Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 06:26, практическая работа
Биологиялық қару, бактериологиялық қару — адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы, мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы (тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және қолданғаннан кейінгі оның зиянды әсерін жою жөніндегі жұмыстар көлемінің ауқымдылығы әрі күрделілігі арқылы анықталады.
Биологиялық қару, бактериологиялық қару — адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы, мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы (тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және қолданғаннан кейінгі оның зиянды әсерін жою жөніндегі жұмыстар көлемінің ауқымдылығы әрі күрделілігі арқылы анықталады.
Биологиялық қару — соғыс құралдары ішіндегі адамзат пен қоршаған ортаға ең зиянды қарулардың бірі. 1-дүниежүзілік соғыста Германия жылқыға маңқа (сап) жұқтыратын биологиялық қару қолдануға тырысты. 1925 ж. Женева хаттамасында биологиялық қаруға тыйым салынғанына қарамастан, 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Германия мен Жапония оны қолдануға дайындықтар жасағаны Нюрнберг (1946) және Хабаровск (1949) сот процестерінде анықталды. БҰҰ биологиялық қаруға тыйым салу жөнінде 1972 ж. Конвенция қабылдап, ол 1975 жылдан күшіне енді. Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстандағы Ақмола облысы Степногорск қаласысында биологиялық қару шығаратын “Биокомбинат” жұмыс істеді. Ал Арал теңізіндегі Возрождение аралында биологиялық қарулардың сынақ алаңы орналастырылды. Қазақстанның дербес мемлекетке айналуына байланысты 1992 ж. комбинат пен полигон жұмысы тоқтатылды. Бұрынғы “Биокомбинат” медициналық дәрі-дәрмектер шығаратын орталық (Биотехнологиялық ұлттық орталық) болып қайта құрылды.
Биологиялық қарудың зақымдау әрекетінің сипаттамасы
Биологиялық қару (БҚ) – биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, малдарды, ауыл шаруашылығы дақылдарын себуді зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады.Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс деп атайды.
БҚ-ның зақымдау әрекеті бірнеше кезекте патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген. Адам (жануарлар) ағзасына аз көлемде түссе де, ауру тудырушы микробтар мен оларды4 улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе, өлім қаупін тудырады немесе зақымдаушыны ұза0 уақыт ұрысқа жарамсыз етеді.
БҚ-дың зақымдаушы әрекеті бірден көрінбейді, ол ағзаға түскен микробтар мен токсиндердің түрі мен санына, ағзаның күйіне байланысты. Инкубациялық кезең 2—5 күнге созылады (1 күн не одан аз уақытқа созылуы өте сирек кездеседі). Осы кезең бойында жеке құрам ұрысқа қабілеттілігін сақтайды, тіпті кей жағдайда залалданғанын байқамай да қалады. Залалдану нәтижесінде туған, аурулардың көбі контагиозды (оба, шешек және т.б.) деп аталады, ол кейін залалданған адамдардан айналасындағы сау адамдарға ауа, қан сорғыш насекомдар арқылы және басқа жолдармен берілуі мүмкін. Контагиозды емес деп аталатын аурулар (күйдіргі, туляремия және т.б.) сау адамдарға жұқпайды. БҚ-дың адамға тигізетін күшті психологиялық әсерін ерекше атап өту керек.Қарсыластардың БҚ-ды кенеттен қолдануы қаупінің болуы, әскер мен тұрғындар арасындағы ірі жұқпалы қауіпті аурулар індеті мен оның ошағының пайда болуы барлык жерде үрей туғызып, әскердің ұрыс қабілетін төмендетеді, тыл жұмысына кері әсерін тигізеді
Бактериялар — формалары мен мөлшерлері әр тұрлі дара шаршылы микроорганизмдер (118-сурет). Олардың мөлшері 0,5-тен 8-10 мкм-ға дейін болуы мүмкін. Бактериялар дара көлденең бөліктермен тұқым береді, әр 28-30 мин. сайын екі дербес клетка шырарады. Тікелей күн сәулесі, дезинфекщіялау заттары және жоғары температура і+бО^С биік) әсерінен олар тез өліп қалады; төмен температураға төзімді және -25°С дейін мұздауды еркін көтереді. Кейбір бактерия түрлері колайсыз жағдайларда тірі қалу үшін қорғаныш капсуламен жабылуға немесе сырткы орта әсеріне жоғары тұрақтылығы бар ұрыққа айналуға қабіпетті. Патогендік бактериялар адамдардың (жануарлар) көптеген ауыр жұқпалы ауруларының себебі болып табылады, оның ішінде оба, түйнеме, маңқа және легионеллез және басқалар. Кейбір бактериялар, сыртқы ортада өз дамуына қолайлы жағдайда болса, адамдар (жануарлар) организміне қарсы аса жоғары улылыққа ие болатын және ауыр, жиі өлімге әкеп соқтыратын, зақымдарды шақыратын белсенді тіршілік әрекеті өнімдерін жасайды. Бұл улағыш өнімдердің өміршеңдігі микробты токсиндер атауына ие болды. Шетел мамандардың назары ботулиникалық токсин мен стафилококк энтертоксинге аударылады.
