Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 15:43, реферат
Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән – жайына қанығу үшін ми мен психикасының, материя мен сананың қарым – қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы қажетті мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оның заңдылықтары – психология ғылымының табиғи – ғылыми негізін құрайтын іргетас. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі – мидың және оның бөліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған.
Кіріспе
Негізгі бөлім
А) Жүйке жүйесінің маңызы
Б) Жүйке жүйесі аурулары
В) Жүйке жүйесі дертінің белгілері
Г) Жүйкенің жұқаруына әсер ететін өзге де себептер
3.Қорытынды
Жоспар
А) Жүйке жүйесінің маңызы
Б) Жүйке жүйесі аурулары
В) Жүйке жүйесі дертінің белгілері
Г) Жүйкенің жұқаруына әсер ететін өзге де себептер
3.Қорытынды
Жүйке жүйесінің құрылысы, маңызы
Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән – жайына қанығу үшін ми мен психикасының, материя мен сананың қарым – қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы қажетті мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оның заңдылықтары – психология ғылымының табиғи – ғылыми негізін құрайтын іргетас. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі – мидың және оның бөліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған.
Жүйке жүйесі организмнің
сыртқы ортамен байланысын
Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі – ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін нерв орталықтары атайды. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) нерв жүйелерінің өне бойына орналасқан.
Орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық нерв жүйесіне ми мен жұлын нервтерінен тарайтын әр түрлі шеткі нервтер жатады.
Адам денесінде болатын жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан түзіледі. Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары құрайды. Жүйке жасушалары - нейронның денеден, ұзын және қысқа өсінділерден тұратыны сендерге жүйке ұлпасынан таныс. Нейронның денесінде цитоплазма мен ядро болады. Ұзын өсіндісі - аксон ми мен жұлынның дененің кез келген бөлімімен байланысуын қамтамасыз етеді. Аксонның сырты май текті ақ қабықшамен қапталған. Бұлар шоғырланып ми мен жұлынның ақ затын түзеді. Нейронның тарамдалған көптеген қысқа өсінділері - дендриттердің сыртында ақ қабықша болмайды. Бұлардың жиынтығы мен нейронның денесі сұр зат түзеді. Нейронда ұзын әрі тарамдалмаған (тек ең ұшы сөл ғана тарамдалады) бір аксон болады. Нейронның денесіне қозу (хабар, сигнал) дендриттер арқылы келеді.
Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар 3 топқа бөлінеді:
сезгіш (қозу шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өтеді);
байланыстырғыиі - козуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға өткізеді;
қозғалтқыш - қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшықеттер мен ішкі мүшелерге өткізеді.
Жүйке жүйесіне ми, жұлын және жүйкелер жатады. Жүйкелер жүйке жасушаларының (нейрондардың) өсінділерінен түзіледі. Жүйкелер адам денесінің барлық жеріне таралған, барлық мүшелерді ми және жұлынмен байланыстырады. Егер қозғалтқыш нейронның ұзын өсіндісінен (аксондарынан) тұрса, ол қозғалтқыш жүйке. Сезгіш нейронның қысқа өсінділерінен (дендриттерінен) тұрса, ол сезгіш жүйке деп аталады. Бұл жүйкелерден басқа аралас жүйкелер де болады, ол нейронның аксоны мен дендриттерінен түзіледі. Аралас жүйкелер арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне және одан мүшелерге беріледі.
Жүйке жүйесінің маңызы
Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек пен бұлшықеттердің жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа келуі; тер, сілекей, сүт, қарын сөлінің бөлінуі және т. б. Осы әрекеттердің барлығы да тікелей жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді.
Барлық мүшелер мен
мүшелер жүйесінің бірімен-
Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. Сыртқы ортаның әр түрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамның жүйке жүйесінің әсерінен болады. Мысалы, жақын келген көлікті (машина, трамвай, троллейбус және т. б.) өтіп кеткенше тоқтап күтіп тұру; аса ыстық немесе суықтан қорғану; денені зақымдайтын заттарға жоламау және т. б. Адамның ойлауы, саналы мінез-құлқы жүйке жүйесінің күрделі дамуына тәуелді (бағынышты).
Ағзалар тіршілігіндегі барлық ерекеттерді жүйке жүйесі басқарады. Оны рефлекстік реттелу дейді.
Рефлекс. Рефлекстік доға. Рефлекс (латынша - жауап қайтару) сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның жауап қайтару әрекеті. Рефлекстер рефлекстік доға, қозу өтетін жолдар арқылы жүзеге асады. Рефлекстік доға 5 бөлімнен тұрады:
жүйке ұштары - рецепторлар (латынша - қабыл-даймын, қабылдаушы);
сезгіш нейрондар (қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді);
жүйке орталығы (орталық жүйке жүйесі);
қозғалтқыш нейрондар;
тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер (бұлшықеттер және т. б.).
