Жасушалық иммунитет жүйесі,негізгі қызметтері.Иммуналогиялық төзімділік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2015 в 23:02, творческая работа

Описание работы

I. Кіріспе.
II.Негізгі бөлім
1.Иммунитет және оның анықтамасы
2.Жасушалық иммунитет және оның компоненттері
3.Иммунитеттің Т жүйесінің қызметі
4.Иммунды төзімділік
III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Immunologia.pptx

— 326.55 Кб (Скачать файл)

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті  
Эпидемиология және  коммуналды гигиена кафедрасы

 

                                            СРС

  

Тақырыбы:Жасушалық иммунитет жүйесі,негізгі қызметтері.Иммуналогиялық төзімділік.

 

 

                                                  Орындаған:Абдрахманова С.Ж.,

                                        Юлдашев М.Х. 3-029 топ ЖМ

        студенттері

                                       Тексерген: Қошқарбаева Б.С.

                         Кафедра оқытушысы

Жоспар

 

   I. Кіріспе.

   II.Негізгі бөлім

          1.Иммунитет  және оның анықтамасы

          2.Жасушалық  иммунитет және оның   компоненттері

          3.Иммунитеттің  Т жүйесінің қызметі

          4.Иммунды  төзімділік

    III.Қорытынды

    IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

 

    • Сүтқоректілірдің организміндегі соматикалық жасушалардың генетикалық тұрақтылығын иммунитет жүйесі қадағалайды. Осыған байланысты организмнің иммунитет жүйесін организм құрамының ерекшелігін сақтайтын функционалдық жүйе ретінде қарайды. Арнайы иммунитет реакциялары кез-келген генетикалық бөгде хабарды тасымалдаушыларға қарсы: індет агенттеріне, ісік жасушаларына, тегі бөтен жасушаларға, бөгде ақуыздарға, полисахаридтерге және басқа агенттерге қарсы жүреді.

 

Иммунитет және оның анықтамасы. 
Жасушалық иммунитет

 

    • Иммунитет (латынша іm-munіtas – босап шығу, арылу, құтылу) — организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті.
    • Иммунитетті  пайда болу орнына, әрекет механизміне  байланысты негізінен 3 топқа  бөлінеді:

         1.Жасушалық

         2.Гуморалдық

         3.Молекулалық

 

 

                   

    • Жасушалық иммунитет  — бұл иммунитет түрінде, антидене де комплемент жүйесіде қатыспайды.Жасушалық иммунитет кезінде макрофагтар,табиғи киллерлер,антиген спецификалық  цитотоксикалық Т лимфоциттер белсенеді және антигенге қарсы жауап ретінде цитокиндер түзіледі.
    • Т лимфоциттер бұл-жасушалық иммунитетке жауап беретін лимфоциттердің субпопуляциясы.Субпопуляция құрамына:

                 1.Т хелперлер (Th1,Th2,Th3,Th9Th17,Th22);

                 2.Т киллерлер(цитотоксикалық Т лимфоциттер );

                 3.Т супрессорлар  және эффекторлар,регуляторлар

                     жатады.

  

 

Жасушалық иммунитет

 

    • Жасушалық иммунитет реакциялары тимустан шығатын Т-лимфоциттермен іске асады. Тимуспен Т-лимфоцит жасушалық иммунитет жүйесін, басқаша айтқанда Т-жүйені құрайды. В-жүйенің қызметін Т-жүйе қадағалайды.
    • Т-жүйенің орталық мүшесі айырша без, шеткісі – көк бауырдың, лимфа түйіндерінің және басқа лимфа шоғырларының Т-тәуелді аймақтары.
    • Жасушалық иммунитет, әрине, басқа жасушаларды жоятын және фагоциттерде тірі қалатын микроорганизмдерге қарсы бағытталған. Жасушалық иммунитет вирустармен инфекцияланған жасушаларға қарсы тиімді болып келеді. Сонымен қатар, бұл иммунитеттің түрі әртүрлі саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, жасуша ішіндегі бактериялар мен ісік жасушаларынан қорғануға ат салысады.

