Дарындылық психологиясының теориялық қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2015 в 10:06, курсовая работа

Описание работы

Дипломдық зерттеу жұмыстың мақсаты:
Зерттеу міндеттері:
Дарынды балалардың ерекше қасиеті жөніндегі әдебиеттерге толық теориялық талдау жүргізу.
Дарынды балалар ақыл-ой ерекшеліктерін және жеке қасиеттерін зерттеу.
Дарынды балалармен жұмыс істеудің ерекше бағдарламасын құру.

Файлы: 1 файл

диплом канка.doc

— 145.00 Кб (Скачать файл)

Бесінші критерий - «дамудың жас ерекшелігі» бойынша ерте және кешеуілдеген дарындылықты бөлуге болады. Өмірлік практикада дарындылықтың ерте көрінуі байқалып жүр. Бұл - психикалық даму жылдамдығымен  байланысты.  Ерте       дарындылық    мысалы  ретінде «вундеркиндтер» («таңқаларлық бала» мағынасында) деп аталатын балалар бола алады. Мектепке дейінгі немесе мектеп жасындағы оқушылар болып табылатын вундеркиндтер, қандай да бір іс-әрекет түрінде тамаша табыстарға жетеді (музыкада, суретте, ән айтуда т.б.). Мұндай балалар кейде өте жақсы ақыл-ой қабілеттіліктерін көрініс етеді (ерте әріп танып, оқу, хат, санау т.б.). Атақты музыканттардың өмірбаяндары дәлелдейтіндей, дарындылық музыкада ерте көрінеді. Ал одан кешқұрым, сурет өнерінде көрінеді. Ал математикалық қабілеттілік ерте біліне бастайды. Ғылым жетістігінде мәнді нәтижелерге жету, әдетте кешқұрым өтеді, ол қандай да жаңалық үшін терең және ауқымды біліммен қамтамасыз етілу керектімен байланысты. Осы келтірілген дарындылық сыныпификациясымен қатар, әдебиеттерде басқа да көзқарастар кездесуде. Шетел ғалымдары дарындылықтың келесі түрлерін бөледі:

•   интеллектуалды, оның түрі - академиялық

•   көркемдік, шығармашылық (креативтілік)

•   модерлік немесе әлеуметтік психомоторлы немесе спорттық.

Басқа ғалымдар шығармашылықты еңбектің өз бетінше түрі етіп бөлудің қажеті жоқ, - дейді. Шығармашылықты дарындылық - бұл тек жоғары деңгейлік емес, сонымен қатар оның өзгеруі мен дамуының ерекшелігі. Іс-әрекет әрдайым жеке орындалынады. Оның мақсаты мен мотивтері іс-әрекеттің жүруіне әсер етеді. Дарындылық жоғары деңгейдегі қабілеттілік кешенінің барын, сонымен қатар баланың мотивациясын, оның іспен айналысудағы қызығушылығын да болжайды. Адам өз жүмысын шын ниетпен орындаса, ол сол іс-әрекет процесінде туылатын жаңа ой-пікірлерді іске асырады. Іс-әрекеттің бала инициативасы бойынша дамуының өзі шығармашылық. Мүндай теориялық түсініктің практикалық маңызды мәні бар, өйткені дарынды балалармен жүмыс жасауда іс-әрекеттің ішкі мотивациясын қалыптастыру, жеке түлға бағыттылығы мен бағалық жүйесі үшін жағдай құру қажет. Бұл жеке тұлғаның рухани қалыптасуына негіз болады.

Шығармашылықта психикалық процестер (ойлау, ес, қиял, эмоциялар т.б.), психикалық күйлер (құмарлық, зерігу, яғни уайымдау мен қылықтың бірлігі) және индивидтің жеке түлғалық қасиеттері байқалады (Н.Д-Р.евитов, А.О.Прохоров). Ғалымдардың айтуы бойынша мүндай түсінік дарындылық типологиясының әлеуметтік критерийлерінен (әлеуметтік маңызды іс-әрекет пен жетістік деңгейінің басқа түрлері бойынша), дарындылықтың психологиялық құбылыс ретінде даму деңгейі үшін   психологиялық критерий жасауға әсер етеді.

•   психологиялық процесс түрінде, ол кейде эпизодтық    түрде    пайда болады,   өйткені   белгілі   индивидтің  жеке  түлғалық  дамуына   әсер етпейді.

•   психикалық күй түрінде, бұл уайым мен жеке тұлғалық өзін-өзі сыйлау үшін ситуациялар іздеу және қалыптастыру ретінде кездеседі. Бірақ ол белгілі   индивид  үшін   «өміріндегі  жалғыз  ғана   мән-мағына»   болып табылмайды

•   жеке тұлғалық мінездеме түрінде.  Бұл «өмірдің жалғыз мағынасы» болып табылатын және шығармашылық актінің кез-келген ситуацияда өмір сүру   қажеттілігінде  көрінетін және кез-келген  іс-әрекет түрінің, әсіресе     жеке     тұлғаға     қызығушылық     туғызатын      іс-әрекеттің орындалуында көрінетін, жеке тұлғалық мінездемелер ерекшелігі.

Келтірілген психологиялық ерекшеліктермен сәйкес, балаларда дарындылықтың көрініс бесеуі 3 топқа бөлінеді. Оларды шартты түрде былай деп белгілеуге болады: дарындылықтың «эпизодтық», «ситуативті», «тұрақты» топтары.

Бала дарындылығының көрсетілген типтері, оқу процесінің индивидуализациясы мен дифференциациясын жасауда, сонымен қатар үлгілі технологияларда берілген ерекшеліктер бойынша, психологиялық білім беру деңгейімен сәйкес, диагностика жүргізуге көмектеседі.

 

    1. Дарындылық проблемасын зерттеу тарихынан

 

Бірқатар жас ғалымдар  -  Дж. Гилфорд,  П. Торренс,  Ф. Баррон,  К. Тейлор және тағы басқа психологияда шығармашылық дарындылықтың жаңа шекарасын белгілейтін бірқатар ауқымды ірі зертетулерді жүргізді.  Бұл зерттеулер және жеке-дара айырмашылықтар психологиясы бойынша теориялық зерттулердің шоғырлауына себепші болды.

70-ші жылдардың басында  жеке-дара айырмашылықтар психологиясы  практикалық ғылым болып қалыптасады.  Зерттеулер білім саласына ығысады.  70-ші жылдардың соңы  -  80-ші  жылдардың басында енді мүлдем жаңа,  психологияның қолданбалы саласы  -  таланттылар психологиясы  саласы пайда бола бастайды.

Дж. Гилфорд еңбектері мынаны көрсетті:  мектептің соңында көптеген дарынды балалар ауыр депрессия күйін бастап кешеді,  өз құрбылары мен ересектер өз дарындылығын жасырғысы келеді.

Дарынды балалар мектепте олар үшін даралап оқыту болмағандықтан “дискриминацияны”  сезінеді  (С. Марленд,  1972).

70-ші жылдардың соңында  тек жеке емес,  әрі мемлекеттік  мектептер даралап оқытуды таңдауға  көшті.

80-ші жылдардың басында дамыту жоғары дарынды балалар мүмкнідігін дамыту бойынша халықаралық ірі жоба жүзеге асты АҚШ-та дарынды балалардың жетекшілігі (лидерлігі)  бойынша оқытудың арнайы курстары құрылды.

Біздің елімізде 20-шы-30-шы жылдары дарындылықты зерттеудің пәні ретінде когнитивті әдістемелер диагностикасы табылды.

В. Штерн дарындылыққа мынандай анықтама берді:  “Ақыл-ой дарындылығы жаңа талаптарға өз ойлауын саналы бағыттау,  жаңа міндеттер мен өмір жағдайларына бейімделудің жалпы ақыл-ой икемділігі болып табылады”.  Дарындылықтың мұндай сипаттамасы оның деңгейлерін саралап бөлуге мүмкіндік берді.

Ерте уақыттан бастап, ХІУ ғасырға дейін данышпандық тек өнерде көрініс береді деген тұжырым қалыптасты.  Мемлекеттік іс-әрекеттенушілерге,  әскери басшыларға,  ғалымдарға данышпандық атағы берілмеді.  Бірақ бұл көзқарасты қайта қарастыруға талпыныс болды. Аристотель көркем шығармашылықтың интеллектуалдық іс-әрекетпен байланысын ескерген.  “Созерцательная деятельность разума”  терминін енгізе отырып,  ол адам іс-әрекетінің түрлерін ерекшелеуге талпынды.  “Сананың мазмұнды іс-әрекеті”  (ғылыми және көркемдік),  оның ойынша кез-келген басқа іс-әрекеттен жоғары рақымдылық іс-әрекеті  (саяси және әскери)  басқалардан әдемілігімен,  кеңдігімен ерекшеленеді.  Осыған қарамастан Аристотельде шығармашылық процесі белгілі бір деңгейде мистикалық көрінісін жоғалтады.  Оның пікірі бойынша шығармашылық бақылауға жүктелген.  Ол өнер шығармашылығы қажет болып табылатын ережелер,  нормалар қатарына негіздеуге талпынды.  Аристотель көркем шығармашылықты оқу қажет деген талап қойды.

