Интернет журналистикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2015 в 11:22, курсовая работа

Описание работы

Журналистика – өмір айнасы. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады.

Файлы: 1 файл

Интернет журналистикасы.docx

— 48.99 Кб (Скачать файл)

 

Шетелге шығып келгеннен кейiн, Қазақстанға келiп қазақ газеттерiн ашқан кезде бiрден байқайтыным, қазақ журналистерi мақала мазмұнынан гөрi, эмоцияға көбiрек иек артады. Себебi, бiздiң оқырманның болмысы осыны талап етедi. Сондай-ақ, Кеңес Одағынан қалған бiр стереотип бар, журналист — ол тұлға, қайраткер, журналистiң сөзiне Құранның сөзiндей сенедi. Қоғам журналист не десе, сол деңгейде қабылдауға бейiм. Батыс журналистикасында, журналист оқиғаны тек қана баяндаушы, әңгiмелеушi. Ой қорытуды оқырманның өзiне қалдырады. Бiзде журналист оқырманға өз ойын қоса ұсынады да, оқырман мәселенi сараптап жатпайды, журналистiң ойын қаз-қалпында қабылдай салады. Қазақ журналистикасының ғылыми тұрғыдан базисi қалыптаса қойған жоқ десем ешкiм ренжи қоймас. Интернет журналистикасы әлi қалыптасқан жоқ. Жоғары оқу орындарының журналистика факультетiнде интернет журналистерiн даярлаған күннiң өзiнде интернеттiң не екенiн толық түсiнбеген кiсiлер дәрiс бередi, оқулық әлi дайындалмаған. Бiзде қазақтiлдi журналистиканың зерттеу тенденциясын бақылау жүйесi жоқ. Қазiр ол қай деңгейде, қайда барады, болашақта қалай болуы мүмкiн, оның қоғамға тигiзiп отырған әсерi қалай деген сараптамалар жоқтың қасы. Журналистика ғылым түрiнде қалыптаспағандықтан, бiресе орыс журналистикасының, бiресе Батыс журналистикасының ықпалында кетiп барады.  Мысалы, мен жақында жолым түсiп Ригада болып қайттым. Бiзге Латвия туралы жеткен ақпараттардың көбi олар орыс тiлiне қарсы, орысқа қатыстының бәрiн құртып-жойып жатыр дегенге сайып келген едi. Алайда, олай болмай шықты. Онда 2,5 миллион ғана халық тұрады екен. Орыстарға жек көрiнiшпен қарайтын сезiмдi байқаған жоқпын. Олар өздерiнiң ұлттық қалпын сақтау үшiн, қалпына келтiру үшiн күресiп жатыр, ол рас. Бiрақ, туристердiң көбi орыстар болғандықтан, орыс тiлiнде сөйлеуге мәжбүр. Демек, бiз Рига туралы ақпаратты орыстiлдi ақпарат құралдарынан алып отырмыз да, соның ықпалында қалып қойғанбыз. [1,88 -92 б]                                                                                        

 

 

 

 

 

 

2.1 Жаңа медиа — қазақ интернет-журналистикасы

       Қазақ журналистикасы саласында жаңа медиа технология дәуірі басталды, яғни қазақтілді ақпарат тәжірибесіне дәстүрлі журналистикадан бірқатар ерекшелігі бар интернет-журналистика енді.

      Ақпарат таратудың басқа көзіне қарағанда мүмкіндігі зор жаңа медиа технологияның алғашқы қарлығаштары ретінде бүгінде тұрақты аудиториясы қалыптасып келе жатқан (қазақ тіліндегі) Abai.kz ақпарттық порталын, «Мінбер» (minber.kz) Ұлттық интернет газетін, «Замандас», «Алтын Орда», Masa.kz,  Аzattyq.org, т.б. бірнеше интернет ресурстарды айтуға болады. Электронды және баспадағы ақпарат құралдарының интернеттегі нұсқалары да жұмыс жасап жатыр.

— Бұл ғасыр — технологиялар ғасыры. Елімізде ақпараттық технология жедел дамып келеді. Алдағы екі-үш жылдықта интернетті пайдаланушылар саны күрт артуы мүмкін. Алайда қазір сұранысты толық қамтамасыз етіп отырмыз дей алмаймыз, өйткені интернеттегі қазақтілді ресурстардың саны аз. Деректерге қарағанда, «kz» доменінде тіркелген сайттардың 10 пайызы ғана қазақ тілінде екен. Соның ішінде санаулы сайттар ғана тұрақты жұмыс жасап тұр. Дегенмен, 2008 жылдан бастап қазақ тіліндегі сайттардың дамуы өте қарқынды жүрді, саны көбейді, қазір қазақтілді басылымдардың жиырмадан астамының интернет нұсқасы бар.