 

Жасушалық иммундық жүйе жұмысы

 

Фагоциттік қасиеті бар Т-лимфоциттер антигенді таниды

 

ангтигенді өзіне қарай тартады

 

 антиген жасушаға енеді

 

жасушадағы ыдырату қасиеті бар лизосома ангигенді жояды

 

 антиген қорытылады

 Иммунитеттің Т-жүйесінің қызметтері:  

 

    • 1. Жасушалық түрдегі иммунды жауаппен қамтамасыз ету Т-жүйесінің негізгі қызметі: Т-лимфоциттер генетикалық бөгде жасушаларға (мутантты және ісік жасушалары, вируспен зақымдалған жасушалар, бөгде трансплантат жасушасы және т.б.) цитотоксикалық әсер етеді. Одан басқа Т-лимфоциттер кейбір антигендерге қарсы фагоцитарлық түрдегі жауапты қалыптастырады.
    • 2. Иммунитеттің Т-жүйесі табиғатта кездесетін көпшілік антигендерді тануға және жасушалық, гуморалды иммунды жауаптың қалыптасуында басты қызмет атқарады.

 

    • 3. Т-жүйесі иммунды жауапы реттеуде маңызды рөл атқарады. Бұл үрдіске, ең алдымен, әртүрлі түрдегі иммунологиялық серпілістерді ынталандыратын және тежейтін Т-хелперлер мен Т-супрессорлар өздері өндіретін лимфокидерінің көмегімен қатысады.
    • 4. Т-жүйесі иммунологиялық төзімділіктің қалыптасуына және оның сақталып тұруына қатысады. Иммунологиялық төзімділік дегеніміз организмнің меншікті антигендеріне қарсы арнайы иммунологиялық ареактивтілік.
    • 5. Жетілген эффекторлы Т-лимфоциттер иммунологиялық зерде қызметін, яғни организм антигемен қайталап әрекеттескен жағдайда иммунды жауаптың жылдам қалыптасуы.  

 

  
Айырша без (тимус)  

 

 

    •  Тимус – эндокриндік мүше. Тимус гормондары кальций, фосфор метаболизміне, глюкоза алмасуына, бұлшық ет тонусына, өсу және жыныстық жетілуге әсер етеді.
    •  Дегенмен, айырша бездің  негізгі эндокриндік қызметі – иммуногенезді реттеу. Оның үстіне тимус гормондары лимфоцит дамуын айырша бездің өзінде ғана емес, одан сырттай, шеткі иммунитет мүшелерінде дамуын да қадағалай отырып сүйек кемігіндегі бастаушы преТ-лимфоциттердің дифференциялануына әсер етеді.

 

             Тимус гомондарының екі түрі бар:

    • Тимопоэтиндер – тимустық қыртысты қабатындағы жетілмеген Т-лимфоциттердің дамуына әсер етеді.
    • Тимозин және оның аналогтары – айырша бездің  ішіндегі Т-лимфоцит дамуын және олардың  шеткі мүшелердегі жетілу процесін қадағалайды. Осы гормон жақсы зерттелген, молекулалық салмағы төмен, құрамында глютамин және аспарагин қышқылы, аминқышқылдары көп  полипептид, Т-лимфоциттерге әсер ету механизмді циклді нуклеотидтермен (цАМФ және цГМФ) әрекеттесуге негізделген.  Тимозин таза күйінде жеңіл бөлініп алынады. Дәрі ретінде қолданылатын аналогтары тимозин, тимактивин деп аталады.

 

  
Т-лимфоциттер дифференциялануы  

 

    •                   В-лимфоциттер секілді Т-лимфоциттер де сүйек кемігінің көпқабілетті бағана жасушаларынан шығады.  Сүйек кемігінде жартылай бағана жасушалардың  бастапқы жасушалары пайда болады. Олар айырша безге өтіп оның қабық қабатына орналасады (1 сурет).
    •  Онда олар тимус гормоны – тимопоэтиндер әсерімен Т-лимфоциттерге айналады. Бұл жасушалар Т-лимфоциттердің негізгі белгісін Ө-антигенін қабылдайды. Бұл антиген тимустан тараған лимфоциттердің бәрінде болады, ал В-лимфоциттерде кездеспейді.
    •  Т0-лимфоциттер жылдам алмасып тимустың өзінде біразы жойыла бастайды. Олар иммунохабарсыз Т-митогендер әсерін қабылдамайды (Т-лимфоциттердің көбеюін іріктеп жүргізетін заттар: конкавалин А, фитогемаглютинин).