Бактерия түрдегі микроорганизмдердің өзгеше тобы риккетсиялар болып табылады. Бұл көлемі үлкен емес 0,4-тен 1 мкм-ға дейінгі таяқшы клеткалар, олар тек тірі тіндер клеткаларыньщ ипінде ғана көлденең бинарды бөліктермен тұқым көбейтеді. Олар ұрық жасамайды, бірақ кебуге, мұздауға, жоғары температура (+56оС-дейін) әсеріне төзімді. Риккетсиялар адамның мынандай ауруларының: бөртпе сүзек, құзды таулар теңбіл безгегі, қу безгек және басқа ауруларының себебі болып табылады.
Саңырауқұлақтар — дара немесе көп клеткалы өсімдіктен пайда болатын микроорганизмдер, олар бактериядан мейлінше күрделі құрылысы және тұқымын көбейту тәсілімен ерекшеленеді. Саңырауқұлақтардың ұрығы кебуге, күн сәулесі мен дезинфекциялау заттар әсеріне өте тұрақты. Цатогендік саңырауқұлақтардан жұққан аурулар адамдар ішкі органдарының зақымдалуымен сипатталады және ауыр я болмаса ұзақ болып келеді. Олардың ішінде мынадай ауыр жұқпалы аурулар бар: кокцидиондомикоз, гистоплазмоз және басқа терең микоздар.
Вирустар — биологиялық агенттердің ең үлкен тобы, биосинтетикалық аппаратты қолданып, олардың тұқым беруге және дамуға қабілетті клеткалы құрылымы жоқ. Клеткадан тыс формадағы вирустардың көлемі 0,02-ден 0,4 мкм-ға дейін болуы мүмкін. Олардың көбі сыртқы ортадағы түрлі факторларға: құрғаққа, күн сәулесіне (әсіресе ультракүлгін сәулелерге), сондай-ақ +60°С астам температура мен дезинфекциялау құралдарының (формалин, хлорамин және басқалар) әсеріне тұрақсыз. Патогендік вирустар көптеген ауыр және қауіпті аурулардың себебі болып табылады, атап айтқанда: натуралды шешек, тропикалық геморройлы безгек, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқалар.
Ауыл шаруашылық дақылдарына зиян келтіретін шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаларға шет мамандары колорадты картоп құртын, шегіртке және басқаларын жатқызады, оларды дәнді және техникалық дақылдар егісін құрту мақсатында пайдаланады.Соңғы онжылдықта арнайы шет елдік әдебиетте биологиялық агенттерді ұрыста пайдалану мүмкіндіктері жиі және толық талқыланды.
Эпифитотия
Эпифитотия (эпи... және грек. phyton – өсімдік) – өсімдіктегі жұқпалы аурулардың белгілі бір мерзім мен үлкен аймақта кең таралуы. Астық таты мен қаракүйесі, картоп фитофторозы, жүзім мильдасы, алманың таз ауруы, мақта солмасы, қант қызылшасының тамыр жегісі мен церкоспорозы, т.б. – Эпифитотия түрінде пайда болатын инфекциялы аурулар. Эпифитотия әдетте көктемде немесе жаз басында байқалады. Эпифитотия ауру қоздыратын организм санының көбеюі нәтижесінде індеттің таралу ареалы мен өсімдіктердің індетке шалдығу мөлшері күрт көбейетін динам. процесс. Эпифитотия белгілі бір жағдайларда дамиды. Мыс.: а) инокулюмнің (кеселді бастама) – спора, мицелий, склероций, т.б. көп болуы; ә) ауруға бейім өсімдік сорттарының егілуі; б) кеселді бастаманың таралуы мен өсімдіктердің ауруға төзімсіз мерзімінің дәл келуі; в) кеселді бастаманың таралуы мен оның өсімдікке жұғуына қолайлы жағдай тууы, сондай-ақ егілген сұрыптарға вирулентті немесе авирулентті ауру қоздырғышы нәсілдері, биотиптері болу тән. Эпифитотия жергілікті жерден немесе көрші, сондай-ақ алыс аймақтан жел, т.б. жолдармен таралуы мүмкін. Белгілі бір аурудың Эпифитотиясы ауа райы жағдайына, агротех., шаруашылық-ұйымдастыру шараларына байланысты әр түрлі жиілікпен қайталанып отырады. Эпифитотияге қарсы күресте белгілі бір ауруға қарсы тағайындалған шаралар қолданылады.
