«Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2015 в 09:05, реферат

Описание работы

1. Осы техникалық регламент (бұдан әрі - Регламент) өнімнің немесе қызметтердің регламенттермен, стандарттармен немесе шарттардың талаптарымен (бұдан әрі - нормативтік құжаттар) белгіленген талаптарға сәйкестігін растау кезінде (сәйкестік туралы декларацияны қабылдау немесе сәйкестік сертификатын беру түрінде) қолданылады.

Файлы: 1 файл

«Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті.doc

— 193.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 4 ақпандағы

№ 90 қаулысымен

бкітілген 

 

 

 

«Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті 

 

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер 

 

1. Осы техникалық регламент (бұдан әрі - Регламент) өнімнің немесе қызметтердің регламенттермен, стандарттармен немесе шарттардың талаптарымен (бұдан әрі - нормативтік құжаттар) белгіленген талаптарға сәйкестігін растау кезінде (сәйкестік туралы декларацияны қабылдау немесе сәйкестік сертификатын беру түрінде) қолданылады.

2. Осы Регламент сәйкестікті міндетті және ерікті растау кезінде қолданылады.

Өзге регламенттермен өнім өндірісінің ерекшелігін, қызметтер көрсетуді сынақтарды, өнімді беруді және пайдалануды ескеретін, бірақ осы Регламентке қайшы келмейтін өнімдердің немесе қызметтердің сәйкестігін растаудың басқа да рәсімдері белгіленуі мүмкін.

3. Сәйкестікті міндетті растау кезінде өнімнің адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін регламенттердің, нақты стандарттардың міндетті талаптарына сәйкестігі, объектінің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты тұтынушылардың адасуына әкеп соғатын әрекеттердің алдын алу расталады.

4. Сәйкестікті ерікті растаған кезде өнімнің немесе қызметтердің стандарттардың немесе өтінім берушінің таңдауына қарай басқа да нормативтік құжаттың, сондай-ақ өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігі расталады.

5. Сәйкестікті растау рәсімдерін тек сәйкестікті растау жөніндегі органдар (бұдан әрі - Орган) және осындай сынақтарды жүргізуге құқығы бар аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) ғана жүргізеді.

6. Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге байланысты шығыстарды оның нәтижелеріне қарамастан шарт негізінде өтінім беруші төлейді.

7. Шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттары (бұдан әрі - Сертификат) өнімді сынау хаттамалары, сәйкестік белгілері халықаралық шарттарға сәйкес танылады.

Сәйкестікті растау саласындағы шетелдік құжаттарды тану техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

8. Осы Регламентте белгіленген сәйкестікті растау рәсімдеріне қойылатын жалпы талаптар Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымның және Халықаралық электротехникалық комиссияның құжаттарына сәйкес келеді.

 

 

 

 

 

 2-тарау. Өнімді сертификаттау  

 

1. Негізгі ережелер 

 

9. Өнімді сертификаттау ерікті немесе міндетті түрде жүргізіледі.

10. Сертификаттау кезінде өнімнің сипаттамасы (көрсеткіштері) тексеріледі, мыналарға:

1) өнімнің сәйкестендірілуін жүргізуге, оның ішінде жіктеу топтамасына жататындығын, техникалық құжаттамаға сәйкестігін, шыққан жерін, осы партияға жататындығын және басқаларды тексеруге;

2) өнімнің регламенттерде белгіленген адам өмірі, денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған талаптарға, сондай-ақ заңнамалық актілер негізінде сәйкестікті міндетті растаған кезде, өнімді пайдалану, сақтау және тасымалдау талаптарын сақтаған кезде тексеруге тиіс басқа талаптарға сәйкестігін толық және анық растауға мүмкіндік беретін сынақ әдістері қолданылады.

Басқа тексерілетін көрсеткіштердің құрамы нақты өнімді сертификаттау мақсаттарына сүйене отырып анықталады.

11. Өнімді сертификаттаған кезде қолданылатын схемалар осы Регламентке 1-қосымшада белгіленген.

Сертификаттау кезінде өнімнің сәйкестігінің белгіленген, оның ішінде шетелдік және халықаралық практикада қабылданған талаптарға қажетті дәлелін қамтамасыз ететін схеманы пайдаланған жөн.

Ерікті сертификаттау схемасын өтінім беруші анықтайды және оны Органға ұсынады.  

 

 

 

2. Сертификатталатын өнімге арналған нормативтік құжаттарға

қойылатын талаптар 

 

12. Сәйкестігіне сертификаттау жүргізілетін нормативтік құжаттарда өнімнің сипаттамасы (көрсеткіштері) мен сынақ әдістері, өнімінің осы талаптарға сәйкестігін және оның осы Регламенттің 3-тармағына сәйкес сәйкестендірілуін толық және дұрыс растауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өнім мен бақылау үлгілерін іріктеу ережесі белгіленуге тиіс.

