Eндірістік токсикология

Дата добавления: 14 Января 2014 в 07:36
Автор работы: Пользователь скрыл имя
Тип работы: курс лекций
Скачать архив (109.01 Кб)
Файлы: 1 файл
Скачать файл  Просмотреть файл 

Жарылқасын_Ж.ӨНДІРІСТІК_ТОКСИКОЛОГИЯ_НЕГІЗІ.doc

  —  445.00 Кб

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚазММА жоғарғы және ЖОО-нан кейінгі мамандықтар

бойынша білім  беру оқу-әдістемелік секциясы

Қарағанды мемлекеттік  медицина академиясы

Ж.Ж. Жарылқасын

 

 

 

ӨНДІРІСТІК ТОКСИКОЛОГИЯ НЕГІЗІ.

ӨНДІРІСТІК  УЛАР ЖӘНЕ УЛАНУЛАР

 

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2007

ӘОЖ 613.632

КБЖ 52.84 я 7

          Ж 31

 

                                                                                                                

Рецензенттер:

 

Б.З. Долтаева - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының жалпы гигиена және экология кафедрасының  меңгерушісі, м.ғ.к., доцент;

С.Қ. Омаров – Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының коммуналдық гигиена курсының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент;

Л.К. Ибраева – ҚР ДСМ еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар Ұлттық орталығының токсикология лабораториясының аға ғылыми қызметкері, м.ғ.к.

 

Ж 31 Жарылқасын Ж.Ж.

Өндірістік  токсикология негізі. Өндірістік улар және уланулар. Оқу-әдістемелік құрал. –Қарағанды. – 2007. –  81 бет.

 

ISBN  978 – 601 – 202 – 002 – 1

 

Оқу-әдістемелік  құрал жалпы білім беру стандарттарына, білім және ғылым министрлігі ұсынған еңбек гигиенасы бағдарламасына сәйкес дайындалған. Оқу-әдістемелік құралда өндірістік улардың жіктелуі, сипаттамасы, олардың организмге ену жолдары, организмде алмасуы және түрленуі, шығарылуы, организмге әсер етуі заңдылықтары, еңбек гигиенасы тәжірибесінде қолданылатын  токсикологиялық эксперименттерді жүргізу мәселелері және кәсіптік уланудың алдын алу шаралары мазмұндалған. Оқу-әдістемелік құрал медициналық-профилактикалық факультет студенттеріне арналған, сонымен қатар санитарлық дәрігерлер мен токсиколог мамандардың тәжірибесінде пайдалануға болады.

 

КБЖ  52.84 я 7

 

 

 

 

 

ҚазММА жоғарғы және ЖОО-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру ОӘС жұмыс комиссия мүшелерінің шешімімен бекітілді және басылымға рұқсат берілді.

№  14  Хаттама «  21  »   қыркүйек    2007 ж

 

© Жарылқасын Ж.Ж., 2007

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі шартты қысқартулар тізімі

 

АІЖ – асқазан  – ішек жолы

ДДҰ – дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

DL(CL)50 – орташа өлімдік доза (концентрация)

ЖТЖ – жүрек-тамыр  жүйесі

ИУМК – ингаляциялық улану мүмкіндігі коэффиценті

ОНЖ – орталық  нерв жүйесі

ШРЕК – шектеулі рұқсат етілген концентрация

            ШҚӘД – шамамен қауіпсіз әсері  деңгейі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі кезде  химиялық заттардың зиянды әсері  адамның еңбек жағ-дайына немесе олардың күнделікті тіршілік әрекетіне тікелей байланысты. Тұрмыстық химия бұйымдары мен дәрі-дәрмектердің адам тұрмысында кең пайдалануына байланысты кездейсоқ тұрмыстық уланулар маңызын әлі

 жоғалтқан жоқ. Қазір өсімдіктер тектес табиғи улармен қатар, әртүрлі жаңа синтетикалық химиялық заттардың үлес салмағының артуы да маңызды болып отыр.

Химия мен энергетиканың, көптеген өнеркәсіп салаларының қарқынды дамуы және барлық шаруашылық салалары ауқымының артуы, сонымен қатар тұрмыстық химия мен автокөліктерді кеңінен пайдалана отырып, урбанизациялану биосфераға табиғатқа жат 1 000 000-ға жуық химиялық заттардың бөлінуіне соқтырып отыр.

