Төтенше жағдайларда тұрғындарды қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2013 в 09:42, реферат

Описание работы

Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдаршығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясындаанықталады.

Содержание работы

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1) Халықты қорғаудың негізі принциптері мен қорғау әдістері
2) Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
3) Қоныстандыру және көшіру
ІІІ. Қорытынды

Файлы: 1 файл

реферат.docx

— 44.40 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

 

Инжинерлік-құрылыс  факультеті

Жылу-энергетика кафедрасы

 

 

РЕФЕРАТ

 

 

 

 

 

Пән: ӨҚН

Тақырыбы: Төтенше жағдайларда тұрғындарды қорғау

Жазған: Ахметжанов Асылбек

Тексерген: Салихова Т.С.

 

Астана қаласы, 2011 жыл

 

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

1) Халықты қорғаудың негізі принциптері мен қорғау әдістері

2) Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары

3) Қоныстандыру және көшіру

ІІІ. Қорытынды

 

Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдаршығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясындаанықталады.  Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Табиғи сипаттағы Төтенше  жағдай – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы  аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен  зиянкестері арқылы зақымдануын  туғызатын Төтенше жағдай-лар.

Техногендік сипаттағы Төтенше  жағдай - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті  заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың  кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту  құрылыстарындағы авария туғызған Төтенше  жағдай.

Төтенше жағдай аймағы бұл  Төтенше жағдай туындаған белгілі  бір аумақ. Табиғи және техногендік  сипаттағы Төтенше жағдай таралу аумағына және келтірген нұқсанның  көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.

 

Адамдардың қауіпсіздігін  қамсыздандыру бейбіт және соғыс  уақытындағы ТЖ жағдайында халықты  қорғау бойынша республикамызда жүргізілетін барлық шаралардың аса маңызды мақсаты болып табылады.

Төтенше жағдайларды ескерту  және іс-әрекеттер жөніндегі Республикалық  жүйенің өзіне жүктелген міндеттерді  орындауға даярлығы түпкілікті нәтижеде оның осы мақсатқа жету қабілетін анықтайды. Қазіргі уақытта адамзаттың алдында соғыс қатерінен басқа ғаламдық қауіп экологиялық апат қауіпі өткір түр: ауа ластанған, өзендер мен көлдер қышқылды жауындармен уланған, топырақ бүлінуде, ормандар құруда, өсімдіктер мен хайуанаттардың жекелеген түрлері жойылуда. Адам өміріне қауіпті заттарды пайдаланатын және өндіретін объектілер бір жерге шоғырлануда. Бұл объектілердегі авария салдарын осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану салдарымен салыстыруға болады. Чернобыль АЭС-індегі оқиғаларды, Армениядағы, Нефтегорскідегі, Шығыс Қазақстандағы жер сілкіністерін және басқа төтенше жәйттарды талдау бейбіт уақыттағы жағдайда адамдардың қауіпсіздігі мәселесіне басқаша түрғыдан қарауға мәжбүр етеді.

Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі объектілері мен өзге де объектілер орналасқан, мұндағы авариялар үлкен адам құрбандықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшырату мүмкін. Осы жағдайлар мемлекеттік, әскери және шаруашылық органдары тарпынан АҚ мәселелеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық объектілерін сақтау, басқаару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеуі жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етеді.

Бейбіт уақыттағы ықтимал  төтенше жағдайды, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының даму бағыты мен оларды қолдану туралы кезқарастарды ескере отырып халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістерін іске асыру халықтың сенімді қорғалуын дәйекті көтеруді қамтамасыз етеді.

Халықты, қоршаған өрта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаудың негізгі принциптері

Халықты қорғау принциптері  — бұл бейбіт және соғыс уақытындағы  жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР үкметі ресми белгілеген ережелер.

Халықты авария, апат, зілзала мен осы заманғы зақымдау құралдарының салдарынан қорғау жөніндегі шараларды жүргізу сипаты, көлемі мен мерзімі аға бастық ұйғарымын, ахуалды бағалау мен жергілікті жағдайларды және мүмкіндіктерді ескере отырып әзірленетін АҚ жоспарларымен анықталады.