Тек мәтіндік қана емес, мультимедианы (яғни, аудио, бейне материалдарды) қоса қолданып отырған сайттарды да ерекше айтар едім. Мысалы, мультимедианы жақсы пайдаланып отырған, АҚШ қаржыландырып отырған «Азаттық» сайтының қазақтілді нұсқасы мен Stan.tv сайтын атап өтуге болады.

        Соңғы жылдары жақсы дамып келе жатқан қазақтілді блогтардың көбейгендігін айтып өткен жөн. Осы жерде айтып кететін жайт, қазақтілді блогтардың көпшілігінің жүргізушілері журналистер болғандықтан, оның мазмұндық, тілдік сапасы жоғары.

       «Мінбер» Ұлттық интернет газетінің мұрындық болуымен бір-екі жылдан бері  қазақтілді блогтарды дамыту мақсатында республикалық семинар-тренингтер ұйымдастырылып келеді. Былтырғы семинардың нәтижесінде жаңа 87 блог ашылды, олардың ішінде тұрақты жұмыс жасап жатқандары да, тоқтап қалғандары да бар. Ал жақында Алматыда өткен тренингтен кейін тағы 25 блог жұмысын жүргізе бастады. Ертең Астанада жаңа медиа технологияны дамыту мақсатындағы тағы бір тренинг басталады. Біз осындай шаралар арқылы интернеттегі қазақтілді контентті дамытуға өз үлесімізді қосып отырмыз. Осы жерде бір мәселе бар, қазіргі уақытта 700-дей блог орналасқан WordPress.com-ның қазақша тұғырнамасы «Қазақтелекомның» провайдерлері қосқан интернеттен ашылмай тұр, бұл қазақтілді блогшыларға үлкен кедергі болып отыр…

Негізінде біз әңгіме қылып отырған жаңа медиа технологияның болашағы зор. Батыс елдерінде дәстүрлі ақпарат құралдарын онлайн интернет ақпарат құралдары түбінде басып озады деген пікір бар.

 — Интернет журналистика, яғни жаңа медиа технология дәстүрлі журналистикадан несімен ерекшеленеді?

        Біріншіден, ақпаратты жылдам бере алатындығымен. Телевизияда бір ақпаратты жасауға тұтас шығармашылық топ қатысады, радиода да солай, мерзімді басылым екібастан баспадан басылып шыққанша біраз уақыт өтеді. Интернет журналистиканың артықшылығы сол, оқиғаның ортасында болған адам журналистің қызметін атқара алады, яғни интернет сайттарға, олардың электронды пошталарына, редакцияларына хабарласып, ақпаратты дереу жеткізуге мүмкіндігі бар.

        Енді ғана бағыт-бағдарын айқындап келе жатқан жаңа медиа туралы түсінік әлі толық қалыптасып үлгерген жоқ. Сондықтан дәстүрлі журналистика өкілдері де, оқырмандары да жаңа медиаға жатсына қарайды, оны уақытша нәрсе, не еріккеннің ермегі деп санайды. Батыс елдерінде қарқынды дамып келе жатқан интернет журналистика қазір саясатқа, қоғамдық өзгерістерге, адамдардың ой-санасына ықпал ете алатын күшке ие болып үлгерді. Ал біздің елдегі медианың нағыз гүлденер кезеңі алда деуге болады. Өйткені ол ешқандай қоғамды  жатсынбай тез дамитын сала.

         Оның мысалы ретінде тұрақты жұмыс жасап жатқан Abai. kz ақпарттық порталы, «Мінбер» (minber.kz) Ұлттық интернет газеті, «Замандас», Маsa.kz, Bag.kz секілді сайттарды айтуға болады.

Әуелгіде ой бөлісетін, түрлі тақырыптарды талқылайтын форма ретінде қалыптасқан қазақтілді сайттар қазір ақпараттық-сараптамалық материалдар беретін пәрменді ақпарат құралына айналып келе жатыр.Қазақстанда ақпараттық технологиялық саланы дамыту, интернеттендіру жақсы жүргізіліп жатқандықтан, қазіргі қоғамда мектеп жасындағы баладан бастап 40-50 жасқа дейінгілер толық ғаламторда отыр деп айтуға болады.

          Интернет желісі ауылдық жерлерге жеткен жоқ дегенімізбен, аудан орталықтарында интернет желілері тартылған, өз деңгейінде жұмыс жасап тұр. Яғни әртүрлі көзқарастардың, пікірлердің жиынтығы, лезде таралатын ақпараттың әлемі —  интернет-журналистиканың болашағы зор деуге болады.

