ЖЭС қайтадан құру және жаңарту бағдармаларын ғылыми техникамен қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2014 в 21:20, реферат

Описание работы

2012 жылы «Западная» және «Южная» қосалқы станцияларында май өткізетін жүйе мен трансформаторларының іргетастарын ауыстыру жөнінде жұмыстар өткізілген. Ал ағымды 2013 жылы «КМС» қосалқы станциясындағы ескірген ажыратқыштар жетілдірілген және берік РГП-СЭЩ-2-II-110/1250 сияқты ажыратқыштарға ауыстырылған. Бұл жұмыс өте қысқа мерзімнің ішінде орындалған, жеке сынау өткізілген де, жаңадан құрастылынған жабдық жұмысқа енгізілген. Осы объектерде Косов А.С. және Шпагин В.Ю. қоластындағы №2 электр монтаждау учаскесінің электрмонтажшылар бригадасы жұмыс істеген. Учаскенің бастығы Челноков Б.А. жауапты жұмыс жүргізушісі болған.
2013 жылдың ақырына дейін «ТеміртауЭлектроМонтаж» ЖШС алдында мәселе тұр – вакуум сөндіргіштерін ауыстыру және басты бөлу шиналарын күшейту.

Файлы: 1 файл

ЖЭС қайтадан құру және жаңарту бағдармаларын.doc

— 49.00 Кб (Скачать файл)

ЖЭС қайтадан құру және жаңарту бағдармаларын

ғылыми техникамен қамтамасыз ету

1. Петропавл ЖЭС қайта құру

Бүгінгі таңда бөлу желілерінде тозу 53,5%-ды, ал магистральдық желілерде 85,8%-ды құрап отыр. Сөйтіп, желілер мен жабдықтар қызметінің «кеңестік ресурсы» таусылды, ал ескірген жабдықтар мен желілерді жөндеу тиімсіз болып табылады. Сонымен қатар ескірген энергетикалық жабдықтардың өте қауіпті екені анық.

Магистральдық желілерде іркілістің көбеюі жылумен жабдықтау жүйелерінің тозуының нәтижесі болып табылады. Бұл қазіргі таңда былайша сипатталады:

  1. 2008 жылы екінші-деңгейдегі 26 іркіліс болды;
  2. 2009 жылы бұл көрсеткіш 2,2 есе артып, екінші-деңгейдегі 58 іркілісті құрады;
  3. 2010 жылы бұл көрсеткіш 1,5 есе артып, 85 іркіліске жетті. Соның салдарынан көмір қоры көбірек жұмсалды, мысалы, 2008–2011 жылдар аралығында өсу пайызы 650 мың тонна жылу таратушыны құрады. Бірінші және екінші-деңгейдегі іркіліс санының артуына байланысты «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС Еуропалық қайта құру және даму банкіне жүгінуге мәжбүр болып, нәтижесінде 2011 жылдың наурыз айында шарт жасалды. Жобаларды жүзеге асыру 2011 жылдың маусым айында басталды;
  4. 2011 жылы 71 іркіліс тіркелді, яғни 2010 жылмен салыстырғанда оның саны (16,5%) кемітілді.

 

«Петропавл жылу жүйелері» ЖШС қайта жаңарту және жаңғырту жұмыстарын 2001 жылдың ІІ жартыжылдығында тарифтік сметаға инвестицияның құрамдас бөлігін енгізген кезден бастап іске асырды. Осы уақытта бұл көрсеткіш жылына 22 млн. теңгеден 200 млн. теңгеге дейін көтерілді, 2001 жылдан 2011 жылға дейінгі мерзімде инвестициялық бағдарламаны қоса алғанда 1 106,659 млн. теңге қаражат бөлінді, ал 2011 жылы Еуропалық қайта құру және даму банкінің қарызы шеңберінде 205,175 млн. теңгенің шаралары ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта кәсіпорында 2010 жылғы қазаннан 2012 жылғы қыркүйекке дейінгі кезеңге арналған сомасы 400 млн. теңге мөлшеріндегі бекітілген инвестициялық бағдарлама жұмыс істеуде. 2011 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 164,3 млн. теңгенің жұмысы орындалған. 2012 жылы 545,016 млн. теңгені, соның ішінде инвестициялық бағдарламаның жобалары бойынша 235,739 млн. теңгені және ЕҚДБ қарызының жобасына 309, 277 млн. теңгені игеру жоспарда бар.

Жылу желілерін қайта жаңарту және жаңғырту көлемін арттыру үшін инвестицияның құрамдас бөлігін өсіру жоспарда тұр.

