Дәрігерге дейінгі, алғашқы медициналық көмек

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 15:43, реферат

Описание работы

Кенеттен қатты ауырғанда, мертігіп, жарақаттанғанда және адамның денсаулығы мен өміріне қатер төнетін басқа да жағдайда дәрігер келгенше, не ауру (жарақаттанған) адамды емдеу мекемелерге жеткізгенше алғашқы қарапайым жәрдем шаралары жасалуға тиіс. Ауырған не жарақаттанған адамдар кейде өзіне-өзі жәрдем жасай алады. Мәселен, егер адамның стенокардия (жүрек демікпесі) ауруы ұстаса, онда ол кенет тоқтай қалып, тілінің астына валидол не нитроглицерин таблеткасын салады, егер уланса ас қазанын шаяды (1 литрдей суды ішіп, көмекейіне саусағын жүгіртіп, бірнеше қайтара құсалы); жарақат түскен жерін жуып, оған дәрі жарады т. б. (Улану, Тағамнан улану, Жарақат мақалаларын қараңыз).