Азаматтық құқықтың негізгі элеметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 09:35, курсовая работа

Описание работы

Тәжірибемен айналысатын заңгерлер өзінің күнделікті қызметте өзінің өрісін ұлттық құқықтың шеңберімен шектелуі мүмкін. Өзінің ой өрісі өзінің ұлттық құқығына бейімделген тәжірибелік-заңгері аталған сұраққа жауап ретінде әртүрлі мемлекеттерде әртүрлі нормалар қабылданады және қолданылады деп айтады.Аталған мәселеге біз прагматиялық жағынан және маңызды белгілерін қысқаша тоқтатылуы арқылы қазіргі әлемде үш негізгі құқықтық жүйелердің топтарына: романо-германдық құқықтық жүйесіне, жалпы құқық жүйесіне және кеңестік құқықтық жүйесіне тоқаталамыз.

Содержание работы

КІРІСПЕ........................................................................................................................4

1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ
Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама.................................................................5
1.2 Азаматтық құқық қағидалары түсінігі................................................ ................7
1.3 Азаматтық-құқықтық нормаларды талқылау.....................................................10

2 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚПЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ

2.1 Азаматтық құқықтың негізгі элеметтері..............................................................11
2.2 Азаматтық құқық субъектілері..............................................................................13
2.3 Азаматтардың әрекет қабілеттілік пен құқық ұғымы.........................................14
2.4. Азаматтар (жеке тұлға) субъектісі ретінде.........................................................17
2.5. Заңды тұлғалар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде..................................21
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................................27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................................29

Файлы: 1 файл

Азаматтар ,азаматтық құқықтардың субъектілері ретінде.docx

— 63.72 Кб (Скачать файл)

                                                           8

Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған қағидалары мен нормаларына қосыла отырып Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері негізінде Конституциялық құқықтық жүйенің құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Бұл дегеніміз, азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған принциптері мен нормалары және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері қолданылуына мүмкіндік береді деген мағынаны береді. 
Азаматтық заңдылық, іскерлік ғұрыптар, іскер айналым дәстүрлері, мораль және адамгершілік ережелері. Іскер ғұрыптар деп азаматтық айналымда орнатылған тәртіп ережелерін айтады. Өздігінен іскер ғұрыптар азаматтық құқық қайнар көздері болып табылмайды. Бірақ та мемлекет құқықтық акт арқылы іскер ғұрыпты санкцияған кезде ол заңды күшке ие болып азаматтық заңдылық жүйесіне кіреді. 
Қазіргі кезде барлық іскер ғұрыптар арасынан тек қана кәсіпкерлік салада қолданылатын іскер айналым дәстүрлерін бөледі. АК күшімен кәсіпкерлік әрекет нәтижесінде туындаған дауды шешу кезінде сот қолдана алатын іскер айналым дәстүрлері деп заңдылықпен немесе келісіммен қарастырылмаған, бірақ өз мазмұнында жетерліктей анықталған, кәсіпкерлік әрекеттің қандай да бір саласында кеңінен қолданылатын тәртіп ережелері, мысалы қандай да бір міндеттемелерді орындау дәстүрі және т.б. Іскер айналым дәстүрі қанай да бір құжатта тіркелгендігіне не тіркелмегендігіне қарамастан қолданыла алады). 
Азаматтық заңдылық, сот пленумдарының шешімдері, шешімдер, соттық практика және сот прецеденті. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумы жалпыланған материалдарды қарастырып, заңдылықты қолдану жөнінде бастаушы талқылаулар береді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының талқылаулары Қазақстан Республикасының жалпы юрисдикциясындағы барлық соттар үшін міндетті. Аталған талқылаулар нормативті актілер болып табылмайды, олар құқықты қолдану актілері болып табылады. Сот пленумдарының қаулылары азаматтық заңдылықтың мәнін талқылап, түсіндіруі ғана тиіс, азаматтық құқықтың жаңа нормаларын құрмайды. Сондықтан сот пленумдарының қаулылары азаматтық құқықтың қайнаркөзі болып табылмайды. Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне сот практикасы да жатпайды. Сот тәжірибесі деп бір категориялы істерді соттардың бірнеше рет бір түрлі шешімдер шығару жағдайын айтады. Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне сонымен қатар сот прецеденті де жатпайды. Сот прецеденті деп соттың нақты іс бойынша шығарған шешімін келесі бір ұқсас жағдайға қолдауын айтады. 
Азаматтық заңдылық әрекеті. Азаматтық заңдылық уақыта, кеңістікте және қатынасқа түсуші тұлғалар арасында әрекет етеді. Азаматтық құқық нормалары азаматтық құқық пәнін құрайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. АК заңдарының құқықтық актілерінің кері күштері болмайды. Азаматтық құқықтың уақыт аралығындағы әрекетін деп заңның әрекет ету мерзімін қарастырамыз. Жалпы заңның әрекет ету мерзімі мынандай түрлерде сипатталады, заңды күшіне ену мерзімі, заңды күшін жою мерзімі және әрекет ету мерзіміне байланысты.  
Заңды күшіне енуі бойынша мерзімдер ресми басылымға шыққан кезден бастап 10 күн өтісімен немесе нақты сол басылымда көрсетілген мерзім. Ал заңды күшін жою мерзімдері мынадай жағдайлармен сәйкестенуі мүмкін, тура сондай жаңа заңның қабылдануы немесе заңның әрекет ету мерзімінің аяқталуы.

