Ядролық қару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 18:07, аттестационная работа

Описание работы

Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы.
Дүние жүзіндегі ең бірінші атом бомбаларының бірі, салмағы 20т (1950 жылдар)
Атом бомбасы (Атомная бомба) — авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты.

Файлы: 1 файл

Ядролық қару.docx

— 426.29 Кб (Скачать файл)

Ядролық қару

Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы.

Дүние жүзіндегі ең бірінші атом бомбаларының бірі, салмағы 20т (1950 жылдар)

Атом бомбасы (Атомная  бомба) — авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты.

  Ядролық қару орталығы

Ядролық қарудың өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін  қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол – ядролық және термоядролық болып бөлінеді.

  Ядролық қару

Ядролық қару жаппай қырып-жою  құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады.

Дүние жүзіндегі  ең бірінші атом

 бомбаларының бірі, салмағы 20т (1950 жылдар)

 

Екпінді толқын

Екпінді толқын өз жолында кездескен барлық нысандарға әсер етеді. Мысалы, 100 кт тротилдік эквиваленті бар ядролық жарақ ауада жарылған кезде екпінді толқын жасырынатын орыннан сыртқа, жарылыс эпицентрінен 1,6 км қашықтықтағы адамдарды апатқа ұшыратып, 4,5 км радиустағы көп қабатты тас ғимараттарды толықтай қиратады. Жарылыс кезіндегі жарықтық сәулелену әр түрлі материалдарды балқытады, тұтандырады, түрін өзгертіп, көмірлендіреді. Жанды тіндер әр түрлі дәрежедегі күйіктерге ұшырайды; 1,4 км қашықтықта жасырынған адамдар жарықтық сәулеленуге ұшырайды, 3,5 км-де ауыр дәрежедегі, 3,8 км-де орташа дәрежедегі, 5 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды, 7 км радиуста өрттер шығады.

 

                 

                     Ядролық қару                                           Ядролық қару орталығы

 

Өтпелі радиация

Өтпелі  радиация (ядролық жарылыс кезіндегі  гамма-сәулелену мен нейтрондар ағыны-әсері 10 – 15 с-қа созылады) сәуле  ауруының пайда болуына әкеп соғады. 100 кт тротилдік эквивалентті ядролық жарық жер үстінде жарылған кезде жасырынатын жерден тыс орналасқан адамдар 1 км радиуста өлімге ұшырап, 1,7 км-де ауыр дәрежедегі, 1,9 км-де орташа, 2 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды. Қоршаған орта мен онда орналасқан нысандардың радиоактивті зақымдануы ядролық жарылыс бұлтынан және радиоактивтік заттардың түсуінен пайда болады.

 

