Лаңкестік топ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 04:27, реферат

Описание работы

Лаңкестік – гректің «terror» сөзінен алынып, «үрейлі», «қорқынышты» деген мағыналарды білдіреді. Бұл атауды ең алғаш Аристотель қолданған. «Террор» сөзі өз мақсатына жету үшін ешнәрседен тайынбай, зорлықпен үкімін жүргізуді көздеген саяси күрес деген мағынада түсіндіріледі. Лаңкестердің қарулы әрекеттері мен бүлік шығару іс-әрекеттері олардың бүкіл болмысын айқын көрсетеді.
Түрлі этникалық және діни қайшылықтар, кедейлік пен мемлекеттегі түрлі келіспеушіліктер де лаңкестіктің шығуына себеп болуы мүмкін

Файлы: 1 файл

Lankestik top.docx

— 16.26 Кб (Скачать файл)

Лаңкестік – гректің «terror» сөзінен алынып, «үрейлі», «қорқынышты» деген мағыналарды білдіреді. Бұл атауды ең алғаш Аристотель қолданған. «Террор» сөзі өз мақсатына жету үшін ешнәрседен тайынбай, зорлықпен үкімін жүргізуді көздеген саяси күрес деген мағынада түсіндіріледі. Лаңкестердің қарулы әрекеттері мен бүлік шығару іс-әрекеттері олардың бүкіл болмысын айқын көрсетеді.

Түрлі этникалық және діни қайшылықтар, кедейлік пен мемлекеттегі түрлі келіспеушіліктер де лаңкестіктің шығуына себеп болуы мүмкін

Қазіргі таңда дүниеде 500-ге жуық лаңкестік ұйым бой көрсетуде. Олардың саяси, діни бағыты, әлеуметтік және этникалық құрамы, шабуылдау дәрежесі бойынша ең үлкендері мыналар: «әл-Кайда», «Абсат әл-Ансар» (Ливан), «Ал-Жиһад», «Жәмағат әл-Ислами», «әл-Ихуан әл-муслимин» (Мысыр), «Хизб-ут-тахрир әл-Ислами», «Тәибә», «Жамағати-Ислами» (Пәкістан).

Ланкестіктің бірнеше түрлері бар:

Ядролық лаңкестік – ядролық жарылғыш заттарды жару немесе онымен қорқыту, радиоактивті заттармен улау, ядролық нысандарды басып алу мақсатын көздейді. Қазір дүниенің 30 мемлекетінде 450-ге жуық ядролық объектілер, 100-деген ядролық реакторлар, он мыңдаған ядролық қарулар бар.

Хайджекин – ірі көлік құралдары: ұшақ, пойыз, автомобиль және кемелерді ұрлауды мақсат етеді. Бірінші әуе лаңкестік 1930 жылы жасалған. Лаңкестер тарапынан 1969 жылы  91 , 1972 жылы 59 жолаушы ұшақтарына шабуыл жасалған. Тіпті, 1971 жылы қыркүйек айында 4 ұшақ лаңкестер тарапынан қиратылды.

Гиперлаңкестік – арнайы хакер тәсілдері бойынша компьютер басқару жүйесін иеленіп алу, компьютер вирустары арқылы интернет жүйесін істен шығару көзделеді.

Биолаңкестік – вирус, ұнтақ сияқты бактериялық қоспаларды пайдалана отырып лаңкестік әрекет жасау.

Химиялық лаңкестік – улаушы және тұншықтырушы газдарды лаңкестік мақсатқа пайдалану.

Ақпараттық лаңкестік  деп теракт жасауға алып келетін мағлұматтарды БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) арқылы тарату, экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің өз техникалық мүмкіндіктерін басқаларға зиян тигізу үшін пайдалануды айтады. Мысалы, бір өтірік кейде, бүкіл дүниедегі мемлекеттерді қарама-қайшылыққа түсіреді, миллиондаған адамдардың санасын улайды, оларды жолдан тайдырады. Сол үшін БАҚ арқылы әсіресе, интернет жүйесі арқылы таралып жатқан теріс хабарлар әртүрлі жаман нәтиже беруі мүмкін. Мұндай зиянды хабарлардың «ақпарат лаңкестігі» делінуі ғажап емес. Бұл іс-әрекет саяси лаңкестіктің ажырамас бір бөлігіне  жатады.

Қазіргі кезде ең көп таралған лаңкестік – дінді бетперде еткен түрі. Олардың негізгі мақсаттары – әртүрлі діни сенімдерді пайдалана отырып, адамдардың пікіріне әсер ету, билікті ұстап қалу, ұлтаралық соғыстар, талас-тартыстар ұйымдастыру, дінді саяси құрал ретінде пайдалану.

Лаңкестікке қарсы күресудің  мақсаты рухани және материалдық, экономикалық тұрғыдағы нысандарды залалсыздандыру. Сол үшін лаңкестіктің пайда болу тарихын, оның түрлері мен алуан көріністерін, сондай-ақ қаупінің алдын алуды да  білген абзал.


Информация о работе Лаңкестік топ