13. Нормативтік құжаттардың ережелері оны дәл және біркелкі талқылауды қамтамасыз ете отырып айқын жасалуға тиіс. Сипаттамалардың өлшемділік мөлшері мен сандық мәні сынақтар кезінде берілген немесе белгілі дәлдігін туынды анықтау үшін мүмкіндік болатындай берілуге тиіс.

Ережелердің мазмұны мен мағынасы түрлі зертханаларға салыстырмалы нәтижелер алуға мүмкіндік беруге тиіс. Егер бұл бірізділік сынақтардың нәтижелеріне ықпал ететін болса, сынақтарды жүргізудің бірізділігі көрсетілуге тиіс.

14. Таңбалауға қойылатын нормативтік құжаттардың талаптары өнімнің сәйкестендірілуін қамтамасыз етуі, сондай-ақ қолдану ережелері, сәйкестік белгісін салу орны мен тәсілі туралы нұсқаулары болуы тиіс. Өнімді таңбалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. 

 

 

 

3. Сертификаттауды жүргізу 

 

15. Өнімді сертификаттауға мыналар кіреді:

1) сертификаттауға өтінім беру және оны қарау;

2) өтінім бойынша шешім қабылдау, оның ішінде схеманы таңдау;

3) сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жасасу;

4) үлгілерді іріктеу, сәйкестендіру және оларды сынау;

5) өндіруді бағалау (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе);

6) алынған нәтижелерді талдау мен Сертификат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдау;

7) Сертификатты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде тіркеу;

8) Сертификат беру;

9) сертификатталған объектіні инспекциялық бақылауды жүзеге асыру (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе);

10) сертификаттау нәтижелері туралы ақпарат ұсыну.

16. Өнімді сертификаттауды жүргізу үшін өтінім беруші осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес Органға сертификаттау жүргізуге арналған өтінімді жібереді.

17. Осы өнімнің бірнеше органы бар болса, өтінім беруші олардың кез келгеніне өтінім жіберуге құқылы.

18. Орган өтінімді қарайды және оны алғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей өтінім берушіге өзінің шешімі туралы хабарлайды. Жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін өтінімді қарау мерзімі он күннен аспауға тиіс.

Сәйкестікті растау рәсімдерін жүргізуге арналған өтінім бойынша шешім Регламентке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді және осы объектіні сертификаттаудың белгіленген тәртібіне негізделетін сертификаттаудың барлық негізгі шарттарын қамтиды, оның ішінде ұсынылып отырған сертификаттау схемасы, қажетті техникалық құжаттардың тізбесі, тексерілетін көрсеткіштердің тізбесі, сынақ зертханаларының (орталықтың) (бұдан әрі - зертхана) атауы, сондай-ақ инспекциялық бақылау талаптары көрсетіледі.

19. Егер өтінім беруші сәйкестікті растау рәсімдерінің шарттарымен келіскен жағдайда, осы жұмыстарды жүргізуге шарт жасалады.

20. Сынақтар құрастырмасы, дайындау құрамы мен технологиясы тұтынушыға (тапсырыс берушіге) ұсынылатындай өнімдегі сияқты үлгілерде жүргізіледі.

Үлгілердің саны, оларды іріктеу тәртібі, осы Регламенттің 11-тармағына сәйкес сәйкестендіру және сақтау ережесі осы өнімді сертификаттау жөніндегі нормативтік немесе ұйымдастыру-әдістемелік құжаттарға және сынақтар әдістемесіне сәйкес белгіленеді.

Өтінім беруші құрамы мен мазмұны осы өнімге арналған нормативтік құжаттарда белгіленетін үлгіге (үлгілерге) қойылатын техникалық құжаттаманы ұсынады.

21. Сынақтарға арналған үлгілерді іріктеуді Орган немесе оның тапсырмасы бойынша аккредиттелген зертхана жүзеге асырады.

22. Үлгілерді іріктеу Органның өкілі мен өтінім беруші, сондай-ақ осы Регламенттің 22-тармағында көзделген жағдайларда аккредиттелген зертхананың өкілі қол қоятын Регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен ресімделелі.

23. Іріктелген үлгілер өтінім берушінің қатысуымен буып-түйіледі, пломба салынады (егер бұл мүмкін болса) және өнім үлгілерін іріктеу актісі мен тізімін Орган белгілейтін оларға техникалық құжаттама қоса беріліп, аккредиттелген зертханаға жіберіледі.