Ертедегі грек философтары данышпандылықты құдай күшімен пайда болды дей келе,  тәрбие мен білімнің маңызды екенін айтты.  Бірақ олар талантты дамыту үшін қоршаған орта мен оқытудың маңыздылығын “құдайылық”  қабілеттілігімен салыстырғанда қосалқы,  екіншілік деңгейдегі іс деп санайды.

Жаңа дәуірде дарындылықтың табиғатын испаниялық дәрігер Хуан Уарте мәнді түрде түсіндірді.  Ол Испаниялық империяның жаңа дәуірдегі перспективасын мемлекеттік қызметте максималды түрде ерекше дарынды балалармен байланыстырды.  Оның зертетуінің негізгі міндеті кәсіптік таңдау мақсатымен қабілеттілігі даралық ерекшеліктерді зерттеу болып табылады.  Бұл зерттеу дифференциалды психологияның пайда болуына үлкен әсер етті.

Х. Уарте іс-әрекеттің кез-келген түрінде анықталатын негізі қабілеттіліктер сапасы ретінде қиял,  ес және интеллектті бөліп көрсетті.  Оның ойынша,  бұл қабілеттіліктің адамда көрініс беруі “ми темпераменті”  бойынша анықталады.  Ол белгілі бір ғылым,  өнер салсында талап етілетін қабілеттіліктерге талдау жасаған.  Осы мақсатпен қолбасшы дәрігер,  заңгер,  геологтар тағы басқа “психологиялық портретін”  құрастырды.  Х. Уарте талант табиғаттан,  генофонға тәуелді дей отырып,  оның дамуы үшін тәрбие мен еңбек қажет екенін айтты.  аДамның табиғи қабілетіне сәйкес келетін мамандықты таңдауда шатаспас үшін,  кіші жасында көмектесетін әдейі ақыл-ойы  мен білімі жоғары адамдарды бөліп көрсету керек.  Жеке тұлғаның қабілет және дарындылық мәселесін Орталық Азия мен Қазақстанның көптеген ғалымдары мен ағартушылары зерттеген.

Арабтың сөз бостандығының негізін қалаушылар  (Әл-Хорезми,  Ферғани,  Әл-Фараби,  Ибн Сина,  Беруни тағы да басқалар)  философия,  логика,  химия,  атсрономия,  география,  медицина,  психология,  сонымен қатар жасөспірімдерді тәрбиелеуді дамыту үшін үлкен үлес қосты.

Осылай,  Әл-Фараби “Бақытқа жету туралы”  трактатында этикалық сұрақтармен қатар,  адам қабілеттілігіне,  оқуды жақсарту мақсатындағы түрлі тәсілдерді қолдануға назар аудартады.

Ғылымды дифференциациялаумен байланысты  (ХІХ ғ.)  психология мен педагогикада адам психологиясы мен қабілеттілігі туралы зерттеу жұмыстары жүре бастады.  Қабілет түсінігінің алғаш негізін қалаушылардың бірі  -  англиялық психолог Френсис Гальтон  (ХІХ ғ.).  Ол  адамдардың даралық ерекшеліктер мәселесін зерттеді.  Ф. Гальтон өзінің “Таланттың тұқым қуалаушылығы:  оның пайда болуы мен заңдылығы”  атты еңбегінде қабілеттің пайда болуының әдістемелік базасын негіздеді және келесі заңдылықтарды бөліп көрсетті.

    • Егер адам аса жоғары қабілеттерге ие болмаса,  бір де бір адам қоғамда жоғары дәрежеге ие болмайды.
    • Тек жоғары қабілетке ие болатын адамдардың өмірбаяны талдай келе,  қабілеттің кез-келген деңгейі тұқым қуалаушылыққа негізделген деген қорытындыға келеді.

Э. Мейман (ХІХІ-ХІХ ғ.ғ.)  дарындылықтың теориялық негізін зерттеуді жалғастырды.  Ол дарындылықтың туа біткен аспектілерін зертетй отырып,  осының негізінде “нышан типтерін”  бөлді.  Осымен қатар,  Мейман табиғи,  жасанды моменттерді біріктіруге ұмтылды.  Бұл феномен түрлерінен дарындылықты ес,  қиял тағы басқа даралық ерекшелітерді зерттей отырып,  олар бөлек адамдарда кездесетінін анықтады,  әрі адамдардағы дарындылықтың деңгейін анықтауға көңіл бөлді.  Э. Мейман дарындылықтың педагогикалық аспектісін:  тәрбие мен дарындылықтың,  табыстылықтың және жұмысқа қабілеттілігінің байланысын зерттеген.

