Тұлға - әлеуметтік қатынастардың субъектісі және объектісі ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 21:38, реферат

Описание работы

Мұны тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы дейді. Бұл тұжырымдаманың мазмұны мынадай: қоғамдағы әрбір адам ондағы алуан түрлі әлеуметтік топтарға кіреді. Мысалы, отбасына, оқу тобына, достар компаниясына, өндіріс ұйымына. Әрбір топтағы адамның белгілі бір орны, өзінің көзқарасы, бағыты болады, яғни белгілі бір талап-тілектер қойылып, ол оны орындайды. Сонымен, нақтылы жағдайда бір адам бірде әке немесе шеше, екінші жағдайда осы адам дос, үшінші жағдайда бастық болады, яғни нақтылы адам әр жағдайда әр түрлі рөлдерде қызмет атқарады.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (6).docx

— 22.23 Кб (Скачать файл)

ТҰЛҒА - ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ  СУБЪЕКТІСІ ЖӘНЕ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

Адамның аса кұрделі табиғаты оның қоғамдағы  әр түрлі байланыс-қатынастары қазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық түріне байланысты, алуан түрлі модельдерді жасауға ықпал етті. Осылардың бірі – адамның бейнесіне (образын) әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретінде қарау.

Мұны  тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы дейді. Бұл тұжырымдаманың мазмұны мынадай: қоғамдағы әрбір адам ондағы алуан  түрлі әлеуметтік топтарға кіреді. Мысалы, отбасына, оқу тобына, достар компаниясына, өндіріс ұйымына. Әрбір  топтағы адамның белгілі бір  орны, өзінің көзқарасы, бағыты болады, яғни белгілі бір талап-тілектер қойылып, ол оны орындайды. Сонымен, нақтылы жағдайда бір адам бірде  әке немесе шеше, екінші жағдайда осы  адам дос, үшінші жағдайда бастық болады, яғни нақтылы адам әр жағдайда әр түрлі  рөлдерде қызмет атқарады.

Басқаша айтқанда, әлеуметтік рөл дегеніміз, қоғамдағы адамдардың белігілі бір қызметін атқарған жағдайда белгілі бір тәртіп нормаларын сақтауын айтамыз. Ал, рөлдік жүйе дегеніміз, адамның қоғамдағы алатын орнына, жағдайына, тұрмысына сәйкес істейтін қызметінің жиынтығы. Адамдардың әлеуметтік рөлдері бойына сіңіріп, игеріп, меңгеруі тұлғаны әлеуметтендіру процесінің бір бөлігі, оның қоғамға, топқа толық енуінің негізгі қажетті шарты.

Әлеуметтік  рөлдердің мысалы ретінде адамдардың мамандыққа байланысты рөлін айтуға боладф. Әлеуметтік рөлдерді игеріп, меңгеруде  адам әлеуметтік тәртіп стандартын игеріп, меңгереді,өзін өзі бағалап, бақылауды  іске асырады. Сөйтсе де, адам өмірде бірнеше  байланыс-қатынастарға еніп, әр түрлі  рөлдегі іс-қызметтерді орындауға  мәжбүр болады. Сондықтан адамға қойылатын  талап-тілектер де қайшылықта болады. Осылардың салдарынан адам сыртқы дүниемен байланысында, өзінің тұтастығын, бүтіндігін, бір сөзбен айтқанда, «мендігін» сақтау үшін белгілі бір шартты қажет  етеді. Бұл оның өзімен өзінің болуын және әр түрлі қызмет рөлдерін орындау  үшін керек. Бұл тұрғыдан қарағанда  тұлғаның өзі осындай шарт ретінде  болады.

Осы тетік  өзі орталық қызмет атқарушы орган  болып, өзінің «мені» атқаратын қызметімен біріктіріледі, өзінің іс-әрекетіне  адамгершілік баға беріп, оны іске асырады, өзінің орнын тек қана бір әлеуметтік топтан іздеп қоймай, сонымен қатар  өмір сүрудің мақсатын білу үшін екінші бір құбылыстардың мәнін, мақсатын білуге ұмтылады.

Сонымен, жан-жақты дамыған тұлға өзінің рөлдік мінез-құлқын белгілі бір  әлеуметтік ситуацияға байланысты пайдаланып оны бейімділік құралы ретінде қолданады. Басқаша айтқанда, рөлдік мінез-құлық  дегеніміз, индивидтің (адамның) іс жүзіндегі  мінез-құлқы.