Нормативтік құжаттарда көзделген жағдайларда сертификаттық сынақтарды өткізген зертханаларда өнімнің жарамдылық мерзімі немесе сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде өнімнің бақылау үлгілерін сақтау жүзеге асырылады. Өнімнің үлгілерін сақтаудың нақты мерзімдері осы өнімге арналған нормативтік құжаттарда белгіленеді.

Бұл ретте даналардың шектеулілігін ескере отырып, Регламентте белгіленген өнімнің жекелеген түрлерін сақтау жүзеге асырылмайды.

24. Сертификаттауға арналған сынақтар осы өнімді сертификаттаған кезде пайдаланылатын нормативтік құжаттарда көзделген әдістер бойынша жүргізіледі.

Сынақтар осы объектіні сынау әдістеріне арналған нормативтік құжаттамада көзделген және Органмен келісілген мерзімде жүргізіледі.

Егер сынақ мерзімдері нормативтік құжаттарда көзделмеген жағдайда, онда бұл мерзім 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

25. Ең болмаса көрсеткіштердің (сипаттамалардың) біреуі бойынша сынақтардың теріс нәтижелері кезінде объектіні сертификаттау мақсатындағы сынақтар тоқтатылады, бұған өтінім берушінің келісімі бойынша сынақтарды жүргізуді жалғастыру жағдайлары жатпайды.

Сынақтардың теріс нәтижелері кезінде Орган өтінім беруші мен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға сынақ хаттамасымен бірге Регламентке 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат беруден бас тарту туралы шешім жібереді.

26. Сынақтардың хаттамалары өтінім берушіге және Органға жіберіледі. Сынақтар хаттамаларының көшірмелері сертификаттың жарамдылық мерзімінен кем болмайтын уақытқа сақталуы тиіс. Хаттамалардың көшірмелерін сақтаудың нақты мерзімдері (оның ішінде өнімнің белгіленген талаптарға сәйкессіздігінен өтінім берушіге сертификат берілу мүмкін емес жағдай үшін) осы өнімге арналған нормативтік құжаттарда және зертхана құжаттарында белгіленеді.

27. Өтінім беруші Органға өтінім бойынша шешімде көрсетілген құжаттарды, оның ішінде, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленсе өз құзыреті шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар берген өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы құжаттарды ұсынады.

28. Өтінім беруші Органға олардың өнімді әзірлеу және өндіріске қою кезінде жүргізілген әрекеттерінің мерзімдерін ескере отырып, сынақтардың хаттамаларын немесе техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген зертханалар орындаған сынақтар туралы құжаттарды бере алады.

Ұсынылған құжаттарды, оның ішінде: олардағы нәтижелердің Қазақстан Республикасының заңнамасына және нормативтік құжаттарға сәйкестігін, оларды беру мерзімін, құрастырмаға (құрамына), материалдарға, технологияға енгізілген өзгерістерді тексергеннен кейін Орган Сертификат беру туралы немесе сынақтардың көлемін қысқарту немесе тиісті құжаттарда көрініс табатын жетіспейтін сынақтарды жүргізу туралы шешім қабылдай алады. Ұсынылған құжаттарда бұзушылықтар анықталған жағдайда өтінім беруші осы бұзушылықтарды жоя алады және Органға анықталған бұзушылықтар бөлігінде қайта қарауға бере алады.

29. Егер нормативтік құжаттарда қаражаттың, уақыттың үлкен шығынына байланысты және сертификаттау сынақтарын жүргізу қиын, ал үлгілерді іріктеу қымбат тұратын тасымалдауы ауыр бұйымдар үшін сынақтар белгіленсе, Органның өкілдері мен аккредиттеу саласында анықталған сынақтарды жүргізу әдістемелеріне сәйкес Орган аккредиттелген сынақ зертханалары қатысатын өндіріс процесінде жүргізілетін сынақтармен бірге сертификаттық сынақтарды біріктіру туралы шешім қабылдай алады.

Осы сынақтар сертификаттау сынақтары үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

30. Сертификаттау схемасына байланысты өнімді өндірудің жай-күйін талдау жүргізіледі.

Сертификатталатын өнім өндірісінің жай-күйін талдау тәртібі осы өнімге арналған нормативтік құжаттарда белгіленеді. Бұл ретте мыналар тексеріледі:

1) нормативтік және техникалық құжаттармен қамтамасыз етілуі, олардың жай-күйі;

2) технологиялық процестің сақталуы мен оның метрологиялық қамтамасыз етілуінің жай-күйі;

3) кіру, қабылдап алу-бақылау және мерзімдік сынақтар жүйесінің бар болуы;

4) техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жөндеу жүйесінің және сынақ құралдарының бар болуы;

5) шикізатпен және материалдармен қамтамасыз етілуі;

Информация о работе «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті