Жеке корганыс куралдары
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2014 в 07:33, реферат
Описание работы
Пайда және оны белгілейтін факторлар - Нарық экономикасының құндық инструменттерінің жалпы жүйесінде пайда маңызды орын алады. Олфирманың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді, оның қаржылық төуелсіздігіне кепілдік береді. Нарық жағдайында пайда нені, қалай және қандай көлемде өндіру керек деген мәселелерді шешуге көмектеседі. Сондықтан өндірілген (сатылған) тауарлар мен қызметтердің саны қанша және олардың бағасы қандай болғанда барынша мол пайда түседі деген сауал өндірушілерді ынталандырады Пайда теориясы классикалық мектеп қалыптасқаннан бері, барлық ірі экономистердің оқулықтарынан орын алған.
Файлы: 1 файл
Пайда және оны белгілейтін
факторлар - Нарық экономикасының құндық инструменттерінің жалпы
жүйесінде пайда маңызды орын алады. Олфирманың экономикалық тұрақтылығын
қамтамасыз етеді, оның қаржылық төуелсіздігіне
кепілдік береді. Нарық жағдайында пайда нені, қалай
және қандай көлемде өндіру керек деген
мәселелерді шешуге көмектеседі. Сондықтан
өндірілген (сатылған) тауарлар мен қызметтердің саны қанша
және олардың бағасы қандай болғанда барынша
мол пайда түседі деген сауал өндірушілерді
ынталандырады Пайда теориясы классикалық
мектеп қалыптасқаннан бері, барлық ірі экономистердің оқулықтарынан орын алған.
XX ғасырда экономикалық
ғылымдағы пайда жөнінде мынадай
негізгі теорияларды атауға болады:
Өндіргіш капитал теориясы пайданы өндірістің қандайы болмасын. соның міндетті түрдегі факторы болып табылатын капитал әрекетгерінің нәтижесі дейді;
Ұстамдылық теориясы. Бұл теория пайда өз капиталын тұтынуды кейінге калдырғаны үшін, өндіріске жұмсаған қаражаттардың тиімділігін күтудегі қауіпке тәуекелділік жасағаны үшін, капиталистерге сыйлық болып табылады дейді.
пайда кәсіпкерлік іс-әрекеттердің барлық түрлерінен түсетін еңбекке
сәйкес табыс;
пайда монополияның болуының нәтижесі.
Осы аталған теориялардың ортақ көрсеткіші — ол пайданың көзін кәсіпкердің іс-өрекетінің
нәтижесі деп тану.
Фирманың пайдасы белгілі қызметтер атқарады.
Олардың негізгілері:
бөліп тарату — орындауға арналған бағдарлама мен стратегияларды қаржыландыру мақсатымен ақшалай қаражат
қорларын құру, капиталдыңоптималдық құрылымыы қолдау, банкротқа ұшырау қаупін мейлінше төмендету;
ынталандыру — өндіріс шығындарын төмендету, инновация мен техникалық жаңалықтар енгізу.
Пайданы алдымен тауардың нарықтық
сату бағасы мен оны өндіру үшін жұмсалған
шығындардың айырмасы деп қарауға болады.
Пайданың мынадай түрлері бар:
бухгалтерлік пайда — сыртқы шығындарды өтеген соң, яғни жеткізушілерге ресурстар үшін төлем жасаған соң, жалпы ақша түсімінен қалған табыстың бөлшегі;
экономикалық (таза) пайда — фирманың жалпы табысынан барлық шығындарды (сыртқы, ішкі) алып тастағаннан соң калғаны;
баланстық пайда — өнімді өткізуден түскен түсім мен
материалдық шығындар, амортизация және жалақы сомасының айырмасы. Кейде баланстық пайданы жалпы пайда деп атайды. Өйткені осы пайда кәсіпорын құралдарын бөліп жөне пайдаланудың
көзі болып табылады.
Осымен қатар, экономикалық
әдебиетте жалпы, әдеттегі, шекті, барынша
мол пайда деген түсініктер бар.