           Қазақ тіліндегі интернет ресурстардың саны жыл сайын артып келе жатыр. Өкінішке қарай, былтырдан бері мониторинг жүргізу жұмыстары тоқтап қалды, оны қалпына келтіру жұмыстарын қазір қолға алып жатырмыз. Ал ескі дерекке сүйеніп айтсақ, 2004 жылы сайттардың 4 пайызы ғана мемлекеттік тілде болса, 2009 жылдың соңына қарай бұл 10 пайызға өсті. Ал дәл бүгінге нақты мәлімет жоқ.

         Қазір, біздің ойымызда қалыптасып қалғандай, тек Астана не Алматы қалаларында ғана емес, облыстарда да қазақтілді интернет ресурстарының саны жедел өсіп келеді.Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бүгінде заман ағымына сай күнделікті тіршілік құбылыстарының нақ ортасында жүреді, ең сенімді көздерден шынайы мәліметтерді алу құқығына ие, сонымен бірге оқырмандар мен тыңдармандарына хабарларды барынша жедел жеткізу мүмкіндігін игерді.

          Қазір жұртшылықтың ақпарат алу кеңістігі кеңейді, интернетті молынан пайдаланады. Солай бола тұрса да, өз басым газет-журналдардың қоғамдағы рөлін ерекше бағалаймын. Қалай болғанда да бұрынғы үйренген дағдымен қолыңа жаңа ғана баспаханадан шыққан газетті алып, оның әр бетінен өзің іздеген, өзіңе қажетті сан алуан қажетті мәлімет-деректерді, жаңалықтарды тауып оқығаныңа ештеңе жетпейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.1 Ғаламтордағы журналистиканың қадамы

       Интернет қолжетімді болған сайын жаңа есімдер көп танылып келеді. Бір блогердің аудиториясы Қазақстанда ең көп оқылады деген газеттердің тиражынан асып түсіп жатыр. Сондықтан, журналист барынша мол ақпаратпен қаруланып, ақпаратты басқарудың жолдарын үйренуі керек, оқырмандардың сенімін жаулап, тіпті, оқырмандарды пікірталасқа тарта білуі тиіс. Міне, Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің қолдауымен «Жастардың продюсерлік орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған семинарлар осы мақсатты көздеген болатын. Интернет қолжетімді болған сайын және блогсфера дамыған сайын пост авторларының халық алдындағы жауапкершілігі де арта бермек. Себебі, Қазақстанда да кез келген адам пост жазып, блогер атанатын және сол арқылы қоғамдық пікірге ықпал ете алатын жағдайға жетті. 

        Ақпарат алудың бірден-бір көзі интернет екені даусыз. Бүгінде қажетті ақпаратын ғаламтордан қотарып алып, кәдеге асыратын қауымның саныайтарлықтай өсіп келеді. Осы ақпарат атаулыны интернетпен шендестіріп отырғандардың арасында интернет журналистикасы да төбе көрсетіп қалады. Қазір интернет-газеттер дейсіз бе, журналистердің интернеттегі блогтері деймісіз, интернеттегі түрлі ақпараттық-сараптамалық сайттар дейсіз бе – бізде мұның барлығы жетіп-артылады. Бұл жағынан «біздерде мынадай бар, мынадай бар» деп паш ететін дүниелер, әрине, баршылық.

        Жалпы, Қазақстанға интернет журналистикасының келгеніне көп болған жоқ. Біз және біздің атқарушы билік кезінде осы бір саланы жатырқамай бауырымызға алдық. Осыған орай «Интернетті реттеу туралы» Заң қабылдадық. Ол заңға заманға сай бірнеше мәрте өзгертулер мен толықтырулар енгіздік. Бүгінде аталмыш заң бойынша елдегі барлық чат, блог, форум тағы басқа интернет ресурстары БАҚ ретінде қарастырылатын болған.

         Уақытында қоғамда үлкен дау тудырып, талай мәрте сынға алынған бұл заңға қазір көпшілік қауымның көндіккен жайы бар...Бір қарағанда, бізде ғаламтор мен журналистика тығыз қарым-қатынаста тәрізді көрінеді. Әйтсе де журналист Асхат Еркімбайдың пайымдауынша, ғаламтор мен журналистиканың байланысында кемшін тұстар жетерлік. Бұл жайында Асхат мырза былай дейді:– Біздің елде интернет журналистикасының дамуына кедергі келтіріп отырған дүние, бұл – сапасыз заң. Біз бүгінде «Интернетті реттеу туралы» Заңның түсініксіздігінен жапа шегіп отырмыз. Мәселен, аталмыш заңда интернет ресурстарын реттеу бар да, сол интернет ресурстарды жасаушылардың құқығын қорғау туралы ештеңе айтылмаған. Егер біз «заң өзіндік әлеуетін толық орындасын» десек, заңға осы бапты міндетті түрде енгізуіміз керек. 