Диффренциалды психологияның зерттелу көзі  -  адамның жекелігі болып табылады,  бұл істің бастауында неміс психологы В. Штерн (ХХ ғасырдың бірінші жартысында) тұр.  Ол ойлау қабілетін бағалаудың шараларын зерттеп,  “ойлау қабілеттерін” зерттеу үшін пайдаланған.

В. Штерн бойынша ақыл-ой қабілетінің белгілері ойлаудың қандай да бір жаңашылдыққа бағытталуы  (ақыл-ой қабілетін естен ерекшелейді)  және сыртқы жағдайға тәуелділікті мінездемелейтін  (өмір талаптары,  міндеттері)  және өзіндік шығармашылық мәні бар данышпандықты ақыл-ой дарындылығынан ерекшелейтін үйренусішілік болып табылады. Үйренусішілік қабілеттің жалпылық белгілері,  ақыл-ой дарындылығын мінездемелік ерекшелігі бойынша,  ақыл-ой қабілеті бар ғана облыстың мазмұнын қамтумен шектелетін талант ұғымын ерекшелейді.

Адам тек түрлі шарттардағы және түрлі облыстардағы жаңа талаптарға оңай үйренісе алатын болса ғана,  ақыл-ой дарындылығымен қамтамасыз етіледі.  Бұл белгілердің бөлінуі зерттелушілерде “санадағы зерттеуді емес,  ақыл-ой дарындылығын” зерттеуге мүмкіндік береді.  Ақыл-ой дарындылығының диагностикасын жасау үшін тесттер сериялары жасалды  (Бине-Симон әдістемесі).

В. Штерн психологиялық теорияда алғаш рет жеке тұлға біртұтастылығы принципіне негізделген,  қабілеттілік пен дарындылықты барлық психикалық процестер мен жеке тұлғалық сапалармен тығыз байланыста қарастырады.

ХІХ ғасырда халықтық ағартуға байланысты,  қазақтың орыс мәдениті негізделуіне,  балаларды жүйелі дамыту және оқыту қажеттілігі туылғаннан қазақ педагог-ағартушылары мен қоғамдық қызметкерлері әрекет ете бастады.  Осылай,  Ы. Алтынсарин  “табиғи ойлау тек өзін қоршаған ортаны қамтамасыз етуге қабілетті,  ал оларды дамыту үшін және оның көрмегенін біліп,  үйренуге тек білім беру ғана қабілетті”  деген.  Біз осыны саналы түрде түсінеміз және осыған қарамастан өз балаларымыздың орысша-қазақша мектептерге береміз.

Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тәрбие мен оқытудың шешуші рөлі туралы Мәселені өз шығармаларында Ш. Уәлиханов қарастырды.  Оның ойынша,  ақыл-ой қабілеті мен деңгейі адам мәдениетінде негізінен тәрбиеге жүктелген.  Қазақтардың ақыл-ой қабілеті туралы,  ең жоғары пікірде болды,  “қырғыз-қазақтар табиғатынан ақылды және таң қаларлықтай әсерленгіш".

Абай  Құнанбаев “адамдарды қоршаған ортадағы объективті шынайылықтың табиғи бөлігі дей отырып,  балаға туғаннан білімге ұмтылу дарыны беріледі,  бірақ өсе келе,  ол біртіндеп бұл дарынды жоғалтады”. Ақынның тұжырымы бойынша,  сана мен ақыл-еңбек іс-әрекеті,  еңбек процесінде қалыптасады.  Осылай,  қазақ ағартушылары қабілеттің туа біткенімен келісе отырып,  жеке  - тұлғаның қалыптасуында тәрбиенің күші,  еңбек іс-әрекеті және қоршаған ортаның әсері бар деген.

Педагогикалық теория негіздерінің дамуына Қазақстанда ХХ ғасыр басында өмір сүрген қоғмадық қайраткерлер,  педагогтар  (Ж. Аймауытов,  А. Байтұрсынов,  М. Жұмабаев және тағы басқалар)  маңызды әсер етті.  Олардың психологиялық-педагогикалық және әдеби еңбектерінде баланың қызығушылығы мен қабілетінің қалыптасуы,  олардың оқудағы мәні туралы пікірлері дамиды.

Ж. Аймауытов өзінің “Психология және мамандықты таңдау”  оқулығында эксперименталды зерттеу негізінде жастарға мамандықты дұрыс таңдауға кеңестер береді.  Оның айтуынша,  кәсіпкерлікте,  темперамент,  қабілет,  мінез және ерік сияқты жеке сапаларды ескеру керек.

Ж. Аймауытов адамда нәрестелік шағынан бастап белгілі бір  мамандыққа тұқымқуалаушылық қабілеті болады,  -  дейді.  Ол жастарға қоғамнан табиғатына сәйкес орынды алуға кеңес береді.

Информация о работе Дарындылық психологиясының теориялық қағидалары