Зоология зоогигиена

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 21:48, лабораторная работа

Описание работы

Зоогигиена — мал денсаулығын сақтауға бағытталған ғылым. Себебі оның атауы грек сөздерінен алынған: zoon — жануар және hygieinos — сау деген мағынаны білдіреді. Зоогигиена малдарға қоршаған орта жағдайы және тіршілік шарттарының әсерін зерттеп, оларды дұрыс күтіп бағу, азықтандыру, ұстау және пайдалану әдістерін жасап шығарады, жағымсыз факторларды жоюға және жағымды факторларды барынша қолдануға ұсыныс жасайды. Ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығы — бұл ағзаның қоршаған ортамен тепе -теңдіктегі және қандай да болмасын патологиялық өзгеріссіз, яғни ағзаның құрылымы және қызметі бір біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын сақтау қабілетіне ие болуымен сипатталатын ағзаның табиғи физиологиялық күй-жағдайы деп білеміз, міне сондықтан зоогигиенаны көбінесе практикалық физиология деп атайды.

Файлы: 1 файл

48953.doc

— 3.72 Мб (Скачать файл)

 

2.2 Ауаның ылғалдылығын анықтау

 

Жұмыстың мақсаты:

1) ауа ылғалдылығының  жануар ағзасына әсерін зерттеу  және негізгі гигрометриялық өлшемдерді анықтау.

2) мал қорасы ауасының  ылғалдылығын анықтауға арналған  құралдардың жұмыс істеу принциптерімен және құрылысымен  танысу.

3) ауа ылғалдылығын  өлшеу әдістемесін меңгеру.

2.2.1 Ауа ылғалдылығын  өлшеуге арналған құралдар

Ауа ылғалдылығын анықтау  үшін: гигрометрлер, психрометрлер және гигрографтарды қолданады. Қылды және металл гигрометрлер; психрометрлері Август (статикалық) және Ассман (аспирациялық); гигрографтар тәуліктік және апталық болады.

Ауаның ылғалдылығы  оның температурасы сияқты, қораның дәл сондай нүктелерінде тәулігіне үш рет анықталады.

Ауаның ылғалдылығы  үнемі өзгереді және әртүрлі өлшемдер немесе гигрометриялық көрсеткіштермен сипатталады.

Абсолюттік ылғалдылық (е) – берілген температурада бір м3ауадағы су буының мөлшері (г) немесе серпімділігі.

Максимальды ылғалдылық (Е) - берілген температурада бір м3 ауадағы су буының шекті серпімділігі немесе максимальды мөлшері (г).

Салыстырмалы ылғалдылық (R) – пайызбен берілген абсолюттік ылғалдылықтың максимальды ылғалдылыққа қатынасы:

R = e / E · 100

 

Қанығу тапшылығы (Д) - берілген температурадағы максимальды және абсолютты ылғалдылықтың арасындағы айырмашылық:

Д = Е – е

 

Шық нүктесі (Т) - ауадағы  су булары қанығып, сұйық күйге ауысатын температура (суық беттерде ылғалдың шық  түрінде шоғырлануы).

Құралдар: Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау үшін гигрометрді – жұмысы эфирде майсыздандырылған адам шашының салыстырмалы ылғалдылық артқанда ұзарып, төмендегенде қысқару қабілетіне негізделген құралдар. Салыстырмалы ылғалдылықты өлшегенде гигрометрді тігінен орналастырып, есепті тілшенің көрсеткіштері бойынша (%) орнатқаннан 3-4 сағат кейін немесе үнемі қолданғанда 20-30 минуттан кейін жүргізеді.

Ауаның абсолюттік ылғалдылығын психрометрлермен анықтайды. Әртүрлі  температураларда ауаны қанықтыратын су буының серпімділік кестесінің көмегімен, арнайы формула бойынша салыстырмалы ылғалдылықты, қанығу тапшылығын және шық нүктесін анықтайды.

Августтың статикалық психрометрі бір штативке бекітілген бір-бірінен 4-5 см қашықтықта орналасқан бірдей екі термометрден тұрады.