Сонымен, жан-жақты дамыған тұлға белгілі  бір әлеуметтік жағдайда бейімделу  құралы ретінде рөлдік мінез-құлықты  пайдаланады. Рөлдік мінез-құлықты  рөлмен алмастыруға болмайды. Әлеуметтік рөлдің негізгі компоненттері сатылы жүйе ретінде құрылады.

Рөлдік  тұжырымдама Американың әлеуметтік психологиясында ХХ ғасырдың 30-шы жылдары  пайда болды. Оның ірі өкілдері Кули Чарльз Хортон (1864-1929ж.ж.), Мид Джордж Герберт (1863-1931ж.ж.), т.б. Кули Ч.Х. «шағын кіші» топтар теориясының негізін  салушылардың бірі, оның «Зеркальное  я», «Человеческяая природа», «Социальный  порядок» (1912ж.), «Социальная организация» (1909ж.), «Социальный процесс» (1918ж.), «Социологическая теория», «Социальное исследование» (1930ж.) деген еңбектері бар. Кулидің  жалпы әлеуметтік теорияларының  негізінде әлеуметтік ұйым және сананың  әлеуметтік процестерді қалыптастырудағы шешуші рөлін мойындау жатыр.

Ал, Мидтің әлеуметтану теориясының пайда  болу негізінде өткендегі болған әрекет, оқиға (қысқаша «акт») ұғымы  жатыр. Бұл акт ұғымы әрекеттеуші  субъектінің шынайы өмірді қабылдаудағы ерекшелігін анықтайды. Мидтің пікірінше, әрекет етуші субъект кең мағынада физикалық «субъект», «тірі форма», «әлеуметтік мен» («я») ретінде қарастырылады. Объектілер ұғымының мазмұны, Мидтің пікірінше, индивидтің өткендегі барлық ерекшелігімен  сипатталатын тәжірибесі. Осыған қарай  объектілер индивид пен олардың  арасындағы қатынастарды бейнелейді.

Ч. Кули мен Дж. Мидтің бұл теориялары әлеуметтанудағы  әр түрлі ағымдарға кең тараған. Оның ішінде тұлғаның рөлдік тұжырымдамасын Т. Парсонс өзінің әлеуметтік-функционалдық  талдау теориясында көп қолданды.

Жалпы тұлғаның рөлдік теориясы тұлғаның бейімделу  процесін көп дәріптей отырып, оның белсенді, творчестволық жағын жоққа  шығарады. 

 

 

  

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Рөльдік теория негізін қалаушылардың бірі Р.Линтон әлеуметтік рөльді – адам статусымен байланысты күтілетін мінез-құлық  ретінде анықтайды. Бұл рөльдік күту адамның әлеуметтік статусынан туындайтын белгілі бір мінез-құлық ережелерді немесе нормаларын орындау және игеру жағдайында іске асады. Әр статусқа көптеген рөльдер қызмет ететіндігін атап айту маңызды. Зауыт директоры жоғарыдағы басқарушылар алдында бір рөльде, қол астындағыларының алдында екінші рөльде, әке түрінде – үшінші рөльде болады. Бірақ барлық жерде ол зауыт директоры болып қала береді, бұл оның басты статусы. Алайда, барлық рөльдерде, сонымен бірге, директор, әке рөльдерінде де ол әртүрлі ракурста көрінеді. Р.Мертон берілген статустан туындайтын рөльдер қосындысын рөльдер жиынтығы деп атады.

Қазіргі әлеуметтену концепциясы француз  социлогы Г.Тардтың шығармаларынан бастау алады. Оның теориясының негізі – адамдар қарым-қатынасының  түбірі еліктеу қағидасы болып табылады. Ал оқытушы – оқушы қарым-қатынасын  ол типті әлеуметтік қатынас деп  атады. Американ социологы Т.Парсонс  индивидтің көпшілік мақұлдаған беделді  адамдармен араласу процесіне әлеуметтік жүйенің интеграциялануының ережелерін түсіндіретін әлеуметтік теорияны жасап  шығарды. Оның ойынша, жанұя мен білімді  қоса алғанда әлеуметтену институттары әлеуметтік құрылысты тудыру қызметін атқарады.


Информация о работе Тұлға - әлеуметтік қатынастардың субъектісі және объектісі ретінде