                                                        9

Кеңістіктегі әрекеті деп нормативтік құқық актінің барлық Қазақстан Республикасы аумағына толығыменен даруын айтамыз, сонымен қатар кейбір актілер тек белгілі органдардың немесе ұйымдардың шегінде ғана әрекет ете алады оларды локальді нормалар деп атаймыз. Ал азаматтық заңның тұлғалар арасындағы әрекеті деп азаматтық қатынасқа түсуші кез-келген тараптарға даруын айтамыз, мысалы жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, шетел азаматтары мен заңды тұлғалары. 
Азаматтық қатынастарды қарастыру барысында олардың қолданудағы императивтік және диспозетивтік жағдайларға зейін салу керек.  
 
1.3 Азаматтық-құқықтық нормаларды талқылау. 
 
Азаматтық-құқықтық нормаларды талқылау деп онда кездескен түсініспеушіліктерді жою арқылы оның мазмұнын түсінуді айтады. Қандай да бір азаматтық-құқықтық нормалардың мазмұнында түсініспеушіліктер түрлі себептерден туындауы мүмкін. Бұл жағдай мысалы нормативті актінің қысқаша жазылуынан немесе өзгеде себептерден пайда болады. Сол себепті азаматтық-құқықтық нормалардың түрлі талқылаулары қолданылады. 
Талқылау субъектісіне байланысты: аутентикалық, легальды, соттық және ғылыми талқылаулар болып бөлінеді. Аутентикалық талқылау құқықтық акт мәнін оны шығарған органмен берген талқылауды қарастырамыз. Легальды талқылау құқықтық норманы шығарған органмен емес, осындай талқылаулар жүргізуге толық құқығы бар органмен береген талқылауды айтамыз.  
Соттық талқылау құқықтық норма мәні соттық органмен қабылданған шешім ретінде немесе іс бойынша анықталған кезде қолданылады. Соттық талқылау шешім немесе анықтама қабылданған іске қатысы бар тұлғаларға ғана міндеттеуші күшке ие. 
Ғылыми талқылау (доктринальды) құқықтық норма мәні ғалыммен қандай да бір әдебиетте, азаматтық заңдарға түсініктеме ретінде, ғылыми конференцияларда, т.б. талқыланған кезде қолданылады. Ғылыми талқылаудың міндеттеуші күші жоқ. Бірақ оның мәні өте зор, өйткені ғылыми талқылаулар талқылауларының міндеттеуші күші бар органдармен қолданылады. 
Талқылау әдісіне қарай грамматикалық, логикалық, жүйелік және тарихи талқылаулар болып бөлінеді. Грамматикалық талқылау азаматтық құқық нормаларының мәні грамматика ережелерінің көмегімен анықталатындығымен сипатталады. 
Логикалық талқылау азаматтық құқық нормаларының мәні формальды логика ережелерінің көмегімен анықталатындығымен сипатталады. 
Жүйелік талқылау азаматтық құқық нормаларының мәні осы норманың азаматтық заңдылықтағы орны мен құқықтың сабақтас нормаларымен қатынасын анықтау жолымен анықталатындығымен сипатталады.Тарихи талқылау азаматтық құқық нормаларының мәні оны өзі қабылданған кездегі шарттарды салыстыра отырып анықталатындығымен сипатталады.Талқылау көлеміне байланысты тура, шектеулі және кеңейген талқылаулар болып бөлінеді. Азаматтық заңды тура талқылау заңның мазмұны оның мәтініне тура сәйкес келген жағдайда қолданылады. Заң шығарушы азаматтық-құқықтық норманың нақты мәні оның тура мәтініне сәйкестендіруге тырысқандықтан, көп жағдайда осы тура талқылау қолданылады. Құқықтық норманың мәні оның мәтінінен тарлау болған жағдайлар да кездеседі.