Атом бомбасын сынау

Ядролық жарылыс

Бірінші жарылыс Аламогордодағы сынақ полигонында 1945 жылғы 16 шілдеде жасалды. 1945 ж. тамызда әр қайсысының қуаттыдығы 20 кт болатын 2 атом бомбасы Жапонияның Хиросима (8 тамыз) мен Нагасаки (9 тамыз) қаласына тасталып, үлкен адам шығынына ұшыратты (Хиросимада 140 мыңдай, Нагасакида 75 мыңға жуық адам). КСРО-да академик И.В. Курчатов басқарған ғалымдар тобы ядролық қару жасады. 1947 ж. Кеңес үкіметі КСРО үшін атом бомбасының құпиясы жоқ екендігін мәлімдеді. 1949 ж. тамызда КСРО-да Семей полигонында бірінші атом бомбасын сынау өткізілді. 1952 ж. 1 қарашада АҚШ-та қуаттылығы 3 мт термоядролық қондырғы жарылды. Авиациялық бомба түріндегі термоядролық қару АҚШ-та 1954 ж. жасалды. КСРО-да термоядролық бомба 1953 жылдың 12 тамызында бірінші рет сынақтан өткізілді. 50-жылдардың ортасында АҚШ пен КСРО-да ядролық қаруды әр түрлі қашықтықтарға жеткізуге арналған әр түрлі кластар мен типтердегі тасығыштар жасалды. 1960 ж. КСРО-да Қарулы Күштердің ерекше түрі – стратегиялық мақсаттағы ракеттік әскер құрылды. АҚШ пен КСРО-дан басқа Ядролық қару 1952 ж. 30 қазанда Ұлыбританияда, 1960 ж. 13 ақпанда Францияда, 1964 жылдың 16 қазанында Қытайда пайда болды. Кейіннен Ядролық қаруға Үндістан мен Пәкстан да ие болды. Қазіргі кезде кем дегенде 30 ел ғылыми-техникалық жағынан ядролық қару шығаруға дайын. АҚШ-та 1975 жылдың өзінде 30 мың бірліктен астам ядролық қару-жарақ түрі болды (әскери-әуе, әскери-теңіз күштері мен құрлықтағы әскерлердің иелігіндегі 80 мың стратегиялық және 22 мыңдай тактикалық түрі). Ядролық қаруды межеге жеткізу үшін әр түрлі алып ұшақтар жасалып, олар тұрақты әскери дайындыққа келтірілді. 1976 жылдың қарсаңында АҚШ-тың стратегиялық шабуылдаушы күштерінің құрамында 1054 құрлықаралық баллистикалық зымырандар (“Титан-2”, “Минитмен-2”, “Минитмен-3”), 400-ден астам ұшақтар (В-52 және В-111) болды, 41 атомдық сүңгуір қайық “Поларис А-3” және “Посейдон” зымырандарымен жарақтандырылды. Осы тектес атомдық қару түрлері басқа атомдық державаларда да жеткілікті дәрежеде. Сондықтан ядролық қару бүкіл адамзат үшін орасан қауіп болып есептеледі. Мысалы, Америка мамандарының есептеулері бойынша қуаттылығы 20 мт термоядролық қару 24 км радиустағы барлық тұрғын үйлерді жермен жексен етіп, оның эпицентрінен 140 км-ге дейінгі аралықтағы тіршілік иелерін жоя алады. Атом қуатын әскери мақсаттарға қолдануға байланысты қауіп халықтардың ядролық қаруға тыйым салу жолындағы қуатты қозғалысын тудырады. Ядролық қаруға халықаралық тыйым салу жолындағы маңызды кезең ауада, кеңістікте, су астында, аспанда Ядролық қаруларды сынауға тыйым салу туралы шарт (1963); мемлекеттердің Айды және т.б. аспан денелерін қоса алғанда аспан кеңістігін зерттеу және оны пайдалану бойынша іс-әрекет қағидалары туралы шарт (1967), Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (1968); теңіздер және мұхиттер түбінде, олардың қойнауларында ядролық қарумен басқа да жаппай қырып-жоятын қаруларды орналастыруға тыйым салу туралы шарт (1971) болып табылады. БҰҰ-ның “Халықаралық қатынастарда күш қолданбау және ядролық қаруды қолдануға түпкілікті тыйым салу туралы” резолюциясы аса маңызды қадам болды. Кезінде КСРО мен АҚШ арасында жасалған “ядролық соғыстың туу қаупін азайтудың шаралары туралы келісім” (1971) де үлкен маңызға ие. Ол бойынша кездейсоқ немесе рұқсат етілмеген жағдайда ядролық қаруды қолдануға ескерту қарастырылған. Ракетаға қарсы қозғалыс жүйесін шектеу және стратегиялық шабуыл қару-жарағын шектеу саласында кейбір шаралар туралы Уақытша келісім (1972); ядролық соғыстың алдың алу туралы келісім (1973), сонымен қатар ядролық қаруды жер астында сынауға шек қою туралы шарт (1974), т.б. келісімдер бар. 1976 ж. 31 наурызда КСРО мен АҚШ мемлекеттері ядролық қаруды жер астында сынауды жүргізбеуге міндеттеме қабылдады. Осы жылы КСРО мен Франция кездейсоқ және рұқсат етілмеген жағдайда ядролық қаруды қолдануды ескерту туралы шарт, ал 1977 ж. Ұлыбритания мен Кеңес Одағы кездейсоқ ядролық соғыс туындағанда бетін қайтару туралы келісім жасасты. КСРО-дағы ядролық қаруды сынаудың барлық түрлері негізінен Семей полигонында өтті. Ол Қазақстанның солтүстік-шығыс және орталық аудандарына орасан зор экологиялық апат әкелді. Сондықтан КСРО-ның ыдырауы қарсаңында тәуелсіз Қазақстан үшін ең басты мәселе ел аумағындағы ядролық қарудың тағдыры болды. КСРО-ның ыдырауы алдында Қазақстанда 1040 ұрыс зарядты 104 “РС-20” ракетасы (НАТО классификациясы бойынша – “СС-18”) болды. Әлемдегі ең ауыр құрлықаралық баллистикалық ракета (әрқайсысының қуаттылығы 550 кт-дан тұратын 10 ядролық оқтұмсық) Державинка (қазіргі Ақмола облысы) мен Жаңғызтөбедегі (Шығыс Қазақстан) екі базада орналасты. Семейдің түбіндегі аэродромда 240 қанатты ядролық ракетасы бар 40 ТУ-95 МС стратегиялық бомбалаушы ұшақ орналасты. Қазақстанда қуатты ядролық ғылыми-өндірістік кешен құрылып, жұмыс істеді. Елімізде КСРО-дағы барлық уранның 40%-ы өндірілді. 1994 ж. Қазақстан ядролық қарудан ерікті түрде бас тартты. Осы жылы Будапештте (Венгрия) АҚШ, Ұлыбритания және Ресей мемлекеттері басшылары Қазақстанның тұтастығына, шекарасының өзгермеуіне, ел экономикасына қысым көрсетілмеуіне кепілдік берген құжатқа қол қойды. Олар, егер Қазақстанға қарсы агрессия туындаған жағдайда осы жағдайды талқылау үшін дереу БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін шақыруға міндеттенді.

