Көнерген сөздер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2014 в 08:24, реферат

Описание работы

Тіл қоғамдық құбылыс болғандықтан, ондағы болып жататын неше алуан өзгерістер сөздік құрамның дамуына да түр түрлі әсер етіп отырады Көп жағдайда тілдің лексикасы жаңа сөздердің есебінен кемеленіп, үнемі толығып отырса, енді бір ретте кейбір сөздердің тозығы жетіп көнеруіне әкеп соғады. Көнеру процесі кенет бірден бола қалатын қүбылыс емес, әуелі, қолдану жиілігін бәсеңдетіп, пассив сөзге ауысады да, соңынан жаңа ұрпақтың біреуіне жсткенмен, кейінгілерге еркін жете алмай, түсініксіз болып ұмтыла бастайды. Бара-бара қолданудан біржола ығысып, кейбіреулері тілден жоғалып та кетуі мүмкіп. Көнеру сипаты мен тілдегі қолдану ерекшеліктеріне қарай көнерген сөздср архаизмдер жоне историзмдер болып екі сала бөлінеді.