     1977 жылдың  қарашасындағы мәліметтер бойынша  4039907 химиялық қосылыстар белгілі  болды. Бірақ, 1981 жылы 5 миллионыншы  химиялық зат (ол өсімдік тектес  алколоид – грандирубин болды)  тіркелді. Ал 1983 жылы осы тізбеге 6 миллионыншы химиялық зат енді. Сонымен, әлемде күніне мыңдаған жаңа химиялық зат пайда болады, яғни, әр 2 минут сайын бір зат. Тек ТМД елдерінің өзінде жылына 40 000 зат түзіледі.

     Ал, осы  тізбедегі заттардың 63 000 ғана тәжірибе жүзінде қолданылады екен (1,5%). Соның өзі ғылым мен техниканың жетістіктерін, тіршілік деңгейімізді, еліміздегі экономиканың жағдайын көрсетеді. Бұлардың қатарында пестицидтер, дәрі-дәрмектер, бояулар, тыңайтқыштар, полимерлер. Химиялық заттар синтезінің кейбір салалары аса жоғары жылдамдықпен дамиды. Мысалы, 1966 жылы шыққан «Пестицидтер бойынша анықтамада» 726 қосылыстар болса, 10 жылдан соң, бұл анықтамаға тағы 540 жаңа пестицидтерді енгізуге тура келді.

     Қазақстанда  соңғы 5 жылдың ішінде қолданылатын  пестицидтердің көлемі шамамен 4 есеге қысқарғанымен, олардың тізімі сол деңгейден өзгерген жоқ (100 атауға жуық бар), олардың 30%-ға жуығы хлорорганикалық пестицидтер. Ал, оның үстіне жұмыс аймағы ауасындағы пестицидтердің мөлшері ШРЕК деңгейінен 2-10 есе жоғары. Ластану деңгейі неғұрлым жоғары аймақтар – Алматы облысы (45%), Шығыс Қазақстан облысы (40%).

     Неғұрлым  ертерек жүргізілген токсикологиялық  зерттеулер жоғары уытты, аса  қауіпті заттарды, тіпті бүкіл  технологиялық процестерді уыттылығы,  қауіптілігі неғұрлым төмен заттармен, тиімділігі бірдей технологиялық желілермен алмастырумен байланысты орынсыз шығындардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Сондықтан, өндірістік токсикология бойынша болашақ дәрігерлердің білімін және мамандардың біліктілігін арттырудың маңызы өте зор және осы орайда бұл оқу-әдістемелік құралдың тигізер пайдасы ерекше болмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Өндірістік (өнеркәсіптік) токсикология пәні,

дамуының  негізгі кезеңдері

 

Токсикология  – (грек тілінен алынған: toxikon - у және logos – оқыту деген мағына береді) – сыртқы ортаның, химиялық факторларының ағзаға зиянды әсерлерінің заңдылықтары жайындағы ғылым. Оның қазіргі кездегі жіктелуі 1-ші суретте келтірілген.

 

Сурет 1 - Қазіргі токсикологияның құрылымы

 

 

 

Өнеркәсіптік  токсикология - өнеркәсіптік улардың ағзаға зиянды әсерлері заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Заманымызға сай токсикологияны шартты түрде, бір-бірімен тікелей байланысты екі үлкен тарауға бөлуге  болады: 1) токсикометрия; 2) интоксикация патогенезі.

Токсикометрия – яғни, «уыттылық әсерді өлшеу» алғаш рет 1930-шы жылдары Н.С.Правдин ұсынды және ол уларға сандық сипаттама береді.

Токсикометрияның алдына қоятын тікелей мақсаттары: гигиеналық сараптау, шикізаттар мен өнімдерді гигиеналық стандарттау, сыртқы ортадағы зиянды заттар көлемін шектеу (ШРЕК және т.б.).

Интоксикация  патогенезі – организмде удың сіңірілуін, таралуын, метаболизмін, организмнен шығарылуын зерттейді. Сонымен қатар, уланудың биохимиялық және биофизикалық механизмдерін, патологиясын, патоморфологиясын, иммунологиясын зерттейді. Интоксикация патогенезі бойынша зерттеулер денсаулық сақтау тәжірибесінде диагностика және терапия әдістерін әзірлеуде қолданылады.

Өнеркәсіптік  токсикологияның дамуы тамырын  тереңнен Гиппократ (біздің дәуірге дейін 460-377 жыл), Гален (б.д.д. мөлшермен 130-200 жыл) одан кейін Парацельс (1493-1541), Рамацини (1633-1714) дәуірінен бастайды және ол өндірістік маңызды заттардың адам организміне зиянды әсерлері жайындағы ілімдердің дамуымен тікелей қатысты.