Термометрлердің бірінің  резервуары (ылғалды) кішкентай матаның  кесегімен оралған, орауыш соңы ширақ жіппен байланып, иілген шыны түтік - пробирканың  кеңейген ұшына салынған. Түтікті тазартылған (дистильденген) сумен толтырады. Капиллярлылығына байланысты, материал үнемі суланады да, термометр түйіршігінен су тұрақты буланып отырады. Бұл булану жылдамдығына пропорционалды жылу жоғалтуды туғызады. Ауа неғұрылым құрғақ болса, булану соғұрылым қарқынды жүреді. Осыған орай, дымқыл термометрде құрғақ термометрмен салыстырғанда температура көрсеткіші төмен болады. Екі термометрдің көрсеткіштерінің айырымашылығы есептеу негізіне алынады.

Өндірістік жағдайда ауаның салыстырмалы ылғалдылығын арнайы психрометрлік кестелер бойынша  бағдарлап анықтауға болады.

Ауаның абсолютті ылғалдылығын Август психрометрінің (статикалық) құрғақ және дымқыл термометрлерінің көрсеткіштері бойынша келесі формуламен есептейді:

 

А = Е – α · ( Т1 – Т2 ) · В

мұнда А – ауаның абсолютті  ылғалдылығы,  г/ м 3 ; Е – дымқыл термометрдің көрсеткіші бойынша ауаның максимальды ылғалдылығы; α – ауа қозғалысы жылдамдығына тәуелді психрометрлік коэффициент; Т1 – құрғақ термометр бойынша температура, оС; Т2  – дымқыл термометр бойынша температура, оС; В – анықтау кезіндегі барометрлік қысым, мм. сын. бағ.

 

2-кесте – Психрометрлік  коэффициенттер

Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с

 

Коэффициент

 

Ескерту

 

0,13

 

0,0013

Егер, ылғалдылықты анықтау қораның қозғалыссыз ауасында жүргізілсе (жабық желдету жүйесінде, сырттан күшті жел тұрмаса).

 

0,2

 

0,0011

Егер анықтау кәдімгі шарттарда ауаның әлсіз қозғалысында жүрсе (желдету жүйесі ашық).

 

0,4-0,5

 

0,0009

Ылғалдылық егер қорада ауаның қозғалысы аса байқаламаса (әлсіз желдің өті) немесе сыртқы ауада  жел болмаған жағдайда анықталады.

 

0,8

 

0,0008

Егер қорада құрал маңында ауаның жасанды қозғалысы пайда болса. Сыртқы ауаның ылғалдылығын анықтауда – әзер байқалатын жел тұрса.

 

2,0

 

0,00074

Егер ылғалдылықты анықтау сыртқы ауада ауаның қоңыржай қозғалысында (әлсіз жел).


 

Ассманның аспирациялық психрометрі резервуарлары жылу радиациясынан қорғау үшін екі металл гильзамен, сондай ақ жақтауларының жылу өткізгіштіктен сақтау үшін талшықты қабаттамамен қапталған бірдей екі термометрден тұрады. Гильзалар жоғарғы ұшында шағын аспирациялық желдеткіші бар ортақ түтікке өтеді. Желдеткіш кілтпен оталатын серіппе арқылы қозғалысқа келтіріледі және қалпақшамен жабылады. Желдеткіш жұмыс істегенде ауа гильза арқылы төменнен ортақ ауа өткізгішке  тұрақты 4 м/с жылдамдықпен сорылады.

Дәлдігі 0,10 С болатын  құрғақ және дымқыл термометрлердің көрсеткішін 10-15 минуттан кейін есепке алады. Психрометр термометрлерінің көрсеткішін жазда өлшеу басталысымен  4-5 минуттан, ал қыста 15 минуттан кейін жазады.

Ассман психрометрі  анықтаған абсолютті ылғалдылық келесі формула бойынша есептейді:

 

А = Е – 0,5 · ( Т1 – Т2 )  · В/755

 

мұнда  0,5 – тұрақты  психрометрлік коэффициент; 755 – орташа барометрлік қысым (мм. сынап бағанасы).