 

    • Айырша бездің қатпарлы қабатындағы Т0-лимфоцит тек аз ғана бөлігі тимус гормоны тимозиннің әсерімен Т1-лимфоциттерге айналады. Т-лимфоциттер айырша без мезенхимасында орналасып тимустағы жасушалардың 5-7% ғана құрайды, алайда оның бар иммунокомпетенттігін қамтамасыз етеді. Т1-лимфоциттер Т-митогендер әсерін қабылдай алады.
    •  Қан мен лимфа ағымымен Т1-лимфоциттер шеткі лимфоидтық мүшелердің Т-тәуелді аймағына барып орналасады. Онда әбден жетіліп иммунохабардар Т2-лимфоциттерге айналады. Көк бауыр мен лимфа түйіндерінен шыққан Т-лимфоциттер, қан мен лимфаға өтіп бүкіл дене бойын аралап жүреді, осылай иммунитеттік бақлауды іске асырады.
    • Т2-лимфоциттер ұзақ өмір сүре алатын жасушалар, 4-6 ай бойы қызмет жасайды. Т-митоген әсерінен жақсы қабылдайды.

 

 

    •  Т1 және Т2-лимфоциттер антигенмен кездескенге дейін әртүрлі қызмет жасауға бейімделеді: бір бөлігі антигенмен әсерлесетін жасушаларға (Т2) икемделген, екінші бөлігі Т-лимфоцитттердің субпопуляцияларының тегін береді (хелперлердің, супрессорлардың, киллердің).
    •  Антигенмен әсерлесетін жасушалар (АӘЖ) антигенді алғаш танып айыруға (антиген организмге енгенде) қатысады. АӘЖ жасушалар антигенді "бөтен" деп тапса АӘЖ белсеніп Т-хелперге айналады. Антигенді тану процесінде АӘЖ –дың антиген танығыш рецепторлары тимустәуелді антигеннің таратушысының антиген детерминантының ансамблімен әрекеттеседі. Т-көмекшілер медиаторлар көмегімен реакцияға Т-лимфоциттер субпопуляциясын лимфоциттер пре-жасушалардың екінші түрін түсіріп, олардың дамуына қолдау жасайды. Т-көмекші бөліп шығаратын медиатордың әсерімен бастапқы жасушалар белсеніп, сезімталданған Т-лимфоциттерге айналады.

 

    • Антиген организмге қайта енгенде осы жасушалар оны өздері айырып танып, қарқынды түрде көбейіп, керекті қызметтерін атқарады. Т-жасушалардың негізгі қызметіне: антигенді айырып тану, нысана-жасушаларға әсер ету, иммунитет жауабын реттеу, иммунитеттік қапер, иммунитеттік төзімділікті түзу жатады.

Антигенді айырып тану  

 

 

 

    • Антигенді айырып тану макрофаг, Т, В-лимфциттер кооперациясы кезінде жүреді. Антидене синтезделу үшін В-лимфоцит екі сигнал алу керек: арнайы және өсіргіш (пролиферативті). Бұл гуморалдық иммунитет реакциясының қажетті шарты болып табылады. Арнайы сигналды В-лимфоцит антиген детерминантасымен әрекеттескенде қабылдайды. Ол антиген өзгешелігін қамтамасыз етеді. Ал В-лимфоциттерді көбейтетін сигналды антиген детерминантасының тасымалдаушысын айырып таныған Т-лимфоциттен алады. Осы процесте антигенді қорытып шығаратын макрофагтар зор роль атқарады. Олар Т-лимфоцитке антигенді тануға көмектеседі.

