Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2014 в 23:01, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Ақпараттық технологияны меңгерген педагогта интеллектуалдық, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбеті қалыптасады. Ақпараттық технология құралдарын қолдау адамзаттың әртүрлі сферасында, соның ішінде білім беру саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізіп отырғаны белгілі.
І. Кіріспе
IІ. Негізгі бөлім
2.1. Электрондық оқу құралдарының даму тарихы
2.2. Электрондық оқу құралдарының түрлері
IІI бөлім. Практикалық бөлім
3.1. Электронды оқулықтардың шет тілі сабағындағы рөлі мен пайдасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бұл технологияларды әсіресе шетел тілін үйренуде пайдасы өте зор. Себебі, тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мәдениеті мен әлеуеметін қатар үйренеді. Ал оны толықтай меңгеру үшін оқулықтың аздық етері анық. Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мәдениетін тезірек сезінеді. Яғни, өзінің де сол тілді меңгергендердің қатарына қосылуы әбден мүмкін.
Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологияларды оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану өте тиімді. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және қолдану, интеллектуалды дамыған, ақпараттық ортада жақсы әрекеттене білетін тұлғаны қалыптастыру жолында пайдалы болуы мүмкін коммуникация құралдарының барлығын пайдаланудың белсенді процесі жүріп жатыр. Өмірдің әр алуан саласына ақпараттық процестердің енуі жаңа ақпараттық технологияларға негізделген білім беру жүйесінің жаңа моделін құруды талап етеді. Бұл ретте оқушының шығармашылық қабілетін аша білу үшін жағдай жасау, оның қабілетін дамыту, өзін-өзі жетілдіру және жауапкершілікке тәрбиелеу сөз болады. Білім және біліктілік адам үшін маңызды құндылықтарға айналады. Соған орай білім жүйесі де дайын білімді игеруге ғана емес, интеллектуалдылықты қалыптастыруға, жеке танымдық әрекетті қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Адам әрекетінің әр түрлі саласында озық ақпараттық технологияларды пайдалану өзекті болып барады.
2.2 Электрондық оқу құралдарының түрлері.
Тіл үйрену барысында жаңа технологияларды қолдана отырып, педагогикалық қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға әбден болады. Ал енді психологиалық жағына келетін болсақ, қазіргі уақыт ағымындағы оқушылардың әрқайсысының үйлерінде әдетте көптеген ойындары бар компьютерлер, видеолар мен телевизор бар болғандықтан, олар қоршаған ортаны осындай тәсілмен қабылдауға үйренген. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері оқушыларға оқу бағдарламаларын оқып тіл үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуге ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сапалы білім алуын қамтамасыз етеді.
Жаңа технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолданудың негізгі мақсаттары: тілді үйренуге деген мотивацияларының артуы; тілдік компетенцияны дамыту, өзге тілдегі мәтіндерді түсіне білу, сондай-ақ ақпаратты байланысқан және дәйектелген күйінде бере білу; лингвистикалық білім көлемінің артуы; тілін үйреніп жатқан елдің әлеуметтік мәдени құрылымы туралы білімнің толығуы; ағылшын тілін өз бетімен үйренуге даярлық пен қабілеттілікті дамыту.
Компьютерлік оқытуда қолдану әсіресе шет тіліне үйретуде ағылшын тілінен оқу материалдарын дайындау тәсілдерін өзгертті. Жаңа технологиялар әдістемелік, дидактикалық, педагогикалық және психологиялық принциптердің тұтас комплексін жүзеге асыруға көмектеседі, таным процесін қызықты және шығармашыл етеді, әрбір оқушы үшін жеке дара жұмыс қабілетін ескеруге мүмкіндік береді. Жаңа технологияларды практикада қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жаңа түрін ашады, нәтижесінде жаңа білім ашылады, оқушылардың танымдық белсенділігі дамиды, білімді өз беттерінше толықтырады, ақпараттар ағымында іздеу және бағдарлауға үйренеді. Жаңа технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолдану тәжірибесін талдай отырып, мынандай қорытынды жасауға болады: оқыту сапасы артады, тұлғаның үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді, ақпараттық кеңістікте адаспайтын, ақпарат мәдениетін жетік білетін тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.
Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушыда жаңаша көзқарасты, терең ойлы болу керек. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек. Қоғамның басты бағыттарының бірі – білім беру процесін ақпараттандыру. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану білім беру үрдісінде тиімді және білім сапасын көтеруге ықпал жасайды.
Оқу үрдісінде жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану, әлемдік білім кеңістігіне толығымен еніп, халықаралық деңгейге көтерілуде білім беру үрдісіне ақпараттық – коммуникация технологияларының жетістіктерін енгізу қоғамды дамытудың жоғарғы тиімді технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.
Заман талабына сай технологияларды ауқымы кең, түрлеріде күн өткен сайын дамып, өзгеріп отырады. Ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. Инновациялық технологияларды қолдану барысында жеткен нәтижелер төмендегідей: түрлі техникалық құралдарды пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі; оқушылардың барлығын сабаққа белсенді қатыстыруға мүмкіндік туды; олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың; оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың; оқушыларды ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді. Сонымен білім беру жүйесін жаңа технологиялардың алатын орны орасан зор. Осы технологиялардың көмегімен мұғалім аз күш жұмсап, көп сапалы нәтижелерге жетуге мүмкіндік алды. Ол үшін мұғалім жаңа технологиялардың мүмкіншіліктерін шебер, жүйелі қолдана біліп, өз білімділігімен, шеберлігімен бала жүрегінің кілт таба білу керек.