Абсолютті ылғалдылықты анықтағаннан кейін салыстырмалы ылғалдылықты анықтауды (R) ертеректе келтірілген  формула бойынша жүргізіледі. Қосымша  есептеулерсіз ауаның салыстырмалы ылғалдылығы туралы тәуліктік және апталық деректерді тікелей гигрографтар көмегімен арнайы диаграммалық таспада алуға болады. Гигрографтың жұмыс істеу принципі арфалық жүйеде майсыздандырылған шаш шоғының ауа ылғалдылығының артуы немесе төмендеуіне байланысты ұзындығын өзгерту қасиетіне негізделген.

Шаш шоғы ұзындығының  өзгеруі берілуі механизмі арқылы арнайы сиямен қайықша тәрізді толтырылған  қауырсынды тілшеге беріледі, ол өз кезегінде көтеріліп-түсіп, барабанның айналмалы таспасына гигрограмманы  сызады. Гигрограф таспасы көлденеңінен апталарға, күндер мен сағаттарға, ал тігінен 0 %- дан 100 % аралығындағы салыстырмалы ылғалдылық көрсеткіштеріне бөлінген.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2 – Психрометрлер.

А – Август (статикалық); б – Ассман (динамикалық)

 

 

3-кесте – Ылғалдылықты зерттеу нәтижелерін жазу 

 Қора______________________________

Зерттеу аймақтары

Термометр көрсеткіштері

Ылғалдылық

Шық нүктесі

0С

абсолютті

г/м3

максимальді,

г/м3

салыстырмалы,

%

қанығу тапшылығы, г/м3

құрғақ

дымқыл

еденнен 0,5 м биіктікте

             

еденнен 1,2 м биіктікте

             

төбеден 0,6 м арақашықтықта

             

Орташа ылғалдылық

             

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 3 – МВ-18 гигрометрі

1 – жүру бұрандасын  ауыстыруға арналған гайка; 2 –  жүру бұрандасы; 3 – майсыздандырылған  шаш; 4 – жиек; 5 – шкала; 6 – тілі

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 4 – М-21А типті гигрограф

1 – корпус; 2 – майсыздандырылған  шаш шоғы (ылғалдылық көрсеткіші); 3 – түзету бұрандасы; 4 – қауырсыны  бар тіл;  
5 – сағаттық механизмді және диаграммалы таспалы барабан.

 

2.3 Ауаның атмосфералық қысымын анықтау

 

 Жұмыстың мақсаты:

1) атмосфералық қысымның жануар  ағзасына әсерін зерттеу.

2) мал қорасы ауасының  атмосфералық қысымын өлшеуге  арналған құралдардың жұмыс істеу  принциптерімен және құрылысымен   танысу.

3) мал қорасы ауасының атмосфералық қысымын бақылау әдістемесін меңгеру.

Жер шарын қоршап тұрған ауаның белгілі бір салмағы бар: теңіз деңгейіндегі 1л ауа 1,294 г  болады. Ауаға берілетін қысым  атмосфералық қысым деп аталады. Жер үстіндегі ауа теңіз деңгейіндегі оның бетінің әрбір сантиметріне салмағы 1 кг (1029,8 г) асатын жүк түсіретін шамада  қысым түсіреді.

Атмосфералық қысым  бұл қысымды теңгеретін сынап  бағанасы биіктігімен өлшенеді. Қалыпты  қысым деп 760 мм сынап бағанасы немесе бар бірлігі есептеу қабылданған. Бір бар 750,06 мм сынап бағанасы қысымға сай болады. Бар 1000 миммбарға бөлінеді (мбар). Осыдан 1 мбар 0,75 мм сынап бағанасына, 1 мм сынап бағанасы қысым 1,33 мбарға тең. Соңғы кезде қысым паскаль бірлігімен (Па) өлшенеді. Паскаль – бір ньютон (бір ньютон – бұл, 1 кг салмақты денеге 1м/с2 жылдамдық беруші күш), күшпен туғызылатын және 1 м2 аудан бетіне біркелкі таралған қысым. Бір гектопаскаль 100 паскальға немесе 133,322 мм сынап бағанасына тең, ал қалыпты қысым 760 мм сынап бағанасы 1013 гектопаскальға сәйкес.

Құралдар: Атмосфералық қысымды сынапты сифонды барометрлермен және металл барометрлер-анероидтармен өлшейді.