Рефлекстік доға рецептордан басталады. Рецепторлар (жүйке ұштары) әр түрлі тітіркендіргіштерді (ыстық, суық, қышқыл, дыбыс және т. б.) қабылдайды. Рецептордан сезгіш нейрондар арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне өтеді. Қозу орталық жүйке жүйесінде талданып, одан қозғалтқыш нейрондар арқылы жұмыс атқаратын мүшелерге беріледі. Оны тізені жазу рефлексінен де байқауға болады.
Рефлекстік доғаның барлық бөлімдері толық қызмет атқарса ғана рефлекс болады. Егер рефлекстік доғаның бір бөлімі зақымданса, рефлекс жойылады (болмайды).
Жүйке жүйесі аурулары
Нарықтық заманның бүгінгі талабына сәйкес, адамдардың бәсекелестік қабілеті артты. Сол себепті де өзара қарым-қатынас күрделесіп, адамдар ара сүйіспеншілік пен мейірім сұйылды. Ғаламдық экономикалық дағдарыстың әсерінен көптеген адамдардың жұмыссыз қалуы, экономикалық жақтағы шығын және осы себептен туатын отбасылық қайшылықтар адамдардың көңіл-күйін бұзып, психикалық қысым күшейді. Салдарынан әртүрлі жүйке жүйесі ауруларына шалдығушылардың қатары күн санап артып келеді.
Көңіл-күйдің жиі бұзылуы қалыпты құбылыс. Бұл жағдай уақыттың өтуімен және өзін-өзі ретке салумен тез қалпына келеді. Алайда күйзеліске ұшырап жабығып жүру ұзақ уақытқа созылса, денсаулыққа кері әсерін тигізіп, күнделікті тұрмыс пен қызметке ықпал етеді. Тіпті өзін-өзі өлтіретін жанкешті жағдайлар да оңай туылады. Бұл күнде жүйке-жүйесі аурулары адам өміріне кері әсерін тигізетін басты қауіпке айналды. Қазірге дейін әлем бойынша 200 миллионнан астам адам әр түрлі жүйке ауруларына шалдықса, Америка құрама штаттарында жыл сайын 11 миллион адам осы дерттен зардап шегеді. Бұлардың 15 пайызы ақырында жанкешті тәсілмен өз түбіне өздері жетеді екен. Елімізде де жүйкесі сыр бергендердің қатары жыл сайын артып келеді. Өткен жылғы мәлімет бойынша халықтың 7 пайызы түрлі психикалық ауруларымен ауыратыны белгілі болған. Қазірге дейін Республикадағы психиатриялық мекемелерде үш жүз мыңнан астам адам тіркеуде алыныпты.
Жүйке жүйесі аурулары адам ғұмырын қысқартып, тез кәртейтеді. Жүйке дертіне шалдыққандардың жүрек ауруына шалдығу қаупі сау адамдарға қарағанда екі есе жоғары болады екен. Ауыр күйзеліске ұшырап өзін өлімге байлағандарды есепке алмағанда, жүйкесі жұқарудың салдарынан түрлі дерттерге шалдығып өмірден озғандардың саны, рактан, қантты несеп ауруы мен жүрек ауруларына шалдығып өлушілердің санымен бірдей екендігі дәлелденген. Жалпы, жүйке ауруларының пайда болуы психологиялық фактордан және психологиялық емес фактордан деп екі үлкен топқа бөлінеді.
Жүйке жүйесі дертінің белгілері
Психологиялық фактордан
болатын жүйке ауруларында
Жүйке ауруының өзге де белгілері: Жабырқаңқы көңіл-күй екі аптадан немесе одан да көп уақытқа жалғасса, науқас өзіне қуаныш әкелетін жағдайларға селқос қараса, бұл – жүйке ауруының белгісі. Бұдан сырт төмендегі белгілер байқалса, жүйке ауыруына шалдыққан болуы мүмкін.
Ұйқысы көбейсе, немесе ұйқысы бұзылса;
Қоғамда, қоршаған ортада кездейсоқ өзгерістер болуын қаласа;
Үнемі шаршаса, қабағы ашылмаса;
Өмірді мәнсіз сезінсе, үмітсізденсе;
Бір байламға келе алмаса, ұмытшақ болса, зейіні шоғырланбаса;
Өзін-өзі мерт етуге ниеттенсе және оған қадам басса;
Жүйке жүйесі аурулары кез келген адамдардың барлығында болуы мүмкін. Жүйке жүйесі ауруы, әсіресе, әйелдерде жиі байқалады. Бұл созылмалы дене аурулары түрінде білініп, ас қорту жүйесі, зәр шығару жүйесі, немесе нерв жүйелерінде функциялық бұзылу белгілері көріледі. Бұл белгілер күрделі әрі құбылмалы болады.
Жүйке ауруларының көмескі түріне шалдығушылардың қатарына мінез-құлқы ақ жарқын, есесін елге жібермейтін, іштен тынғыш, намысшыл адамдар жиі шалдығады. Олар қашанда ішкі күйзелісін басқалар алдында ашпайды, жабыққан көңіл-күйін үнемі жасырады. Мұндай науқастар ауырып жүрсе де жұмысы мен қалыпты тұрмысын жалғастыра береді. Бірақ бұл қаншалықты ұзаққа созылса, соншалықты зиян әкеледі.