                                                10

Бұндай жағдайларда шектеулі талқылаулар қолданылады. 
Азаматтық-құқықтық норманың мәні оның мәтінінен кең болған жағдайда кеңейген талқылаулар қолданылады. 
Азаматтық заңдылықта заң ұқсастығын қолдану. Заң шығарушы өмірдің барлық жағдайлары үшін құқықтық нормаларды қарастыра алмайды. Азаматтық заң шығарылған кезде болмаған не осындай заң қабылданып, заң шығарушымен ескерілмеген мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес қатынастар жиі кездеседі. Бұл жағдайда азаматтық заңдылықтағы ақауларды жою әдісінің бірі болып осы құқытағы аналогия қарастырылады. Азаматтық заң аналогиясын қолдану үшін келесі шарттар қажет:  
сипаты жағынан азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынас болғанда, яғни кез келген мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес қатынастар; бұл қоғамдық қатынас азаматтық құқық нормасымен, екі жақтың келісімімен немесе іскер айналым дәстүрімен реттелмеген.  
Бұл жағдайда қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу қандай да бір азаматтық заңның түр мәтінімен ғана емес, оның нақты мәніне де қарастырылмаған, яғни бұл қоғамдық қатынасты азаматтық құқықтың қандай да бір нормасын кеңейген талқылау жолымен реттеу мүмкін емес; 
Құқық заңының аналогиясын қолдану мүмкін емес болған жағдайда, екі жақтың құқықтары мен міндеттері жалпы бастаулар мен азаматтық заңдылықтың (құқық аналогиясы) мәнімен анықталады.  
Құқық аналогиясын қолдану үшін заң аналогиясы туралы айтылған шарттардың алғашқы екеуінен басқа сонымен қатар келесі үшінші шарт қажет: ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормасы жоқ. 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 АЗАМАТТЫҚ  ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ  ҚҰҚЫҚПЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ 
 