Өткен ғасырдың екінші жартысында және біздің ғасырдың басында өнеркәсіптік зиянды заттардың  әсерін эксперименттік жануарларды зерттеу басталды. Россияда бұл істі бастаушы Е.В. Пеликан (1824-1884, 1854) болды.

20-30-шы жылдарда  бұрынғы Кеңес Одағы көлемінде: Гендерсон және Хаггард (1930); Штаркенштейн, Поль (1929); Н.С. Правдин (1934) және Н.В. Лазеревтердің өздерінің және аударма жұмыстары басылған монографиялар мен оқулықтары шыға бастады.

Біздің елімізде өнеркәсіптік токсикологияның ірге тасын ғылым ретінде қалаушылар болып Н.В. Лазарев (1895-1973) және Н.С. Правдин (1882-1954) саналады. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының жұмысшылар денсаулығына зиянсыз дамуына толықтай мүмкіндіктер жасалынды. Бұл профилактикалық шаралардың орындалуын дамытып қадағалаудың жетістіктері деп айта аламыз. Өнеркәсіптік токсикологияның мақсаты мен міндеттері көрсетілген (1938) Н.В. Лазаревтің «Өнеркәсіптік токсикология оқулығы» әлі күнге дейін қолданылуда. Ал «Электролиттер еместер» кітабы (1944) органикалық заттарды биологиялық, химиялық, физикалық жүйеге келтірген алғашқы ғылыми туынды. Н.С.Правдин гигиеналық нормалаудың ғылыми негіздерін, химиялық заттарды токсикологиялық бағалау әдістерін әзірлеп, одан әрі жетілдіруге ерекше көңіл бөлді.

Профилактикалық пәндер арасында өнеркәсіптік токсикология алғашқы орындардың бірін алады, өйткені, химиялық заттың организмге әсерін алдын ала зерттеп, болжап жұмысшыларға зиянсыз еңбек жағдайын ұйымдастыруға мүмкіндік бере алады.

Қазіргі кездегі санитарлық заңнамалар талаптарына сәйкес бірде бір химиялық зат немесе қоспа алдын ала токсикологиялық зерттеулерден өтіп, бағасы берілмей өндіруге және өнеркәсіпте қолдануға рұқсат етілмейді.

 

2 Өнеркәсіптік токсикологияның міндеттері

 

  1. Жаңа өнеркәсіптік заттарға токсикологиялық баға беру және гигиеналық реттеу - ШРЕК-ны бекіту. Қазіргі уақытта жұмыс аймағы ауасындағы 800-ден астам химиялық заттарға ШРЕК бекітілді. Бұл нормалар өнеркәсіптік өндірістерді жобалауда басты дерек болып саналса, өнеркәсіпте санитарлық дәрігер үшін ағымды санитарлық қадағалауда заңды негіз болып есептелінеді. Біздің елімізде гигиеналық реттеу мақсатымен жүргізілетін эксперименттік зерттеулер принципі бір жүйеге келтірілген, оған сәйкес эксперимент – бұл тек бір ғана заттың әсерін зерттеуге мүмкіндік тудыратын өндірістік жағдайдың үлгісі болып табылады.
  2. Өндірістік жағдайларда организмге бірнеше химиялық және физикалық факторлардың әсер етуі – қосарланып әсер ету орын алады. Осыған байланысты өнеркәсіптік токсикологияның келесі міндеті туындайды ол: өндірістік ортаның бірнеше факторларының сонымен қатар бірнеше уытты заттардың организмге қосар әсерін реттеу.
  3. Удың әсер ету механизмін, интоксикация патогенезін, удың организмге сіңірілуін (түсуін), таралуын, өзгерістерге ұшырауын және организмнен шығарылуын токсикологиялық зерттеу. Бұл мамандарды медициналық тексерулерді дұрыс жүргізіп, интоксикация белгілерін ерте анықтауға, емдеу және профилактикалық шараларды тиімді де сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
  4. Өнеркәсіптік заттардың әртүрлі мүшелер мен жүйелерге тигізетін арнайы әсерлерін зерттеу. Мұндай арнайы әсерлерге сенсибилизациялық (Ni,Cr,Be), бластомогендік әсерлер және ұрпақ көбейту қызметіне әсер ету жатады. Соңғысына гонадотропты және мутагенді әсерлер кіреді.
  5. Кешенді әсерлердің теориялық мәселелерін шешіп, тәжірибе жүзінде, адамға тек жұмыста ғана емес, сонымен қатар жұмыстан тыс уақыттарда әсерін тигізетін, қоршаған ортадағы зиянды заттардың шектеулі көлемін гигиеналық реттеуді енгізу.
  6. Өнеркәсіптік токсикологияда әр түрдің уларға сезімталдығы айырмашылықтарына ерекше көңіл бөлінеді, сондықтан, эксперимент жүзінде алынған нәтижелерді адамдарға бейімдеу, яғни экстраполяцияның ғылыми негіздерін әзірлеу аса маңызды мәселе болып табылады.

