты қолдаушылардың бірі орыс ғалымы Л. С. Ценковский (1822—1887), ботаник болса да, қарапайым микроскоптық организмдерді зерттеді. Ол төменгі сатыдағы балдырлар, инфузориялар, миксомицеттер, басқа да қарапайымдардың 43-ке жуық жаңа түрін тауып, сипаттап жазды және бұларға бактериялардың туыстық жағынан қатысының барын айтты. 1883 жылы ол сибирь жарасына қарсы вакцина жасады.

Микробиология ғылымына елеулі үлес қосқан орыс ғалымыИ. И. Мечниковтың (1845—1916) еңбегі зор. Оның әсіресе иммунитет және бактериология жайындағы еңбектері өте бағалы. И. И. Мечников "фагацитоз және оның иммунитеттегі рөлі" туралы тыңғылықты ілім жасады. Фагацитоз деп зиянды микробтарды жоятын организмдегі ерекше обыр клеткалардың қасиетін айтады. И. И. Мечников адамның қартаюына басты себебі болып есептелетін түрлі жүқпалы ауруларды емдеуде қазір қолданылып жүрген дәрілерді (антибиотиктерді) алудың ғылми теориялық негізі антагонизм туралы ілім жасады. Антагонизм — тіршілік әрекеті барысында микроорганизмдердің бір-бірімен күресі. Сөйтіп, И. И. Мечников ор-ганизмнің ұзақ жылдар бойына тіршілік етуге қабілеттілігі бар екенін ғылми тұрғыдан дәлелдеп шықты. Ол Россияда бірінші болып Одесса қаласында бактериологиялық лаборатория ұйымдастырды.

Микробиологияны тамаша табыстарға жеткізіп, денсаулық сақтау жөніндегі барлық маңызды мәселелерді шешуге бар күшін жұмсаған ғалымдардың бірі — академик Н. Ф. Гамалея (1859—1949). Ол микробиология және бактериология саласында көп еңбектер жасады. Мечниковпен бірге Россияда бактериологиялық лабораторияны ашуға белсене қатысты, ал Мечников қайтыс болғаннан кейін оның ісін жалғастырды. Ол көпжылдық еңбектерінің нәтижесінде микробтар әлеміндегі ерекше организмдер — бактериофагтарды ашты. Сөйтіп, ол соңғы жылдары елімізде зор қарқынмен дамыған виру-сология ғылымының негізін қалаушылардың бірі болды. Гамалея оба және туберкулез ауруларының кейбір мәселелерін зерттей отырып, оларды емдейтін отандық препараттар жасады. Ол тамаша микробиолог ғалымдарды даярлады.

Орыс ғалымдары Д. К. Заболотный (1866—1929) мен Т. А. Тарасевич (1868—1927) оба, мерез, туберкулез тағы басқа да ауруларды зерттеудегі табыстарымен әлемге әйгілі болды. Бұл ғалымдар елімізде зор қарқынмен дамып отырған эпидемиология гылымының негізін қалады.

Микробиология тарихында орыс ғалымы Д. И. Ивановскийдің (1864—1920) алатын орны ерекше. Ивановский бұдан бұрын ешкім байқамаған темекі теңбілі және рябуха деген ауруларды зерттей отырып, олардың әрқайсысы өз алдына жеке ауру екенін және бұл ауруларды қоздырушылардың өзі осы аурулардан бөлек болатынын анықтады. Сөйтіп, мөлшері жағынан әдеттегі микроорганизмдерден   бірнеше    есе    кіші,    арнаулы    бактериялықсүзгіден  өтіп   кететін  вирусдеп аталатын микроорганизмдердің   ерекше   бір   түрінтапты.    Бұдан    кейінгі    ғалымдар   вирустардың    адаммен   жануарларда    болатынбірқатар   ауруларды   қоздырушы   екендігін   дәлелдеді.

Ивановскийдің         вирустаржайындағы   еңбегі   көптегензерттеулермен       толықтырлып,    вирусология   ғылымыдеп аталды.

Информация о работе Медицина жетістіктеріндегі медициналық микробиологияның қосқан үлесі. Тарихи даму барысында микробиология, вирусология және иммунологи