2.1 Азаматтық құқықтың негізгі элеметтері 
 
Азаматтық құқықтың элеметтерін талқылайтын болса алдымен қатынасқа түсуші тараптары, яғни азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтық жағдайына зейін салу керек. Азаматтық құқық қатынас субъектілері деп қатынасты қалыптастырушы тарапды қарастырамыз. Негізінен оларды басты үш түрге жіктеуге болады жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және мемлекет деп. Азаматтық құқық қатынас адамдар арасында қалыптасады. Сондықтан субъект түрінде жеке индивидтер, әйтпесе белгілі бір адамдар ұйымы көрінеді. Біздің елде субъект түрінде тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана емес, шет ел азаматтары жеке азаматтығы жоқ тұлғалар бола алады.  
Сонымен, азаматтық құқық қатынас субъектілері мыналар: 
1. Қазақстан азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар 
2. Қазақстандық және шет елдік заңды тұлғалар 
3. Қазақстан республикасы, әкімшілік-территориялық бірлестер 
Азаматтық құқық қатынас объектілері. Азаматтық құқық қатынас объектісі түрінде оның субъектілерінің материалдық және жеке материалдық емес игіліктерге бағытталған әрекеттері мен нақты азаматтық құқықты қалыптастырушы жағдайларды жатқызамыз.  
Азаматтық мүліктік құқықтық қатынастың спецификасы оның мүшелері өз әрекеттері мен тек бір-біріне ғана емес, белгілі бір материалдық игіліктерге әсер ете алатындығында. Жалпы азаматтық құқықтың объектілерін мынандай түрлерге жіктеу арқылы зерттеуге болады: мүлік – зат сипатындағы, мүліктік емес қатынастар, жұмыс және қызымет, ақпатар, интелектуалдық меншік нәтижелері. 
Мүліктік қатынас деп мүліктік-құнды қатынастарға қатысушылар осы қатынастарды құрған материалдық қажеттіліктер болып табылатын еңбектің саны мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке мүліктік емес қатынастар өз кезегінде осы қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттерін өзара бағалау жағдайларын қарастырған.  
Азаматтық құқықтың тағы бір қажетті элеметтінің бірі ретінде мазмұны қарастырылады, мазмұны деп осы азаматтық қатынасты қалыптастырушы тараптардың арасындағы негізгі құқықтары мен міндеттерін айтамыз. Ал азаматтық құқықтың нысаны деп осы жоғарыдағы жағдайларды рәсімдеу тәртібін айтамыз, мысалы азаматтық қатынасты ауызша немесе жазбаша нысанда рәсімдеуге болады. 
Азаматтық құқықтық катынастарының жіктелуі. 
Азаматтық қатынастар тақырыбын қарастыруда тағы бір зейін сала кететін жағдай ол азаматтық қатынастарды жіктеу болып табылады. Азаматтық қатынастарды мынандай түрлерге жіктеуге болады:  
- Азаматтық құқық көлеміне байланысты: мүліктік және жеке мүліктік емес; 
- Реттеу тәсіліне байланысты: заттық және міндеттемелік; 
- Тұлғаның құқықтық жағдайына байланысты: абсолютті және салыстырмалы; 
- Қатысушылардың арасындағы құқықтық жағдай бойынша: күрделі және қарапайым болып бөлінеді.  
                                                    11

Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері. Азаматтық заңдағы құқықтық нормалар өз бетімен азаматтық құқықтық қатынастарды тудырмайды, өзгертпейді және жоймайды. Ол үшін құқықтық нормалармен қарастырылған жағдайлар туындауы қажет, оларды азаматтық заңды дерек деп атаймыз. Сондықтан заңдық деректер құқықтық норма мен азаматтық құқық қатынас арасындағы байланыстырушы бөлік түрінде көрінеді. Заңдық дерексіз бірде-бір азаматтық-құқықтық қатынастар бекітілмейді, өзгертілмейді және жойылмайды.  
Заңдық деректер азаматтық құқықтық қатынас негізінде жатқандықтан және оларды бекітуді, өзгертуді немесе жоюды тудыратындықтан, оларды азаматтық құқықтық қатынас негіздері деп атайды. 
Азаматтық заңда азаматтық құқықтық қатынастар негізі түріндегі бірнеше заңдық деректер қарастырылған. Осы деректердің жалпы тізімі АК 7 бабында берілген. Жалпы азаматтық құқықта заңды деректердің пайда болуының негізгі екі түрін бөліп қарастырады, біріншісі нақты іс-әрекет негізінде, ал екіншісі оқйға негізінде. Жалпы заңдық деректер ағымдық сипатына қарай оқиға және әрекет деп бөлінеді. Оқиғаларға адам еркінен тыс шығатын жағдайлар жатады.  
Мысалы, апат жағдайлары, адамның тууы мен өлуі, белгілі бір уақыт аралығының аяқталуы, т.б. Ал әрекет адам еркімен жасалады. Мысалы, келісімге отыру, міндетті орындау, туынды жасау, ұрпақ қабылдау, т.б. Оқиға тек табиғат күшімен емес, адам әрекетімен де жасалады. Азаматтық құқық адамдардың қоғамдық қатынастарын реттейтіндіктен, азаматтық құқықта заңды фактілердің негізгі массасын адамдар әрекеті құрайды. 
Әрекет өз кезегінде құқықтық және құқықтық емес болып бөлінеді. Кұқықтық емес әрекеттер заң талаптарына немесе басқа нормативтік актілерге қайшы келеді. Мысалы, басқа тұлғаға зиян келтіру оның орнын жабу бойынша міндет бекітуді тудырады.  
Ал құқықтық әрекеттер азаматтық заң талаптарына сай келеді. Азаматтық құқық экономикалық айналымның қалыпты дамуын қамтамасыз ететіндіктен, заңдық деректердің көбісін азаматтық құқықты құқықтық әрекеттер құрайды. Бірақ құқықтық әрекеттердің заңдық мағыналары азаматтық құқықта әрқашан бірдей емес. 
Барлық құқықтық әрекеттер өзінің заңдық мәні бойынша заңдық әрекет және заңдық актілер деп бөлінеді.

