Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 21:51, доклад
Атмосфераның құрамы мен оның ластану проблемалары қазіргі кезеңдегі өткір проблемалардың бірі болып отыр.
Проблеманың өткірлігі анторпогендік фактормен өте тығыз байланысты. Ауа бассейнін ластаушы көздер өндіріс орындары, автокөлік қозғалысының нәтижесінде бөлінетін зиянды заттар.
Ғылыми зерттеулерге сүйенсек шу тағы басқа да физикалық ластағыштар адаммен қатар өсімдіктерге де, жануарларға да әр түрлі әсер етеді. Мысалы, реактивтік ұшақтардың шуынан аэродром аймағындағы өсімдік түрлерінің өсіп-өнуі тежеліп, олардың кейбір түрлері жойылып кеткен жағдайлар да кездеседі.
Американдық музыкант әрі әнші Д. Ретолэк 1969ж музыканың өсімдіктерге тигізетін әсерін зерттеген, Бах музыкасының және Индия әндерінің көптеген өсімдіктерге қолайлы әсер тигізетінін ашып көрсеткен.
Атмосфералық ауаға ең қолайсыз әсер тигізетін автокөлік болып саналады. Ол көптеген қалаларда бірінші орындағы ластаушы көзге жатады. 6-шы кестеде келтірілген мәліметтерден бензин қозғалтқышынан тасталатын жанусыз қалған көмірсутектері мен олардың толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері дизель қозғалтқышыныкінен анағұрлым жоғары екені айқын көрінеді
Автокөлік қозғалтқыштарында жану процесіне шығатын ең қауіпті құрауыштардың бірі бензиндегі тетраэтилқорқасыннан Pb(C2 Н5)4 түзілген пайдаланылған газдағы қорғасын қосылыстары 1л бензиндегі жаққанда ауаға 200-700 мr Pb бөлініп отырады.
Күкірт қосылыстары ауаға негізінде құрамына күкіртті көп көмір мен мазутты жаққанда бөлінеді. Мысалы, электр энергиясын алуға пайдаланылатын көмірдегі күкірттің мөлшері орта шамамен 2,5%, сондықтан электростанцияларында 1млн.тонна көмір жағылғанда 25 мың тоннаға дейін күкірттің диоксиді бөлінеді.
Мұнай өнімдерін отын ретінде қолданғанда қоршаған орта жану процесінің нәтижесінде түзілген күкірт оксидтерімен (SO және SO3) ластанады.
Өнеркәсіп орындары атмосфераны газдармен және ұзақ қалқып жүретін майда шаң-тозаңдармен ластайды. Әсіресе миллиондаған тонна көмір мен мұнайдың жануы негізінде пайда болатын көмір қышқыл газының көлемі аса үлкен. Халықаралық зертеу қорытындылары бойынша, бұл газдың көлемі жылына 0,3-0,5 пайызға өсіп отыратыны анықталды. Ал оның табиғи мөлшері 0,003 пайыз. 1958 жылдан бері оның көлемі тағы да 1,13 пайызға өсті. Ауаның көмір қышқыл газымен толықтырылуы жақсы нәтиже бермейтіні белгілі. Егер көмір қышқыл газы жинала берсе, онда күн сәулесі энергиясы жерге жетпей, биосферадағы сулар қатып қалып, мұзға айналады, яғни мұз дәуірі қайтадан орнауы мүмкін деген болжам бар.
Ауаға кейінгі кезде оттектің азаюы байқалып отыр, Өйткені оны көптеген организмдер, неше түрлі транспорттар пайдаланады. Бір автомобиль 1000 км жол жүргенде, бір адам бір жыл ішінде дем алуға жұмсайтын оттегін жояды.
ІІІ. Қорытынды мен ұсыныстар
Ауаның ластануын болдырмау және оның зиянды зардаптарын жою мынадай негізгі бағыттарда жүргізілуі қажет:
1.зиянды, ластаушы заттарды ауаға шығармау;
2.ластаушы заттар әсерлерінен қорғану;
3.ластаушы заттардың зиянды әсерін, зардабын жою;
4.зиянды әсерлердің алдын алу, оларды болдырмау;
Атмосфераны қорғау шараларын төрт топқа бөлуге болады:
1.Техникалық тазалық шаралары: түтін мұржаларын биік салу, түтін, газ тазартқыштарын орнату, жабық газ шығармайтын технологиялық және тасымал машиналары, қондырғылар
2.Технологиялық шаралар: толық немесе жартылай тұйықталған технология құру; шикізатты қалдықсыз өңдеу; шикізаттың, отынның зиянсыз түрлерін қолдану; өндірісті автоматтандыру.
3.Өндірісті ұйымдастыру шаралары: өндірістік жасыл алаңдар, санитарлық алқаптар құру; өндірісті жел бағытына, жер жағдайына тиімді орналастыру; зиянды өндірісті жел бағытына, жер жағдайына тиімді орналастыру; зиянды өндірісті қаладан тысқары жерге орналастыру; қалалар, елді-мекендерді көгалдандыру және тиімді орналастыру;
4.Тыйым салу, бақылау шаралары: ластаушы заттардың шығарылуын нормалау, шектерін белгілеу. Атмосфераны қорғау бағдарламаларын бекітіп, оларды уақыт, территория және зерзаттар бойынша шектеу. Атмосфераны қорғау бағдарламаларын бекітіп, олардың орындалуын қадағалау. Жекелеген өте зиянды заттар шығаруды тоқтату, өндірісте қолдануға тыйым салу, т.б.
Американдық ғалымдар адамдар арасында рак пен тыныс алу жолындағы ауруларды туғызатын атмосфера құрамындағы ұсақ дисперстік бөлшектердің кесірінен жылына 2,1 миллион жан өмірмен қоштасатынын есептеп шықты, деп хабарлайды ИА Жаңалықтар-Қазақстан.
"Біздің
есептеуіміз бойынша
Ғалымдардың сөзінше, адамдар арасындағы өлім-жітімнің көбеюіне өндіріс пен өнеркәсіп орындары санының артуы салдарынан болатын климаттың өзгеруі мен озон қабатының бұзылуы сияқты факторлар да үлкен әсерін тигізіп отырған көрінеді. Тропосферадағы озон концентрациясы мөлшерінің өсуі демікпе ауруларының санының өсуіне себеп болып, соның кесірінен әлем бойынша жылына 470 мың адам өмірден өтеді екен.
Өз зерттеулерінде ғалымдар 1850 мен 2000 жылдардағы атмосферадағы ұсақ дисперстік бөлшектері мен озон концентрациясы мөлшерінің орташа көрсеткіштерін анықтау үшін климаттық модельді пайдаланған екен. Олардың ішіндегі 14 модель тропосферадағы озон деңгейін көрсетсе, алтауы ұсақ дисперстік бөлшектердің мөлшерін анықтап берген.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Ә.Бейсенбаева, А.Самақова, Т.Есболов, Ж.Шілдебаев «Экология және табиғатты тиімді пайдалану».
2.Ғ.Сағымбаев. «Экология негіздері».
3.Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозматаева «Экология».
4.Денсаулық журналы.
5.Арустамов Э.А. и др. Экологические основы природопользования. Москва,2001.
6.Федоров А.И, Никольская А.Н. Практикум по экологи. Москва: Гумм.изд. центр Владос,2001.
7.Одум Ю.М. Экология 2х томах М.Мир, 1986г.
8.Петров В.В Экологическое право Россия// Москва Изд. ВЕК 1996г
Информация о работе Адам ағзасына тұрғын үйлердегі , қоршаған ортадағы ауаның әсері