Қазіргі заман талабына сай мектептерде инновациялық озық технологиямен жабдықталған лингофонды мультимедиялық кабинеттер ашылды. Мұндай инновациялық құралдарды оқу процесіне енгізбес бұрын, мектеп мұғалімдерін арнайы компьютерлік курстарға жіберіп, инновациялық жаңа технологиялармен танысып, меңгергендігі жөнінде сертификат алуына жағдай жасалды.
Осы жаңа инновациялық
технологиялардың ішіндегі ACTIVboard
интерактивті тақта
«Интерактив» сөзі ағылшынның «interact» сөзінен шыққан, «inter» - өзара, «act» - іс – қимыл жасау. Интерактивті – біреумен (мұғаліммен, сыныптас жолдастармен, т.б.) диалог, әңгіме кезінде бір – бірімен өзара іс-әрекет жасауға қабілеттілікті білдіреді немесе компьютер арқылы, интерактивті тақтаны колданып электронды оқулықпен оқыту болып табылады .
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.
«Активті экран» бағдарламалық – техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды. Бағдарламалық–техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web-түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі: пән бойынша базалық білімді меңгеру; алған білімді жүйелеу; өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; жалпы оқуға деген ынтасын арттыру; оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видео-ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.
Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.
Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы географиядан, физика, биологиядан және т.б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.
Екінші режим – Office режимі. Бұл режим
сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын,
яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа
дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының,
Excel электрондық кестесінің құжаттары,
Power Point – презентациясы болуы мүмкін.
Мысалы, Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі
мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат
әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды
қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын
немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету
керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет
салу панелінің «төртбұрыш» объектілерімен
жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты
интерактивті тақтаның Office режимінде
ашу қажет. Бұл режим Microsoft Office – нің барлық
мүмкіншілігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің
бірі – құрылған құжатқа мәтінді қосуға
болады, яғни экраннан түсірілген суретпен
емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз.
Мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға
жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып,
оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен
салыстыра алады «тік төртбұрыш» объектісін
жылжыту немесе жою арқылы және дайындалған
материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды
пайдалану үшін сақтап қоюға болады.
Үшінші режим – тақтаның интерактивті
режимдегі жұмысы. Сабақтарды жүргізуде
өткен материалды қайталау қажет, сондай
жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме
жасауға арналған компонентін қолдануға
болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office
құралдары арқылы құрылған құжаттарға,
графиктік редакторлардың немесе программалау
ортасының көмегімен құрылған файлдарға,
интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға
мүмкіншілік береді.
Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби шеберлігінің қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.
Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін – өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таң қалдырады, шабыттандырады. Көптеген мектептерде интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін білмегендіктен, тек слайд көрнекіліктер көрсетумен ғана шектеліп жүрген мұғалімдер бар. Алайда интерактивті тақтаның қолдану мүмкіншіліктері өте көп. Мысалы, ActiveBoard электрондық тақтасы: материалды қызу талқылауға ерекше бөліп көрсетуге, нақтылауға, қосымша ақпарат қосуға, электрондық маркер арқылы түсін және сызықтың қалыңдығын өзгертуге; сөздер мен сөйлемдердің бір-бірімен байланысын көрсете отырып, тақырыпты немесе сөйлемді толықтай аударуға; flash–анимациаларды пайдаланып, өлеңдер мәтінін жаттауға, суреттермен слайдтар жасауға; ағылшын тілінде сөйлеушілердің дауысымен жазылған видео-роликтер көруге, сол тілде жазылған мәтінді тыңдауға; тест сұрақтарымен таныстырып, бір топ оқушыны тесттен өткізуге; суреттерді бір фонға қойып, суреттерді қимылдатып сөйлесу ситуациясын ұйымдастыруға; сөз-жұмбақтар шешуге, әртүрлі ойындар ойнатуға мүмкіндік береді; электрондық оқулықтарды экран бетіне шығарып көрсетуге болады.ActiveBoard тақтасының дайын бағдарламасын қолдану маңызды.
Инновациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Білім алушылардың пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа деген қызығушылықты тудыра білуден басталады. Жаңа технологиялар педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Сабақты интерактивті тақтамен сүйемелдеу ісін жүзеге асыру, оны негіздеу осы тұрғыдан қарастырылуы тиіс. Интерактивті құралдар мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс жасауына жол ашып отыр. Интерактивті құрал ретінде интерактивті тақтаны қолданудың маңызы зор. Оны сабақта пайдалану дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі: пән бойынша базалық білімді меңгеру; алған білімді жүйелеу; өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; жалпы оқуға деген ынтасын арттыру; өз бетімен жұмыс істеуге үйрену; уақыт үнемдейді; түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жүргізеді; пәнаралық байланыс қалыптасады; өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс жасау мүмкіндігі; Internet желісін пайдалану; шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне мүмкіндік туады.
Информация о работе Электронды оқулықтардың шет тілі сабағындағы рөлі мен пайдасы