Сынапты сифонды  барометр – өте дәл құрал, бірақ абайлап ұстауды және орын ауыстыруды қажет етеді. Сондықтан оны зертханалық зерттеулерде және анероид барометрлерді тексеру барысында қолданады.

Барометр-анероид (БАММ) портативті құрал болып табылады және гигиеналық зерттеу кеңінен қолданылады. Бұл құралдың маңызды бөлігі іші қуыс жұқа қабырғалы гофралы түпті және қақпақты металл қорап немесе таға тәрізді иілген жұқа қабырғалы тегіс  түтік болып табылады.

Қорап немесе түтіктің ішінде сиретілген ауа (50-60 мм сынап бағанасы) болады. Атмсофералық қысымның ауытқуы нәтижесінде қорап қабырғалары қысылып немесе томпаяды, ал түтік ұштары бүгіліп, жазылады. Бұл өзгерістер тетіктер жүйесі арқылы миллиметрлік немесе жарты-миллиметрлік бөліктерге бөлінген циферблат бойынша жылжып тұрған тілшеге беріледі. Барометр-анероидтың көрсеткіштері берілу тетіктеріндегі үйкелуді болдырмау үшін сәл ғана саусақпен шынысынан ұрғаннан кейін жазады.

Барометр-анероидты жабық  қапта көлденеңінен сақтайды.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 5 – Барометр-анероид

 

Барографты атмосфералық қысым өзгерістерін ұзақ бақылау  және жазып алу үшін қолданады. Барографтың  негізгі бөлігі сиретілген ауа толған ауа қысымының өзгеруін қабылдайтын жұқа қабырғалы металл қорапша болып табылады. Қорап көлемінің өзгеруі тетіктер жүйесі арқылы термографтағы сияқты барабанның бөліктенген таспасына тәулік немесе аптаға атмосфералық қысымның ауытқуы қисығын сызатын жазғыш тілшеге беріледі.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 6 – Барограф

 

Бірмезгілде температураны, салыстырмалы ылғалдылық пен атмосфералық қысымды өлшеу үшін әмбебеп баротермогигрометрді  қолданады.

Құралдармен жұмыс істеу  ережесі. Атмосфералық қысымды анықтағанда сифонды барометрді тек қана метеостанцияларда басқа барометрлердің жұмыс істеу дәлдігін тексеру үшін қолданады.

Барометор-анероид қорада белгілі бір орынға орнатылады. Жұмыс істеу бөлігі ауытқулары құрал тілшесіне берілетін ауасыз металл қорап болып табылады. Атмосфералық қысым тәулік бойына өзгеріп отырады, сондықтан құрал көрсеткішін жазып алуды бірнеше рет жүргізеді.

Барограф барометр-анероид  принципімен жұмыс істейді, бірақ  атмосфералық қысымның өзгерістерінің көрсеткіштері барабан таспасына  жазылады. Құралды жұмыс күйіне орнатар алдында, барографты бұранда арқылы оталдырады, барабанға таспаны бекітеді, тілшені атмосфералық қысым деңгейіне апарады (барометр-анероид көрсеткіші бойынша). Құралды орнатар кезінде тілшені құрғамайтын глицерин сиямен толтырады. Апта немесе тәулік өткенде құрал таспасының көрсеткішін жазып алады.

2.4 Атмосфера мен мал  қорасындағы ауа қозғалысының  жылдамдығын  анықтау

 

Жұмыстың мақсаты:

1) ауаның қозғалыс  жылдамдығының жануар ағзасына  әсерін зерттеу

2) ауаның қозғалыс  жылдамдығын өлшеуге арналған  құралдардың жұмыс істеу принциптерімен және құрылысымен  танысу.

3) мал қораларындағы  ауаның қозғалыс жылдамдығын  бақылау әдістемесін меңгеру.

Мал қораларындағы ауаның қозғалыс жылдамдығын тігінен температура  мен ауа ылғалдылығын өлшеу аймақтарында анықтайды. Ауаның қозғалыс жылдамдығы секундтағы метрмен (м/с) белгіленеді және АСО-3 типті табақшалы және қанатты динамикалық және статикалық анемометрлермен, сондай ақ цилиндрлі және шартәрізді резервуарлы кататермометрлермен өлшенеді.

Информация о работе Зоология зоогигиена