        Бұл – ғаламторды реттеуге қатысты заң туралы айтылған пікір. «Электрондық БАҚ жыл өткен сайын қоғамдық өмірде маңызды орын ала бастады. Бұған бірінші кезекте БАҚ-тың жаңа сапасы ғана емес, барлық қоғамның дамуының белгісі - ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы, ТВ-ның сандық қалыпқа көшуі әсер етеді. Сөзсіз, бұған қоғамдық пікірді қалыптастыру мен жас ұрпақты тәрбиелеуде ықпалы зор  контенттің де  әсері мол. [2,25-36 б]                                                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.1 Журналистиканың барар жері — блогосфера

         Ғаламтор өмірге ең қажетті құралға айналған қазіргі кезеңде ақпарат кеңістігіндегі журналистің жұмысын интернетсіз елестету мүмкін емес. Қоғамның ақпаратқа қажеттілігін өтейтін журналистер үшін ақпарат алысып, мәлімет бөліскенге үлкен мүмкіндік беріп отырған ғаламтор журналистика әлеміне революция жасады. Бүгінде журналистің әлімсақтан негізгі міндеті болған қандай да бір оқиғаны қоғамға қаз қалпында жеткізу жұмысы ғана қалды демесеңіз, жұмыс істеу стилі, ақпарат тасымалдау жолындағы түрлі механизмдер тұтас өзгерді. Интернеттің кең таралуы журналистиканың ішінде тағы бір жанрдың, яғни интернет-журналистиканың пайда болуына әкелді. Мамандар жаңа жанрдың басталуын XX ғасырдың соңы деп көрсетіп жүр.

       Шыны керек, интернет-журналистика Батыс әлемімен салыстырғанда Қазақстан түгіл, ТМД көлемінде шабандау. Техника, технология қарқын алған елдерде интернет-журналистика бізден әлдеқайда ерте қалыптасып, даму сүрлеуін тапты. Кейбір елдерде жоғары оқу орындарында интернет-журналистика бойынша дәрістер оқытылады екен. Техникалық мүмкіндіктер бізде де пайда болғаннан кейін, интернет-журналистика бізге келді. Бірақ интернетте жалпы ғаламтормен жұмыс істеу ерекшеліктерін түсіндіретін арнайы теория жоқ. Ресейдің өзі осы салаға қатысты оқулықтар, кітаптардың жоқтығын айтады. Кеңестік кеңістікте бұл сала бойынша батыстық еңбектер кең тараған. Көпшілікке кеңінен тараған Майердің «Жаңа сараптамалық журналистика» атты еңбегі сияқты кітаптар қазақ тілінде жазылса, құба-құп болар еді.

Ғаламтормен үндес Батыстан үйренеріміз көп

        Ғаламтормен біте қайнасып кеткен Батыс Еуропада, АҚШ-та интернет-басылымдардың саны да, сапасы да жоғары. Тиісінше, қоғамға, билікке ықпалы да біршама. Электронды журналдардың оқырмандары көп болады. Оқырманның сұранысына сәйкес АҚШ-та, еуропалық мемлекеттерде ғылымның әрбір саласы бойынша ашық, қолжетімді электронды басылымдар бар. Индустрияландыруға ден қойған еліміз үшін ғылыми саладағы осындай журналдарды көптеп ашу қажет. Америкалық физиктер қоғамының Physics, физиктердің тағы бір журналы Journal of High Energy Physics-тердің оқырман аудиториясы өте кең. Сонымен қатар орыс және эсперанто тілдерінде қатар шығатын Fenestro халықаралық әдеби журналын айтуға болады. Шыны керек, біздегі айына, үш айда бір-ақ рет шығатын кәдімгі ғылыми журналдардағы кезегін күтіп қаншама мақала жатыр. Ол мақалалары шыққанша, жас ғалымдардың жаңалығы іске жарағысыз болып қалуы да мүмкін. Сондықтан кез келген жаңалықты, ақпаратты, мәліметті қоғамға бірден тікелей ұсыну үшін интернет-басылымдар аса қажет. Және электронды басылымдардың саны шектеулі болмайды. Керісінше, ғаламторға қолы жеткен барлық адамның еркін әрі кез келген уақытта оқуына болатын жағдай жасалуы қажет.

Информация о работе Интернет журналистикасы