Заңдық әрекет – бұл заңдық әрекет жасаған тұлға еркінен тыс, ал кейде тәуелді азаматтық – құқықтық зардап тудыратын құқықтық әрекеттер. Ал заңдық әрекеттерге қарағанда заңдық актілер – бұл осы зардапты арнайы тудыру үшін жасалғанда заңдық зардаптарды тудыратын құқықтық әрекеттер. Заңдық актілер құрамына әкімшілік актілер мен мәлімелелерді жатқызады. Сонымен, азаматтық құқықтағы заңдық деректер келесідей жіктеледі: а) оқиға және әрекет; б) құқықа жататын және құқықтық емес әрекеттер; в) заңдық әрекет және заңдық актілер; г) әкімшілік актілер мен мәлімелелер. 
 
                                           

 

 

                                                12

2.2 Азаматтық құқық субъектілері 
 
Азаматтың құқықтық субъектілерге тоқтала кететін болсақ, оларды 3 деңгейге бөліп қарастыруымызға болады.  
Азаматтығы жоқ азаматтар немесе басқа мемлекеттің азаматтары.  
1. Бұларға жеке-жеке тоқталатын болсақ Қазақстан Республикасының азаматтарына он сегіз жасқа Қазақстан Республикасының жеке куәлігін алған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтар. 
2. Азаматтығы жоқ азаматтар немесе азаматтық алмаған азаматтар. 
3. Басқа мемлекеттің азаматтарына тоқталатын болсақ, Қазақстан Республикасының аумағында жеке кәсіппен айналысатын немесе мемлекетімізде жүрген шетел елшілерін айтамыз. 
- аумағына қайтып оралуға;  
- заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; 
- дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру;  
- заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасалып, міндеттемелерге қатысу;  
- өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға;  
- материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады.  
Азаматтардың тұрғылықты жері. 
Азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады.  
Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып танылады.  
Азаматтардың есімі. 
Азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады. Заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншек ат пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін. Азаматтың туған кезде берілген есімі, сондай-ақ есімін өзгерту азаматтық хал актілерін тіркеу туралы заңдарда белгіленген тәртіп бойынша тіркелуге тиіс. Азамат өз есімін заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша өзгертуге құқылы. Есімін өзгерту оның бұрынғы есімін, жасырын немесе бүркеншік атпен алған құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға немесе өзгертуге негіз болмайды.Азамат өзінің болышқорлары мен несие берушілеріне өз есімін өзгерткені туралы хабарлау үшін қажетті шаралар қолдануға міндетті және бұл адамдарда оның есімі өзгертілгендігі туралы мәліметтер болмауынан туған ықтимал зардаптарға тәуекел етеді. Есімін өзгерткен азамат өзінің бұрынғы есіміне ресімделген құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілуін талап етуге құқылы.Басқа бір адамның есімімен құқықтар мен міндеттер иеленуге жол берілмейді.Азамат өз есімі оның келісімінсіз пайдаланылған жағдайда, оған тыйым салынуын талап етуге құқылы.

Информация о работе Азаматтық құқықтың негізгі элеметтері