Кәсіпорын басшыларының несие алу жөнінде көп ойланғанын айтпау дұрыс емес. Әрине, мұның мәжбүрлі шешім екені анық. Бірінші ретте жылу энергиясын беру және оны тарату бойынша қызмет көрсетуге тарифті біркелкі өсіру арқылы біз инфляция-деңгейін төмендетіп, жылумен жабдықтау жүйелерін қалыпта ұстауға тырысқан болатынбыз. Бірақ біздің күш салуымызға қарамастан, соңғы бес жыл бойы тариф өзгертілмеді, бұл жүйеге қызмет көрсету және оны жаңартуға қаражаттың жетіспеуін, қондырғылардың тозуын тудырды. 2008 жылдан 2011 жылға дейінгі мерзімде жүйенің орташа тозуы 10%-ды құрап, яғни 60-тан 70%-ға өсті, ал магистральдық желілердегі іркіліс, жоғарыда айтылғанындай, жылына 26-дан 85-ке артты. Соның салдарынан қондырғылардың сенімді жұмыс істеуі төмендеген. Бүгінгі күні тариф есебінен қаржыландыруды ұлғайту жолымен кәсіпорынды осы жағдайдан шығару мүмкін емес. 2010 жылы ОАЭК акционерлерінің бастамасы бойынша «Солтқазэнерго» АҚ қолдауы арқылы Еуропалық қайта құру және даму банкінен несие алу жөнінде шешім қабылданды. Былтырғы наурызда несиелендіру шартына қол қойылып, қаржы 2011–2015 жылдары Петропавл қаласының жылу желілерін жаңарту бағдарламасына бағытталатын болды, біз осыған Қазақстанда бірінші болып қол жеткіздік. Нәтижесінде жылу желілерін жаңартуға бағытталған ЕҚДБ қосымша қаржысы арқылы жүйенің тозу пайызының өсуін тоқтатып, магистральдық желілерде апат санын азайттық.

2011 жылы инвестициялық  бағдарлама аясында 314-ші атқыштар  дивизиясы көшесінен Астана көшесіне  дейінгі Брусиловский көшесі  бойындағы 2Дш 400 мм. магистральдық ППУ құбырының екінші кезегін қалпына келтіру жұмысы аяқталды, оның ұзындығы 1 шақырымды құрады. 2012 жылы осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады. Осы технологияны қолдану нәтижесінде екі жыл ішінде 1543 Гкал көлемінде тиімділікке қол жеткіздік. Ең бастысы тұтынушыларды жылумен жабдықтау өлшемдері жақсартылып, осы ауданда зақымдану жойылуға жуықтады. Үшінші кезектегі қайта жаңарту бойынша жоспарды жүзеге асыру нәтижесінде жылу шығыны 1317 Гкал/жылды құрады. Сондай-ақ ЕҚДБ қарызы шеңберінде 2011 жылы ППУ құбырын қолдану арқылы ұзындығы 1 шақырымды құрайтын Амангелді көшесі бойындағы 2Дш 600 мм. № 8 жылу магистралінің учаскесі қайта жаңартылды, нәтижесінде қайта жаңарту тиімділігі 2125 Гкал/жылды құрайтын болды. 2012 жылы осы магистральда тиімділігі 1798 Гкал/жылды құрайтын екінші кезегін қайта жаңарту жұмысы жүргізілетін болады.

Ескі және ішінара бұзылған оқшаулағыштар мәселесі ППУ оқшаулағыштарын қолдану арқылы шешіле басталды. Соңғы екі жылда 1,5 шақырым ППУ оқшаулағышы бөлшектеніп, 2012 жылы магистральдық желілерде 4 шақырым ППУ оқшаулағышын бөлшектеу жоспарланды. Пайдалану мерзімінде (30 жылға дейін) жылуды сақтаудағы тұрақтылығы осы материалдың ерекше қасиеті болып табылады. Осы технологияны қолдану кезеңінде жылу-электр шығынын 2768 Гкал төмендетуге қол жеткізілді.

Әбден тозығы жеткен жылу-энергетикалық жабдықтар жаңа, сенімді, қолданыста қарапайым, ең бастысы энергиялық тиімді түрлеріне ауыстырылуда. 2008 жылы — 9, 2009 жылы — 4, 2010 жылы 3 жылу пункті мен сорғы станциялары, 2011 жылы 1 нысан жаңартылды. Жылу пункттері мен сорғы станцияларын жаңарту жобасы аясында осызаманғы жабдықтар (тақталық жылуды ауыстырғыш, циркуляциялық сорғылар, жиілікті реттеуші жетектер, реттеушілер, жылу, ағынын автоматтық реттеуші құралдар) сатып алынуда. 2012 жылы инвестициялық жобалар аясында жиілікті қайта құру қондырғысын орнату арқылы 2 сорғы станциясын және қызмет көрсетілмейтін тораптық сорғыларды орнату арқылы 3 сорғы станциясын жаңарту жоспарға енгізілді.

Осы қондырғыны қолдану аясында жылу шығыны да, жылумен жабдықтау жүйелеріне қажетті электр энергиясының шығыны да төмендетіледі. 2011 жылы жылу-электр шығынын төмендету 2500 Гкал құрады.

Жыл сайын тұтынушылардың есептегіш аспаптарын және жылу энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің (ЖЭКЕАЖ) деректерін беру тораптарын орнату арқылы жылу энергиясын тиісінше есепке алынбауы және оның ұрлану мәселесі шешілуде.