 Ядролық қаруға қажетті зарядты жасауға Қазақстан азаматтары үлес қосқан. 1959 ж. Қазақ тау-кен институтының (қазіргі ҚазҰТУ) МЦ-54 “Түсті, сирек және асыл металдар металлургиясы” мамандығы бойынша бітірген түлектері: Н.Ф. Болонев, Г.Н. Бунин, А. И. Галактионов, Е.В. Космачев, А.К. Кузнецов, Э.П. Куликов, Б.В. Макаренко, С.С. Макаренко, В.М. Розманов, В.П. Статкун, С.В. Стовярский, И.В. Токмачев, Ю.П. Штефан Ресейдің Томск-7 қаласындағы п/ж ғ153 құпия мекемесіне (қазіргі СХК – Сібір химия комбинаты) жолдама алды. СХК-да жоғары байытылған уран мен плутонийдің негізінде жасалған ядролық материалдармен жұмыс жүргізілді. Қазақстандық мамандар ядролық зарядты жасау технологияларын жолға қою ісіне өз үлестерін қосып, атом өнімдерін жасауға қатысты.

Ядролық жарылыс

 

Ядролық жарылыс кезіндегі өткір  радиация.

 

Ядролық жарылыстың өткір радиациясы дегеніміз  – гамма сәулелену мен нейтрондар ағыны.

Биологиялық ұлпа арқылы өткен гамма кванттар мен нейтрондар тірі жасушылардың құрамына енетін атомдар мен молекулаларды  иондандырады, нәтижесінде қалыпты  зат алмасуы бұзылып, сәуле ауруының туындауына әкеп соғады.

Сәулелену мөлшеріне қарай сәуле ауруы 4 түрлі дәрежеге бөлінеді:

- 1) 1 дәрежелі сәуле ауруы (жеңіл түрі) сәулеленудің жиынтық мөлшері 150-250 радиан болған кезде басталады. Аурудың жасырын кезеңі 2-3 аптаға созылады, содан кейін сырқаттың күйі нашарлап, жалпы әлсіреу, лоқсу, басы айналу, температурасы көтерілу сияқты белгілер байқалады. Қанда ақ түйіршіктер азаяды. 1 дәрежелі сәуле ауруын емдеуге болады.

- 2) 11 дәрежелі сәуле ауруы (орташа) сәулеленудің жиынтық мөлшері 250-400 радиан болған кезде басталады. Аурудың жасырын кезеңі 1 аптаға созылады. Ауру белгілері айқын білінеді. Белсенді түрде емдесе, ауру 1,5 – 2 айда сауығады.

