Ағылшын тілін ерте бастап нәтижелі оқытуда сыныптан тыс, дәстүрден тыс жұмыс түрлерінің рөлін күшейту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2013 в 21:06, доклад

Описание работы

Бүгінгі білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың өлшемі мен сол қоғамның негізін құрайтын басты тетіктердің біріне айналып келеді. Сондықтан да әлемдік қауымдастықта айтарлықтай ықпалы артып келе жатқан еліміздің білім беру саласын халықаралық дәрежеге көтеру және бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында тың да нақты қадам жасалуда. Ғылымның қай саласы болмасын ұстаз қауымы алдына зор міндеттер жүктейді. Соның ең бастысы сапалы білім және саналы тәрбие беру барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ақыл-ой белсенділігін және ағылшын тілін ерте бастап нәтижелі оқытуда сыныптан тыс, дәстүрден тыс жұмыс түрлерінің рөлін күшейту.

Файлы: 1 файл

12 жылдық.doc

— 110.75 Кб (Скачать файл)

Ағылшын тілін ерте бастап  нәтижелі

оқытуда  сыныптан тыс, дәстүрден тыс жұмыс түрлерінің рөлін күшейту.

                                                                             Нуриева Асель Сарсеновна

                   Сарқан қаласы

№1 мектеп-гимназия   

           Бүгінгі білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық  дамудың өлшемі мен сол қоғамның негізін құрайтын басты тетіктердің біріне айналып келеді. Сондықтан да әлемдік қауымдастықта айтарлықтай ықпалы артып келе жатқан еліміздің білім беру саласын халықаралық дәрежеге көтеру және бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында тың да нақты қадам жасалуда. Ғылымның қай саласы болмасын ұстаз қауымы алдына зор міндеттер жүктейді. Соның ең бастысы сапалы білім және саналы тәрбие беру барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ақыл-ой белсенділігін және ағылшын тілін ерте бастап  нәтижелі оқытуда  сыныптан тыс, дәстүрден тыс жұмыс түрлерінің рөлін күшейту.

       Қазіргі білімі мен ғылымы қарыштаған заманда әсіресе 12 жылдық білім беру жүесіне көшуде ең басты мәселе оқушының танымдық белсенділігін сыныптан тыс, дәстүрден тыс жұмысындағы шығармашылық қабілетін дамыту.Бүгінде орындаушы тұлғадан гөрі «шығармашылық» тұлғаға дейін сұраныс өте көп екенін білеміз.

     Инновациялық технология бүгінгі күні еліміздегі орта мектепте білім алып жатқан оқушылардың барлығымен тілдесуге мүмкіндік беріп отыр. «Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ»-деп атап өткен Елбасы оқушы жастарды ғұмыр бойы білімнің тұңғиығына терең үңілуіне шақырды.

     Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік тіл-мемлекет құрушы ұлттың тілі, ал орыс тілін білу ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстанды біріктіріп, жақындастырып, өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді деген Н.Ә.Назарбаев

                                                                                                 

       Ағылшын тілін ерте бастап нәтижелі оқытуда бойынша мектептің басты мақсаты:

   -     оқушыны әлемдік стандарт деңгейіне сай жоғары біліммен қамтамасыз ету;

   -   жан- жақты мәдени тұлғаны қалыптастырып, өзін-өзі тәрбиелей алатын, өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі бар, кәсіби білім беру бағдарламасын меңгерген азамат тәрбиелеу;

   -   шығармашылықпен еңбектенетін қоғамдағы нарықтық бәсекелестікке қабілетті, өзін-өзі толық іске кірістере алатын, функционалдық сауатты болашақ маманын дайындау. Сыныптан тыс жұмыс арқылы оқушының сөйлеу қабілеті, ұшқыр ойды жүйелі түрде жеткізе білу шеберлігі арта түседі.

  Жұмыстың мақсаты:

-   Білімді, білікті, шығармашылықпен жұмыс істей алатын жылдам өзгеріп отыратын ортада өмір сүруге бейімділігін, өздігінше дамуға өз ойын толық жеткізе білуге, өзінің және қоғамның мүддесі үшін мейілінше өзін-өзі іс жүзінде көрсете білетін жеке тұлға дамытып қалыптастыру.

-   Оқушылардың сапасы білім алуға, біліктіліктен көтерілуге деген ынтасын арттыру.                   

