Қымыз-шипалы сусын

Дата добавления: 30 Апреля 2013 в 07:17
Автор работы: s***********@mail.ru
Тип работы: доклад
Скачать архив (67.51 Кб)
Файлы: 1 файл
Скачать файл  Просмотреть файл 

конференция.docx

  —  70.72 Кб

Қымыз-шипалы сусын

Жолдыбалинова Шырын  Нурлановна

МКҚК «Көпбейінді  колледжі» қ.Астана, Қазақстан

 

Үйірілген сары алтындай сары қымыз,

Ауруға-ем,сауға –қуат,дәрі қымыз.

Елімнің баяғыдай сүйген асы,

Шығаршы тағы нең бар кәрі қымыз,-

деп жырлаған қазақ халқының бір ғасырлық тарихын басынан кешірген Жамбыл Жабаев ақын атамыз өлеңге қосқан екен.

Қымыз жоғары сапалы тамақ  өнімі ғана емес, сондай-ақ шипалы сусын  деп  те есептеледі. Халық арасында қымызды көңіл-күй сергектігі және ұзақ жасау сусыны деп текке атамаған.

Емдік сусын ретінде қымыз  бағзы заманнан бері башқұрт, қазақ, татарлар мен қырғыздардың халықтық медицинасында өкпе және асқазан, ішек ауруларына қарсы қолданып келген.

 А. Хоменконың мәліметі  бойынша қымыздың емдік қасиеттері  туралы жазбаша хабарды 1773 жылы  П.С. Паллас жасаған. Ол: «1770 жылы башқұрт даласына Москва мен Дон аймағынан сырқат адамдар қымыз ішуге келіп жатты, өйткені оның денсаулық үшін зор пайдасы бар»- деп жазды.

1858 жылы Н.В. Постников  Самараның маңынан алғашқы қымызбен  емдеу санаторийін ашты, ал, 1873 жылы  қымызды ғылыми тұрғыдан жүйелеп  баяндады және оның организмге  пайдалы емдік қасиеттері туралы  қысқа ғана- «семіртеді, нығайтады, жасартады»- деген нақты сипаттама берді.

Қазіргі медицинада қымызды  антибиотиктермен және басқа да дәрі-дәрмектермен байланыстыра отырып, өкпе, сүйек және бүйрек туберкулезін, ішек-қарын және жүрек, қан тамырларын ауруларын  емдегенде, сондай-ақ витаминдер жетіспегенде, зат алмасу бұзылғанда қолданады.

Антибиотикалық дәрі-дәрмектер  қымыздың құрамындағы: витаминдермен, қоректік заттармен, ашытқылармен қосылып  организмге оңай сіңеді. Өзінің адам организміне  жасайтын күрделі және әр жақты әсеріне  қарай қымыз тіршілік көзі ретінде ықпал етеді және маңызды тамақ өнімі болып табылады. Қымыздағы тағамдық және емдік қасиеттердің мұндай байланысы бүгінде өзге өнімдер мен сусындардың ешбірінде де кездеспейді.

Профессор М.Н. Карнаухов  қымыз ерте қартаюшылықпен күресте  үлкен рөл атқарады деп есептейді.

Қымызды жүйелі түрде қабылдаудың  әсерінен өкпенің сыйымдылығы, кеуде  клеткаларының шеңбері ұлғаяды, тыныс алу, зат алмасуы жақсарады, қан құрамындағы гемоглобин мөлшері артады, аққан түйіршіктері, егер олар жоғарылаған болса қайта қалпына келеді, ал, қызыл қан түйіршіктерінің шөгу реакциясы жиілеген болса, қайта төмендейді. Нерв жүйесі де қымыздың әсерінен тыс қалмайды. Қымыз ішкен адамның бойында сергектік пайда болады.  

Қымыз- ауруға ем, сауға қуат. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса алмайсын. Қымыз құрамында «С» дәрумені мол, сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт ауруын емдеу қасиеті жоғары. Оның адам ағзасын әлсірететін созылмалы ауруларға қарсы күресетін артықшылығын да айта кеткен жөн.

Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге  ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан  құрамындағы гемоглобин эритроцит  көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан  айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады.