- 111 дәрежелі сәуле ауруы (ауыр түрі) сәулеленудің жиынтық мөлшері 400-700 радиан болған кезде басталады. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағатқа созылады. Ауру жылдам және ауыр түрде өтеді. Сәті түссе, 6-8 айдан соң жазылып кетеді.

- 1V дәрежелі сәуле ауруы (жеңіл түрі) сәулеленудің жиынтық мөлшері 700 радианнан асқанда басталады, өте қауіпті болып саналады. 5000 радианнан асқан мөлшерде адам бірнеше минуттан кейін-ақ ұрысқа қабілеттілігін жояды.

Сәулелену тығыздығы жоғары (қорғасын, құрыш, бетон) материалдарда көбірек әлсірейді. Нейтрондар сығымы жеңіл элементті ядролары бар (су, полиэтилен) жеңіл материалдарда жақсы әлсірейді.

Өткір радиацияны әлсіретудің ең үлкен шамасына фортификациялық (бүркемеленген орлар) құрылыстар ие.

Адам ағзасына иондалған сәулелену әсерін әлсірету үшін әр түрлі радиацияға қарсы құралдар (радиопротекторлар) қолданылады.

 

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша  іс-шаралар.

 

Зақымдану, қирату, өрт және су басу аймағындағы  әрекеттер кезінде әскери қызметшілерді  қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету келесі шараларды орындаумен жетілдіреді:

    • үзіліссіз радиациялық;
    • химиялық және биоогиялық барлау жүргізу;
    • уақытымен және ебін тауып жеке;
    • ұжымдық қорғану құралдарын, қару-жарақ, әскери техника мен жергілікті жердің қорғаныш қасиеттерін , радиацияға қарсы препараттарды , антидоттарды, жедел медициналық жәрдем көрсету құралдарын , инженерлік құрылыстарды пайдалану;
    • зақымданған жерде әскери қызметшілермен бекітілген тәртіп Ережесін қатаң сақтау. Көрсетілген шаралармазмұны мен тізімі әрбір нақты оқиға, жағдай шарттарымен айқындалады.

Бөлімшелерді  әрекет жасауға алдын-ала дайындау немесе зақымдану аймақтарын жеңу кезінде  әскери қызметшілердің қорғануын қамтамасыз ету бойынша шаралар, зақымданған  аймақта жұмыс істеу уақыты және қару-жарақ,әскери техника,инженерлік құрылыстар мен жергіліктіжердің қорғаныш қасиеттері есебінен әскери қызметшілердің мінез-құлық тәртібі айқындалуы керек.

Зақымданған аймақ кенеттен жасалғанда немесе бөлімше  қарсыластан қорғануға жеткілікті түрде дайын болғанда, радиациалық  қауіпсіздікті қамтамасыз ету бірінші  кезекте зақымданған аймақты  барлауды және әскери қызметшілерді  зақымданбаған ауданға қысқа  уақытта қайта орналастыру үшін кіргізіледі.

 

 

Жеке қорғану құралдарын пайдалану.

 

Жеке қорғану  құралдарын орынды және уақытымен пайдалану  адамдардың химиялық және биологиялық  қарумен зақымданбауына, ядролық  жарылыстың зиянды сәулеге шалдығу  әсерін әлсіздендіруге және әскери және әскери қызметшілерді радиоактивті шаңмен уланудан сақтауға мүмкіндік береді.

Р3, Ұ3 және Б3 аэрозольдарымен зақымданған  жерде бөлімшелермен тапсырмаларды  орындау кезіндегі қорғану шаралары сыртқы сәулелену әсерін әлсіздендірумен  қатар демалу органдарын жеке және ұзындық құралдармен Р3, Ұ3 және Б3 аэрозолдарынан қорғауға бағытталуы керек.. Жалпы әскери жеке қорғану құралдарына сұрыптау, газтұмылдырықтар, Р2 тұмылдырықтар, жалпы әскери кешенді қорғаныш киім( Ж.Ә.К.Қ.К.), қорғаныш киім ( Қ.К.) және қорғаныш көзәйнек (Қ.К.) жатады.

 

Сүзгіш тұмылдырықтар қызметі.