Экономикалық бағытта сатудан түскен ақша түсімі мен жіберіп алған мүмкіндіктердің шығындары арасындағы айырмадан пайда
болғанда, фирмажалпы табыс пен жалпы шығындар арасындағы айырмасын барынша
көп етуге тырысады. Есте болатын жағдай
— өнімнің әр қосымша бірлігін ондіру
жалпы шығындарды өсіреді (МС шекті шығындар көлеміне) және жалпы ақшалай
түсімді (MR шекті ақша түсімінің колеміне)
арттырады. Егер фирмаөндіріс көлемін өсірсе жалпы пайда
өседі, бірақ ол белгілі бір шекке жеткенше
— шекті ақшалай түсім шекті шығындардан артық болғанша өседі. Шектішығындар шекті ақшалай түсімнен арта
бастаса пайда төмендейді. Сондыктан пайданың
бірінші шарты: шекті ақшалай түсім шекті
шығындарға тең болуы керек:
MR=MC
Жетілген бәсеке және таза монополия жағдайында пайданы барынша
мол етіп жатқан фирмалардың іс-әрекеттерін салыстырып көрейік. Фирмаларқимылдарының айырмашылықтары
сұраныс функциясының әр түрлі сипаттамасымен
байланысты болғандық,тандабыстың функциясының
сипаттамасының әр түрлі болуымен байланысты.
Ұзақ мерзімде мұндай жағдай
мүмкін емес:[өңдеу]
Кейбір фирмалар саладан кетуге
мәжбүр болады. Бұл салада қалған фирмалар
үшін сұраныс бағасын жоғарылатады. Осы
процесс салада қалған фирмалардың орта
шығындарын баға өтей алғанша орын алады,
яғни
Р=АС
Егер фирмалардың саладан кетуі
жалғаса берсе, онда бағаның өсуі, оның
орта шығындардан артып кетуіне әкеледі,
қалған
фирмалар экономикалық пайда
алады. Бұл осы салаға жаңа фирмалардың
келуіне көмектеседі. Жаңа фирмалардың
салаға ағылуы ұсынысты көбейтіп, бағаны
төмендетеді, осыдан фирмалардың пайдасы
төмендей түседі. Баға орта шығындарды
жауып өтегенде, яғни Р=АС болған кезде,
салаға жаңа фирмалардың ағып кіруі тоқталады.
Жетілген бөсеке жағдайында, ұзақ мерзімде,
фирмалардың салаға енуі мен шығуын бағаның
орта шығындар шамасы мен тендесуі белгілейді
(«нөлдік» таза экономикалық пайда гипотезасы):
P=MR=MC=AC
Таза монополия жағдайында баға
белгіленген, берілген шама болып табылмайды.
Жиынтық нарықтық сұраныспен кездескенде,
өндіруші түсінеді: оның өнім өндірісін
көбейте түсуімен бірге, өткізу бағасы
тәмендей түседі. Монополист үшін сұраныстың
(орта ақшалай түсімінде) қисық сызығы
ұнамсыз (теріс сан) еңкейген түрде болады. Қорытынды:,
біріншіден пайдасын барынша жоғарылататын фирма жетілген бәсеке жағдайында
тек өнімнің шығарылу көлемін бақылай алады.
Екіншіден,таза монополия жағдайыңда пайдасын барынша жоғарылататын фирма бір мезііпде екі жағдайды — шығарым көлемін және бағаны белгілейді. Монополист — фирма өнімді аз өндіріп, оны жоғары бағамен сата алады, өндіріс масштабын өсіру арқасында шығындарды елеулі төмендете алады және бағаны төмендете алады.
Пайда– тауарлар мен көрсетілетін
қызметтерді сатудан түскен табыстың
осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе
қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан
асып түсуі. Пайда – кәсіпорын мен кәсіпкерлердің
шаруашылық қызметі қаржылық нәтижелерінің
аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол
шаруашылық қызметтің өнімін сатудан
түскен ақшалай түсім мен өндіріс факторларының
осы қызметке ақшалай жұмсалған шығындарының
сомасы.Пайданың алынуын
немесе оның алынбауын екі нәрсе алдын-ала
айқындайды, олар: өнімді өндіру мен өткізуге
(жұмыстарды орындауға және қызметтер
көрсетуге) жұмсалған жалпы шығын және
негізгі қызметтен тыс жұмсалған шығын.
Әдетте, табыс негізгі қызметтен алынған
табыс пен негізгі қызметтен тыс қызмет
түрінен алынған табыс болып бөлінеді.
Кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған
табыс өнімді өткізуден (жұмыстарды орындаудан,
қызмет көрсетуден) түскен табыстарды,
сыйақыны, дивидендті, роялтиді, жалгерлік
ақыдан түскен табыстарды, т.б. қамтиды.