Ал осы күні жастар жағы қымыздың орнына шетелдік «Coca-cola», «Pepsi-cola» тәрізді сусындарды жиі тұтынады. Оның ағзаға зияндылығын ескеріп жүрген бірі жоқ.  «Coca-cola»-ның адам денсаулығына ауыр зиян келтіретінін дүниежүзі біліп, жар салып жатыр. Тіпті жарнамалауға тыйым салып, компанияға оның зияндығын мойындатты. Осы «Coca-cola» сусынымен көліктің есігін жуғанда бояуы бірден кетіп қалыпты. Тағы бір мысал- ауылдағы мал сойған үй қарын тазалау үшін осы сусынды пайдаланады екен. Жаңа сойылған малдың қарнын 15-20 минут «Coca-cola» сусынына салып қойса, қарын аппақ болып шыға келетін көрінеді.

«Pepsi-cola» сусынын да ішкеннен сақтану керек. Бұл сусын денсаулыққа өте қауіпті. Айталық, семіздік, диабет, жүрек, қан тамырлары ауруларына шалдықтырады.

Қымыз- шипалы әрі жұғымды сусын. Қымыз- дертке шипа, денег күш. Қымыз жылқы терісінен тігіліп, тобылғы түтінің ысы әбден сіңген сабада не болмаса ағаш күбіде ашытылады. Қымыздың ашытқысы «қор» деп аталады. Дәкеге түйген қорды сабаға салып, оның үстіне бір шелектей жаңа сауған салқын самалды құйып, ыдыстың сыртын жылы орап тастайды. Қор езіліп, саумалға тегіс тарағанда саумалдың дәмі қышқылданады. Сөйтіп жаңа қор жасалады. Жаңа қордың үстіне салқындатылған саумалды құйып, саумал әр құйылған сайын пісп екпен жарты сағаттай пісіп араластырады. Қымыз ашытылатын ыдысқа қойдың сүр қазысы мен семіз жаясын салса, қымыз майлы әрі жұмсақ болады. Әдетте, қымыздың өзінен де май шығады. Ол май қымыздың бетінде қалқып жүреді. Іңірде пісірілген қымызды жылылап қымтап, келесі күні биенің бас сауымы сауылып болғаннан кейін ғана қотарады. Сыба  мен күбіні аптасына ең кемі бір рет ыстайды. Әжелеріміз күбіні киік отымен ыстаған. Қымыздан бір күнге жетерлік мөлшерде қотарып алғаннан кейін, оның орнына қайта саумал құйылады. Бұл процесс бие ағытылғанға дейін осылай жалғасады. Қымыз қотарғанда ыдыстың түбінде жетерлік мөлшерде қор қалуы тиіс. Қымыз дайындау шеберлігіне, сүттің тегіне, уақыт мезгіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Осыған орай оның аталуы да алуан түрлі.

Қорытынды:

Сөз соңында “Елім” деген  азаматтар қымыз өндірісіне көңіл  бөліп, онымен айналысқысы келетін  кәсіпкерлерді, жылқышыларды қолдаса, нұр үстіне нұр болар еді дегіміз  келеді.

Әдебиеттер

  1. Интернет
  2. «Қымыз шипалы сусын» - Б. Асылбеков
  3. «Аспаздық» - Г. Бесімбаева, Е. Бесімбаев
  4. «Азық – түлік тауартануы» - М. Күзембаев

Описание работы
А. Хоменконың мәліметі бойынша қымыздың емдік қасиеттері туралы жазбаша хабарды 1773 жылы П.С. Паллас жасаған. Ол: «1770 жылы башқұрт даласына Москва мен Дон аймағынан сырқат адамдар қымыз ішуге келіп жатты, өйткені оның денсаулық үшін зор пайдасы бар»- деп жазды.
1858 жылы Н.В. Постников Самараның маңынан алғашқы қымызбен емдеу санаторийін ашты, ал, 1873 жылы қымызды ғылыми тұрғыдан жүйелеп баяндады және оның организмге пайдалы емдік қасиеттері туралы қысқа ғана- «семіртеді, нығайтады, жасартады»- деген нақты сипаттама берді.
Содержание работы
содержание отсутствует