 

Әскери  қызметшілердің дем алу мүшелерін, көзін, бетін,ауада оттегі жеткілікті мөлшерде болғанда Ұ3, Р3, ВК аэрозольдардан қорғануға арналған жерде оларды ұзақ мерзім бойынша дұрыс таңдап, қиын жағдайда ұрыс қимылдарын табысты жүргізуді қамтамасыз етеді.

Дем алу  мүшелерін, бет пен көзді кез  келген ауадағы зиянды қоспалардан  қорғау үшін жеткіліксіз жағдайда жұмысты  орындау кезінде немес оттегі жоқ кезде әскерилердің қарулануында жекеленген дем алу аппараттар болады.

Дем алу  мүшелерін көміртек тотығынан қорғану  үшін сүзгіш газтұмылдырығы бар жинақтағ гопкалит патрон пайдаланады.

Газтұмылдырықты (тұмылдырықты) пайдалануға дайындық оның алдыңғы жағының талаптағы  мөлшерін анқтаудан басталады. Ол басты тік ұстап тұрған күйде төбе, иек және беттн өтетін тұйық сызық бойынша өлшеу жолымен анықталады

63 см.

63,5 – 65 5

66.0 – 68.0

68.5 – 70.5. 71 см және одан жоғары.

 

 

Жеке қорғаныстың медициналық  құралдары

 

Жеке қорғаныстың  медициналық құралдары – медициналық  препараттар, материалдар және арнайы құралдар зақымдау құралдарының әсерін және сақтандыру кезіндегі күрделіктерді  төмендету және зақымданудан ескерту  мақсатында қолданылады.

Табельдік медициналық жеке қорғаныс құралдарына  мыналар жатады: жеке дәрі-дәрмек қобдишасы (АИ-2), жеке химиялық әсерден қорғайтын  пакет (ИПП-8) және медициналық таңу пакеті (ППМ). 

Жеке дәрі-дәрмек қобдишасы (АИ-2) (1 сур.) радиацияға, химияға, бактерияға қарсы медициналық және басқа да профилактикалық құралдардан  тұрады. Қобдиша УЗ-мен, радиациялық заттармен, бактериялық құралдармен зақымданған кезде өзіне-өзі және өзара көмек көрсетуге арналған. Оның ішінде дәрі-дәрмектер жеке-жеке ұяларға бөлініп, пластмасса қорабына салынған. Қораптың өлшемі 90x100x20 мм, салмағы - 100 г. 1-ші ұяда ауырсынуды басу үшін қолданылатын сұйыққа толы (2% промедол ерітіндісі - 1 мл) шприц-тюбик орналасқан. Фосфорлы-органикалық заттармен уланған жағдайда №2 ұядағы тарен пайдаланады: химиялық зақымдану қауіпі төнген кезде - бір таблетканы, ал уланудың алғашқы белгілері күшейе бастаған кезде тағы да бір таблетканы қабылдау керек. Таблетканы қабылдауды 5-6 сағаттан кейін қайталау қажет.

 

1 сурет  -  Жеке дәрі-дәрмек қобдишасы  (АИ-2)

 

Бактерияға  қарсы қолданылатын дәрілерді жұқпалы  ауру кауіпі тікелей төнген жағдайда, ауру белгілері пайда болған кезде, сондай-ақ жарақаттанғанда және күйік  шалғанда қабылдайды. Бактерияға қарсы  құралдар 3-ші және 5-ші ұяларда орналасқан. 3-ші ұяда үлкен ақ пеналда - сульфадиметоксиннің 15 таблеткасы болады. Таблетканы асқазан-ішек ауруы кезінде, радиациялық сәулеленуден кейін қабылдайды (алғашқы тәуліктерде 7 таблеткадан, ал, екінші және үшінші күні тәулік сайын 4 таблеткадан қабылдайды). 5-ші ұяда екі ак пеналда кеңінен  қолданылатын антибиотик - тетрациклин  орналасқан. Тетрациклинді бактериялық  зақымдану қауіпі төнген кезде шұғыл  сақтандыру мақсатында қолданады. Таблетканы жараланған және күйген жағдайдада қабылдайды. Алдымен 5 таблетканы, ал 6 сағаттан кейін  тағы да 5 таблетка қабылдау керек.

Информация о работе Ядролық қару