Санитарлық-гигиеналық қадағалау, дене жаттығуларымен шұғылданатын орындар мен жағдайларды қадағалау - дене тәрбиесіндегі дәрігерлік бақылау жөніндегі жүмыстың негізгі бөлімдерінің бірі, жаттығулар мен спорттық жарыстарды өткізудің тиісті жағдайларын қамтамасыз етуге көмектеседі. Дене жаттығуларымен шұғылданатын орынды санитарлық-гигиеналық қадағалауға жұмыс жасап тұрған ережелер негізінде мемлекеттік санитарлық инспекцияның жергілікті органдары жүзеге асыратын спорттық құрылыстарды жобалау мен салудағы сақтандыратын санитарлық қадағалау және жаттығу орнының ұсталуының белгілеген санитарлық ережелерінің орындалуына күнделікті қадағалау жатады. Соңғысы спорттық базаны қамтитын дәрігерлер сондай-ақ жергілікті санэпидстанция қызметкерлері тарапынан жүргізіледі. Тексеруге залдардың, алаңдардың, мұз айдындарының және басқалардың қызмет көрсететін бөлмелердің (шешініп киінетін, шайынатын орындардың және басқалардың) уақытылы тазалау, желдету жағдайы, жарық, жылу, әуіздегі судың тазалығы, құрал-жабдықтардың жағдайы және басқалары жатады. Шұғылданушылардың денсаулығына зиян келтіретіндей, гигиеналық талаптардың бұзылғанын байқағасын дәрігер жаттығу жетекшісі, жарыс төрешісі немесе спорттық базаның әкімшілігі арқылы кемістіктерді тез жоюдың шарасын алуы тиіс.
Дегазация — газдан тазарту, зақымдалған объектілердегі улағыш заттарды жою. Тұрақты улағыш заттармен уланған жерлерді, қорғаныс бекіністерін, соғыс техникасын, азық-түлікті, ауыз суды, т.б. зиянсыздандыру. Дегазацияны жүргізу тәсілдерінін ең тиімдісі — химиялық тәсіл: дегазациялық заттармен окшауландыру (зиянды қасиеттерін жою), дегазациялаушы ерітінділер бүрку, тұрақты улағыш заттарды ерітінділермен жуу, суға кайнату, уланған жер қабаттарын зиянсыздандыру, уланған заттарды кыздыру (балқыту), уланған жерге жанғыш материалдарды жағу. Қару-жарақтар мен әскери техника толық дегазацияланады. Әскери бөлімдерде Дегазациялық жүмыстарға Дегазациялық су сепкіш машиналар, гидропульттер, аспаптар және әр түрлі дегазациялаушы заттар қолданылады. Ерітінділер ретінде және қару-жарак пен әскери техникадағы улагыш заттарды жууға бензин, керосин, спирт, т.б. сұйық заттар қолданылады. Дегазациялық заттар белгілі бір жерді, әскери техниканы, көлік құралдарын дегазациялауға немесе техникалық тәсілмен жердің, қардыд уланған қабаттарын ысыруға пайдаланылады. Бұл жүмыстарға автотараткыш станциялар, аспалы дегазациялық аспаптар және жол машиналары (грейдерлер,бульдозерлер, қар тазалағыштар, су себетін машиналар, скреперлер т.б.) колданылады.
Көлемі аз дегазациялық жүмыстарды
жаяу әскерлер көбінесе механикалық тәсілмен
жүргізеді. Дегазациялаушы заттарға хлорлы әк, кальций гипохлоритінің тұздары, сілті, т.б. жатады.
Дегазациялық заттарды дайындауға керекті
Jfel дегазациялық еріткіш — 1 пайыздық
дихлорамин ерітіндісі немесе 5 пайыздық
гексахлормеламиннің дихлорэтанды ерітіндісі.
Бұл еріткіштер ипритті, азотты ипритгі, люзшті зиянсыздандыруға
және кару-жарақ пен әскери техникалардағы бактерияларды д
Залалсыздандыру, дезинфекция – адам мен жануарларда, өсімдіктерде
Қолдану мақсатына қарай
Дератизация (де... және лат. rat – егеуқұйрық) – індет ауруларын тарататын кеміргіштерге (егеуқұйрық, тышқан, т.б.) қарсы күрес. Дератизация кеміргіштер тарататын түрлі аурулардың (оба, туляремия, құтыру, сарып, күйдіргі, сальмонеллез, т.б.) қоздырғыштарын дер кезінде құрту, олардан сақтандыру үшін жүргізіледі. Сақтандыру үшін тұрғын үйлер мен ғимараттардың астындағы жертөлелерді, қоймаларды, мал мен құс қораларын таза ұстап, азықты тышқан кіре алмайтын қоймаларда сақтайды. Тышқан інін бітейді. Су кемелері тоқтайтын порттарда басқа шет елдерден ауру жұқтыру қаупі бар кеміргіштер тарап кетпеуі үшін халықар. тазалық ережелері мұқият сақталуы керек. Дератизация жүргізгенде механикалық (тор, тұзақ, қақпан қою, т.б.); биологиялық (ит, мысықпен ұстау, оларды қыратын микробтарды пайдалану); химиялық (улы зат, газдар пайдалану) әдістері қолданылады. Әдетте улы, еліктіргіш заттар ретінде крысид, цинкфосфид, зоокумарин, дифторан, стрихнин, фторацетамид, күкіртті ангидрид, т.б. пайдаланылады. Дератизация жұмыстарын қалалар мен жергілікті жерлерде Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттіктің қызметкерлері, арнайы мед. мекемелер (СЭС, дезостанса), өсімдік қорғау мамандары мен агрономдар атқарады. Дератизация жасалған жерде темекі тартуға, тамақ ішуге болмайды.