Осы заманғы зақымдау құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін (ШО) қорғаудың негізгі принциптері мыналар:

1. Қорғаныс шараларын  өз уақытында жоспарлау және  өткізу. Ол мыналарды қамтиды:

а) бейбіт және соғыс жағдайындағы АҚ жоспарларын әзірлеу. АҚ жоспарлау — Азаматтық қорғанысты басқару процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Оның мәні бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайды талдау мен бағалау, халықты қорғау женіндегі АҚ шараларын анықтау болып табылады;

б) халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау әдістеріне даярлау. Моральдық-психологиялық қасиеттерді және АҚ мен ТЖ бойынша оқып-үйрену қажеттігіне сенімділікті қалыптастыру;

в) ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жинау және оларды пайдалануға әзірлікте ұстау;

г) көшіру шараларын даярлау;

д) бейбіт және соғыс уақытындағы  жағдайда шаруашылық салалары мен объектілері  жұмысының сенімділігін және тұрақтылығын көтеру жөніндегі шараларды жүргізу.

Осы заманғы зақымдау құралдары әсерінің сипаты, мүмкіндіктері мен салдары өткен соғыстарымен салыстырғанда сапалы жаңа ерекшеліктерімен көріне бастады.

Осы ерекшеліктерінің бірі — қаруды жеткізудің бүгінгі құралдары мен оның зақымдағыш қасиетінің Жер шарының кез келген нүктесіндегі нысананы іс жүзінде жоятын-дығында. Сондықтан да тыл мен соғыс туралы ұғым енді салыстырмалы сипатқа ие болып отыр. Соғыс жағдайында осы заманғы зақымдау құралдары ықпалының аймағына кез келген елді мекеннің тап болуы әбден мүмкін.

Ал осы жәйт халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөніндегі шаралардың әрбір ауданда, қалада, объектіде, бүкіл республика аумағында міндетті түрде жүргізілетіндігін көрсетеді.

Халықты қорғау жөніндегі  шаралардың кешенділігі ТЖ сипатына байланысты қорғаныс әдістері мен құралдарын тиімді пайдалануға, ал соғыс уақытында зақымдау құралда-рының түрі мен көлеміне орай туындайды.

Әрбір нақты жағдайда қалыптасқан  ахуалға олардың қайсысының барынша  сәйкес келетіндігіне басымдық бере отыра халықты қорғау әдістерін  қисынды үйлестіріп, дәл қолдана  биту қажет. Халықты бейбіт уақыттағы ТЖ-дан және осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғаудың ең жоғары деңгейіне жету үшін бейбіт уақытта сипаты мен көлемі бойынша әртүрлі инженерлік, көшіру, радиациядан қорғау, медициналық, өрттен қорғау және өзге шаралардың кешенін өз уақытында жоспарлап іске асыру қажет.

Осы шаралардың мәнің қысқаша қарастырайық.

а) Инженерлік шаралар.

Халықты қорғаныс ғимаратына жасыру жау шабылуы жағдайында оны  қорғаудың ең негізгі әдісі болып табылады.

Сондықтан АҚ-ны дамытудағы маңызды бағыт АҚ тобына жатқызылған  қалалар мен маңызды шаруашылық объектілерінде панаханаларды дер  кезінде салу мақсатында қорғаныс ғимаратының  құрылысын және қалған қалалар мен  селолық жерлерде радиациядан қорғайтын орындарды (РҚО) салуды өрістету болып табылады.

б) Көшіру шаралары.

Көшіру шараларын дер  кезінде жүргізу ТЖ жағдайында халықты  алып кетуге (тасуға), сондай-ақ оны  қарсылас жақ осы заманғы зақымдау құралдарын қолданған жағдайда за-қымданудан сақтауға мүмкіндік береді.

в) Радиация мен химиядан қорғау шаралары.

г) Медициналық шаралар.

Халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау бойынша медициналық шаралар халықты иондаушы сәулелерден, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан ескерту немесе дәрежесін төмендету мақсатында жүргізіледі.

Әскери басқару органдарының бүкіл басшы құрамының тиісті мемлекеттік және шаруашылық органдарымен, АҚ және ТЖ органдарымен және қызметтерімен келісімді жұмысы арқылы ғана қысқа мерзімде АҚ жүйесінің бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ұйымшылдықпен көшуі, өзіне жүктелген міндетті орындауы үшін тұрақты даярлығына қол жеткізуге болады.