Психологиялық емес факторлардан болатын жүйке ауруларының пайда болу себептері:
Дәрі-дәрмектің кері әсері. Дәрі-дәрмектер ауруды жазумен бірге денсаулықты да зақымдайды. Кей жағдайда жүйке ауруларын туғызады. Сондықтан жоғары қан қысымы және жүрек артмиясына қатысты дәрілерді ішкен соң жүйкеңізге әсер етсе, бірден дәрігердің көмегіне жүгініңіз.
Қалқанша без ауруы. Қалқанша без қызметінің қалыпсыздығы, психологиялық емес жүйке ауыруларын туғызатын басты себептердің бірі. Қалқанша без ауыруы бар-жоқтығын қан тексерту арқылы білуге болады.
Етеккір келердің алдындағы белгілер. Көптеген әйелдер әдет келердің алдында құрсағының қатты ашқанын сезеді, кейбіреулері ұйқысы бұзылады, жылайды. Сонымен қатар іс-әрекетінде қалыпсыздық байқалады. Бұл әдет келердің алдында эстринның көбеюінен, дәрумен В6 құрамының тым төмендеуінен болған жүйке ауыруының белгісі.
Қанытты несеп ауруы. Бұл дертке шалдығушылардың қанында қант мөлшері тым жоғары болатындықтан дәрменсізденеді, шаршайды және ұйқысы қашады.
Диета ұстаудан болатын жүйкенің сыр беруі. Қазір көптеген адамдар арықтаймын деп тамақты тым аз жейтіндіктен, ағзаға қажетті қоректік жетіспейді де, табиғи түрде көңіл-күй бұзылады, жүйкеге салмақ түседі.
Пайдалы дене әрекетінің аздығы. Дене әрекеттерімен айналысу жүйке ауыруларын болғызбайды, денеде артық май жиылудан сақтайды, адамның іс-әрекеті ширақ, көңіл-күйі сергек болады.
Күн нұрының жетіспуі. Меналин – адам ағзасында түнде, не күн нұры толық түспеген кезде ғана пайда болатын элемент. Кей адамдар меналинге өте сезімтал болады. Өйткені меналин мөлшерінің ағзада артуы көңіл-күйдің тұрақтылығына кері әсер етеді. Қыс мезгілдерінде оның құрамы жоғары болатындықтан, меналинге сезімтал адамдар күн көзіне көбірек қақталғаны жөн.
Қоректік жетіспеу. Ағзада қажетті дәрумендер мен минерал заттардың жетіспуі жүйкеге әсер етеді. Тіпті асқындырады. Адамдар үнемі тұтынатын жасанды азық-түліктер, сусындар мен балкүлшелерде фосфор элементі мен шекер көп болатындықтан, қандағы калциды зая кетіреді. Егер осындай себептерден ағзада калций жетіспеушілік байқалса, адам қаңқа сүйектері табиғи түрде көп мөлшерде калций бөліп шығарады. Салдарынан сүйек босайды. Бұл жүйке жүйенің жұқаруына әсер ететін негізгі себеп.
Әйелдерде болатын ішкі секрацияның бұзылуы. Жүйке жүйенің сыр беруі әйелдерде етеккірдің тоқтауы кезінде көп байқалады. Әсіресе етеккір келер алдында көп әйелдердің көңіл-күйдің бұзылуы жиі қайталанады. Бұдан тыс әйелдер босанғаннан кейін нәрестесі 1-6 айға толған кезде жүйке жүйесі тез сыр беруі мүмкін. Бұл босану гормонының өзгеруінің нәтижесі. Жүктіліктен сақтандыру дәрілерінің де жүйке жүйеге кері әсері көп. Сондықтан дәрігердің кеңесімен в6 дәруменін үнемі қабылдап тұрған жөн. Бұл көңіл-күйдің тұрақтылығын сақтауға пайдалы.
Аптаның соңына қарай болатын көңіл-күйдегі қалыпсыздық. Көп адамдарда апта соңына қарай болатын демалыс, мереке күндерінде байыбына бара алмайтын көңіл-күйдегі қалыпсыздық байқалады. Жалғызсызрап, мазасызданады, көңілі орнықпайды. Бұл жағдай көбінде ұзақ уақыт екі жерде бөлек тұрған ерлі-зайыптыларда, демалыссыз жұыс істейтіндерде, отбасынан алыс аймақтарда, шетелдерде жұмыс атқаратындарда жиі кезігеді. Олар өзгелердің достарымен және отбасы, туыс-туғандарымен бас қосып, көңіл көтергенін көріп, табиғи түрде көңіл-күй жағынан қысымға ұшырайды. Жүйкесі жұқарады.
Ауарайының көңіл-күйге әсері. Қоршаған орта мен ауарайы көңіл-күйге әсер ететін басты фактор. Ауарайы өзгерісі психикаға, физологияға тез ықпал етеді. Әсіресе күз мезгілі мен қыс, көп адамдардың жүйкесіне ауыр салмақ түсіреді. Бұл мезгілдердің ауа темфературасы төмен, күн нұрының жерге түсу уақыты қысқа болғандықтан, адам дене темфературасы тұрақсыз болып, көңіл-күйге ықпал етеді.