Негізгі қызметке жатпайтын қызметтен
алынған табыстарда, мысалы, негізгі құрал-жабдықты
сатудан алынған табыс, бағалы қағаздарды
қайта бағалаудан немесе ұзақ мерзімді
активтердың баланстық құнын көбейтуден
алынған табыс, т.б. қамтылады. Шығыстар (шығындар) – активтердің немесе
олардың құнының азаюы не меншікті капиталды
азайтатын, оны меншік иелері арасында
бөлісумен байланысты емес міндеттемелердің
көбеюі нысанында есепті кезең ішінде
экономикалық тиімділіктердің азаюы. Шығыстар негізгі қызмет
пен негізгі емес қызмет үдерісінде пайда
болған шығыстарға бөлінеді. Негізгі қызмет
шығыстары өнімнің (орындалатын жұмыстың,
көрсетілетін қызметтің) өзіндік құнын
қамтиды, ал негізгі қызметке жатпайтын
қызмет шығыстарына, мысалы, негізгі құрал-жабдықты
өткізу нәтижесінде пайда болған шығасы,
төтенше жағдайдан келтірілген залалдар,
т.б. жатады.Пайда бірқатар
түрлерге бөлінеді: жалпы (баланстық)
Пайда деп аталатын толық Пайда, ол
өнімді өткізуден, жұмыстарды орындаудан,
қызмет көрсетуден, өткізуден тыс операциялардан
алынған Пайданы (алынған және төленген
айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыптары
арасындағы айырма, жалға берілген мүліктен
төленетін жалгерлік ақы, т.б.) және салықтар мен аударымдар төлегеннен кейін қалған таза Пайданы қамтиды.
Бухгалтерлік Пайда сатудан алынған табыс пен бухгалтерлік шығындар арасындағы айырма ретінде есептеледі. Экономикалық Пайдада баламалы шығындар ескеріледі. Әдетте, эконмикалық Пайда бухгалтерлік Пайдадан кәсіпорынның өзіндік
құнда ескерілмеген, кейде айырылып қалған мүмкіндіктерді қамтитын өтелмеген меншікті шығындарының шамасынан кем болып келеді. Пайда кәсіпкерлік қызметтің экономиканы ілгері бастырушы, ұдайы дамытушы ретінде ұдайы әрекет ететін уәждемесі болып табылады. Пайда алу мақсатымен кәсіпкер өндірісті шығынды азайтатындай, ресурстарды тиімді пайдаланатындай етіп ұйымдастырады, осыған орай ол өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың жетілдірілген нысандарын, өнімділігі жоғары техниканы, прогресті технологияны енгізеді. Пайда ресурстарды тартудың баламалы тәсілдері арасында олардың тиімді бөлінуіне септігін тигізетін тұтқаға айналады. Пайда алушы кәсіпкердің өзінің Пайдасын инвестиция ретінде жұмсауға мүмкіндігі болады.Қазақстанда экономикалық реформа
қағидаттарының ойдағыдай енгізілуі арқасында кәсіпорындар жұмысының нәтижелілігі үздіксіз арта түсуде. Мәселен, Қазақстан Республикасында кәсіпорындар мен шаруашылық
ұйымдардың табысы 1999 ж. 101508 млн. теңгеден 2002 ж. 512044 млн. теңгеге көбейді. Табыстылық, әсіресе, өнеркәсіпте арта түсіп отыр, мұнда салық салынбай тұрғандағы жиынтық табыс тиісінше 89568 млн. және 401087 млн. теңгені құрады. 2002 ж. республикада барлық кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдардың жиынтық Пайдасының 86,1%-ы жекеше сектордың үлесіне тиді.
Пайданы бөлу тәсілі кәсіпорындардың
ұйымдық-құқықтық нысандарына қарай ажыратылады.
Мысалы, акционерлік қоғамның Пайдасын
пайдалану жалпы жиналыстың айрықша құзырында.
Акционерлік қоғамның нақ осы жалпы жиналысы
есепті қаржы жылындағы Пайданы бөлу тәртібін
бекітеді, жай акциялар бойынша дивидендтер
төлеу туралы шешім қабылдайды, қоғамның
бір жай акциясына шаққанда жыл қорытындысы
бойынша төленетін дивидендтің мөлшерін
бекітеді. Қоғам Пайдасының бір бөлігі
ғана дивидендтер түрінде бөлін
Информация о работе Жеке корганыс куралдары