Халықты қорғаудың негізгі  әдістері

Халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан және төтеніие жағдайлар кезінде қорғауды ұйымдастыру мен іске асыруда халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан және төтенше жағдайларда құрбандыққа ұшырауын болдырмауға немесе азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің ролі ерекше.

Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар:

♦ қорғаныс ғимараттарына жасыру;

♦ халықты таратып қоныстандыру және көшіру;

♦ жеке және медициналық  қорғаныс құралдарын қолдану;

♦ дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру;

♦ азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғау;

♦ радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дөзиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;

♦ өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;

♦ зақымдау аймақтарындағы ұйымдарда жұмыс пен халықтын өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау;

♦ адамдарды, техниканы киім мен аяқ-киімді, санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздандыруды жүргізу. Қорғаныс ғимараттарына жасыру — халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе жау шабуылылы қауіпі жағдайында қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.

Бұл әдіс ахуалдың ықтимал  сипаты мен халықтың әртүрлі санаттарын қорғау талаптарына жауап беретін  қорғаныс ғимараттары жүйесін қолдануды  қарастырады.

Адамдарды радиациядан қорғайтын  панаханада жасыру тек жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдануды қамтамасыз еткенде ғана сенімді бола алады.

Таратып қоныстандыру және АҚ топтарына жататын қалалардың халқын, ягни жау шабуылы құралдары әсерінің қауіпі нақты төнген халықтың бөлігін қорғау үшін жүргізіледі. Бұл әдісте ықтимал зақымдану ошақтарынан адамдарды уақытында алып кету және оларға жеке қорғаныс құралдарын кигізіп радиациядан қорғайтын панаханада жасыру жолымен қауіпсіз аймақтарға орналастыруды қарастырады.

Көшіру шаралары халықты  төтенше жағдайлар, осы заманғы зақымдау құралдарынын қолданылуы салдарынан қорғаудың негізгі әдісі болып табылады.

Таратып қоныстандыру мен көшіру туралы шешімді ҚР үкіметі қабылдайды және орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар іске асырады.

Бейбіт және соғыс уақытында  төтенше жағдайлар осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылу қауіпі кезінде халықтың бір бөлігін дер кезінде көшіру (ішінара көшіру) жүргізілуі мүмкін. Болжанбайтын жағдайларда адамдардың өмірі мен денсаулыгына нақты қауіп төнген кезде шұғыл көшіру жүргізілуі мүмкін. Хатықты ішінара көшіру туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды. Көшіру шараларын жоспарлау мен өткізу Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы бекіткен "Көшіру шараларын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі нұсқаулыққа" сәйкес жүргізіледі.

 

Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжым-дық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орын-дары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.

Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан — ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚӘУЗ) ықпалынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар панаханадағы адамдар жоғары температурамен өрт  жағдайындағы азық-түліктің жануына, құлаған  ғимараттың бөлшектерінің зақымдануынан  қорғана алады.

Өндіріс күштерін осы заманғы зақымдау құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі авариялардан қорғау — маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Әткен уақыттағыдай, қазір де осы міндетті шешу жолдарының бірі елді-мекендерде адамдарды панала-тұта арналған қорғаныс ғимараттарының әртүрлі үлгілерін жасау болып табылады.

Қорғаныс ғимараттары  адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс.

Қорғаныс ғимарттары салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта жылдам салынуға және қауіп тенген кезде жылдам түрғызылуға тиіс.

Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет.

Қорғаныс ғимараттары  желдеткіш қондырғылармен қамтамасыз етуі бойынша олар қолдан бар материалдар және дайын тұрған ауаның тұрақты көлеміне орай (желдетусіз) даярланатын, өндірістік қисында даярланған желдеткіш қондырғылары болып бөлінеді.

Панаханалар жан-жақты қымталған құрғылардың және желдеткіш құралдарының болуымен сипатталады Олардың көмегімен адамдар тіпті қираған панахананың өзінде ұзақ уақыт бола алады, олардың қауіпсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Панахананың кіреберісі мен шығаберісі болуға тиіс, ал ол құлаған жағдайда авариялық шығаберіс болуға тиіс.

Информация о работе Төтенше жағдайларда тұрғындарды қорғау