   Жұмыстың міндеті:

-     Шығарманың жұмыс істей алатын белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі мол, адамгершілігі жоғары, денсаулығы мықты, рухани бай, мәдениетті, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру;

- Өмірлік бағдарын белгілейтін, әлемдік біртұтас көзқарасты, тұрақты, әлеуметтік мақұлданған құндылық бағдарын қалыптастыру;

 Жұмыстың теориялық негізі:

-  аудару емес, түсініп оқу, түсініп сөйлем құрау:

 

  Ынта                                                               Қызығушылық                   



                                            Тіл


  Зейін                                                                    Бейімділігі


    

  Дамыту                 Талап                  Меңгеру

 

     Яғни тілді меңгеру үшін үлкен ынта, зейін, талап оқушының тілге деген бейімділігі қызығушылығы керек. Содан кейін ғана оқушының ойын дамыту міндеті келеді. Бала бізден тілді тек сабақ барысында ғана меңгереді.

      Ағылшын тілін ерте бастап оқыту мақсатында эксперименттік сыныптар ашыла бастады.

     Жұмыстың практикалық негізі:

      № 1 Мектеп- гимназиямызда 2007-2008 жылынан бастап «Ағылшын тілін ерте жастан үйрету»бағыты бойынша 2-сыныптан бастап оқыту жұмысын атқарып келемін. Оқушы бойына «жайдан-күрделіге» қарай оқыта отырып, көру есту, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту, өрбіту арқылы оқушы оқи алады, қысқа тексті түсінеді, сөйлей алады, сурет салып суреттей алатын қабілетке жетті.

        Жеңілден                                                   Күрделіге қарай



                                   Кіші жастағы оқушыларға


                                   Ағылшын тілін меңгерте оқыту



Пәнаралық                            Ойыннан оқу іс                    Тілдік дайындығын

Байланыс                              әрекетіне көшу                     дамыту


 


Салыстыру       Топпен                 Жұппен жұмыс          Жұмбақ                    Өлен

Бақылау            жұмыс                          (диалог)               жаңылтпаш          Санамақ

 

Сыныптан тыс , дәстүрден тыс жұмыс  өрбуі қайдан шықты?

    Қажеттіліктен.

     Американ ғалым философы Дейль Карнеги сөзінен бастағым келіп отыр. «Ең бірінші адам бойындағы қажеттілікті туғыза білу керек. Ондай іс қолынан келетін адам бүкіл әлемді мойындата алады» деген екен. Бала бойындағы қажеттілікті тудыру үшін бірінші міндет шетел тілін меңгертіп үйрету керек.

    «Мұғалім мектептің - жүрегі» деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай қазіргі мұғалім жанашыл, ізденімпаз, еңбекқор, өте сауатты, компьютер және электрондық оқулықпен, интерактивтік тақтамен жұмыс істей алатын болу керек.

      Оқыту процессінің негізгі міндеті: көру арқылы, есте сақтау, оқуға үйрету, түсінуге үйрету арқылы, сұрақ қоюға, жауап беруге үйрету арқылы, оқушы білімін дамыту. Ол үшін әрбір сабақты дидактикалық көрнекіліктер мен ойын элементтерін қолдану яғни оқушы көріп қолмен ұстап, өзі сезініп жүрегіне қабылдау керек.

       Бастапқы этапта шетел тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, соңдықтан әр сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақтың мазмұнында, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес тандау керек.

       Ойын арқылы баланың өтіп жатқан тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергендігі байқалады. Ойын үстінде сөйлемейтін, нашар оқитын оқушының өзі өзін жан-жақты көрсеткісі келіп, сыныптастарымен, ұстазымен қарым-қатынсын жақсартады, сөйлеу дағдысын байқатады. Ойын баланың жеке ерекшілік қасиеттерінің дамуына, ішкі жан дүниесінің жаңаруына, пәнге деген қызығушылығын оятады. Ойын - ағылшын тілін оқытудың басты тірегі. Ойын оқушының байқампаздығын жетілдіреді, тілді білуге деген құмарлығын арттырады.

     «Мұғалім - зор тұлға». Ол күннің құдыретті сәулесі сияқты. Бұған қосарым «Күн тіршілік көзі, мұғалім халық көзі»-деп Ушинский айтқандай еліміздің ертегі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында. Сондықтан мұғалім тек сабақтармен шектеліп қалмай сыныптан тыс жұмыс жүргізіп отыру керек.

       Даму дегенім - шығармашылық жұмыс. Бұл - дамудан кейінгі даму. Дамыту үшін әртүрлі әдістерді қажет етеді.

                                                        Топпен


                                                        Жеке


                          Дамыту                 Ойнау


                                                         Елестету

                                                         Рольдік

    Мұғалім - ол қиялы шексіз адам, оқушы оны еріксіз шығармашылық жұмыстарға итермелейді, ал бала соны «қажет етеді».

   Қажеттіліктен: 1) ертеңгіліктер, рольдык ойындар, дәстүрден тыс жұмыстар, тілдер мерекесі, пәндік апталықтар.

       2) Интернет арқылы жоба жазу.

       3) Жазғы лагерь жұмысын құру.

       4) Халықаралық мұғалімдерге арналған ACCELS, IREX шығармашылық жұмыстарға қатысу.