«СевКазЭнергоСбыт» ЖШС-мен бірлесе отырып, есептегіш аспаптарын орнату қажеттігі жөнінде, ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілуде. 2011 жылдың нәтижесі бойынша 25 жаңа есептегіш аспап пен 110 ЖЭКЕАЖ деректерін беру туралы, соның ішінде инвестициялық бағдарлама аясында 50 және ЕҚДБ қарызының жобасы аясында 60 торап орнатылды.

Қазіргі уақытта жүйемізде 434 ДБТ бар, соның ішінде 2012 жылы жоспарланған 120-ның 100 жиынтығы орнатылды. Тиімділік 25,4 млн. теңгені құрады. Жүйенің негізгі мақсаты — деректерді беру тораптары арқылы жылу энергиясын есептегіш аспаптарындағы мәліметтерді кәсіпорын серверіне жеткізу. Бұл жылу энергиясын тұтынудың тиісті түрде есептелуін, ақпараттың заңсыз алынуының және жылу энергиясының ұрлануының алдын алуды қамтамасыз етеді.

2011 жылы кәсіпорында ең  жоғары технологиялық жоба — «Диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ДБАЖ)» іске қосылды. Жоба 2011 жылдан 2015 жылға дейінгі мерзімге есептелген және жылу пункттері мен сорғы станцияларының толық қамтылуы есебінен жылу көзінен тұтынушыға дейін жылу желілерінің жұмысын бақылауға мүмкіндік береді, бұл пайдалану шығынын төмендетіп, қаланың орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі жұмысының тиімділігін арттырады.

Инвестициялық бағдарлама мен ЕҚДБ қарызы шеңберінде жоспарланған іс-шараларды орындау Петропавл қаласында жылу желілерін жаңартуға мүмкіндік береді, онсыз энергиялық тиімді технологияны енгізу мүмкін емес.

«Петропавл жылу желілері» ЖШС бойынша жоспарланған іс-шараларды орындаудың жалпы тиімділігі 238000 Гкал/жылды құрайтын болады.

Жылу желілерін кешенді жаңарту нәтижесінде біз энергияны үнемдеу технологиясын толығымен енгізуге қол жеткізе міз.

«Петропавл жылу желілері» ЖШС алғашқы жетістіктерге қол жеткізгенін айта кету қажет. Жүзеге асырылған шаралар арқылы жылу энергиясын төмендету бойынша динамиканы сақтауға мүмкіндік туып отыр. 2008 жылдан 2011 жылға дейінгі мерзімде 5,3%-ға (121,24 Гкал), яғни 33,5%-дан (640,5 Гкал) 28,19%-ға (519,26 Гкал) төмендеген. Тұтынушылар тарапынан түскен шағым 86-дан 31-ге дейін азайды.

Кәсіпорын өз тарапынан қомақты қаржы жұмсап, жаңғырту және инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру арқылы энергиялық тиімділікті және тұтынушыларды жылумен жабдықтау сапасын көтеруге барлық күш-жігерін жұмсауда.

2. Теміртау қосалқы станциясын қайта құру

Теміртау қаласының әлеуметтік мағынасы бар объектелердің  берік және үздіксіз электр жабдықтауын жоғарылату мақсатымен «ПауэрНетворкс» ЖШС қолданып жатқан төмендететін  қосалқы станциялардың  қайта құру жөнінде жұмыс кешенін жүргізіліп жатыр. 

  «Западная», «Южная» қосалқы станциялары  және «КМС» қосалқы станциясы да қайта құру жұмыстарына жатады. 

  Осы шаралар орындау үшін орындушы ретінде «ТеміртауЭлектроМонтаж» ЖШС компаниясы таңдалған. 

  2012 жылы «Западная» және «Южная» қосалқы станцияларында май өткізетін жүйе мен трансформаторларының іргетастарын ауыстыру жөнінде жұмыстар өткізілген. Ал ағымды 2013 жылы «КМС» қосалқы станциясындағы  ескірген ажыратқыштар жетілдірілген және берік  РГП-СЭЩ-2-II-110/1250 сияқты  ажыратқыштарға ауыстырылған. Бұл жұмыс өте қысқа мерзімнің ішінде орындалған, жеке сынау өткізілген де, жаңадан құрастылынған жабдық жұмысқа енгізілген. Осы объектерде Косов А.С. және Шпагин В.Ю. қоластындағы №2 электр монтаждау учаскесінің электрмонтажшылар бригадасы жұмыс істеген. Учаскенің бастығы Челноков Б.А. жауапты жұмыс жүргізушісі болған. 

  2013 жылдың ақырына дейін «ТеміртауЭлектроМонтаж» ЖШС алдында  мәселе тұр – вакуум сөндіргіштерін ауыстыру және басты бөлу шиналарын күшейту.

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

 

Баяндама

Тақырыбы: "ЖЭС қайтадан құру және жаңарту бағдармаларын

ғылыми техникамен қамтамасыз ету"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жазған: Жанабаев Бауыржан

Тобы: БЖДК-214

Тексерген: Сатыбалдин А.Ж.

Қарағанды 2014


Информация о работе ЖЭС қайтадан құру және жаңарту бағдармаларын ғылыми техникамен қамтамасыз ету