 

  
Т-лимфоциттер субпопуляциясы және қызметтері  

 

 

    • Т-лимфоциттер субпопуляциясы көптеген қасиеттері бойынша ажыратылады: үстінің антигендік маркерлері бойынша, жасуша диаметрі, антигенге қарсы рецепторы, F-фрагмент мен С3-компоненттердің рецепторы, өмір сүру ұзақтығы, организмде қозғалу бағыты бойынша, химиялық агенттер мен радиоактивті сәулелерге сезімталдығы бойынша ажыратылады. Бұл ерекшеліктері бойынша олардың субпопуляцияларын бір-бірінен бөліп алуға болады. Осы субпопуляциялардың  антиген әсерімен кейбіреуінің ерекшелініп иммунитет жауабына пайда болуы антиген детерминантасының әсерімен және иммунитеттеу әдісімен тығыз байланысты.

 

  
Т-лимфоциттердің эффекторлық реакциясы  

 

    • Жасушалық иммунитеттің эффекторлық  реакцияларын Т-лимфоциттердің ішіндегі Т-өлтіргіштер және  Т-эффекторлары іске асырады.  Т-эффекторлары цитотоксикалық әсерімен қатар қабыну реакцияларының комплексін жүргізетін бірқатар медиаторлар жасап шығарады. Осы жасушалар иммунитеттік қабыну ошағын қалыптастырады. Ол баяу жүретін аса сезімтадық жолымен жүреді.
    • Т-өлтіргіштер нысана жасушаларға қарсы цитотоксикалық әсер жүргізеді. Нысана жасушалар бетіндегі тегі бөтен антиген детерминанталары болады.  Бұл жасушалар (Т-өлт) трансплантат және ісік жасушалары аластатып организмнің тегі өзгерген мутант жасушаларын жояды. Осы жасушалар арқылы аутоиммундық аурулардың жасушалық реакциялары іске асады. Т-өлтіргіштер нысана жасушаларға түйісу механизмі арқылы тікелей цитотоксикалық  әсер етеді.

 

 Т-өлтіргіштердің нысана жасушаларға әсерінің негізгі кезеңдері:

    •             Т-өлтіргіштертер мен нысана жасушалардың түйісуі
    •             Өлтіргіш соққы
    •             Нысана-жасушалардың ыдырауы (лизисі)
    • Арнайы жүретін реакцияның бірінші кезеңі, Т-өлтіргіш рецепторы нысана жасушаның антиген детерминантасымен түйісу. Бұл процесс антиген организмге екінші рет кіргенде жүреді. Оған дамыған осы антигенге сезімталданған Т-лимфоциттер: Т-өлтіргіштер қатысады.

 

 

 

    • Қалған екі кезең арнайы емес: өлтіргіш соққы кезінде Т-жасушалар белсеніп гуморалдық медиаторлар-лимфотоксиндер бөлініп олардың көмегімен және жасушалар түйіскенде нысана жасушаның  плазмалық мембранасы бүлінуі салдарынан сол жасушаларда алғашқы зақымдану жүреді. Мембрананың ион өткізгіштігі өзгеріп ион балансы бұзылады, осмостық және зарядтық ауытқулар (аномалия) пайда болып, нәтижесінде мембрана тұтастығының структуралық және функционалдық негізі бұзылады. Бұл процесті комплемент белсенуі де күшейтеді.

 

    • Иммунологиялық төзімділік – арнайы антигенге иммунды жауапты тудыру қабілетін жоғалту. Төзімділіктің дамуы – мүшелерді қондырғанда өте қажет. Бірақта, қатты жұқпалы ауруларды қиын салдарға әкеледі. Табиғи және жасанды төзімділіктің механизмдері бірдей. Иммунологиялық тозімділікті қамтамасыз ету факторлары: -Иммунитеттін орталық мүшелерінде (тимуста) клондардың теріс сұрыпталу нәтижесінде. --АТК клеткалардын қызметінің төмендеуі. Олар В7 белогын синтездемейді. - Аутоантигендермен әсерлесу қабілеті бар Т- және В-клеткаларды жоюлуы, - Т- және В-лимфоциттердің корецепторларын блоктау, - Аутореактивті клондардың жұмысын басатын супрессор клеткалар қызметінің төмендеуы. -Антиидиотипті антиденелердің қатысуы.  

Информация о работе Жасушалық иммунитет жүйесі,негізгі қызметтері.Иммуналогиялық төзімділік