Адам организмінің әртүрлі химиялық агенттер әсеріне  реакциясы, жануарларға жасалған эксперименттерден  алынған көрсеткіштерден сапалық, күш жағынан айырмашылықта болуы  мүмкін. Заттардың уыттылық көрсеткіштері тек қана удың қасиетіне байланысты емес. Сонымен қатар адамдардың жыныстық ерекшеліктеріне және жеке бас сезімталдығына байланысты. Сонымен қатар уға сезімталдықтың түрлік ерешеліктерінің  маңызы өте зор.

Химиялық заттардың эмбриотроптық, мутагендік және концерагендік әсерлерін адамдарға экстраполяциялау ең аз зерттелген сұрақ болып қалуда. Сондықтан ШРЕК жануарларға жасалған эксперименталды зерттеулер негізінде бекітілген. ШРЕК екі кезеңде анықталып бекітіледі. Бірінші кезең лабораторияда жануарларға эксперимент өткізу – клиникалық – гигиеналық кезең. Екінші кезең өндірістегі жұмысшылар мен олардың ұрпақтарының денсаулық көрсеткіштерін еңбек жағдайымен, демек жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттар концентрацияларынын әсерімен байланыстылығын анықтау.

Өнеркәсіптік  токсикология алдындағы практикалық  тапсырмалардың шешілуі теориялық  зерттеулердің кеңейтілуін, бар  деректерді тұжырымдауды, жасалынатын  эксперименттерді жеңіл тұжырымдалатын және жасалынған қортындыларды тексере алу мүмкіндігін тудыратындай формада өткізуді талап етеді.

Теориялық сұрақтардың  ішінен химиялық зиянды факторларға  икемделу процесін әрі қарай зерттеу  мен кумуляция мен икемделу (адаптация) арасындағы қатынас сұрақтары ерекше орын алады. Өнеркәсіптік органикалық заттардың физико-химиялық қасиеттері мен олардың уыттылығы арасындағы байланыстарды анықтау да өнеркәсіптік токсикологияның алдындағы маңызды сұрақ болып табылады. Химиялық заттардың организмге түсуі мен шығарылуын анықтайтын негізгі заңдылықтар айқындалады. Алынған теориялық деректер жаңа заттардың уыттылығын болжаудың және токсикологиялық баға беруді тездететін есептеу әдістерін ойластырудың ғылыми негізі болып септігін тигізді.

Токсикологиялық баға беруді тездететін есептеу әдістері эксперименттерді қою көлемін шектеуді және шамамен қауіпсіз әсері деңгейін (ШҚӘД) болжайды.

Сонымен, өнеркәсіптік токсикология, физиология, биохимия, кәсіптік патология, онкология, иммунология, генетика, химия, математика сияқты көптеген ғылымдар саласынан білім мен зерттеу әдістерін игеруді талап ететін көптеген проблемелардың шешімін табады. Аталған ғылымдар төңірегінде методикалық тәсілдерді жетілдіру өнеркәсіптік токсикологияны байыта отырып, удың мүшелік, жүйелік, клеткалық, субклеткалық дәне молекулалық деңгейдегі күрделі механизмдерін айқындауға мүмкіндік тудырады.

Страницы:12345следующая →
Описание работы
Қазіргі кезде химиялық заттардың зиянды әсері адамның еңбек жағ-дайына немесе олардың күнделікті тіршілік әрекетіне тікелей байланысты. Тұрмыстық химия бұйымдары мен дәрі-дәрмектердің адам тұрмысында кең пайдалануына байланысты кездейсоқ тұрмыстық уланулар маңызын әлі
жоғалтқан жоқ. Қазір өсімдіктер тектес табиғи улармен қатар, әртүрлі жаңа синтетикалық химиялық заттардың үлес салмағының артуы да маңызды болып отыр.
Содержание работы
содержание отсутствует