       Нәтижеге бағытталған жоспарлы білім беру - әрбір ұстаздың міндеті. Өйткені нәтижелі жұмыс - нәрлі еңбек.

      Әрбір өткен сабақтар мен шығармашылық жұмыстардан кейін мынадай қорытындыға келуге болады.

      Оқушы үшін:

  • мақсаткершілікке үйретеді;
  • әр нәрсеге көзқарасын қалыптастырады ;
  • бұрынғы білетіндерін салыстырады,
  • әр нәрсені әртүрлі қырынан көреді;
  • бірігіп жұмыс жасайды;
  • әр нәрсеге қорытынды жасайды;
  • интервью арқылы адамдармен тіл табысады;
  • «Ғалым» деген сөзге алғашқы қадамын жасайды;

  Мұғалім үшін:

  • жүйелі тапсырма беруге ұмтылады;
  • оқушысын басқа қырынан таниды;
  • өзі білмейтін ақпараттарға тап болады;
  • оқушының жұмысын бағалайды;

Сыныптан тыс, дәстүрден тыс жұмыс  арқылы оқушылардың ағылшын тіліне деген қажеттілігін арттыру интернет мүмкіндіктерін қолдану.

     Шетел тіне оқутыда Интернет беретін мүмкіндіктер мен қызметтерге толығырақ тоқталсақ, келесілерді атауға болар еді: мысалы, оқушылар Интернет тораптарында берілетін құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, үйреніп жүрген тілінде электронды пошта арқылы хат алысып, виртуалды қатынас клубтарына - телеконференцияларға қатыса алады және нақты уақыт тәртібінде мәтіндік хабарламалармен алмасуға, бейнероликтер көруге, яғни ақпараттың қандай да түрлерін қолдануға мүмкіндіктері бар.

      Интернет шетел тілін үйренушілерге аутентті мәтіндерді қолдануға, тіл тасушыларын тындап, олармен қарм-қатынас жасауға қайталанбас мүмкіндіктер береді, яғни ол табиғи тілдік ортаны қалыптастырады.

       Интернет өзінің барлық мүмкіндіктері және қорларымен қоса,  білім берудің нақты мақсаттарын мен міндеттерін жүзеге асырудың құралы болып табылады.                                                                                                                                                                  

       Оқушылар мен педагогтарға өзінің дүниетаным тұрғысынан ашық ақпараттық білім беру кеңістігіне енуге мүмкіндік беретін қашықтақтан оқыту технологиясын меңгеруге жағдай жасалу керек. Соның негізінде олар бағдарлама көлемінде алған білімімен қатар дүниеде болып жатқан жағдайлар, өмірлік проблемаларды біліп, соның негізінде нақты және өзгермелі өмірде дұрыс бағдар ұстауға үйренеді.

       Қорыта келгенде, біздің ойымызша, жалпы оқушыда нәтижелі білім беруге көшу мынадай жүйелі тапсырмалар негізінде қамтылады:

    1. Бір сұрақты жан-жақты қамтитын бірнеше жауаптар ұсына алуы;
    2. Құбылысты әр түрлі позициядан қарастыруды тапсыруы;
    3. Мұғалім оқушыға ұқсастықтар мен қайшылықтарды өз беттерімен салыстыруға,қорытуға,түйіндеуге жағдай туғызады;
    4. Нақты сұрақтар қояды, тапсырмаларды бірігіп орындайды.

    Алдағы уақытта оқушыларымның шағын зерттеулері, журнал кітапшалар шығып өз нәтижесін береді және ғылыми конференцияларда көрініс табады деп үміттенемін.

 

 

 

 

 

 

                      Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Оқуға арналған Ұлттық конференция «Кәсіби даму», мұғалімдердің тәжірибесінен.
    2. Мектептегі шет тілі №і (33)маусым 2008ж. «Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың маңызы және оның ерекшіліктері».
    3. Қазақстан мектебі журналы №5,6 2005ж.

                 4. 12 жылдық стандарты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Баяндаманың тіркеу формасы

 

1.Нуриева Асель Сарсеновна

2.Ғылыми дәрежесі-жоқ

3.№1 мектеп-гимназия

4.Сатпаев көшесі №2 үй

5.телефоны 2-19-70

6.Е-mail

7. «Ағылшын тілін ерте бастап  нәтижелі оқытуда  сыныптан тыс, дәстүрден тыс жұмыс түрлерінің рөлін күшейту.»

8.Секция №3

9.Керекті техникалық құралдар:интерактивті тақта,компьютер

10.-

11.Секция отырысында сөйлеймін

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

Информация о работе Ағылшын тілін ерте бастап нәтижелі оқытуда сыныптан тыс, дәстүрден тыс жұмыс түрлерінің рөлін күшейту